Мазмұны нормативтік сілтемелер анықтамалар кіріспе І мәтіннің композициялық СӨйлеу түрлері


Содан соң майға батырған пілтені тұтатып қабірдің басына қойды да: -Артыңда қалған шырағың сөнбесін, жарқыным,- деді



бет13/22
Дата25.11.2023
өлшемі144,71 Kb.
#127390
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
Байланысты:
дөненбай ағжан

Содан соң майға батырған пілтені тұтатып қабірдің басына қойды да: -Артыңда қалған шырағың сөнбесін, жарқыным,- деді…[ ]. Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» шығармасында ұлттық салт-дәстүрді танытатын ақпаратты қазақ халқының өзіндік психологиясын, ұлттық ерекшелігін, болмысын таныту мақсатында ғана қолданбайды сондай-ақ мәтіндідегі ойды дамыту, мәтінді қалыптастырудың бір амалы ретінде пайдаланып мазмұнды туындатуда өзіндік шеберлік танытып, көркемдік құрал ретінде пайдаланады. Көркем бейнелі тіл айналадағы әдемілікті, қайталанбас ғажап құбылыстарды суреттеу арқылы сезімге әсер етеді, ал ғылым қара сөзбен жазылса да ол адамның ақыл-ойына белгілі бір дәрежеде ғана ықпалы бар. Оқушыны білсем, көрсем деген ізденуге жетелейді. Ғалымдар ұғыммен ойланады оны сараптайды, суреткер (жазушы, ақын) образдармен қиялданады. Біріншісі - ақылға салып талдайды, дәлелдейді, ғылым нәтижесін ұсынады, ал екіншісі - бейнелейді, көрсетеді, сөзбен сурет салады. 
Көркем мәтінде жазушының жеке тұлғасы оның эстетикалық қызмет түріне байланысты. Психолог-ғалым А.А.Леонтьевтің пікірі бойынша, эмоция ерекшеліктері объект қызметінің психикалық жағын көрсетпейді, субъектінің болған немесе болатын оқиғаға жеке баға беретін белгі ретінде қызмет етеді.
Психикалық қызмет, соның ішінде эстетикалық қызметтің құрылымы, Л.С.Выготскийдің пікірі бойынша, саналы эмоция құрылымына сәйкес. Сондықтан шығарма өнерін «қоздырушы, эстетикалық ықпалды жасау үшін саналы және әдейі ұйымдастырылған жүйе ретінде қарастырыу керек». Яғни эмоциялық тіл бірліктері автор ойын көрсететін көркем мәтіннің қоздырушысы болып табылады деп санап, ғалым өз тұжырымын әріқарай былай таратып айтады: «Көркем шығарманың ерекшелеу болып субьективті қабылдау емес эстетикалық эмоция болып табылады; біздің ойымыздан туындайтын субьективті ұғыну- поэзияның арнайы көрсеткіші болып табылмайды, ол тех жалпы ұғыну белгісі. Біздің әрқайсымыз басқа адам сөзін тыңдай, ұғына отырып, сөздер мен мағынасын өзімізше қабылдаймыз, сөз мағынасы әр кез көркем шығарма мағынасына қарағаңда белгілі мөлшерде субъективті болады».
Көркем шығарма тек талданып қана қоймайды, сонымен қатар өз ішкі дүниеміз арқылы басымыздан еткен оқиға ретінде әр түрлі қабылданады. Сондықтан Л.С.Выготский: «ең объективті, нағыз бейнелеу өнері... — шын мәнінде көркем форманың ерекше эмоциясы, ал өнер форма басталған жерден басталады, өйткені форма кез келген көркем шығармаға тән, форманың ерекше эмоциональдығы көркем айтылымның қажетті шарты», — деп қорытады [39].Сонымен, тіл бірліктері арқылы берілген эстетикалық эмоция (сезім) көркем мәтіннің мағыналық компонент және осы мағыналы құрудағы маңызды компонент. Бірақ көркем мәтін қабылдағанда қабылдаушы үшін ол тіл формаларының элементтері арқылы анықталады. Мысалы: «— Байқаймын, Қамқа әжем анау-мынау кемпір емес. Салмақты сөзі артында екен. «Қызымды құлақ естімеген қиырға алып бара жатырсың. Кәрі қойдың жасындай жасым қалды. Көзімнің тірісінде қызымды қайтып әкеп көрсетесің бе, әлде осы бастан күдерімді үзіп бақұлдасып қалайын ба?» деп, бұлтартпай, тура түп етектен алғаны. Сасқанымнан «уайымдамаңыз, демалыс алған сайын келіп тұрамыз, сізді сағындырып, сарғайтпаспыз» деп жалпылдай бастап едім, жекіп тастады: «жә, ондай ықыласың болса кезінде көрерміз. Асатпай жатып құлдық деп, әзір жылпылдатпа. Әскерде жүрген адамның бас билігі өзінде болмайтып көрінеді ғой, рұқсат бермей қойса қайтесің?» деп бір тұқыртып алды да, содан кейін барып әрең жібіді. «Қиын жерде жүрген көрінесің, шырағым, жаман айтпай, жақсы жоқ. Ер басына іс түсетін де кез болады. ІІІетте жүрген жалғыздың жұбайынан басқа серігі бар ма, кызым мені жерге қаратпайды, серігіңе жарайды, шырағым. Қарның ашса қуырып же, шелдесең қайнатып іш, бәріне шыдайды. Тек қорлықкөрсетуші болма». деді.Мәтін мазмұнында байқап отырғанымыздай «қатты» деген тірек сөзқолданылған. Мәтінде тірек сөздер семантикалық тұрғыда доминат атау ретінде айналасында біртұтас мағыналық мәнмәтін тудырады да коммуникативтік жағдаятқа қатысты басқа сөздермен байланысады. Мәтіндегі тірек сөздер мәтіннің семантикалық өрісін тудырады. [17,31]. Олар мәтіннің мағыналық лейтмотиві болып табылады, себебі тірек сөздер мәтін тақырыбымен байланысты болады да мағыналық орталық ретінде міндетті түрде мәтіннің басты бөлігінде болады. әрі осы сөз мәтіннің микротақырыбын ашатын кейінгі бөліктеріндегі басқа сөздерді семантикалық жағынан ұйымдастырып тұрады. Тірек сөздер мәтіннің семантикалық маңызды элементтері ретінде белгілі бір образды жасауда, ақпаратты баяндауда маңызды қызмет атқарады. Осы сөздердің қатысуы арқылы көркем шығарманың мазмұны ғана беріліп қоймайды, сонымен қатар авторлық стиллистикада көрініс табады.  
Тірек сөз бүкіл контекстегі тұтас шоғырланған өзекті сөздер ретінде, тіпті кең мағынада — автордың идеялық-эстетикалық тұжырымы (көзқарас жүйесі, пікірі). Жазушы шығармасында тірек сөз мәтіннің көркемдік-тілдік кұрылымын қалыптастыратын тәсілдердің бірі ретінде қызмет ететінді.
Мысалы, Т.Ахтановтың "Шырағың сөнбесін" романынан үзінді келтірсек: 
«... Менің де тілімді байлап қалған сол «ұят» деген құрғыр еді. «Ұят» деген сөз есімді білер-білместен-ақ құлағымды сарсытқан қыз балаға үлкендердің үстіне кірген де ұят, секектеп жүргірген де ұят, жігітпен құшақтасып сүйісу тұрсын, оның бетіне қарап күлген де ұят. Каршадайымнан сұм едім, осының бәрін біреу көріп біліп қойса, қаңқу сөз боп кетсе ұят, ал ешкім көрмесе, ішінде ит өліп жатса да біразының-ақ ұяла қоймайтынын сезуші едім. Сол ұятты көп айтатындар өз арының алдында, сірә онша ұяла қоймайтын болар: өйткені сөздерінің сықпыты да: «ойбай-ау, біреу көріп қалса ұят қой,, жұрт естісе масқара ғой» деп келетін «жұрт не дейдісі» және бар... ұяламын деп Абанды ұялтып жібердім…»…[ ]
Осы мәтін ұят ұғымына құрылған, ол мәтінге тіректік сөз ретінде сипат береді. «Ұят» сөзі өзек болып, жас қыздың қимыл-әрекеті, кейбір адамдардың соны біле тұрып жат қылықтар жасауын білдіретін жалғандық осы сөз төңірегіне тізбектеліп, сөйлемдердің стильді қызметін білдіретін мәтінге тірек ұғым берген. 
Р.А.Будаговтың жіктеуіне сай тірек сөздің үш типін ажыратуға болады:
1) тірек сөз мәтінде бірден көзге тез түспейді, тек аздап көрінеді;
2) тірек сөз тұтас нысанның эстетикалық, бір бөлігінде ғана басым болуы мүмкін;
3) тірек сөздің іс-әрекеті бүкіл мәтін бойына жайылады.
Тірек сөзге негізгі белгілерге олардың міндетті түрде көпмағыналы болуы, семантикалық құрылымының күрделілігі, мәтін ішінде басқа сөздермен сөзжасамдық, парадигмалық және синтагмалық байланыста болуы сияқты сипаттарын атауға болады.
В.А.Лукиннің пікірінше тірек сөздердің негізгі белгісі – олардың мәтін ішіндегі атқарар функционалдық қызметі. Тірек сөдер басқа тілдік таңбалармен қатар қабылдаушының мәтінді түсінуіне жағдай жасайды, қабылдау үрдісінде өзінің семантикалық ерекшелігіне қарай бұл сөздердің рөлі басым болады. Тірек сөздердің өзіне тән белгілерін төмендегідей көрсетуге болады:

