Мазмұны Содержание Contents


Сыбайлас жемқорлық қылмысының жалпы криминологиялық сипаттамасы



бет35/224
Дата11.02.2023
өлшемі2,07 Mb.
#67099
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   224
Сыбайлас жемқорлық қылмысының жалпы криминологиялық сипаттамасы

Ресейдің белгілі криминологы В.В. Лунеев сыбайлас жемқорлықты заңды негізде пайдакүнем қылмыстар мәнмәтінінде қарастырады. Бұл ретте ол жемқорлықты экономикалық қылмыстар тобына жатқызады.


_________________
**Қараңыз: Сол дереккөз, 327 б.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын сыныптау ісінде қылмыстық-құқықтық және криминоло-гиялық тәсілдер толығымен сәйкес келмейтіні анық. Алайда қылмыстық құқық пен криминология шешетін міндеттердегі өзгешеліктерді ескерсек, В.В. Лунеев тәсілдемесімен келісуге болады. Жем-қорлық қылмыстарынан алдымен жалпы мемле-кеттің экономикалық мүдделері зардап шегеді.


Криминологиялық тұрғыдан сыбайлас жемқорлық үшін мынадай ерекшеліктер тән.
1.Латенттіліктің жоғары деңгейі (жемқорлық құқық бұзушылықтар көлемінің ресми есебінен жасырын), ол осы қылмыстар жасалуының келістіруші сипатымен түйіндес.
Келістіруші сипат сыбайлас жемқорлықтың, әдетте, арыздарға түрткі болмайтынымен айқындалады. Кінәлі тараптар заңсыз мәміледен пайда көреді. Тіпті параны күшпен алуға қатысты шағым білдірілмейді, себебі адамдар жемқорлықпен күресу процесіне тиісті дәрежедегі сенімді білдірмейді*.
2.Сыбайлас жемқорлықтың өзгеріске ұшырап жатқан сыртқы ортаға бейімделушілігі. Бұл мимикрия деп аталады, оны осы басылымның екінші тақырыбында сөз еттік. Ол жемқорлықтың кез келген жағдайдағы өміршеңдігін, оны айқын-даудың, дәлелдеудің қиынға түсуін түсіндіреді.
Жоғарыда айтылғанды саралап,Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар бұрынғы кеңестік кезең мен алыс шетелдерінде жемқорлыққа қарсы заңна-малық актілердің, түрлі деңгейдегі және қамту ауқымындағы бағдарламалардың әзірлену әрі қабылдану жиілігі секілді жайт назар аудартады.

_________________


*Қараңыз: Лунеев В.В. Преступность XX века: Мировой криминологический опыт. – М., 1997. – 267-279 б.
Бір ескеретін жайт, әлеуетті жемқорлар тара-пынан кез келген жемқорлыққа қарсы қабылданған шаралар бірден мұқият зерттеу әрі талдау ныса-нына айналады, бұл өзіндік жемқор пиғылын іске асыруына зиян тимейтіндей етіп осы шараларды айналып өту жолдарын іздестіру мақсатында жасалады. Белгілі бір уақыт өте бұл шаралар бастапқы тиімділігінен айырылып, жаңасына ауыстырылуын қажетсінеді. Цикл қайталанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет