Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет46/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   144
…Жұрттың тыныштық бүтінін ойламаймын, 
Саламын бас қосылған жерге бүлік, – 
 
дей келе, артқан жүгінің сипатын ӛзі саралап береді. 
  
Артқаным бір есекке ылғи жалған, 
Жалғанда ӛтірік жоқ мұнан қалған. 
…Жүгім бар бір есекте мекер-хайла, 
Мұнымен келтіремін үлкен пайда. 
…Күншілдік бір есекке тиеп артқан,  
Жібек кендір арқанмен буып тартқан. 
Базарға мұнан бұрын кӛп барғанмын, 
Жерім жоқ бұл саудадан залал тартқан. 
Артқаным бір есекке ӛңкей зорлық, 
Кӛрінген бір жерім жоқ ешкімге жек. 
Мастанып артқандықтан тәккапарлық 
Жүре алмай бара жатыр мынау есек. 
Мәшһүр  адамдар  арасында  жаман  қасиеттердің  белең  алған  сипатын 
“шайтаннан қылды сауда кӛтерме алып, орнына бұлар жүрді шайтан қалып” 
деген  жолдармен  аша  түскен.  Мысал-ӛлең  соңында  ақын  діни-ағартушы 
ретіндегі  ақындық салтымен:  “Дін  қайда, осы  күнде ғылым  қайда?”  – деген 
сұрақты  тағы  алға тартады.  Осы  ӛлеңде  Мәшһүр  Жүсіп  ӛз  жайына қатысты 
мынандай ой айтады: 
 
Хақылықта, туралықта тұрамын деп, 
Жалғанда жалғыз қалдым жанға жақпай. 
 


135 
 
Мұны  Абай  да  айтқан  жоқ  па  еді?!  “Моласындай  бақсының,  жалғыз 
қалдым  тапшыным”.  Ӛлеңдегі  жалпы  айтар  ойдың  мұндай  ұқсастығы 
Мәшһүр  пен  Абай  поэзиясындағы  мазмұндық  бірлікті,  идеяластық 
жақындастықты танытады. 
Мәшһүр  Жүсіптің  мысал  ӛлеңдерін  қарастыра  келе  түйгеніміз  –  бұл 
жанрда  да  ақынның  діни-ағартушылық  бағытынан  алшақтамай,  қайта  сол 
бағыттағы  ой-идеясын  ӛрістете  түскендігін  аңғарамыз.  Мұнда  ол  мысал 
жанрының  табиғатына  сай  діни-ағартушылық  идеяларын  тікелей  емес, 
жанамалай,  пернелей  жеткізеді.  Ақынның  бұл  мысалдары  Мәшһүрдің 
творчестволық  шеберлігі  ұшталып  сӛз  ӛнеріндегі  ӛрісі  ашылып,  биікке 
кӛтерілген  кезінде  жазылған.  Бұған  ақын  мысалдарының  жоғарғыдай 
тұщымды ой, толғамды пікірге толы болып келуі дәлел бола алады. 
Мәшһүр-Жүсіп – бірнеше ірі дастандар да жазған ақын. Бірақ олар кезінде 
жарияланбай  қол  жазба  күйінде  тараған.  Оның  кейбірі  жеке  адамдардың 
ӛмірін  ӛзек  етсе,  енді  бірі  құран  сюжеттерінен,  Шығыстық  сюжеттерден 
алынып,  солардың  негізінде  жазылған.  Алғашқысына  “Жантемір  қажы”, 
Шонтыбай  қажы”  “Нүсіпхан”  т.б.  қиссалары  жатса,  соңғысына  “Жер  мен 
кӛк”,  “Хаятбақшы”,  “Миғраж”,  “Пайғамбардың  дүниеден  ӛтуі  туралы”, 
“Гүлшат-Шеризат” тәрізді туындылары жатады. 
  
Айтпаймын мен бұл сӛзді тіпті тектен, 
Келеді бір жел гулеп аспан кӛктен. 
Ішіме сақтауыма сӛз сыймады, 
Жүйрік боп озғаннан соң Сүйіндіктен, – 
 
деп  басталатын  “Жантемір  қажы”  дастаны  Мәшһүрдің  екі  томдығының 
бірінші  томында  ӛлең  деп  берілген.  Мәшһүр  шӛбересі  Г.Жүсіпова  оның 
дастан  екенін  дәлелдеп,  толық  нұсқасын  баспасӛзде  жариялады.  Бұл 
шығарманың кӛлемді туынды екені, ақын оны дастан ретінде жазғаны мына 
жолдардан айқын байқалады: 
 
Ісіне бұл заманның болдым құса, 
Бозбала шамаң келсе маған ұса. 
Ерігіп мен үйімде ішім пысып, 
Бір Сақы, бір сараңды қылдым қисса. 
 
“Жантемір қажыға” қиссасы ӛмірден алынып жазылған, нақты деректерге 
құрылған шындықты дастан. Мұнда ақын ӛзінің кӛзі кӛрген ӛз елінің ардақты 
азаматы  Жантемір  қажының  ӛмірінен  үзік  сыр  ала  отыра,  адамзатты 
мәртікке,  жомарттыққа,  азаматтыққа,  адалдыққа  шақырады.  Жалпы  дастан 
сарыны ел қамын жеген айтулы тұлғаның азаматтық істерін насихаттау. Пәни 


136 
 
жалғаннан  қызық  таппай,  “Бір  құдайдан  басқаға  сиынбаған”  Жантемірдің 
қажыға сапары ұлы мақсатымен сабақтас. Ол ӛз ойын былай білдіреді: 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет