Мазмұны Кіріспе І тарау Баланың психикалық дамуының оның тілінің дамуына байланыстылығы



бет9/10
Дата30.05.2022
өлшемі159,5 Kb.
#35994
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
kur -til-damytu-adistemesinin-psihologijalyq-negizderi-31

Қорытынды
«Тіл» дегеніміз белгілі бір ұлттың ішкі заңдылықтарын қалыптасып, жүйеге түскен қатынас құралы екені белгілі. Ал даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге көшу деп түсіндіреді. Психика (сөйлеу) даму үшін жаңа мен қатар бұрыннан қалыптасқан негіздер болуы шарт. Қазақтың көрнекі психологы М. Мұқанов психиканың дамуында көнеден қалған негізді инвариант (лат - өзгерілмейтін) оған тіректелетін жананы «өзгерілгіш» деп атады.
Бұл туралы М.Мұқанов былай дейді. «Психика үнемі өз-
геріске ұшырайды, бірақ оның құрамы бәрі бірдей өзгермейді,
оның көп және аз мөлшерде дамуға ұшырайтын қасиеті бар.
Сонымен қатар, аз өзгерілетін қасиеттері (инвариант) психи-
калық дамудың тірегі және негізгі шарты болып есептеледі».
Тіл дамыту мәселесінде де осыны айтуға болады. Яғни баланың сөздік қоры игерген тіл единицаларының негізінде (су, сушы, сулық суару) молаяды. Тілді меңгеру сөз мағынасын білумен шектелмейді, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды қатесіз тану үшін адам санасында белгілі бір ұғымдардың пайда болуы талап етіледі. Ұғымдарды ұғынуда бүтін логикалық ойлау операциялар жүйесі түзілген, адам соның жәрдемімен белгілі бір ұғымға қатысты зат не құбылысты және олардың арасындағы айырмашылықтары мен ұқсас қасиеттерін дұрыс айырады. Мұнсыз тілде ойлану мүмкін емес.
Ана тілін үйренудің заңдылығы бірқатар қабілеттердің дамуы процесінде ішкі сезім арқылы жүзеге асырылады. 1) өзінің сөйлеу органы бұлшық еттерін адамның жұмыс істете білу қабілеті— сөздің дыбысын артикулдеу, интонация элементтерін, просодемаларды модулдеу және оларды есту; 2) дыбыс комплекстері мен интонацияны тілден тыс шындықпен салыстыру қабілеті, яғни оларды сөйлеу элементінің мағынасы ретінде түсіну; 3) сөздің мағыналық элементін өз сезімімен салыстыра білу қабілеті, яғни оларды бағалау; 4) араласу, тану, сөзді және адамның мінез-құлқын тәртіптеу процесінде сөздің мағы-налық үйлесімділік дәстүрін және бағалау элементін есте сақтау қабілеті.
Егер тәрбиеші баланың табиғи сөйлеуі неғұрлым қарқынды болатын жағдай жасаса, онда баланың тілі неғұрлым тезірек байиды және оның психнкасы жан-жақты дамиды. Лингвзистикалық-дидактикалық принциптерге құрылған тіл үйретудің түрлі әдістерін қолдану тілді дамытуды жеделдетудің негізгі шарты болып табылады.
Қорыта айтқанда, «ана тілі – жан дүниесінің айнасы, мәңгі құламайтын бәйтерегі». Одан көз жазып қалу – тарихсыз, келіншексіз тобырға айналу. Тіл дамыту сайып келгенде, ұлтымызды сақтап қалудың алғы шарттарының, ең негізгілерінің бірі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет