МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Қазақтың ұлттық бас киімдері..............................................................5
Сырткиім және ішкиім түрлері............................................................10
1.3 Аяқкиімдер.............................................................................................16
3. ҚОРЫТЫНДЫ
Жобаның мақсаты – қазақ халқының ұлттық киімдерінің тарихына шолу жасай отырып, ұлттық киімдері дәріптеп мәдени мұрамызды насихаттау.
Жобаның өзектілігі – тарих қойнауына сіңіп, жоғалып бара жатқан ұлттық киім үлгілерін қайта жаңғырта отырып, оларды сақтап қалуға ат салысу.
Міндеттері: ұлттық киімдер туралы мәліметтерді жинап, саралап және
жіктей отырып, олардың ұлтымызға, мәдениетімізге қосқан үлесін анықтау.
Практикалық маңызы – аталған жобаны мұғалімдерге, оқушыларға, студенттерге көмекші құрал ретінде қолдануға болады.
КІРІСПЕ
Ұлттық киім – бай тарихи-мәдени мұра, оны зерттеу бізді өткен ғасырлардағы әдет-ғұрып, салт-дәстүр, халықтың хал-ахуалынан кең көлемде жан-жақты хабардар етеді. Қазақ халқының киімі басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы. Мұның басты себебі: қазақ халқының табиғат төсінде өсіп, еркін ғұмыр кешуімен байланысты. Қазақтың ұлттық киімдері негізінен ертедегі көшпенділер киімдерін еске түсіреді. Қазір өзіміз күнделікті киіп жүрген бірқатар киім үлгілері сақ дәуірінен бастау алады. Қазақтардың киімді солға қаусыратыны сақ киімдерінде, орта ғасырларда түріктерде кездеседі.
Киімдердің етек-жеңіне рәміздік ұғымды тұспалдайтын ою-өрнек элементтерін салу, үкі тағу, жын-перілерден, пәле-жаладан, ауру-сырқаудан қорғайды, магиялық күш әсер етеді деген сеніммен туған. Кейіннен үкіні тақия, сәукеленің төбелеріне, домбыраға, бесікке қадаған. Үкінің қара қасқасын ерлер, балақ жүнінің ұлпасын әйелдер қолданған. Үкі құсын қазақ қасиетті деп білген. Ежелгі бақсылар, батырлар, сал-серілер де үкі тағып жүрген. Көшпелілер бұлардан басқа да зергерлік бұйымдар, қорғаушы қызметін атқаратын құстар мен жануарлардың дене мүшелерін әшекей ретінде таққан. Осындай сақтар дәуірінен қалған киімдер қазір стилизацияланған түрінде бүгінгі күнге дейін қолданылып жүр.
Қазақтың ұлттық киімдерінде оның этникалық тарихы мен экономикалық, әлеуметтік және табиғи ортаның ерекшеліктерінен туындайтын көне дәстүрлері сақталған.
Олар адамның дене мүшелеріне сәйкес баскиім, иықтық киім, белдік киім, аяқкиім деп жіктеледі.
Пайдалану, тұтыну ерекшеліктеріне байланысты күнделікті, сәндік киімдерге, жыл мезгілдеріне қатысты қыстық, маусым, аралық және жаздық киімдер болып бөлінеді.
Әлеуметтік дәрежесіне, сондай-ақ қандай кәсіби салаға қатыстылығына қарай қазақ халқы арасында бай, би, сұлтан, (бас киім мұрақ), бақсы, сал-сері (жарғақ шалбар, мауыты, шәйі көйлек), малшы, аңшы (шекпен, кебенек, сырттық, күлпәра), балуан, батыр (қаттама), киімдері деп те бөлінеді. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсы көрнектісін киген.
Достарыңызбен бөлісу: |