    1. тірек сөз мәтін мазмұнымен танысып, мәтін мағынасын болжағанда ғана белгілі болады;

    2. тірек сөз мәтін ішінде (бөліктерінде) бірнеше рет қайталанып берілуі мүмкін;

    3. тірек сөз берілген мәнмәтінде ғана мағыналық және ақпараттық қызметі басым сөз болады;

    4. тірек сөз оқырманның мәтін мазмұнын түсінуіне, интерпретациялауға қатысады;

    5. тірек сөз белгілі бір формадағы тілдік бірлік арқылы беріледі [5,183-187].
      Көркем мәтінде доминанттардың мынадай іске асу тәсілдері бар:
      1)жасырын тірек сөздің түзу бойымен күшейтілуі; 
      2)тірек сөздердің күрделі өзара әр түрлі іс-әрекет опозцияларымен оппозитивті ұйымдасуы

3) семантикалық аяның өзара іс-әрекеті;
а) қарама-қарсы қоюшылық,
ә) қондырғы ретінде,
б) қиып, кесіп өту; 
4) тірек фраза - мәтін аясының әрекетінің жеке жағдайы. 
Тұжырымды-мағыналы тірек сөзді табуда олардың мәтін түзудегі қызметін түсінуге көмектесетін мынадай әдістемелік амалдарды көрсетуге болады: 
1) тірек сөзді мәтіннен табу, ең алдымен әдеби шығарманың мазмұнын талдау барысында ең басты бейнелі идеяны ашуда және сөздік-көркемдік кұрылысын қалыптастыруда іске асады; 
2) ең басты сөз көркем мәтінде өзінің айналасына бағыныңқы сөздерді шоғырландырады да, әр тармақтан тұратын синоним және антоним қатарлы жүйесін қалыптастырады. Сондықтан тірек сөзді таппас бұрын, эстетикалық нысанның барлық сөздігін мәтіндік талдаудан өткізіп, оның бейнелі-эмоциялық жүгін анықтау керек
3) тірек сөз функциональды лексика-семантикалық ұғымдарды береді, олардан тұтас құрылымдық мағыналы элементтен әр бағытта семантикалық байланыс тарайды; 
4) сөздер контексте өздеріне қосымша мағына жамайтындықтан, өздерінің жалпы тілдік мағынасын тұтас эстетикалық мазмұнға қарай "бұрады", сөйтіп зерттеуші оларда пайда болатын "өсімшені" зерттеуі керек; 
5) жазушы көптеген лексика-семантикалық жаңа пайда болған элементтерді кең пайдалана отырып, өзінің жеке дара бейнелі тәсілдерден тұратын сөздік көркемдік жүйесін қалыптастырады. Осы жүйесінде тірек сөздер маңызды орын алады, олар контекстің идеялы-көркемдік бірлігін қалыптастыруға қатысады. Тірек сөз фактор кұрайтын жүйе ретінде белгілі бір жазушы шығармаларында тұрақты кұрылымдық-семантикалық белгілер түзеді. 
6) тірек сөзді бөліп-жарып көрсетуде белгілі бір ұғымдарға ерекше көңіл аудару тұрғысынан туындау керек. Сондықтан тірек сөз дара көркем бейнені шынайы түрде бейнелеуге көмектеседі, ықпал етеді, сонымен қатар автордың идеялы бағытын, жолын көрсетеді…[ ]. 
Тұжырымдай келгенде, көркем мәтіннің тілдік құралдары авторлық мақсатта, мәтіннің композициялық сөйлеу түрінің табиғаты мен сипатына қарай ойды оқырманға түсінікті әрі ыңғайлы жеткізу, әсері және оқырманның эстетикалық талғамын қанағаттандыратындай көңілден шығатындай етіп жеткізу мақсатын көздейді.
Көркем әдебиет стилі ой мен сезімді образдар арқылы бейнелейді. Соған лайықты сөздер, сөз тіркесі және синтаксистік оралымдар пайдаланылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет