Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет47/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   144
Байланысты:
ХХ 5асыр

– Байтулла келіп едім сенің үшін, 
Ондағы керек қылмай елдің ішін. 
Мені алып қал, жібермей қайта Арқаға, 
Ер тонарлық ежелгі қайда күшің. 
 
Жантемір – қажылыққа шын кӛңілмен, адал ниетпен барған адам. Ол құдай 
жолына  шын  берілген  жан  болған  соң  да  қасиетті  Меккеде  қалғысы  келді. 
Мұхаммед  пайғамбар  жұртын  кӛрген  ол  ендігі  ӛмірді  мансұқ  етеді.  Алла 
жазып  кӛрген  қызық,  сүрген  ӛмірді  ӛзіне  місе  тұтады.  Мекке  жеріндегі  ақ 
ӛлім алланың берген сиы деп біледі. Ӛйткені ол – ӛзгелер құсап “Атақ үшін 
әуре  боп,  қажы  атанғанға  мәз  болу  үшін”  келген  жан  емес,  “Құдайға  шын 
ықыласын  берген”  жан.  Алла  жолына  шын  берілген  жанның  осын- 
дай 
шешімге 
келіп, 
Алла 
жолына 
берілгендігінің 
дәлел- 
деуін 
ақын 
дастанның 
алдыңғы 
бӛлігінде 
оның 
азамат- 
тық  тұлғасын  жан-жақты  ашу  арқылы  дәлдей  білген.  Бір  сӛзбен  айтқанда, 
Мәшһүрдің  “Жантемір  қажыға”  дастаны  –  аллаға  деген  асқақ  сенімді 
ардақтаған,  дін  жолындағы  азаматтардың  адами  істерін,  таза  кӛңіл,  ақ 
пейілдерін  үлгі  еткен  діни-ағартушылық  бағыттағы  кӛрнекті  дүниесінің  
бірі. 
Ақынның  “Гүлшат-Шеризат”  қиссасы  шығыстық  сюжетке  жазылған 
туындыларының іргелісі.  
 
Жігітке құдай берген қиын емес
Болғаным менің ақын биыл емес
Бетіне ақ қағаздың салып шимай
Қиссасын “Гүлшат-Шеризат” қылдым кеңес, – 
 
деп  басталатын  дастан,  Мәшһүрдің  бес  шумақтық  кіріспесінен  соң,  Кәркін 
патша  жайын  жырлауға  ауысып  кетеді.  Қисса  бір-бірімен  желілес 
бӛліктерден  тұрады.  Ғалым  Алма  Қыраубаева  “бес  бӛлімге  бӛлуге  болады” 
деген тұжырым жасайды. 
Бірінші  желі  –  Бағдат  патшасы  Кәркіннің  балаға  зарығуы,  тілегі  болып 
әйелі босанарда, қуанышқа жүрегім шыдамай ма деп аңға кетуі; Арыстаннан 
жаралы болып қаза табуы; Баладан тақты қызғанған уәзір Парахзат баланың 
шешесін  Барыс  батырға  ӛлтіртіп,  ӛзін  орманға  тастауы;  Барыстың  баланың 
қасына хат пен 10 гауһар қалдыруы.  
Екінші желі – Парахзаттың түсі. Онда ол алып айдаһар кӛреді. Ол әлемді 
ӛртейді.  Парахзат  ӛзі  ӛлімін  кӛреді,  сол  сәтте  аспаннан  бір  інжу-маржан 


