Мазмұны кіріспе негізгі бөлім



бет5/14
Дата16.10.2023
өлшемі56,83 Kb.
#115548
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Қазақ халқының ұлттық киімдері (копия)

Сырткиімдер
Негізгі сырткы киімдерге – шапан, күпі, тон, жақы, жарғақ, шидем, ішік, шекпен, кебенек жатады. Қазақ халқының өмір тіршілігінде осы киімдерді тігуде төрт түлік малдың терісі мен жүні үлкен рөл атқарған және ата-бабамыз оны ұқсатуды мыңдаған жылдар бұрын білген. Сырткиім тігуге негізінен үй жа нуарлары терілері мен жүндерінің ең асылдарынан басқа жабайы аңдардың да терілерін пайдаланған. Бұл жөнінде қытай жылнамаларында жазылғандығын Өзбекәлі Жәнібеков растайды: «Орталық және Орта Азияны мекендеген көшпенділер тері мен жүн және бағалы аң терілерінен жасалған киімдер киген».
Астарына түйе және қойдың күзем жүнін салып, жолақ түрінде сырып тігілген де сырт киімдердің түрлері болған. Бізге жеткен деректер мен фотосуреттерден киімнің түрі иесінің әл-ауқатына байланысты болғанын аңғарамыз. Ертеректе қазақ халқының сырттық киімдері неғұрлым кең-мол пішіліп, көшіп-қонуға және ауа райының қолайсыз жағдайларына ыңғайландырып тігілген. Ерлердің сырткиімдері түймесіз, тек белбеумен ғана оң жаққа қарай қаусырылған. Ұлттық сырткиімдер жасалған материалына, мәнер үлгілеріне және таралған аймақтарына, жүз, ру атауларына қарай: жабағы тон, қаптал тон, әдіпті ішік, зерлі ішік, күзен ішік т.б. деп айырып аталған.


Тон
Сырткиімдердің ішіндегі ең көп тараған көнеден жеткен киім түрі – тон. Қазақ тілінде «тон» көне түркі тіліндегі «киім» сөзінің көне атауы, бұл сөзден туындаған «тонанты», «тонымақ» сөздері «кию» дегенді білдіреді. Тон – түрлі жануарлардың, әсіресе малдың терісін илеп тігілетін суықтан қорғап, жылылық сақтайтын сырткиім. Тауешкі, арқар терілерінен де тон тігілген. Жарғақ, тайжақы, қылқа жарғақ, дақы деп тай, құлын, лақтың терілерінен, жүнін сырты на қаратып тігілетін өң киімдердің түрлерін атаған.
Тон – үлкен кісілер, әйелдер, балалар да киетін ортақ сырткиім. Тонның ұзын, қысқа түрлері де болады. Ол әр адамның бой-тұрқына лайықты үлгімен пішіледі. Үлкен кісілерге арналған тон кең әрі етегі тізеден төмен түсіп тұрады, жеңі қолдың басын тұтас жабады. Жігіттер мен келіншектердің тоны жүріс-тұрысқа, жұмыс істеуге кедергі келтірмейтіндей, аяқ-қолға оралмай, еркін қимылдауға мүмкіндік беретіндей етегі қысқалау қалыпта тігіледі. Ал қыздар мен балалар киетін тон олардың бойына шақ, жүріс-тұрысына сай пішіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет