Мазмұны кіріспе



бет4/9
Дата07.01.2022
өлшемі6,33 Mb.
#19704
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9
3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
Жобаланатын №14 Компрессорлық станциясы (КС) Бұхара газын оралға айдау үшін арналған.

Операциялық іс-әрекеттерді қамтамсыз ету үшін технологиялық құрылыстардың келесі кешені қарастырылады:

- компрессорлық цех;

- компрессордың май жүйесі;

- майды сақтау блогы;

- дренаждық ыдыстар алаңы;

- жылу алмастырғыштар алаңы;

- сақтандыру торабы бар сүзгілер алаңы;

- газ есепке алу торабы;

- технологиялық құбырөткізгіштер;

- тазалау құрылғыларын жіберу торабы;
3.1 Күрделі салымдардың көлемі
Капиталды құрау – активтерді сатып алуды жоспарлау процесі, олардан түсетін табыс бір жылдан аса уақытта болуы керек.

Компанияның капитал құны – компания беретін заттардың жалпы құны, сондай-ақ компанияға инвестицияланатын капитал есебінен түсуі қажет табыс нормасы.

Қажетті табыс нормасы капитал салу бойынша жобаларды бағалау негізін құрайды.

Негізгі капиталды тұтынуға шығындар – болашақ ақша табысын алу үшін жасалатын төлемдер болып табылады.

Ақшы күйіндегі таза ағымдар сол инвестициялық шешімдердің негізі. Тек ақша ағымдарының көмегі арқылы активтерді сатып алуға және инвесторға табысты үлестіруге болады.

Ұзақ уақыт бойында ақшаның басқа жаққа кетуі қаржылық міндеттемелерді орындау мүмкіндігін төмендетеді.

Жобаның табысын есептеуге сараптаудың үш критериі қолданылады. Бұл: таза ағымдық құн (ТАҚ), пайданың ішкі нормасы (ПІН), және инвестицияның ақталу мерзімі.

№14 КС құрылысына берілетін күрделі салымдар АҚШ долларымен анықталған, жалпы сметалық есеп бойынша 13744,79 мың АҚШ долларын құрайды.

Өндірістік құрылысқа берілетін күрделі салымның құрылымдық құрамы 5 кестеде келтірілген.
7 - кесте Өндірістік құрылысқа берілетін күрделі салымдардың құрылымдық құрамы

Жұмыстардың, шығындардың аталуы

Өндірістік

Құрылыстық, мың. долл.



Пайыздық қатынасы, %

Құрылыс жұмыстары

9974,91

72,6

Монтаждық жұмыстар

966,33

7,0

Жабдық

2168,14

15,8

Басқалары

635,41

4,6

Барлығы

13744,79

100

3.1.1 Ағымдық соманың болашақ құны


Таза ағымдық құнды есептеу

Инвестицияланған жобалардан күтілетін табысты есептеу үшін қолданылатын негізгі әдіс – уақытты есепке алғандағы ақша құны.

Капитал салу немесе қаржыландырумен байланысты кез-келген шешім (қолма-қол ақша әртүрлі уақытта келгенде) уақыт факторын есепке алып ақша құнының концепциясын түсінуді қажет етеді.

Қарызға алынған негізгі сома – қарызға алынған немесе салынған ақшалардың сомасы.

Ссуда мерзімі – ссуда қайтарылып төленетін уақыт бөлігі немесе мерзімдер саны. Күрделі пайыз тек ғана негізгі сомадан емес, сондай-ақ алдыңғы төленбеген жобалардан алынады.

Таза ағымдық құн инвестицияның табысын есептеу үшін анықталады. Таза ағымдық құн белгілі-бір пайыз ставкасымен дисконтталған күтілетін ақша табыстарының сомасы алғашқы инвестиция сомасынан қаншалықты үлкен екенін көрсетеді.

Инвестицияланған жобаның таза ағымдық құны жобадан түсетін болашақ таза ақша ағымдарының ағымдық құнынан жоба бойынша таза инвестицияны шегеру арқылы анықталады:

ТАҚ = КОАҚТА – БИ, (39)



немесе

ТАҚ = , (40)

мұндағы ТАҚ – t уақыт ішінде ақша ағымдарының күтілетін таза ағымы; БИ – алғашқы инвестиция көлемі; n – жобаның жоспарланған ұзақтылығы; i – капитал құны (салықты есептемегендегі инвестордың табысқа қоятын пайыздың ставкасы).

Сонымен, ТАҚ көрсеткіші жоба іске асырылып тұрған мерзімдегі инвестициялардан түсімдердің таза құны мен жобаның күрделі салымдары және сол мерзім ішінде есептік пайыз ставкасының негізінде дисконтталған барлық шығын түрлерінің айырмасы ретінде анықталады.

Болашақ ақша ағымдары алғашқы инвестицияны толық жапқанда ТАҚ оң мәнді қабылдап, жоба тиімді деп есептелінеді. ТАҚ теріс болғанда, болашақ қолма-қол ақша сомасы күрделі салымдардан аз болғанда жоба қабылданбайды.

ТАҚ шарты бойынша:

ТАҚ0 болса, онда КОАҚТАБИ,



ТАҚ0 болса, онда КОАҚТАБИ,

ТАҚ = млн.дол., (40)

ТАҚ0 – жоба қабылданады.




      1. Пайданың ішкі нормасын есептеу

Инвестиция бойынша пайданы есептеудің ең таралған әдісі – пайданың ішкі нормасын (ПІН) есептеу немесе ақша ағымын дисконттау (ААД) әдісі.



Пайданың ішкі нормасы – таза ағымдық құн (ТАҚ) нөлге тең болатындай дисконттау ставкасы ретінде қабылданатын пайыздық ставка.

= БИ, (41)

мұндағы R – Пайданың ішкі нормасы (ПІН).

ПІН шарты бойынша егер R инвесторлар талап ететін пайыздық ставкадан жоғары болса, онда жоба тиімді деп есептелінеді.

ПІН және ТАҚ критерийлері барлық кезде бір-біріне сәйкес келеді, яғни егер ТАҚ0 болса, онда ПІНi;

ТАҚ0 болса, онда ПІНi;

Теңдеуге өзіміздің берілгендері қойсақ:



, (42)

, (43)

k = 14,5.


3.1.3 Инвестицияның ақталу мерзімі
Инвестицияланатын жобаның ақталу мерзімі жоба бойынша күтілетін ақша ағымдарының түсуі инвестицияның алғашқы сомасына тең болуына қажетті жылдар санына тең.

Ақша ағымдарының күтілетін түсімдері әрбір жылы бірдей болатындықтан, инвестицияның ақталу мерзімі келесі қатынаспен анықталады:



Ток = , (44)

Ток = = 4,7 жыл.

Күрделі салымдардың тиімділігінің үш критерийін (ТАҚ, ПІН және ақталу мерзімі) қарастырғаннан кейін келесі қорытындыларды жасауға болады:



  1. инвестицияланатын жобаның тиімділігі күтілетін таза ақша ағымдарынан тәуелді;

  2. күтілетін инфляциядан және болашақтағы салық салудан тәуелді;

  3. инвестицияның ақталу мерзімінен және тәуекелге бару дәрежесінен тәуелді.

Инвестиция процесінің жүруі тәуекелмен байланысты, себебі уақыттың созылуы белгісіздікті күшейте түседі, шығындардың ақталу мерзімі ұзарған сайын жоба тәуекелдігі жоғарылайды. Сондықтан шешім қабылдауда уақыт факторын ескеру керек, яғни шығындарды, табысты және экономикалық рентабельдікті уақыт бойынша бағалау қажет. Бұл операция дисконттау деп аталады.

3.2 Жылдық экономикалық шығындар


Өнімнің өндірістік өзіндік құнын құрайтын шығындарды жоспарлау, есепке алу және сараптау кезінде олардың келесі топтастырылуы қолданылады:

  1. шығындардың пайда болу орны бойынша (өндіріс, цех, бөлік);

  2. өнім, жұмыс, қызмет түрлері бойынша;

  3. өнімнің өзіндік құнына жіберу әдісі бойынша.

Өндіріске кететін барлық шығындар өнімнің жеке бір түрлерінің немесе бір текті өкім топтарының өзіндік құнына қосылады. Өнімнің жеке бір түрлерінің өзіндік құнына қосу әдістеріне байланысты шығындар тура және жанама болып бөлінеді.

Тура шығындар ретінде өнімнің жеке бір түрлерін шығарумен байланысты шығындар (шикізатқа, негізгі материалдарға, сатып алынатын бұйымдарға және жалақыға кететін шығындар) алынады, олар тікелей өнімнің өзіндік құнына қосылады.

Жанама шығындар деп өнімнің бірнеше түрін шығарумен (жабдықты шығару және пайдалану бойынша цехтың және т.б.) байланысты шығындар алынады, олар өзіндік құнға үлестірілу арқылы қосылады.


      1. Еңбек ақысын төлеу қорын анықтау

Еңбек ақысын төлеу қоры орташа жалақыны сала коэффициентін есепке ала отырып жұмыскерлер санына көбейту арқылы анықталады.

«Жалақы» статьясы бойынша шығындар жұмыскерлер санына сәйкес анықталды, ол 4.2 - кестеде көрсетілген.

Қазіргі уақытта №14 КС 45 адам жұмыс істейді:



  • басшылар – 5 адам;

  • өндірістік жұмыскерлер – 40 адам;

№14 КС жұмыс істеп жүрген штаттағы адамдары 4.2 кестеде келтірілген.

Жаңа №14 КС пайдалануға бергенде оның жұмыскерлері ретінде бұрынғы штат алынады, тек ғана олар жаңадан жобаланатын орындарда жұмыс істейтін болады.



Сонымен қатар, бұл техника-экономикалық негіздеуге сәйкес қосымша 10 адам алынады, оның ішінде:

  • құбырөткізгішті автоматты басқару жүйесіне – 6 адам;

  • күзет - 4 адам;

  • байланыс торабы - 4 адам.

Барлық персонал саны – 55 адам болады.
8 кесте –№14 КС жұмыскерлер саны

Аталуы

Барлығы, адам

Оның ішінде

Бұрынғы жұмыскерлер

Қосымша жұмыскерлер

КС басшылығы

5

-

-

Жергілікті диспетчерлік бөлік

4

4

-

Құбырөткізгіштерді автоматты басқару жүйесінің қызметі

8

2

6

Технологиялық депрессаторлық қондырғы

4

4

-

Химиялық анализдер зертханасы

4

4

-

Жөндеу жүргізетін жұмыскерлер

11

11

-

Авариялық қалпына келтіру бөлігі

11

11

-
МОП

2

2

-

Асхана

2

2

-

Күзет

4

-

4

Барлығы

55

45

10

Сонымен қатар:байланыс жүйесі




4

-

Барлығы




49

10

Еңбек ақысын жылдық төлеу қорын анықтаймыз:

1 АҚШ доллары = 130 тенге

ЕАҚжыл = 9200 ТстКрКвКэКпЧ12

мұндағы 9200 тенге – ҚР-дағы ең төменгі жалақы;

Тст – тарифтік ставка, Тст = 7,39

Кр – аудандық коэффициент, Кр = 1,14;

Кв – сусыздық коэффициент, Кв = 1,25;

Кэ – экологиялық коэффициент, Кэ= 1,2;

Кп – премиялық коэффициент, Кп = 1,22;

Ч – КС-дағы жұмыскерлер саны, Ч=55;

12 – айлар саны

ЕАҚжыл = 9200 7,391,141,251,21,225512 = 67156,530 мың тенге немесе 516,588 мың дол. (курс 130 тенге $). (45)

Ескерту: жалақы «Басқа шығындар» статьясында қарастырылған байланыс құралдарына қызмет көрсетуші жұмыскерлер ескерілмеген.


      1. Жалақыға аударым

Жалақыға аударым негізін арнайы салық (еңбек ақысын төлеу қорынан 20% ) құрайды. 10% жұмыскер жинақтаушы зейнетақы қорына аударуы керек.

Жалақыға аударым жылдық жалақы қорынан 30% мөлшерінде қабылданған:

516,588 0,3 = 154,98 мың дол.. (46)


3.2.3 Электр энергиясының құны
Электр энергиясының құны технологиялық қажеттерге, электрмен жарықтандыруға және май-күштік қондырғыларға кететін электр энергиясы шығындары негізінде анықталған.

Электр энергиясының жылдық шығыны 11,28 млн.квт.сағ.;

1 квт/сағ бағасы 0,035 долл. Көлемінде алынған.

Онда электр энергиясының құны:

11,28 0,035 = 394,8 мың долл.. (47)


      1. Судың құны

КС-да су көзі ретінде орталықтандырылған газ дайындау бөлігінің жұмыс істеп тұрған желілері алынады.

Судың жылдық шығыны 3,73 мың.м3

1 м3 судың құны 0,09 долл.

Судың жалпы құны:

3,73 0,09 = 0,34 мың долл.. (48)




      1. Өндірістік ағындыларды тазарту шараларының құны

Өндірістік ағындыларды тазарту шараларының құны жылдық тұрмыстық және өндірістік-жауын-шашын ағын суларының шығыны негізінде анықталады.

1 м3 ағын суды тазалау 0,038 долл.

Судың жылдық шығыны 3,69 мың.м3

Өндірістік ағындыларды тазалау шараларының жалпы құны:

3,69  0,038 = 0,14 мың долл.. (49)




      1. Қазандық үшін отын құны

Қазандық үшін отын (газ) құны оның жылдық жұмсалатын мөлшерінен анықталған.

Отынның жылдық шығыны 2359 .

1000 м³ құны 130 долл.

Отынның жалпы құны:

235 130 = 30,55 мың долл.. (50)




      1. Дизельдік отын және депрессатор құны

Дизельдік отын және депрессатор құны олардың жылдық шығыны негізінде анықталған.

Дизельдік отын және депрессатордың жалпы құны 9 кестеде келтірілген.
9 кесте – Дизельдік отын және депрессатор құны
Аталуы

Көрсеткіш

1. Дизельдік отынның жылдық шығыны, тонна

850

1 тонна дизельдік отын құны, долл

155

Отынның жалпы құны, мың долл.

114,75

2. ДМН-2005 депрессаторлық присадкасының жылдық шығыны, тонна

225

1 кг ДМН-2005 бағасы, долл.

1,2

ДМН-2005 присадкасының жалпы құны, мың долл.

270,0

Дизельдік отын және присадкасының жалпы құны, мың долл.

384,75


      1. Амортизациялық аударымдар

Амортизация өндірістік қор құнының ресми нормасы (ОПФ) негізінде жоспарланады. Амортизацияның шекті нормалары ҚР-ның салық кодексінде анықталған.



Амортизация – бұл активтің жоғалған құнының мәні. Бухгалтерлік есепке алу мақсатында активтер (ОПФ) құны бүкіл пайдалану немесе қызмет мерзіміне бөлінеді. Нақты мерзімдегі амортизация сомасы:

, (51)

амортизация нормасын меншіктің классификациялық көрсеткішіне көбейту арқылы анықталады:

мұндағы Na – меншіктің қалған жұмыс істеу мерзімін болжап бағалау, шығындардың орнын толтыру және құнын жою факторларын есепке алады;

Сn – ОПФ-ның баланстық құны.

Бұл теңдеу – күрделі салымдарды (КС) тасымалдау компаниясының меншігіне қайтару әдісі.

3.2.9 Амортизациялық аударымдардың есебі


10 - кестеде амортизациялық аударымдардың есебі келтірілген
10 кесте – Амортизациялық аударымдардың есебі

Аталуы

ОПФ-ның баланстық құны, долл

Амортизация мөлшері

%

Долл.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет