Мазмұны Кіріспе І тарау Баланың психикалық дамуының оның тілінің дамуына байланыстылығы


ІІ Тарау Тіл дамыту әдістемесінің психологиялық негіздері



бет4/10
Дата30.05.2022
өлшемі159,5 Kb.
#35994
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
kur -til-damytu-adistemesinin-psihologijalyq-negizderi-31

ІІ Тарау Тіл дамыту әдістемесінің психологиялық негіздері
2.1 Балабақшада тіл дамытудың психологиялық әдістері
мен тәсілдері және олардың түрлері
Ана тілін үйренудің заңдылығы бірқатар қабілеттердің дамуы процесінде ішкі сезім арқылы жүзеге асырылады. 1) өзінің сөйлеу органы бұлшық еттерін адамның жұмыс істете білу қабілеті— сөздің дыбысын артикулдеу, интонация элементтерін, просодемаларды модулдеу және оларды есту; 2) дыбыс комплекстері мен интонацияны тілден тыс шындықпен салыстыру қабілеті, яғни оларды сөйлеу элементінің мағынасы ретінде түсіну; 3) сөздің мағыналық элементін өз сезімімен салыстыра білу қабілеті, яғни оларды бағалау; 4) араласу, тану, сөзді және адамның мінез-құлқын тәртіптеу процесінде сөздің мағы-налық үйлесімділік дәстүрін және бағалау элементін есте сақтау қабілеті. [2. 74-80б].
Егер тәрбиеші баланың табиғи сөйлеуі неғұрлым қарқынды болатын жағдай жасаса, онда баланың тілі неғұрлым тезірек байиды және оның психнкасы жан-жақты дамиды. Лингвзистикалық-дидактикалық принциптерге құрылған тіл үйретудің түрлі әдістерін қолдану тілді дамытуды жеделдетудің негізгі шарты болып табылады.
Оқыту әдісі деп білімді бір адамнан екінші а д а м ғ а б е р у мақсатымен орындалатын үйренушімен үйретушінің іс - әрекетін ай тады.
Мектепке дейінгі кезеңдегі тілдің дамуына мынадай практикалық әдістер тән: еліктеу әдісі, сөйлесу (әңгімелесу) әдісі, қайталап айту әдісі, әңгімелеп беру (кұрастыру) әдісі.
Еліктеу әдісі
Еліктеу әдісінде үйретуші мен үйренуші екеуі де бір сөзді, бірақ әр түрлі етіп айтады: үйретуші ересек адамдармен сөйлескендегіден гөрі біршама қарқындырақ, сөзінің дыбысын артикулдеп және сөзінің дауыс ырғағын мәнерлеп сөйлейді, ал үйренуші тыңдайды да, қайталайды, оның сөзіне еліктейді, сөйлеу қимылын үйренуге (дауыстын артикуля-циясы мен модуляциясы) және мағынасын түсінуге тырысады (затты, қимылды және т. б. көрсететін дыбыс комплекстерінің мәліметін салыс-тырады). Мұндайда тәрбиеші үшін орфоэпиялық норма денгейінен төмен түспеу және баланың сөзіне еліктемеу («сақауланбау», «шолжаң-дамау») аса маңызды.
Бұл әдісті (колдануды сәби шағынан бастап, кейінгі шақтарда (тек балалар бақшасында ғана емес, мектепте, тіпті есейгенде де) жалғастырып отырады.
Еліктеу әдісіне үйрену тұрмыстық іс-әрекеттерді атқару кезінде, айталық, баланы шомылдыру кезіндегі баламен қатынас процесінде еріксіз түрде болуы мүмкін.
Еліктеу әдісі бұдан гөрі ересек балаларды тілге үйрету кезінде кез - келген ойын үстінде пайдаланылады.
Заттармен ойын ойнау кезінде балалар оларды бір орыннан екінші орынға ауыстырады, лақтырады, көрсетеді, итереді, шұқылап көреді, бұрайды, заттарды бақылайды және олардың сақасын, қимылын атайды. Мұнда да тәрбиеші баламен сөйлесуге, оны жетелейтін сұрақтар беруге тиіс. «Мынау қандай шар? Кішкентай ма? Көк пе?» «Мына машина жүре ме? Әлде тоқтап қалды ма? «Автомобиль қалай белгі береді? Паровоз ше? Пароход ше?» — деп сұрайды ересек адам. Бала жауап бере отырып тәрбиеші сұрағанда айтқан сөзді қайталайды: «Кішкентай», «Жүреді», «Би-би!», «Ту-ту!», «Гу-у-у!». Сол арқылы баланың лексикасы кеңейе түседі.
Баланың «құрылыс салуына» көмектесе отырып, тәрбиеші құрылыстың затын, оның бөлшегін атайды, құрылыста нәтижеге жетуге қажетті өзінің іс - әрекетін атайды.
Мысалы, бала ересек адамның көмегімен «конструктордың» тетіктерінен машина құрастырады.
Леня, біз не құрастырамыз? Автомобиль ме? Қандайын? «Волганы ма?» немесе жүк машинасын ба?
— Жүк машинасын,

