Мазмұны кіріспе негізгі бөлім



бет4/14
Дата16.10.2023
өлшемі56,83 Kb.
#115548
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Қазақ халқының ұлттық киімдері (копия)

Әйелдердің баскиімдері
Әйелдердің баскиімдері: бергек, бөрік, жаулық, желек, жырға, кимешек, күндік, орамал, қарқара, сәукеле, тақия, шәлі (жібек, шілтер, оюлы түрі бар), қасаба, бүркеніш, шылауыш т.б.
Қазақ әйелдерінің баскиімдері олардың жасы мен отбасындағы жағдайына байланысты бір-бірінен көп ерекшеленіп отырған. Жаздыгүні қыздар түрлі түсті жібек, барқыт, мақпалдан тігілген, төбесі жайпақ, дөңгелек тақия (тебетей) кисе, қыс маусымында ауқаттылар кәмшат бөрік киген.
Қыздардың тақиясын қызыл, күлгін, жасыл, тағы басқа бір түсті шұға, барқыт, мауыты сияқты кездемелерден, өңді маталардан қабаттап сырып тіккен. Тақия төбесі, әлбетте, төрт сай немесе дөңгелек келеді. «Таңдай», «ирек», «қабырға» тігістермен сырылып, жібек, алтын, күміс, зер жіптермен кестеленіп, моншақ асыл тастармен безендіріледі. Үкінің үлпілдек қауырсынын әсемдік үшін және тұмар ретінде тақияның төбесіне қадайды. Үкі қадалған тақия қазақ қыздарының ерекше ұнатып киетін баскиімі болған.
Қыздардың киетін тақияларын Маңғыстауда «телпек», шығыс Қазақстанда «кепеш» деп атайды.
Қыздар кепеші – Қыздар кепешінің қабырғасы (керегесі) биік, төбесі дөңгелек формада жасалады. Ою-өрнектердің қай түрімен де әшекейлеуге, жылтырақ таналар, моншақ түйреуіш, маржан, меруерт тізбелермен көркемдігін арттырады. Төбесіне торғын жібек шашақ төгіліп немесе, үлпілдек үкі қадалады. [Халел. Н. Ұлттық мирас].
Сораба – қыздар киетін тақия тәріздес баскиім. Кәдімгі тақиядан айыр- машылығы артында салпыншағы бар, қабырғасының айналасына шашақ тағылады, бақсылардың баскиіміне, күләпараға, сәукелеге ұксас солардың элементтерін қамтыған баскиім. Қыздарға көз сұқтан сақтану үшін «ырымдап кигізеді. Содан да: «Қыздар киер сораба, салбыратып шашағын, жаман жігіт бүлдірер өз отбасын, ошағын», деген халық өлеңінде үзінділер кездеседі.
Жырға – әйелдердің сәнді баскиімі, асыл тастармен, ақық моншақтармен әшекейленіп тігіледі. Ол, әдетте, көп салпыншақты, түсті меруерт тастардың жарқырауық сәулесімен құбылып, адамның бет-бейнесін ажарландырып, бет моншақ, шұбыртпа, жақ алқа тәрізді тізіліп, баскиімнің етегін шашақтап тұрады.
Бөрік – аң терісінен тігіліп, жиегіне жұрын жүргізіліп, жұқа жүн не жібек ма териалмен тысталған құлақсыз келген, ерлер де қыздар да киетін баскиім. Оның жазғы, қысқы түрлері болады. Жаздық бөрік, аң терісінен жұқа әрі жеңіл етіп тігіледі. Қыстық бөрік астарына жүн, мақта сырып салып, барқыт, пүліш, атлас сияқты маталармен тысталады.
Кимешек
Қазақ әйелдеріне тән өзіндік ерекше киім кимешекті ақ мата, кейде жібек матадан тігіп, жиегін көмкеріп, сан алуан түрмен әшекейлеп дайындайды. Кимешек-шылауышты жас келіншектер, орта жастағы әйелдер, кемпірлер киеді. Салт бойынша кимешекті келіншек балалы болғаннан кейін киеді. Бұған келіншек өзі де дайындық жасайды. Енесінің, абысын-ажынының көмегімен кимешек пішіп, әшекей кестелерін өзі тігеді. XIX ғасырдың басынан бері оларды тек ақ матадан ғана тіккен, бірақ ХѴVIII ғасырдағы мәліметтер бойынша оған түсі басқа маталарды да пайдаланған көрінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет