Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет35/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   144
...Кеудеге он бес жаста ғылым толды
Толысымен тасып кетіп ӛлең қонды. 
 
Мәшhүр Жүсіп аталған ӛлеңінің басқа шумақтарында ӛзінің ұстаз алдында 
білім  алған  кейбір  сәттерін  ӛте  бір  ризашылық  сезіммен  еске  алады.  Біз 
ақынның  ӛлеңіндегі  ӛз  ӛмірбаянына  қатысты  деректерді  шынайы 
қабылдауымыз керек. Яғни Мәшhүр ӛлеңді 15 жастан жаза бастаған. 
Кезінде ел ішіндегі кедей-шаруа мен кейбір байлыққа  
ісінген жуандар арасындағы қарама-қайшылықты кӛре отырып, ақынның 
ақиқат шындықты айтам деп, ел “пысықтарына“ жақпай жалғызсыраған 
кездері де кӛп болған: 
 


113 
 
Кейде мен кӛп сӛйледім аузым бақпай, 
Бетімді жіберген соң ешкім қақпай. 
Туысқа тура жолды айтамын деп, 
Жалғанда жалғыз қалдым жанға жақпай. 
 
Мәшhүр  Жүсіптің  есімі  кӛзі  тірісінде-ақ  елге  танылған  болатын.  Оған 
себеп  оның  кітаптары  дер  кезінде  жарыққа  шығып,  қалың  қазақтың  кӛзі 
ашығының  қолына  тиген  еді.  Ол  халықтық  мұраларды  жинау  арқылы  да  ел 
ішінде ӛлшеусіз беделге ие болды. Ел арасындағы игілікті істері де атағына 
атақ, даңқына даңқ қосып отырды. Замандасы М.Дулатовтың “Оян, қазақта” 
орыстың  кӛрнекті  ақын-жазушыларына  қазақ  ақындарын  теңей  отырып, 
солардың қатарында Мәшhүрді де атауы бұған дәлел: 
  
Оралдан Әбубәкір молла шықты, 
Омбыдан Қыпшақбайдай жорға шықты. 
Торғайда Ақмолла мен Нұржан жатыр, 
Шӛже, Орынбай, Мәшһүр Жүсіп о да шықты. 
Бұлардың әрбір сӛзі пайдаға асқан,  
һүнерін хатқа жазып халыққа шашқан 
Мақтап ӛлең айтпаған нәрсе алуға, 
Ғажайып хикмәттің кілтін ашқан. 
 
Жоғарыда айтқандай
  
Жабысты ӛлең маған он бес жаста, 
Жұрт айтты “Не қыласың“ – деді баста. 
Дегенмен қоя алмадым үйренген соң, 
Мінім жоқ қылған жұртқа мұнан басқа, – 
 
деп, ақындық жолға ерте түскен Мәшhүр Жүсіп ӛз ӛлеңдерінде кӛбіне заман 
жайынан  толғап,  ӛз  жұртының  қыңыр  мінезі  мен  кесірлі  қылықтарын,  би-
болыстардың  берекесіз  тірлігін  ӛткір  сынға  алып,  ел  жайын  күйзеле 
жырлады.  Халықты  оянуға  үндеп,  бірлігі  бекем,  азат,  еркін  ел  болуға 
шақырды.  Ақынның  осы  сипаттағы  ӛлеңдерінен  кӛздеген  ой-идеясы  айқын 
аңғарылады: 
 
Ӛнерге, ғылым-білім болсаң жерік, 
Берілер ақыр бір күн басыңа ерік. 
 
Мәжһүр-Жүсіп – тек ақындық ӛнерімен ғана танылып қоймаған жан. Ол – 
ел ішінде әулие атанып, талай ғажайып аңыз әңгімелерге арқау болған адам. 


114 
 
Немересі Сүйіндік Копеевтің естелігі бойынша, Мәшһүр кӛріпкел жан болған 
екен.  Сол  кісінің  әңгімелеріне  назар  салсақ,  мынадай  жайларды  аңғарамыз. 
1920 жылдары Мәшһүр “Сарбұлақ” деген жерге қоныстанып, қыстау салдыра 
бастайды.  Оның  құрылысын  1930  жылы  аяқтайды.  Сол  жылдың  жазында 
ӛзіне зират үй де тұрғызады. Ол біткен соң ӛзіне-ӛзі құран оқытып ас берген. 
Мұның жайын сұраған елге “келер жылы дүниеден ӛтемін, арғы жылы маған 
ас  бермек  түгілі  қоңыз  теріп  кетерсіңдер”  дейді  екен  жарықтық.  Қайтыс 
болар жыл  – 1931, ал  асы берілер жыл  –  1932.  Кӛріпкелдің  қателеспегеніне 
уақыт куә. Ол кісі ӛзі ӛмірден ӛтер жасын үнемі ескертіп отыратын болған. 
Оны  “Бұхарада  оқып  жүргенде  бір  әулиеден  естідім,  “мені  айналып, 
таяғымен  түртіп  “72-73”  –  деп  кетіп  қалды”  дейді  екен.  Содан  соң  “73-ке 
келгенше балталасаң да ӛлмеймін, 73-ке келген соң, шақырсаң да келмеймін” 
деген  болжам  жасайды  екен.  Бұл  болжамы  дәл  келіпті.  Мәшһүр-Жүсіп 
Кӛпеев 1931-қой жылы күз айында, күндізгі уақытта дүниеден ӛтеді. Дихан 
Әбілов жазып алған үлкен баласы Шәрапидің естелігі бойынша осылай. Бір 
таңғаларлығы Мәшһүрдің ӛзі салдырған зиратындағы ашық жерленген денесі 
21  жыл  бойы  бұзылмай  жатқан.  Мәшһүр-Жүсіптің  зират  үйі  туралы  Дихан 
Әбілов былай деп жазады: “Ауыз үйренген сӛз болған соң зират дейміз ғой, 
әйтпесе, үсті екі бӛлмелі кірпіш үй, асты Мәшкеңнің денесі жатқан Кең сарай 
кесене,  Ауыз  бӛлмеде  –  плитка-қазандық,  самауыр,  шәйнек,  шелек,  ожау, 
тәрелке,  қасықтарға  дейін  бар,  тӛр  бӛлмеде  –  дӛңгелек  үстел,  кітап,  жәйма 
тӛсеніш.  Босаға  жақ  солтүстік  бұрышта  насыбай  үккіш,  шоқпар,  үстел 
үстінде мүйізді қара шақша. …Бӛлменің (астыңғы Ӛ.Ә.) батыс іргесін ала бір 
жарым  метрге  жуық  биік  нар,  ағаш  тӛсек  үстінде  ақ  жабылған  Мәшкең, 
қайран  жарықтық  Мәшкең  жақсы  бір  түс  кӛріп  жатқанға  ұқсайды.  Пішіні, 
кескіні, келбеті тірі күндегісіндей сымбатты”. 
Осындай  қасиетті  жанды  кеңестік  дәуірдің  әпербақандары  қадір  тұтпау 
былай тұрсын, ӛші бардай зиратын талқандап, мүрдесін жермен-жексен етіп 
тынды.  1952  жылдың  10  желтоқсанында  “Социалистік  Қазақстан”  газетінде 
Мәшһүр-Жүсіптің 
діншілдік, 
ұлтшылдығын 
әшкерелеген 
мақала 
жарияланды.  Соған  байланысты  Қазақстан  Коммунистік Партиясы  Орталық 
Комитетінің  қаулысы  шықты.  Содан  кӛп  ұзамай  жаны  жанаттағы  әулие 
жанның  зираты  екі  милиция,  бір  трактордың  күшімен  қиратылды.  Осы  іс-
шараның басын-да жүрген аудандық партия комитетінің хатшысы Кенжебай 
Макиннің  айтуы  бойынша  басты  себебі  мынау  (Дихан  Әбіловтің  естелігі): 
“Партияның  үгіт-насихатынан  Мәшhүр  Жүсіп  аруағы  беделді  боп  барады. 
Мәшhүрді  әулие  тұтады.  Басына,  зиратына  барып  ел  адамдары  түнейді“ 
Партия  атқа  мінерлері  Мәшһүрдің  зиратын  қиратып,  жансыз  тәнін 
қорлағанмен,  оның  ӛлмес  рухын  адамдар  санасынан  жойып  жібере  алған 
жоқ.  Мәшкең  ӛзінің  мәңгілікке  сапар  шеккен  ӛлең  ӛнерімен  ұрпақтан-
ұрпаққа жалғасын тауып, келешекке жол тартары шындық.  


115 
 
Ақынның артында қалдырған мол мұрасы тек ӛлең-жырдан ғана тұрмайды. 
Оның  ӛз  қолымен  жазып  қалдырған  қолжазбасы  зерттеушілердің  айтуы 
бойынша  30  томдай.  Онда  қазақ  халқының  тарихы  мен  салт-дәстүрі,  ӛнері 
мен  әдет-ғұрпына  қатысты  ұшан-теңіз  бай  материал  бар.  Ондағы  Мәшһүр 
жинаған ауыз әдебиеті үлгілерінің ӛзі – бір кісінің ғұмырына татитын еңбек. 
Мәшһүр-Жүсіп  1881  жылы  тюрколог  ғалым  В.В.Радловпен  кездесіп,  ӛзінің 
жинаушы  ретіндегі  ісіне  бағыт-бағдар  алады.  Бұл  туралы  “Егер  ол  (Радлов 
Ӛ.Ә.)  болмаса  қазақтың  кӛптеген  дастан-жыры  ұмыт  кетер  еді”  дейді 
Мәшһүрдің  ӛзі.  Мәшһүр-Жүсіп  қазақтың  әргі-бергі  тарихындағы  ірі 
ақындарынан Қотан, Бұқар, Кӛтеш, Шортанбай, Шӛже, Ұлбике, Шернияз т.б. 
ӛлең сӛздерін, ӛмір деректерін жазып қалдырып кеткен. Шешендерден Тӛле, 
Ақтайлақ,  Саққұлақ,  Бӛлтірік  т.б.  туралы  деректер  беріп,  асыл  сӛздерін, 
кейінгіге үлкен еткен. Қазақ ауыз әдебиетін “Үлгілі сӛз”, “Баталар”, “Ертегі”, 
“Жар-жар”,  “Қайым  айтыс”,  “Айтыс”,  “Жоқтау”  деп  бӛліп-жіктеп, 
әрқайсысынан кӛптеген үлгілер жазып қалдырған. Мұның бәрін “Қара Мес” 
атты екі қолжазба жинағына кіргізген. Мәшһүрдің кейінгі ұрпаққа қалдырып 
кеткен ұлттық мұрамыздың үлгілері – әлі талай ұрпақ сусындар асыл қазына. 
Олар оның ӛлең-жырларымен бірге мәңгі жасай бермек. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет