Қара түкті тіл (черный волосатый язык – lingva Vilossa nigra) – тілдің жіпке ұқсас бүртіктерінің ұзарып, жабынды эпителийінің шамадан тыс мүйіз-гектенуімен сипатталатын ауру. Бұл ауру сирек кездеседі, көбіне орта жастағы және мосқал тартқан ер адамдарда анықталады. Себебі анықталмаған. Тілдің жіпке ұқсас бүртіктерінің ұлғаюына бейімдеуші жағдайлар қатарына асқазан-ішек жолы ауруларын, әртүрлі жоқпалы ауруларды, витаминдер жетіспеушілігін (А және В тобындағы), зиянды әдеттерді (шылым шегу, ащы, қышқыл, тұзды тағамдарды жиі жеу, ішу) жатқызуға болады. Қара түкті тіл өкпе туберкулезімен, Аддисон ауруымен
Ішімдіктер сырқат адамдарда, кейбір дәрілік заттарды ұзақ уақыт қабылдаған жағдайларда орын алуы мүмкін. Жіпке ұқсас бүртіктердің ұлғаюында вирустардың, ашытқыға ұқсас саңырауқұлақтардың да үлесі бар деуге болады.
Тілдің түлей қабынуы(десквамативный глоссит – glositis Desquamativa) немесе көшпелі қабынуы (мигрирующий глоссит), географиялық тіл (географический язык) – Тілдің жіпке ұқсас бүртіктерінің жабынды эпителийінің мүйізді қабатының уақытынан ертерек ошақты және көшпелі түлеуімен сипатталатын қабынуы. Аурудың себебі анықталмаған. Бұл жағдай әртүрлі жастағы адамдар арасында, көбінесе балаларда кездесе береді және бір жанұяда бірнеше ұрпақта анықталуы мүмкін. Сондықтан тұқымқуалаушылыққа байланысты ауру екені туралы да болжамдар бар.Тіл үстіндегі жабынды эпителийдің ерте түлеуіне қозғау салушылар қатарына әртүрлі дәрілер қабылдау, жалқықты диатез, тістердің шығуы, асқазан-ішек жолы аурулары, әр себептен іші өтуі, коллагеноздар, вирустық инфекция,
О рганизмнің созылмалы сенсибилизациялануы, вегетативтіэндокриндік бұзылыстар жатады. Ауру ешқандай ыңғайсыздық тудырмай ұзаққа созылуы мүмкін, кейде өз бетімен ұзақ уақытқа білінбей кетеді немесе ауық-ауық қайталанып тұруы мүмкін.
Глоссалгия (стомалгия)– ауыз кілегей қабығында және тілде дамитын әртүрлі ауыру сезімдері мен сезімталдықтың ауытқуларынан тұратын симптомдар кешені тән созылмалы ауру. Бұл аурудың көптеген терминдері (глоссалгия, глоссодиния, стомалгия, глоссопироз, вегеталгия, симпаталгия)бар. Осылардың ішінен стоматологияда тұрақтанғандары – «глоссалгия» және «стомалгия». Глоссалгия (стомалгия) көбіне орта және егде жастағы адамдарда кездеседі, ал әйелдер арасында 3-5 рет жиірек орын
алады.Алғаш рет бұл ауруды 1838 жылы Weisse ғылыми түрде сипаттап жазған. Ауруға байланысты көптеген ғылыми еңбектер жарық көргенімен аурудың этиологиясы мен патогенезі әні анықталмаған. Біраз авторлардың (Яворская Е.С., 1972; Дычко Е.Н., 1982; Марулиди Р.Т. және б. 2001) ұйғаруынша, глоссалгия көптеген сыртқы және ішкі ықпалдар әсерінен дамиды.
Макроглоссия(:Lang-grc – «үлкен» және Үлгі:Lang-grc2) – «тіл») — макроглоссия. Тілдің ұлғайып, ауызға симауы. Ісінген тілдің ұшында немесе қапталында тістің орны қалады. Сөйлеу қиындап, тіс-жақ жүйесінің қалпы өзгереді. Бұл организмде киста, флегмона, лимфангиома пайда болғанын білдіреді
Микроглоссия(гр. Micro және гр. Glossa – тіл) — шағын тіл. Тіл көлемінің кішіріп өзгеруі. Әдетте іштен туа пайда болады. Жарақат, қабыну, тыртық тәрізді өзгерістер де осы аурудың пайда болуына ықпал жасайды.