137 
 
түсіп,  Аждаһаның  кӛзі  соған  түсіп,  Парахзатты  жайына  қалдырады.  Барыс 
түсін  шешеді,  інжу-маржан  қызың  болады,  сол  бәледен  құтқарады  деп 
жориды. Оның айтқаны келеді. Парахзат қызына Ирамбағын салдырады. 
Үшінші  желі  –  баланың  ӛсуі;  Үш  жасқа  шейін  шешесін  еміп,  онан  соң 
Арыстан асырап ӛсіруі.  
Тӛртінші желі – баланы керуен басы Сағит қожа асырап алуы; Оның білім 
алып,  үлкен  азамат  болып  ӛсуі;  Гүлшаттың  Ирамбағы  салынған  Шын-
Машында тұрып жатуы.  
Бесінші  желі  –  Гүлшатты  суреттеу,  оның  бағбан  арқылы  Шеризатпен 
кездесуі;  Шеризаттың  соғысы,  Барыс  батырға  кешірім  жасауы;  Гүлшаттың 
әкеге ара түсуі, мысал-әңгіме айтуы, Шеризаттың Парахзатты кешіруі. 
Қисса  шығыстық  сюжетке  жазылғанмен,  мұнда  ауыз  әдебиетіндегі  қазақ 
эпостық  жырларының  әсері  байқалады.  Мәселен  Парахзат  түсі  Алпамыс 
жырындағы Тайшық түсімен ұқсас болуы. Гүлшаттың сұлулығын суреттеуде 
эпостағы қазақ қыздарының бейнесі айқын танылады. Соғыс суреттерінде де 
батырлық  жырлар  елесі  бар.  Сонымен  бірге  қыз  бен  жігіттің  бірін-бірі 
суреттен  кӛріп,  не  түсінде  кӛріп  ғашық  болмай,  бірін-бірі  ӛңінде  кӛріп 
ұнатуы қазақ жырларының шындықты табиғатына жақындата түседі. Ендеше 
Мәшһүрдің  “Гүлшат-Шеризат”  дастаны  –  оның  ӛзіндік  тӛл  туындысы. 
Мұның  тағы  бір  дәлелі  осы  сюжетке  қазақтың  ірі  әнші-ақыны  Әсет 
Найманбаевта  қисса  жазған.  Ол  “Ер  Шеризат”  деп  аталады.  Екі  ақынның 
поэмаларындағы  кӛп  айырмашылық  бар.  Олардың  ортақ  сюжетке  шығарма 
жазғанымен,  әр  қайсы  ӛз  биігінен  келіп,  ӛзінше  жырлап,  ӛзіндік  туынды 
жасағанын аңғару қиын емес. 
Қорыта айтқанда, “Гүлшат-Шеризат” – Мәшһүр-Жүсіп Кӛпеевтің ақындық 
шеберлігінің айқын кӛрінісіндей айшықты шығарма. 
Жалпы  алғанда,  Мәшһүр  –  діни-ағартушы  ақын.  Бұл  ерекшелікті  біз 
ақынның  кез-келген  ӛлеңінің  желісінен  аңғара  аламыз.  Ол  діни  танымдық 
ойларын  шығармашылығында  орын  алған  ӛзге  тақырыптардың  негізімен 
ұштастыра  білген.  Әр  ӛлеңнен  дінді  арқау  ете  отырып  еркіндік  пен 
азатшылдықты ұран қылып кӛтерген ақын мақсатын айқын аңғарамыз. Ақын 
ӛлеңдеріндегі  басты  мұрат  “Қуаттап  алып  жүрсе  әркім  дінін,  Ӛткізсе 
ғаділдікпен ай мен күнін” деген арман тілекті кӛздейді.  
Мәшһүр  Жүсіптің  әрбір  ӛзекті  ойының  түбірінен  діни  сананың 
топшылауын  танимыз.  Дін  арқылы  ол  асыл  мұратты  биік  мақсаттарға 
шақырады. Оның азатшылдық ұранын арқалаған арманды асқақ үні де діни-
танымымен тығыз байланыста ӛрістейді. 
Мәшһүр  Жүсіп  Кӛпеев  қаламынан  туған  ӛлең-жырлар  ӛзі  ӛмір  сүрген 
қоғамының  қыр-сырын  ашып  берумен  бірге,  езілген  халықтың  жасыған 
жүрегін  жұбатып,  рухын  кӛтерді.  Елінің  жайына  күйзелген  Мәшһүр  Жүсіп 
Кӛпеевтің  мұңлы  сырға  толы  ӛлеңдері  қазақ  ұлтының  езгідегі  халіне  шын 


138 
 
жаны  ашыған  кӛңілден  туған.  Нақтылай  айтсақ,  ақын  ӛлеңдері  асқақ 
патриотизмге  толы.  Осындай  ерекше  Отансүйгіштік  екпінді  жырларында 
ақын ӛз замандастарына да, кейінгі ӛскін – жастарға да ӛнегелі сӛз айта білді. 
Мәшһүр  –  сыршыл  лирик  емес,  әлеуметтік  ӛмірді  арқау  еткен  азаматтық 
лириканың  ӛкілі.  Ӛзімен  замандас,  бағыттас  ақындар  арасынан  ӛлеңдеріне 
азатшылдықты арқау етіп, алғаш ел-жұртына бостандық жайын бүкпесіз айта 
білген де Мәшһүр болатын. 
Ақын ӛлеңдері  ой  тереңдігімен  де,  айтар  ойын  қарапайым  да  дәл  жеткізе 
білуімен  де  құнды.  Халықтық  тілдің  құнарлы  оймен  астасуынан  Мәшһүр 
Жүсіп  ӛлеңдері  қазақ  поэзия  әлемінде  ешкімге  ұқсамайтын  даралық 
танытады. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет