Мaзмұны нормативтік сілтемелер



бет9/19
Дата02.06.2023
өлшемі166,76 Kb.
#98402
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Ауыстыру. Әдеби тілдегі көріктеу құралдарының ішіндегі күрделі де көп анықтамалысы – ауыстыру. Теңеулік-баламалық сипаты бар, кей тұста тұрақты тіркестер ретінде көрініс беретін, кейде идиомалармен шектесетін ауыстырулар жайлы әдебиеттанушы С.Негимов: «Ауыстыру дүниесі дегеніміз – суретті, бейнелі, көркем ойлау дүниесі. Демек, ауыстыру сөз өнерпазының көркемдік ойлау дәрежесін, кең құлашын анықтайды» деп ой түйіндейді [23. 29].
Йасауи қолданған метафоралардың әр алуандығы, байлығы, күрделілігі ақын дүниетанымының тереңдігінен туындайды. Автордың «қал» (теория) ілімін «хәл» (тәжірибе) ілімімен ұштастыра бейнелейтін ойшыл да сыршыл сопы ақын ғана емес, сонымен қатар түрік, араб, парсы әдебиеттерінің бейнелілік жүйесін сана мен сезім сүзгісінен өткізіп игерген талғампаз дарын иесі екендігі белгілі. Оның поэзиясын айшықтауда белсенді қолданылған құбылту әдістерінің бірі саналатын ауыстыруларға да көп қабаттылық тән. Шариғатның бұтасы, уахдат мәйі, пірмұған журғасы, дін чырағы, рахмат суы, тәуба тоны, тауфиқ қоры, нәфсі кәфіні, нәфсі илкі, «һу» шамширі, сыр шарабы секілді ауыстырулар төл әдебиетімізде түркі сопылық поэзиясының негізін салушы Кожа Ахмет Йасауи шығармашылығы арқылы қалыптасты. Бұл қолданыстардың басыңқы сыңарлары (шариғат, уахдат, пірмұған, тәуба, тауфиқ, нәфсі, «һу», сыр) сопылық ілімнің темірқазық ұғымдары болып табылады. Оларға жеке-дара қолданысында да белгілі бір дәрежеде бейнелілік пен астарлылық тән. Бұған тіркестің екінші сыңары арқылы ауыстыру мәні үстелгенде, құбылту әдісінің әсерлілігі де еселене түседі.
Кейде ақын бір сөздің негізінде бірнеше ауыстыру тіркестерін жасайды. Бұл да сопылықтың, соның ішінде көбіне йасауийа тарихатының тірек ұғымдарымен байланысты болып келеді (ишқ қанжары, ишқ бабы, ишқ дүкәні, ишқ оты, ишқ йүгі, ишқ дәрді, шауқ оты, шауқ шарабы, шауқ қанаты, махаббатның дариясы, махаббатның жамы, махаббатның шарабы, тариқатның дариясы, тариқатның бурағы, тариқатның базары).
Йасауи ауыстырулары бейнелі тілге бейім халқымыздың әдебиетіне ғана емес, ой-санасына да орнығып, тың әрі тағылымды тіркестердің калыптасуына ұйытқы болды. XVII-XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілін Йасауи хикметтерінің көркемдік құралдарымен салыстыра зерттеген академик Р.Сыздықованың: «Демек, қазақ поэиясының тілдік-көріктеуіш амалдарында сопылық мектептің әсері болған және ол үзілмей жалғасып келе жатыр деп батыл тұжырымдауға болады» деген пікірі осы тұста орынды [24, 170].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет