Қорытынды
Өнегелі жанұяда ғана тәрбиелі ұрпақ өсіп жетілетіндіктен, бүгінгі қоғамның біршама қиындық туғызып отырған өтпелі кезеңінде бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытуда сң алдымен, жанұя жағдайының ықпалы үлкен екендігі белгілі. Бүгінгі таңда жанұя тәрбиесін жақсарту, ондағы бала мен ата-аналар қарым-қатынасын гуманитарландыру мәселесі мемлекеттік тұрғыда маңызды орынға көтеріліп отыр. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Конституциясында: "Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың құқығы әрі парызы", - деп көрсетіледі. Ал, әлемдік деңгейде "Баланың құқығы туралы конвенция" қабылданып, бала дүниеге келмей жатып, қамқорлық жасаудың жолдары қарастырылуда. Бұның өзі бүгінгі бастауыш сынып оқушылар тәрбиесінің өте күрделі екендігін дәлелдейді.
Әрбір ұлттың басқа ұлттан айырмашылығы оның тілі мен ұлттық тәрбиесі арқылы ерекшеленбек. Сондықтан бүгінгі кіші жас оқушыларына ұлттық тәрбие беру және оларды бүгінгі заман талаптарына сай етіп тәрбиелеу қоғам алдында түрған үлкен міндет. Қоғамның бір бөлігі болып табылатын жанұяның бұл тұстағы мүмкіндігі ерекше. Жанұядағы кіші жас оқушыларының бүгінгі заман талабына сай жан-жақты қасиеттерін және тәрбие алуын қамтамасыз етуде ата-аналардың педагогикалық білімдерін жетілдіру қажет. Ол мектеп пен жанұяның ынтымақтастығын нығайтпайынша жүзеге асуы мүмкін емес.
Оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру жан-жақты тәрбиелеу, мектеп пен жанұяның ынтымақтастығын нығайта отырып, тәрбиелік іс-шаралар мазмұнын гуманитарландыру арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мектеп тәжірибелерінде мұғалімдердің ата-аналар мен жанұя тәрбиесі бойынша жұмыс жүргізуінде арнайы бағдарламаның жоқтығынан өз бетінше әрекет етуі байқалса, бұл жас педагог - мамандары үшін аса бір қиыншылық туғызып отыр.
Соның салдарынан мұғалімдер жанұялармен тек ата-аналар жиналысы арқылы ғана байланысып келді. Осыдан кейін бізге мектеп пен жанұяның, дәлірск айтқанда, сынып жетекшілерінің ата-аналармен ынтымақтастықта әрекет етуінің нақты міндеттерін анықтау, сонымен катар бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мақсатында ата – аналардың жанұя тәрбиесі бойынша педагогикалық білімдерін жетілдірудің мазмұнын анықтау қажеттілігі туды. Зерттеу жұмысы барысында оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру ұлттық тәрбие тұрғысынан қарастырылды. Сонымен қатар, бүгінгі жанұя тәрбиесінің дамуына әсер етіп отырған нарық талаптары да назардан тыс қалған жоқ.
«Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастырудың теориялық негіздері» атты тарауда бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері, жанұяда бастауыш сыныш оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудың теориялық негіздері, оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың мәні, мазмұны мен міндеттері туралы мәселелер жан – жақты қарастырылған. Сондай – ақ, «жеке тұлға», «жеке тұлға туралы теориялар» және оның түрлеріне сипаттама берілген.
Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері мен тұлғалық қасиеттерінің мәнін ашуда Ресейдің Кеңес ғалым психологтары: А.В.Петровский, Р.С.Немов, Д.С.Мухина, С.Ф.Жустков, Д.Б.Эльконин және т.б. ал Қазақстандық ғалым - психологтар Қ.Жарықбаев, М.Мұханов және т.б. еңбектерін пайдалана отырып, осы жас кезеңнің көрініс беретін тұлғалық қасиеттерін жағымды және жағымсыз деп топтастырған. Олардың бойында кездесетін мейірімділік, кішіпейілділік, тәртіптілік, ақкөңілділік, сүйкімділік және т.б. жалпы адамзатқа тән тұлғалық қасиеттердің жиынтығы екендігін айқындаған.
Кіші жас оқушыларының жеке басының дамуы үшін қасиеттің алатын орны ерекше. Олай болса, олардың жағымды ізгі қасиеттерін дамытуда жанұя тәрбиесінің ролінің мәнін жан-жақты ашу үшін "жанұя" және "тәрбие" ұғымдарына педагогикалық анықтамалар келтірілген. Сондай-ақ, жанұя -әлеуметтік орта ретінде оқушылардың жеке басының дамуына екі жақты әсер етеді және ол баланың тұлғалық қасиеттерін дамытудың негізгі факторы деп көрсеткен.
Жалпы кіші жас оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру үшін мектеп пен жанұя бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана оң нәтижелі мәнге ие болары анық. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысының бүгінгі күнгі ерекшеліктері, эксперименталдық нәтижелік жұмыстар, мектептің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының мазмұны, мақсаты мен міндеттері, әдіс-тәсілдері жан-жақты қарастырылған.
Сонымен зерттеу жұмысының нәтижелері бізге мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді:
1. Бүгінгі күні жанұядағы әлеуметтік жағдайдың төмендігіне байланысты тәрбиені жетілдірудің негізгі көзі - мектеп, соның ішінде сынып жетекшілері болуға тиіс;
2. Ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдірудің бірден бір жолы жиналыстарда бала тәрбиесіне сай лекциялар ұйымдастыру керек;
3. Ата-аналар жиналысында оқылатын тақырыптары бастауыш сынып оқушыларының бойындағы тұлғалық қасиеттерге сәйкес алынуы аса мәнді болуы керек;
4. Жанұялық салт – дәстүрлердің оқушылар бойында тұлғалық қасиеттерді дамытудағы тәрбиелік мәнін ашу;
5. Әлеуметтік орта мен жанұяның материалдық жағдайының тәрбиедегі алатын орны және т.б. мәселелер арнайы зерттеуді қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |