Мазмұны Кіріспе І тарау Баланың психикалық дамуының оның тілінің дамуына байланыстылығы


Балаларға тіл дыбыстарын айту дағдыларын дамытудың



бет7/10
Дата30.05.2022
өлшемі159,5 Kb.
#35994
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
kur -til-damytu-adistemesinin-psihologijalyq-negizderi-31

2.2 Балаларға тіл дыбыстарын айту дағдыларын дамытудың
психологиялық негіздері
Логопедтер сөз дыбыстарын олардың айтылуын қамтамасыз ететін артикуляциялық (дыбыс шығарушы) органдардың жұмыс істеу сипатына қарай былайша бөледі: а) «ерте - онтогенез» дыбыстары (онтогенез дегеніміз бала организмінің жеке дамуы): дауысты [а], [о], [у], [и] және дауыссыз [м], [п], [б], [т], [д] [н], [г] [х], [й], [с ] дыбыстар; б) «орташа онтогенез» дыбыстары: дауысты [ы]; меңгерілген дауыссыз дыбыстарды ұяңдығы және қатаңдығы бойынша жіктеу; [л] сардык дауыссыс дыбыстарды үндендіру. в) «кейінгі онтогенез» дыбыстары: тілдің алдының көтерілуін қажет ететін р, ш, ж, щ, дыбыстары, л, ц дыбыстары.
Сөз дыбыстарын бұлайша бөлу баланың белгілі бір артикуляцияны меңгере алатын жас мөлшерін де көрсетеді. Сөз дыбыстарының осылайша бөлінуіне орай түрлі жастағы балаларға арпап дыбыс жаттығуларын жүргізу белгіленеді.
Сөйлеу кабілеті ойдағыдай дамып келе жатқан (сөйлеу әрекетінің дамуына логопедтердің араласуы қажет емес) балаларға арналған артикуляциялық жаттығулар баланы дұрыс айтуға үйрететін дыбысты қамтитын сөздер мен сөйлемдерді олардың дауыстап айтуынан тұрады. Жаңылтпаштар мен белгілі біріңғай дауыссыз дыбыстар қайталанып келіп отыратын өлеңдер бұл жерде дидактикалық материал қызметін атқарады. [7. 35-46б].
Тәрбиешінің дыбыстарды дұрыс айтуына еліктеу жаттығудың негізгі әдісі болып табылады. Дыбыстардың айтылуына тікелей еліктеу (дыбыстарды дұрыс айту процесінің өзі балаларды қызықтырады, олар мұны тартымды ойын ретінде түсінеді, немесе «бал арасы», «лақ», «тышқан», «барабаншылар» сияқты рольдік ойындар ойнау тәрбиешінің, сөз дыбыстарын айтуын имитациялау (еліктеу) тәсілдері бола алады. Барлық артикуляцияларды пысықтау жұмысы көркем шығармаларды оқу және қайтып айтып беру, тақпақ жаттау сабақтары да жүргізіледі.
Балаларға дауысты (ы-дан басқа) және дауыссыз м, п, т, г, х, с дыбыстарды айта білуді үйрету жөніндегі алғашқы жаттығулар кезіңде осы жастағы балалар әлі де айта алмайтын дыбыстар міндетгі түрде кездеседі, тәрбиеші бұған олардың назарын аудармауы тиіс бұл кезде балдырыңқылар «кейінгі онтогенез» дыбыстарын өздері айтып үйренген дыбыстармен алмастыратын болсын. Егер бала «қиын айтылатын» [ш] дыбысын [с] дыбысымен алмастырып айтатын болса, мысалы, «аш» деудің орнына «ас» десе немесе қатаң және ұян [з], [е], [б] — [п], [д] — [т], [л] — [й] дыбыстарын және т. с. с. шатастыратын болса, яғни «папа» деудің орнына «бапа», «паба». ал «алқа» деудің орнына «алма» десе, оны түзетудін қажеті жок.
Дауысты дыбыстарды айтып үйрену жөніндегі жұмыстар екі және үш жастағы балалармен, кейде тіпті бұдан кейінгі жылдары да жалғастырыла береді. Мектеп жасына дейінгі балаларда дауысты дыбыстарды айтып үйренуге едәуір ұзақ тыныс шығару арқылы машықтандыру керек. Мұндай жаттығуларды тыныс алу органдарын машықтандырумен байланыстыру пайдалы болады. Сөйлеу кезінде тыныс шығару процесін ұзарту мақсатындағы тыныс алу органдары жаттығуларын «Гүлдерді иіскейік», «Бөлме ішінде ұшыру үшін мамықты үрлейік», «Қолыңыз тоңса, демімізбен жылытайық», «Сабын көпіршігін ұшырайық» сияқты қарапайым сюжеттік ойындар ретінде өткізу ұсынылады. Сондай-ақ ерін мен тілге арналған жаттығуларда да келтіреміз. [9. 155-160б].
Ерін жаттығулары: «Екі ұртты да томпитып алыңдар да бұдан соң алдымен біреуін, кейін екіншісін саусақпен басыңдар; «Еріндерінді сүйірлеп алындар да сонынан тістеріңді көрсете отырып, бірден тез күліңдер»; «Атты тоқтатыңдар: «Дырр-р-р».
Тіл жаттығулары: «Мысықтың сүтті қалай тілімен жалап ішетінін керсетіңдер», «Ұрттарыңа тілмен «ине салындар», «Тілдеріңді тақылдатындар». Екі жасар балалармен дауысты дыбыстарды айтып үйрену, жаттығулары енді ойын түрінде жүргізіледі. Мысалыға, мынадай рольдік ойындарды қарастырайық:
Кішкентай қыз: «А-а-а-аа-аа-а»,— деп жылайды.
Тышқан: «И-и-нц-ии».— деп күледі.
Аю: «Э-э-э э-э-э»,— деп ашуланады.
Қасқыр екінші қасқырды: «У-у-у-у-у»,— деп шақырады.
Бұлан: «О-о-о-о-о»,— деп орманды басына көтереді.
Бөбек: «Уа-уа-уа-уа-уа»,.— деп жылайды.
Балалар тоғайда біріне-бірі: «Ау-зу»,— деп дауыстайды.
Егер «ерте онтогенез» дыбыстарын қалыптастыруға арналған дидак-тикалық материалды «орташа» немесе «кейінгі онтогенез» дыбыстарды ұшыратын болса, тәрбиеші балалардың оларды міндетті түрде дұрыс айтуын талап етпеуі тиіс, олар «Бала» деудің орнына «Байа» деуі мүмкін және т.с.с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет