5.Тіл қозғалысы 5.1.Тіл анатомиясы Ауыз қуысының түбінде орналасқан бұлшықетті қимылы жақсы жетілген мүше. Тіл – тіл түбірінен, тіл денесінен, тіл арқасынан тұрады. Тілде екі бүйір беті және ұшы болады. Кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ эпителиймен қапталған. Онда механикалық және дәм сезу емізікшелері орналасады. Механикалық емізікшелерге жіпше және конусша, ал дәм сезімі емізікшелеріне саңырауқұлақша, қорғанша және жапырақша емізікшелер жатады. Тіл ауыздағы асты шайнау, жұту жұмыстарын іске асыруға көмектеседі. Сондай-ақ, ол астың дәмін сезеді.
5.2. Балалардағы тіл аурулары Тіл адам организмінде өте маңызды қызмет атқаратын ағза екені әр адамға мәлім. Ауыз ішінде орналасқан тіл ішкі және сыртқы ортаның жағымсыз әсерлеріне жиі ұшырайды. Сондықтан тілде әр түрлі патологиялық үрдістер жиі орын алуы мүмкін. Ал олар адамның сөйлеу, ас қабылдау қызметтерін төмендетіп, жалпы жағдайын нашарлатады, иммундық жүйенің әртүрлі бұзылысына әкеліп соғады. Сондықтан тілдің ауруларының диагнозын дұрыс нақтылаудың және тиімді емдеу шараларын жүргізудің қаншалықты маңызды екенін әрбір болашақ дәрігер-стоматолог жадысында жақсы сақтау керек.
Тілдің қалыптан өзгеруі көптеген аурулар кезінде байқалады.Мысалы: жедел және созылмалы жұқпалы аурулар (вирустар, саңырауқұлақтар, әртүрлі микробтар әсернінен дамыған), ішкі ағзалар, эндокриндік, жүрек-қан тамыр жүйелері аурулары, коллагеноздар, витаминдер жетіспеушілігі және аллергиялық аурулар кезінде. Бұл өзгерістер тілдің үстінде қалыңдығы және түстері әртүрлі қақ жиналуымен, жіпке ұқсас бүртіктердің
рельефінің өзгеруімен, тілдің көлемінің ұлғаюымен, тіндерінің домбығуы нәтижесінде бүйір беттерінде тістерден із түсумен сипатталады. Тілдегі өзгерістерді бағалай отырып, жүргізілген емдеу шараларының нәти-желілігін анықтауға және барысын болжауға болады. Қазіргі кезде медицинада үлкен бір бағыт-тіл арқылы ауруға диагноз қою саласы – лингводиагностика дами бастады. Тілдің көптеген жарақаттарының ішінде өз бетімен дамитын немесе дербесауруларына тоқтала кету керек. Олар: қатпарлы тіл, қара түкті тіл, тілдің түлей және ромбыға ұқсас қабынулары.
Қатпарлы тіл(складчатый язык –Lingva plicata) балалар мен ересектер арасында кездесе береді және оны көптеген зерттеулер тілдің пішіні мен көлемінің туа дамыған ауытқуына жатқызады. Қатпарлы тіл кезінде тілдің
көлемінің біраз үлкейгені байқалады және бетінде әртүрлі бағытта орналасқан терең сайлар (қатпарлар) кездеседі, балаларда ересек адамдарға қарағанда қатпарлар саны аздау және аса терең болмайды. Ең терең және ұзын қатпар көбіне тілдің ортасында орналасады, ал қалғандары осы қатпардан жан-жаққа тарала орын алады. Қатпар түрлері әр адамда әртүрлі болып келеді: бірде жапырақ сабағына, кейде ми қатпарына ұқсас келеді. Қатпарлардың тереңдігі де әртүрлі болады, табанында және қабырғала-рында жіпке ұқсас бүртіктер болмайды, олар көбіне жиектерінде орналасады және 30-50% жағдайда тілдің түлей қабынуымен қатар кезде-седі.