  • Алдымен бізге доңғалақтар керек. Леня, доңғалақтарды бере қойшы. Сен не әкелдің?

  • Доңғалақтар... Әкелдім.

  • Өте жақсы. Міне, рамасы. Кел, раманы доңғалақтарға коялық. Енді кабинасын орнатайық...

Осылайша ізденіп, мотор, капот, руль, қорап өз орындарына орнатылады. Өзі құрасгырған автомобильдің бөлшектерін, өзінің істеген іс-әрекетін айта отырыпқ бала тәрбиешінің сөзіне еліктейді.
Сюжетті драмалық—рольдік, «режиссерлік» ойын процесінде тіл дамыту үшін қолайлы жағдай ерекше көп болады.
Рольдік ойында бала ересек адамдардың өміріндегі өзі байқаған немесе әнгімелерден білетін, есінде қалған әр түрлі жағдайларды қайталайды: «мамам балаларды тамақтандырып отыр», «тракторшы жер жыртып жүр», «электр монтері немесе газ жөндеуші, немесе сантехник тұрғындардың шақыруымен үйге келді», «мұғалім мектепте балаларды оқытады» «космоновт айға ұшады» және т. б. Бала ересек адамның қимылында сол қимылмен айтылатын сөзін де қайталайды.
«Режиссерлік ойында бала өзі роль алмай, оны осы оқиғаға қаты-сатын ойыншыктарға бөліп береді; сюжеттерді — балалар бақшасы, аэродром, зоопарк, парад, ұрыс және с.с. балаға оның өмірлік тәжірибесін ескере отырып, тәрбиеші айтып береді.
Сюжетті ойындар үйренген тілдік материалды бекіте түсуде тамаша жаттықтыру болып табылады. Балалар алдарына әдейі белгілі бір өмір жағдайында айтылған ересектердің сөзін немесе ертегі кейіпкерінің сөзін дәл қайталап айтуды мақсат етіп қояды. Қимыл ойындары, ойындар әдетте балалардың тілін жаттаған әзіл-оспақпен, әндермен, санамақтармен байыта түседі. Жаттау тәрбиешінің сөзіне еліктеу процесінде жүргізіледі, тәрбиеші балалармен бірігіп ойнайды және алдынан әзіл-оспақты, санамақты өзі айтып, өлеңді де өзі әңдетеді. Бала-ның ойын кезіндегі сөйлеу мөлшері оның жас шамасына байланысты. Мысалы, балалардың бірінші жылында ойнайтьгн «Алақай - ау, алақай!» ойыны ересектердің сөзбен сүйемелдеуімен ғана ойналады, бала оның тек қимылына ғана еліктейді (алақанын соғады, қолын басына қояды т. с). Үш жасар балалар «Қарағай» ойынын ойнағанда, тәрбиешімен бірге ән салып қана қоймайды, сонымен бірге тәрбиешіге ілесіп ойынның ережесін: «Бәріміз шеңбер жасап тұрайық». Қолдан ұстасайық». Айналып жүрейік! Бәріміз де отырайық! Аяқтың ұшына тұрып, қолдарымызды көтерейік! Шеңберді кеңітейік!. Шеңбер жабық болсын!» —деп қайталайды. Ересек балалар қимыл ойындарын өз беттерімен ойнай алады, рольді жеребе тастау, санамақ оқу арқылы бөліседі. [5. 105-108б].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет