Мазмұны кіріспе



бет7/9
Дата07.01.2022
өлшемі6,33 Mb.
#19704
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9
5 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
5.1 Атмосфералық ауаны қорғау
Жобада зиянды заттардың атмосфераға лақтырылу және бөліну көздерінің жарақтандырылуы орындалған. Оларға газгольдер, дренаждар ыдыстар, май сақтау блогы, ағынды өндірістік суларды тазалау құрылыстары, қазандық, жанар-жағар май резервуарлары жатады.

Екінші кезектегі ластау көздеріне сол жабдықтар жатады, тек қана жеңіл фракцияларды ұстау қондырғыларына қосылған резервуарлардан басқа.

Дизельдік электростанция электрмен қамтамасыз етуде үзілістер болғанда қосылады да, авариялық лақтыру ретінде қарастырылады.

Есептік концентрациялар нәтижелерін сораптау негізінде шекті жіберілетін лақтырулардың жобалық нормативтері шығарылады. Атмосфераны ластауға көп әсерін тигізетін ластау көздері анықталады: жұмыстық аймақтағы шекті рауалы концентрацияның (ШРК) территория алаңындағы шекті-жіберілетін концентрация 2,5 үлесі – жанар-жағар май қоймасы.

Жеңіл фракцияларды ұстау қондырғысына газбен теңестіру жүйесін қосу атомосфералық ауаның ластануын ШРК-ны 0,05-ке дейін төмендетеді, ал жалпы лақтыруды 74,5 тоннаға дейін азайтады.

Есептік мәліметтер негізінде жүйелі түрде ведомстволық бақылауда болуы қажет ластау көздері анықталады.

Газгольдер герметизациясы бұзылып мұнай топырақпен көмкерілген территорияға түскендегі оның салдарлары жобада анықталған. Аварияларды жою бойынша шаралар қарастырылған. Бірінші кезектегі 150-307м, екінші кезектегі – 150м желдер позасын ескере отырып санитарлық-қорғау аймағының өлшемі анықталады.


    1. Сулы ортаны қорғау

Жер беті және жер асты суларын ластайтын мүмкін ластау көздері:

тұрмыстық ағынды сулар;

Газгольдерлер топырақпен көмкерілген территориясынан, технологиялық жабдықтары бар ашық алаңдардан болатын өндірістік – жауын-шашын ағындылары;



  • өрт сөндіру кезіндегі сулар.

КС-да шаруашылық-ауыз су, өртке қарсы және айналымдық су құбырларының жүйесі қарастырылады.

Айналымды сумен қаматамасыз ету жүйесі автомашиналарды жууға арналған.

КС-ның суды тұтынуы - 16,5куб.м/тәулік, ал су шығаруы – 8,2 кум.м/тәулік. Ағынды суларды әкету үшін бөлек канализация жүйелері жобаланады:


  • тұрмыстық;

  • өндірістік – жауын-шашын.

Топырақпен көмкерілген территориядан және технологиялық жабдықтардың ашық алаңдарынан болатын өндірісітк-жауын-шашын суларындағы ластанулар:

  • 20 мг/куб.дм –ден 700 мг/куб.дм-ге дейін газоконденсат;

  • 300-ден 600 мг/куб.дм-ға дейін қатты заттар.

жобаланатын тазалау құрылыстарына беріледі.

Газоконденсат мөлшерін 0,5 мг/куб.дм-қа дейін жеткізіп тазартылған ағындылар орталық газ дайындау бөлігінің канализациялық желісіне лақтырылады.

Жауын-шашын суларының есептік шығыны 194куб.м/тәулік (721 куб.м/жыл) құрайды.

Жерасты суларын қорғау бойынша шаралар қарастырылған:



  • газгольдер каресінен және топырақпен көмкеру және автожолдар арасындағы ойыстардан жер үсті ағындылары ашық әдіспен жауын-шашын қабылдау құдықтарына жіберіледі, соданкейін жабық жүйемен жергілікті тазалау құрылыстарына әкетіледі;

  • өз ағысты қамтамасыз ететін тік жоспарлауды орындау;

  • газгольдер табанынан болатын газоконденсат ағындыларын бақылау үшін ортасында шүңеті бар темір-бетонды плита қарастырылады, ол газоконденсатты жинап бақылау құдығына әкету үшін арналған.

5.3 Жер ресурстарын қорғау


КС-ның жер бөлігін сақтандыру бас жоспарды, тік жоспарлауды, канализация жүйесін орнатуды және жер үсті ағындыларын әкетуді дұрыс шешу арқылы қамтамасыз етіледі.Тік жоспарлау бойынша территорияны карьерден алатын топырақпен 0,8м-дейін биіктікпен көмкеріледі, бұл жер үсті ағындыларын әкетуді қамтамасыз етеді. Үйінділер жиектері шөп өсірумен бекітіледі.

Газгольдерлер территорияның топырақпен көмкеру шегінде қиыршық тас араластырылған қалыңдығы 0,5м саздан өткізбейтін экран жасалады. Газгольдер парк айналасындағы алаң ішіндегі жолдар сол территориямен салыстырғанда 0,3м-ден кем емес үйінді де жобаланған.

Құрылыстан бос территорияда жобаланатын құрылыстар алаңында көгалдандыру шаралары қарастырылған.

КС-ң ТК цехында, тегеуріндік сораптар бөлімінде, канализациялық ағыстар және газгольдер құбырының желілік бөлігіндегі нақты зиянды лақтырулар келесі мөлшерде болады:

азоттың қос тотығы – 7,88 т/жыл (0,77%);

көміртегі тотығы – 31,51 т/жыл (3,07%);

күкіртті ангидрид – 15,76 т/жыл (1,54%);

күкіртсутегі – 15,76 т/жыл (1,54%);

күкірт ангидриді – 1,576 т/жыл (0,15%);

күйе – 6,3 т/жыл (0,61%);

газ конденсаты – 472,7 т/жыл (46%);

көмірсутектер – 472,7 т/жыл (46%);

меркаптандар – 1,26 т/жыл (0,12%);

органикалық емес шаң – 0,24 т/жыл (0,023%);

барлығы – 1025,686 т/жыл (100%);

Бұл нақты лақтырулар жұмыстық аймақтағы шекті рауалы концентрация (ШРК) деңгейінде есептеліп берілген.

Магистралдық газ құбырларында қоршаған ортаны – жер үсті су қоймаларын және атмосфераны мүмкін ластанулардан қорғайтын шаралар қарастырылады. Ластау көздері сәйкес желілік өндірістік диспетчерлік станциялардың (ЖӨДС) және компрессорлық станциялардың өндірістік-жауын-шашындық, шаруашылық-тұрмыстық канализацияның шығарымдары және газдың авариялық төгілулері, ал атмосфераны ластау көздері – технологиялық және канализациялық сораптардың желдету құрылғылары, лабораториялар, газгольдер, теміржол эстакадалары, конденсат ұстағыштар, буландырғыш-көлдер, жинақтағыш көлдер, қоқыс жинағыштар, сазды алаңдар, қазандықтардың мұржалары болып табылады.

Магистралдық құбырөткізгішпен газ тасымалдау кезінде келесі жоғалулар болады: газгольдердегі конденсат булануынан (кіші және үлкен “тыныс алулар”); компрессордағы және ашып-жабу арматураларының тығыздамаларынан ағындылар; газгольдер, технологиялық құбырөткізгіштердің герметикасы бұзылуынан.

Газдың көп жоғалуы компрессорлық цехтан, канализациялық ағыстардан және газ құбырының желілік бөлігінен болғандықтан, есептеулер солар бойынша жүргізіледі:

а) газ құбырының сызықтық бөлігі (диаметр – 820мм, Н=2м, ағыс жылдамдығы – 1,5м/с).



Газды-ауалы қоспаның шығыны келесі теңдеумен анықталды:

, (87)

мұндағы Д-лақтыру көзінің диаметрі, м;



- лақтыру көзінен газды-ауалы қоспаның шығу жылдамдығы, м/с.

0,003 – лақтыру көзінен газды-ауалы қоспаның шығу жылдамдығы:



. (88)

Компрессорлық цех, газ құбырының желілік бөлігі: құбырөткізгішпен газ тасымалдау кезінде айдау станцияларында эксплуатациялық шығындар болады. Олар сораптардың және ашып-жабу арматурасының нығыздамаларынан болатын ағындылар және авариялық жоғалулар нәтижесінен туындайды. Газдың авариялық жоғалулары магистралдық газ құбырларын пайдалану ережелерінің бұзылуынан, құбырөткізгіштерді төсеудегі құрылыс нормаларын және ережелерін сақтамаудан және құбырдың заводтағы ақауларынан болуы мүмкін.



Лақтырулардың эксплуатациялық жоғалуларын есептеу үшін және білу керек.

, (87)

мұндағы 0,35м – КС-ғы компрессордың және ашып-жабу арматурасының сальниктік және басқа тығыздымаларынан болатын ағындылар нәтижесінен лақтыру көздерінің сағасының шартты диаметрі;

1,5м/с – құбырөткізгіштегі мұнай қозғалысының жылдамдығы.

Станцияда үш тізбекті жалғанған негізгі компрессор жұмыс істейтіндіктен:


. (88)
КС атмосфераға шығатын шекті жіберілетін ластағыш заттардың нормативін анықтау келесі теңдеумен орындалады:

, (89)

мұндағы ШРК – зиянды заттың ең үлкен шекті рауалы концентрациясы, мг/м3;

Сф – зиянды заттың фондық концентрациясы, мг/м3;

Н – лақтыру көзінің биіктігі, м;

А – атмосфераның температуралық стратификациясынан тәуелді коэффициент, Қазақстан үшін А=200;

F – атмосфералық ауада зиянды заттардың шөгу жылдамдығын ескеретін өлшемсіз коэффициент (F=1 газ тәрізді аэрозольдар үшін, F=2-3 ұсақ дисперсті аэрозольдар үшін);



m,n – лақтыру көзінің сағасынан шығатын газды-ауалы қоспаның шығу жағдайын ескеретін коэффициенттер;

- жергілікті рельефтің әсерін ескеретін өлшемсіз коэффициент, ;

- газды-ауалы қоспаның шығыны, м3/с;

- лақтырылатын газды-ауалы қоспаның (Тг) және қоршаған атмосфералық ауаның температураларының айырмашылығы, К.

Салқын лақтырулар кезінде () ШРШ келесі теңдеумен анықталады:

, (89)

мұндағы Д – лақтыру көзі сағасының диаметрі, м.

1. КС атмосфераға шығатын ластағыш заттардың лақтыру нормативін анықтау

- газгольдерлер үшін:



,

,

,

,

,

,

,

,

,

.
компрессорлық цех, канализациялық бағандар аймағы үшін:
,

,

,

,

,

,

,

,

,

.

Ластағыш заттың салыстырмалы қауіптілігін ескеретін келтіру коэффициенті келесі теңдеумен анықталады:



, (90)

мұндағы - і-ші ластағыш заттың орташа тәуліктік шекті рауалы шығарымның абсолюттік мәні, мг/м3 [8, 9, 10, кесте 6, 11, кесте 28];

- территорияда лақтырылатын қатты аэрозольдар коэффициенті, ; газдар үшін – 1,0.

(азот тотығы үшін),

(көміртегі тотығы үшін),

(күкіртті ангидрид үшін),

(күкіртсутегі үшін),

(күкірт ангидриді үшін),

(күйе үшін),

(газ конденсаты үшін),

(көмірсутегі үшін),

(меркаптандар үшін),

(органикалық емес шаң үшін).
ӨҚК(КОП), (91)

.(91)

Қорытындылай келсек КС –ң қоршаған ортаны ластау , яғни атмосфераға, гидросфераға және литосфераға зиянды заттардың шығу көздерін қарастырдық.



Зиянды заттардың атмосфераға лақтырылу және бөліну көздерінің жарақтандырылуы орындалды. Есептік концентрациялар нәтижелерін сораптау негізінде шекті рауалы шығарымдардың жобалық нормативтері шығарылды. Атмосфералық ауаның ластануын ШРК-ны төмендету шаралары жүргізілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет