Мaзмұны нормативтік сілтемелер



бет10/19
Дата02.06.2023
өлшемі166,76 Kb.
#98402
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Қайталаулар. Йасауи ақын туындыларында аталмыш көркемдік әдіс те өзінің барлық мүмкіндіктерімен қолданылып, еркін игерілген. «Башым тофрақ, көзім тофрақ, жисмым тофрақ», «Түрлік ішім, түрлік ишым, мұңлұғ башым», «Тоқұз ай, тоқуз күндә йергә түштім, Тоқұз сағат тұра алмадым, көккә ұчтым», «Дәм бу дамдүр, башқа дәмні дәм демә», «Халис болдым, мухлис болдым, лилла болдым» – сөйлемнің бірыңғай мүшелері арқылы жасалған қайталаулар «Бу йолларның азабы-дүр қайғу-мехнат, Мехнат тартыб, жафа чеккан көрәр рахат», «Уа дариға, өтті өмрім, қане тағат, Тағатлықлар Хақ қашыда хош сағадат» – еспе қайталауға құрылған өрнектер. Кезекті қайталау – эпифоралар «Диуани хикметте» негізінен көмекші етістіктер арқылы жасалады және Йасауи хикметтерінің негізгі ұйқас құрылымына сәйкес алғашқы үш тармақта қайталанады:
Нәфсім мені йолдын өріб, хар әйләді,
Телмүртіріб, хапайыққа зар әйләді.
Зікір айтурмай, шайтан бірлә йар әйләді,
Ажизмын деб нәфсі башыны йанчтым мән-а [2, 78]. Қайталау әдісінің сөз әсерлілігін күшейтудегі ендігі бір түрі әдепкі қайталау (анафора) – Йасауи хикметтерінде негізінен екі жолды қамтиды: «Дүнйа ізләб, Хаққа көңіл йүгіртмәдің, Дүнйа харам, андын көңіл сауытмадың», «Ишқ алдыда ақлы кәміл дәм ұра алмас, Ишқ шиддаты тығиян қылыб, бір дем тұрмас» [2, 39]. Сирек жағдайда тұтас шумақты қамтитын анафоралар да кездеседі:
Надан бірлә еткән өмрің нар-у сақар,
Надан барса, дозақ андын қылғай хазар.
Надан бірлә дозақ сари қылмаң сафар,
Надан ичра хазан йаңлығ солдым мән-а [2, 51]. «Ғариблік» сөзінің қайталануы арқылы жасалған он үш тармақты қамтитын әдепкі қайталаудың жалқы әрі бірегей үлгісі Йасауидің 57-хикметінде кездеседі [23, 181].
Инверсия – түркі өлеңіне ежелден етене әдістердің бірі. «Диуандағы» өлеңдердің таза аруз өлшемімен жазылғандығын дәлелдеуге тырысқан өлеңтанушы И.В.Стеблеваның түркі поэзиясындағы ішкі инверсия құбылысы аруз өлшемінің тікелей әсерінен пайда болған деп есептейтін тұжырымының ақиқаттан алыстау екенін атап айтқан жөн. Түркі өлеңіндегі инверсияның шығу тарихы аруз қалыптары қолданыла бастаған XI ғасырдан емес, одан әлдеқайда көнерек дәуірлерден бастау алатыны ғалым назарынан тыс қалқан тәрізді. Бертініректе туындаған өзге шығармаларды есепке алмағанда, түпнұсқа қалыбынан көп өзгере қоймағаны балаңдау мазмұны мен қарапайым құрылысынан аңғарылатын «Оғыз-нама» жырларының өзінде инверсияның бірқатар толымды үлгілері кездеседі. Аталамыш жырдағы өлең жолдары тұтастай дерлік инверсияға құрылған («Мен сенлерге болдум қаған, Алалың йа тағы қалқан, Тамға бізге болсун буйан, Көк бөрі болсунғул уран») [25, 61]. Дарынды ақын Йасауидің де сөз мәнерлілігі мен әсерлілігін арттырудағы инверсия ролін дұрыс түсініп, орнымен қолданғаны хикметтерінен айқын аңғарылады. «Ештіб ашық рақсу-самағ урыб йүргәй», «Уа дариға, өтті өмрім, тоймай қалдым», «Алтмыш үчгә йашым йетті, өттім ғафыл», «Иманыма чангал ұрыб, қылды ғамнак» секілді жолдарда инверсия баяндауыштың басуыштан бұрын келуі арқылы жасалса, «Разы болур ол бәндәдін пәрардігәр», «Ғариб, фақир, йетимләрні қылғыл шадман», «Қуанмадым бу сөзләргә, қачтым чөлгә» жолдарында баяндауыштың толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш сияқты сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінен ілгері қолданылуы инверсия әдісіне негіз болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет