Өңір – көйлектің тамақ астындағы ойындысын жауып тұратын ерекше кестеленген бөлігі. Өңірге салынған өрнектің магиялық, қорғаныш күші бар деп есептеген.
Қамзол – жеңсіз, белі қыналған, алды ашық, ұзындығы тізеге түсетін жеңіл киім. Бір түсті барқыттан, атластан тігіледі. Қамзолдың алдыңғы екі өңірі мен арқасы кестеленіп, ою-өрнек салынады. Қамзолға жең салынса жеңі және жең ұшы да кестеленген.
Шапан (тон). Шұға, барқыт, парша сияқты әдемі, қымбат әрі мықты матадан ұзын етіп тігілген қалыңдықтың сырткиімі. Той шапанына ерекше көңіл бөлініп жағасы, өңірі, арқасы, жеңінің әдемі ұлттық көзтартарлық ою-өрнекпен кестеленген. Жиектеріне әдемі болу үшін бағалы аң терілерінен басқа қымбат матадан зер, бұлық немесе жұрын салынған.
Жеңсе. Жеңселер көбінесе Жетісу өңірінде және қарақалпақтарда болған. Қолдың білектен шынтаққа дейінгі бөлігін жауып тұрған. Той киімі ретінде тігілген жеңселер күнделікті жеңселерге қарағанда әдемі матадан ою-өрнек салынып, кестеленіп тігілген.
Кестелі етік – шоңқайма. Шоңқайманы сәнге кию үшін, жай саптамадан гөрі әдемілеп, өкшелігін, оймасын кестемен өрнектеп тіккен.
Сәукеле – қызды ұзатқанда киетін аса қымбат, бағалы, кәделі әрі әсем баскиім. Жалпы қазақтар сәукелені, басқа да баскиімдерді сәндік үшін ғана кимеген. Олардың әрқайсысының ұлтымыздың парасатын, тәрбиесін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін көрсететін мән-мағынасы болған Ұлы дала заңы бойынша көшпенділер адам баласын фәниге келтіретін, ошақ отын қорғаушы ретінде әйелдерді құрмет тұтқан. Әйелдерді көшпенділерден артық қадірлеген ешқандай орта болмаған. Олар құдайдың, табиғаттың, адамдардың алдында да ерлермен тең дәрежеде болған. Біздің аруларымыздың ғажап баскиімі сәукеле осы замандардан бастау алған сияқты. Оның биіктігі мен сәнделуі күнмен шағылысқан заңғар тау шыңдарын елестетеді.
Сәукеле (шовкеле, шокуло) қазақ, қырғыз, қарақалпақтарға ортақ баскиім. Бірақ ортақ баскиім болғанымен әр халықтың сәукелелерінің пошымдары әрқалай. қазақтардың сәукелесінің төбесі шошақ, биік, арткы құлағы шашқап тәрізді белге дейін жеткен, қырғыздардың сәукелесі өте биік емес, дулыға тәрізді, үш құлақты, қарақалпақтардың сәукелесі де қырғыздардыкіне ұқсас дулыға пішінді болған. Ғасырлар өте сәукеленің сырт пішімінде өзгерістер пайда болғанымен, оның негізі сол қалпында сақталған.
Сәукеле баскиім ғана емес, қазақ сән-салтанатының, салт-дәстүрінің, мәдениеті мен шеберліктің озық үлгісі, өнер туындысымен қатар киелі деп есептелген. Сонымен бірге қазақтың қыздарына деген көзқарасының бір белгісі.
Қорытындылай келе айтсақ, қазақ киімдері қазіргі уақытқа, заманға сай жаңа әдіс-тәсілдермен тігіліп, өзіндік бұрынғы сюжеттік элементтерін ұмытпау керек. Қазіргі уақытта зерттеу барысында қазақ киімдерінің қорлары молаюда. Әртүрлі модалық киім тігу үйлері ашылып, шетелдерге экспортқа шығуда.
Қай қоғамда болмасын киім тәсілі, жолдары ерекше орын ала бермек, күнде өзгеріс болып жатқан дәстүрімізді, тарихи байлығымызды қадірлей білуіміз керек.
Бүгінгі мен кешегімізді қастерлеу – қоғамның парызы. Сол қоғамды дамытушы адам. Жас ұрпақ ертеңгі қоғам иесі. Қоғам иелері қазақ халқының өмір тіршілігін қазіргі уақытқа сәнді, мәдениетті етуге тырысуда.
Ұлттық мәдениетімізді, ұлттық киімдерімізді, қолданбалы сәндік қолөнермен танытуда.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Алмауытов Ә. Қазақ тіліндегі киім атауларының мәдени-танымдық уәжділігі. ҚР ҰҒА Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. 2003, №5, Қыркүйек – қазан, 107-112-бб.
Арғынбаев Х. А. Историко-культурные связи русского и казахского народов ТИИАЭ АН Каз ССР. Алма-ата, 1959, т.б. С. 49-90.
Ахметжанов Қ. Қазақы шапан. Халық мәдениетінде атқаратын қызметі және оның ішкі сыры. // Ана тілі. 1994, №31.
Бес ғасыр жырлайды: XV ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары. Үш томдық. 1-том. – Алматы: Жазушы, 1984.
История Казахстана: народы и культуры:Учеб. пособие Н. Э. Масанов и др. – А, Дайк-Пресс, 2001
Жәнібеков Ө. Қазақ киімі. – А, Өнер, 199б.
Жанпейісов Е. Мұхтар Әуезовтың
Казахский народный костюм. – А., Казгослитиздат, 1958.
Каминская Н.М. История костюма, М., Легпромбытиздат, 1986.
Кейкін Ж. Қазақтың ұлттық киімдері // Қазақстан сарбазы. 1997. 14 ақпан, №2.
Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының салт-дәстүррлері, -А., Алматыкітап, 2005.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Т.б. – Алматы: Ғылым, 1982.
Қазақтың дәстүрлі киім- кешектері. –Іле халық баспасы, 2006.
Қазақтың дәстүрлі киім- кешегі. Ғылыми каталог. Алматы: Өнер, 2009. 344б.
Сабыржанұлы ТҮ Биялай. «Ана тілі» газеті, 1991, 29 тамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |