Мазмұны Содержание Contents


Жалпы мемлекеттік саясат элементі ретіндегі Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес



бет17/224
Дата11.02.2023
өлшемі2,07 Mb.
#67099
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   224
Байланысты:
Даристер жинагы (1)

2. Жалпы мемлекеттік саясат элементі ретіндегі Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес

Қазақстан өзінің барлық даму кезеңдерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресіп келді және бұл күресін тоқтатқан емес. Ол қоғамдық қарым-қатынастардың формасына байланысты түрлі сипатқа ие болды.


Дағдарыс ең күрделі кезеңдер болып табылады, оларды әдетте экономикалық дағдарыстар деп атаймыз. Сонымен қатар, дағдарыстық эконо-микалық құрамдаушы бөлігі әлеуметтік, адам-гершілік-психологиялық дағдарыспен күрделене түседі. Бұндай жағдай саяси салада аномия деп аталады. Саяси аномия үшін құндылықтар жүйесінің ыдырауы сипатты нәрсе, бұған жалпы қоғам дағдарысы, жария етілген құндылықтар (байлық, билік, табыс) арасындағы қарама-қайшы-лықтардың ушығуы және қоғамның басым көпші-лігі үшін бұлардың іске асырылуының мүмкін болмауы себеп. Осындай дағдарыстың немесе саяси аномияның салда-рынан адам қоғамнан алшақтап кетеді, ол апатиялық күйге еніп, өмірден түңіледі, қылмыс жолына түсуі мүмкін*.
Саяси аномия ұғымына құқықтық аномия ұғымы өте жақын. Құқық тұрғысынан аномия дегеніміз тұлға мен әлеуметтік топтардың құндылықты-нормативтік жүйелеріндегі бұзушылықтар, құндылықты-нормативтік вакуум, әлеуметтік және, ең алдымен, құқықтық нормалар тиімділігінің төмен болуы**.
Аномия» және «дағдарыс» ұғымдары формальды-логикалық, сондай-ақ тәжірибелік ұйғарымдарда тығыз байланысқа ие.
Егер аномия жеке дара тұлғалардың олардың әрекет етіп жатқан әлеуметтік жүйенің көпшілік мақұлдаған нормалары мен моральдық құнды-лықтарына деген қатынасын қамтып көрсетсе, сыбайласу процестеріне қатысты айтқанда, аман-саулықтың қалаған деңгейі мен осы деңгейге жету жолындағы шынайы мүмкіндіктердің ара-жігі жеке дара адамды өзіндік мақсаттарына қол жеткізу үшін заңсыз жолдарды іздеуге итермелейді. Бұл ретте «санкцияланған» деп аталатын, яғни мақсаттарға қол жеткізу үшін рұқсат етілген тәсіл-дер адамдардың шағын тобы үшін ғана қол жетімді болады. Бұл жердегі парадокс мақсаттарға қол жеткізудің санкцияланған тәсілдеріне қол жеткізу үшін мұндай жағдайда халықтың жеке әлеуметтік топтары өкілдерінің заңға қайшы әрекеттерді жасауына келіп қайта тіреледі.
_______________________
*Қараңыз:Аномия // Қазақстанның саясаттану энциклопедиясы. –Алматы, 1998. – Б.21.
** Қараңыз: Заң сөздігі. – М., 2007. –Б.15.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық-тарының барлық ерекшеліктеріне қатысты кешенді тәсілдеме ел дамуының нақты тарихи маңызды кезеңінде сыбайлас-жемқорлыққа қарсы әрекет етудің жалпы мемлекеттік саясатын қалыптас-тыруға әрі нығайтуға, осы саясатқа уақытылы тиісті түзетулерді енгізуге және оның іске асырылу процесі мен нәтижелеріне ықпалды бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқор-лыққа қарсы саясаты жалпы мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі құжаттарда қамтылған, олардың ең маңыздылары – сыбайлас жемқор-лыққа қарсы бағдарламалар, сыбайлас жемқор-лыққа қарсы стратегия, сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, салалық заңнамадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормалар, сыбайлас жемқорлықпен күресті жүзеге асыруда құқықтық көмекті көрсету жөніндегі халықаралық келісімдер (шарттар) бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет