5.3. Тіл бұлшы етіге арналған жаттығулар Артикуляциялық жаттығулардың негізгі мақсаты тіл дыбыстарын дұрыс айтуға керекті сөйлеу мүшелерінің қимыл – қозғалыстарын толық жетілдіру. Әр жаттығудың өзіндік аты бар және сол аттарын балалар есіне сақтап білуі қажет. Біріншіден, атаулар балаларды жаттығу жасауға қызықтырады, екіншіден, жұмыс барысында уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Логопед әрдайым жаттығуды қалай жасау шарттарын түсіндірмей тек оның атын айтса жеткілікті. Мысалы, «ат шауып келеді» немесе «сағат». Жаттығуларды дұрыс орындау тәсілдеріне тоқталайық:
«Инеше» - ауызды кең ашық. Тілді жіңішкертіп, ауыздан шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек.
«Жалпақ тіл» Ауызды ашып, ерінді жымиып ашып, жалпақ тілді астыңғы ерінге тигізіп, осы қалыпта (5-10-ға) ұзақ ұстап тұру. Жаттығуды орындау барысында қадағалау қажеттілер:
Ерінді тым кең созбау керек.
Тілді көп алға шығармау керек, тіл тек астыңғы ерінді жауып тұру керек. Тілдің екі жағы ауыздың екі шетіне тиіп тұруы керек.
«Төбешік» - ауыз сәл ашық. Тілдің екі бүйірі жоғары азу тістерге тиіп тұр. Тілдің ұшы алдыңғы, төменгі тістерге тірелген. Осы қалыпта 10-15 секунд ұстап тұру керек.
«Түтікше» - тілді жалпақ ете ауыз қуысында шығарып, тілдің бүйір жақтарын көтеретін түтікшеге үрлеу. Жаттығуды жайлап жасау керек.
«Кесе» - ауызды кең ашып, жалпақ тілді жоғары тіске қарай көтеріп, 10-15 секунд ұстап тұру керек. Бірақ тіл тіске тимеуі керек.
«Сағат» - тілді ауыз қуысынан шығарып жіңішкертіп ұстап, оңға, солға қимылдату керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.
«Саңырау құлақ» - ауызды кең ашып, тілді таңдайға жабысырып ұстап тұру ұстау.
«Алтыбықан» - жіңішке тілді ауыздан шығарп, кезекпен мұрынға иекке қарай созу. Жыттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек. Осылай 10-15 рет қайталау керек.
«Тәтті бал» - жалпақ тілді шағарып жоғары ерінді жалап, тілді ауыз қуысына тереңірек кіргізіп ұстау. (15 рет қайталау)
«Сылақшы» - ауыз кең ашық, тілдің ұшымен қатты таңдайды сылау. Бағытын өзгерте отырып, 10-15 рет қайталау.
«Ат шауып келеді» - ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру-айыру немесе таңдай қағу.