Мaзмұны нормативтік сілтемелер



бет8/19
Дата02.06.2023
өлшемі166,76 Kb.
#98402
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Айқындау. Сөз мәнерлілігін арттыруда Йасауи өнімді қолданған көріктеуіш құралдардың бірі - айқындаулар. Хикметтердегі айқындаулар әдетте тура және жанама септіктегі зат есімдерден, сапалық және қатыстық сын есімдерден, болымды және болымсыз тұлғадағы есімшелерден жасалады. Олардың бір сөзден тұратын қарапайым түрлері де, бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалған күрделі үлгілері де кездеседі. «Қызыл йүзің қара йерде солған йахшы», «Айа достлар, пәк ышқыны қолға алдым» [22, 35], «Йаман ишім, қылмышларым бір-бір сұрса» [22, 87] секілді мысалдарда жалқы сын есім арқылы жасалған дәстүрлі айқындау үлгілері бар. Епдігі бірқатар айқындаулар зат есімдерге -лұқ, -лүк, -лығ, -ліг, -лық, -лік жұрнағын қосу арқылы жасалады: «Еллі алты йашқа йетті мұңлұғ башым» [ 22,31], «Көзләрідін тынмай ақар қанлығ йашы» [22,141], «Отлұғ ишқың аулиялар сарасыда» [22,141], «Мауманлік халайықдын қачтым мән-а».
Күрделі айқындаулар мысалы Йасауи хикметтерінде айтарлықтай жиі кездеседі. Есімшелер де көп жағдайда күрделі айқындаулар құрамында қолданылады: «Тариқатның ләззәтідін татқан кіші» [22, 109], «Көңлі бүтін халайықдын қачтым мән-а» [22, 41], «Йолдын азғал талибларны йолға салдым», «Даруишләрні ғайбат қылған ол мунафик» [ 22, 91]. Араб, парсы тілдерінен енген кірме сөздерден жасалған айқындаулардың бірқатары күнделікті қолданыстағы сөздер болса, үлкен бір бөлігі түркі тіліне йасауийа тариқатының іс-әрекеті нәтижесінде енген сопылық терминдер болып табылады: «Ғариб жаным мың тасаддұх даналардын», «Келің, йығлың, зәкір құллар, зікір айталұқ», «Батыныда һу дерләр сыры пинһан дәруішләр», «Ғашық құллар зар ихрабан йолға кірді», «Дунйа-параст нажнислардын бойың таула», т.б.
А.Байтұрсынов айқындауларды көріктеу үшін және лақаптау үшін айтылатын айқындаулар деп екіге бөліп қарастырады [10, 155]. Осы тұжырым тұрғысынан алсақ, Йасауи айқындауларының негізгі бөлігі көріктеу мақсатымен жасалған деуге болады. Ал лақаптау мәніндегі айқындауларға Жаратушыға қарата айтылатын мадақ сипатты қолданыстар көбірек келіңкірейді: «Рахим мәулім рахмы келса, рахмат қылса» [22, 87], «Қаннар игәм сендін корқыб ойғансам мән», «Субхан Алла дәрді білән иңраб чыксам» [22, 187 ].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет