Мазмұны Кіріспе І тарау Баланың психикалық дамуының оның тілінің дамуына байланыстылығы


Бала тілінің дамуының сөйлеу ортасын ұйымдастыру деңгейіне байланыстылығы



бет3/10
Дата30.05.2022
өлшемі159,5 Kb.
#35994
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1.2 Бала тілінің дамуының сөйлеу ортасын ұйымдастыру деңгейіне байланыстылығы
Баланың сөйлеу тілінің қызметі — ен алдымен мидың көптеген саласының үйлескен қызметінің нәтижесі. Мида «естіген сөзді ұғынады, онда дыбыстар мен тілдік дыбыстардың тіркесінің артикуляциялануы үшін қажетті озғалыс программасы қалыптасып, осы жерден сөйлеу бұйрық жолданады». Атап айтқанда, сөйлеу мүшелері (ауыз куысы және мұрын, тіс, ерін, тіл, көмей, өкпе) - бұл орталығы ми болып табылатын сөйлеу механизмінің атқару мүшелері; ми дамығанда баланың сөйлеу мүшелерінің бұлшык еттері де дамнды. Алғашында сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттері балаға көнбейді, ол ана тілінің дыбыстарын қиналып айтады, өсе келе ол барынша таза, сөз тіркестерін барынша еркін айтады, яғни ми, «сөйлеу бұлшық еттеріне бұйыру» салалары дамыған сайын, балада сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерін еркін меңгеру қабілеті дамиды. [2. 18-19б].
Артикуляциялық мүшелердің қозғалуының әсерінен сөйлеушінің бұлшық етінің түйсінуі – бұл субъективтік қабылдаудағы «тіл материясы» болып табылады, ауызекі тілде бұлшық еттің түйсінуге мұнан басқа елестету (образдарды) түрінде қатысатын есту сезімі және іштей сөйлеуде жатады. Белгілі бір дыбыстардың комплексін сөз деп қабылдауда үйренген, яғни оны болмыстың белгілі бір құбылысы деп түсінген, бала сол сөзден есту және бұлшық ет түйсігін есте сақтап қалады. Бала әлі де болса өзінің артикуляциялық мүшелерінің меңгере алмағандықтан, ол ең алдымен сөзді (сөйлеуді) естуді, ал одан кейін барып оны айтуды үйренеді. Алайда сөздің естілу образы мен оның «бұлшық еттік» образы балада бір мезгілде пайда болады: алғашқы кезде «бұлшық еттік» образдың дәл болмайтындығы басқа мәселе. Белгілі бір сөздерді дұрыс айта алмайтын үш, тіпті төрт жастағы олардың дұрыс естілу образын білетіндігі және ересектер мұны бұзып айтқанда аңғаратындығы белгілі.
Демек, әрбір адам үшін сөздің сезімдік негізі – бұл оның есту және бұлшықеттің (сөйлеу қимылының) сезінуі. Физиологтардың мәліметте-ріне қарағанда, миға берілетін нақ осы сөйлеу қимылы миды (оның бел-гілі бір учаскелері) сөйлеу органы ретінде жұмыс істеуге мәжбүр етеді екен. Тәрбиеші үшін мына фактіні білу қажет. Баланы сөз дыбыстарын артиклдеуге просодемаларды модульдеуге үйрету керек, яғни оның «тілдік материясын» үйренуіне көмектесу керек, әйтпесе ол тілді үйрене алмайды. Бұл заңдылық. Жоғарыда артикуляциялық органдар – тіл, ерін, тіс, дауыс шымылдығы, өкпе, ал жазба тілді игеруге – қол, қалам ұстаған қолдың саусағы екендігі айтылады. Бірақ қолдың саусақтары жазба тіл орган болып қана табылмайды, сонымен бірге ауызекі тілдің дамуына да әсер етеді. Бағзы замандарда «алақай – ау, алақай!», «сауысқан», және тағы сол сияқты балаларға арналған күлдіргі өлеңдер шығарған, халық арасынан шыққан талантты адамдарға саусақтардың бұл ролі өте ертеден-ақ белгілі болған; бұл өлеңдерде анасы күтуші кісі баланы саусақпен жұмыс істеуге талпындырған.
Соңғы жылдары физиологтар жасаған эксперименттер баланың саусаңы сөйлеу қимылының мүшесі ретінде роль атқаратындығын дәлелдеді және бұл құбылыстың себептерін түсіндіреді.
Сонымен халықтық күлдіргі өлеңдерді жасаушылар тәжірибесі мен оны дәлелдейтін ғылыми эксперимент балаларды дұрыс сөй-леу қимылына үйрету керек екендігін, ал сөйлеу қимылына ынта-ландыруға қол саусағының нәзік қимылын жаттықтыру көмек-тесетіндігін көрсетеді. Бұл білімді тәрбиеші балаға тіл үйретудің тәсілін тыңдағанда (немесе жаңасын жасағанда) пайдалануы керек. [4. 85-91б].
Балалардың тілін дамытуда олардың тыныс алуын дұрыс жолға қою маңызды роль атқарады. Әрине, сөз дыбыстары просодемалар артикуляциялық органдардың белгілі бір қалыпты жағдайында, бірақ міндетті түрде өкпеден шыққан ауа толқыны артикуляциялық органдар арқылы өткенде ғана пайда болады. Ауа толқыны алдымен тыныс алуға арналған демек, бала бір мезгілде тыныс алуға да, сөйлеуге де үйренуі керек. Алғашқы жылдарда бұл оңай емес, міне, осы жерде кәсіби білімі бар тәрбиеші көмекке келуі керек. Тәрбиеші сәбилерге арнап тартымды ойын ұйымдастыра алады (мысалы, «Үлпілдекті үрлейік». «Қөңілді дауыспен қүлейік»), ол ойын балалар үшін байқалмайтын маңызды оқу жұмысына айналады. Сөйлеу аппаратын жаттықтыру әр түрлі эмоциялық жағдайда және сайып келгенде сөздің стильдік дифференциясы дағдыларын білдіру үшін дауыс модуляциясын дамытуға көмектесуі керек. Балалар, тіпті 7 жасында, әрине, «стиль» деген терминді әлі тіпті білмейтін кездің өзінде-ақ, сөздің дыбыстық жағының стилистикалық айырмашылығын (эмоциялық бояуын) түсіне бастайды. Жоғарыда айтқанымыздай, баланы сөйлей білу стиліне үйрету, сонымен бірге оның бойында мінез-құлық этикалық нормасын тәрбиелеу болып табылады. Мәселен, «Балалар бақшасындағы тәрбие программасы» үш жастағы бала үшін «сыпайы амандасуды, қоштасуды, алғыс айтуды өтініш жасай білуді» қарастырады. Әлгі айтылған мағынадағы сөздер сыпайы интонациямен айтуды талап етеді, бала оны ересектердін сөздерінен естіп, оған ой жүгіртіп еліктеуге үйренуі тиіс. Айналасындағы ересек адамдарға деген баланың ықыласы, достығы мейірімділігі сол адамдардың іс-әрекетін олардың, сөйлеу интонациясымен салыстыра алатын және олардың ісі мен интонциясына еліктей алатын мүмкіндігі болса ғана дамиды. Әрине балаларға «жағымды» интонацияны «жағымсыз» интонциямен салыстырғаннан кейін ғана түсінікті болады.
Жағымсыз сезімнің немесе мінез-құлықтың қасиетін білдіретін интонацияларды тәрбиеші сәбилерге, мәселен, «қара ниет күштің» өкілдері әрекет ететін әлде бір ертегіні инсценирозкалай отырып көрсетуте тиіс, өйткені олардың сөздері арқылы дөрекілікті қатыгездікті, сараңдықты және т. б. ести алады - мұның бәрін балалар «жаман» ретінде қабылдайды да, бұған еліктегілері келмейді. [8. 48-54б].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет