Байланысты: kur -til-damytu-adistemesinin-psihologijalyq-negizderi-31
2.3 Балабақшада тіл дамытудың психологиялық әдістерін ойын арқылы дамыту Ж дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстырғаннан кейін басқа дыбыстардың ішінен Ж дыбысын айыра білуге жаттығулар жасату керек. Ол үшін бірнеше дыбыстар айтылады да, солардың ішінен Ж дыбысы естілгенде, балалар қолдарын шапалақтайды. Мысалы: п-б, с-ж, л-ж, қ-ғ сияқты дыбыстарды буын ішінде (на-са-жа-за-ла-жу-жы) ажыратқызу.
Айтылғандардың ішінен Ж дыбысы бар сөйлемдерді балалар естеріне сақтап қалуы тиіс: кітап, қағаз, журнал, таға, жаға, жіп.
Ж дыбысын буын ішінде келтіру.
Жа-жа-жа-жалау
Жө-жө-жө-жөке
Жо-жо-жо-жол
Жу-жу-жу-жусан
Жә-жә-жә- жәшік
Жы-жы-жы-жылан
Жи-жи-жи-жиек
Ж дыбысын әуелі сөз, содан кейін сөйлем ішінде келтіріп жаттықтыру:
жапалақ, жұлдыз, жаңбыр, жылқы.
3-Ж дыбыстарын жұмбақ, анаграмма, сюжетті суреттер арқылы да пысықтауға болады.
Ішіне тамақ салынған,
Есігі тастай жабылған. (Жұмыртқа.)
Шешесі - су, әкесі - суық. (Мұз.)
Қос қолы жоқ, көзі жоқ,
Сурет салар өзі көп (Аяз.)
Түнде бармын, күндіз жоқпын. (Жұлдыз.)
Ж-дан бастасаң,
Жыл мезгілі болады.
Қ-дан бастасаң
Құсқа айнала қалады. (Жаз-Қаз.)
Балалар т-д дыбыстарын айтып үйренгеннен кейін, естілуін айыра білуге жаттықтырылады. Т дыбысы бар буынды естігенде балалар қолдарын шапалақтайды. Та-те-ту-ты-то-ти.
«Қораз бен Ораз» тақпағын IV мәнерлеп оқи отырып та, Р дыбысын дұрыс айтуға машықтыруға болады.
Ұмтылса қораз,
Қашады Ораз.
Шақырса қораз,
Жылайды Ораз.
Ораз бен қораз
Осылай араз. (Н.Жанаев.)
Қ дыбысын буын ішінде келтіріп қайталау:
қа -қа -қа -қалам
қо-қо-қо-қоян
қы-қы-қы-қылыш
қү- құ- құ- құлан
қи- қи- қи- қияқ
қу- қу- қу- аққу
Қ дыбысын сөз ішінде келтіріп қайталау:
Қоян қала бақа тауық
Қасық қылыш сақа асық
Қайық қайшы ақыл астық
Қоңыз қалам оқу құлақ.
Ғ дыбысын буын ішінде айыра білуге жаттықтыру: ға-қа-ка-ла-ғы-қи.
Ғ дыбысы бар сөздерді тауып айтқызу: Ғалым, доға, қағаз, жаға, сағыз, балға.
Ғ дыбысын буын ішінде келтіріп қайталау:
ға-ға-ға-жаға
ғи-ғи-ғи Сағи
ғу-ғу-ғу-бұғу.
ғы-ғы-ғы- бұғы
Ғ дыбысын сөз ішінде келтіріп қайталау:
Ғалым қолғап
Тоғай шаңғы
Сағыз торғай
Саға таға
Балға қағаз.
Ғ дыбысын осы дыбыс бар сөздерден жасалған сөйлемдерді оқу арқылы меңгерту: Ғалымжан шаңғы тепті. Торғай су ішті. Менде сағыз бар.
Қ-Ғ дыбыстарын тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаш ішінде бекіту.
Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Боран соқса, қор болар,
Бұтаға келіп қорғалар. (Халық өлеңі).
Жұмбақтар
Көрдім мен терезеден өрнекті,
Біреу қолмен жасағандай көрнекті. (Қырау).
Асты тас, үсті тас,
Ортасында жанды бас. (Тасбақа).
Шеңбер жасап өседі,
Желмен бірге көшеді. (Қаңбақ).
Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай. (Әтеш).
Балаларды Л дыбысының естілуін айыра білуге жаттықтырғанда л дыбысы бар немесе жоқ буындарды айтып, соның ішінен іздеген дыбысты табады. Тапқандағы белгі - қол шапалақтау: ла-ла-ла-ба-та-па-ла- са-ла. [8. 44-45б].
Л дыбысы бар сөздерді естерінде сақтауға жаттықтырғанда тәрбиеші (мұғалім) бірнеше сөздер айтады. Ал балалар зейін қойып тыңдап отырып, л дыбысы кездесетін сөздерді ойларында сақтап қалып, сұраған кезде айтып беруге тиіс. Мысалы: лақ, қой, лашын, тауық, лимон.
Л дыбысын буын ішінде келтіріп айтқызуға мына жаттығуды пайдалануға болады.
ла- ла- ла- ала ол- ол- ол- жол
лу- лу- лу- алу ал- ал- ал- мал
лы- лы- лы- жылы ол- ол- ол- қол
ли- ли- ли- лимон ал- ал- ал- тал
Л дыбысының сөз ішінде келуіне берілген мысалдар:
Лақ жол көйлек бала
Лашын қол қолған балық
Қала тал алма, құлын
Дала мал көбелек гүл
Құрамында л дыбысы бар сөйлемдер: Лай суда балық болмайды. Лақ ойнақтап жүр.
Тақпақ айтқызу арқылы л дыбысын пысықтау:
Ақ лақ маңырап,
Анасын іздейді.
Фатима таңырқап,
Тиді екен кім дейді?