мемлекеттік функциялар – бұл ҚР заңна-масымен мемлекеттiң, оның органдары мен мем-лекеттiк қызметкерлердің өкiлеттiгiне жатқы-зылған iс жүргiзу мәндерi.
Бұл ретте мемлекет функциялары ретінде оның қызметінің негізгі бағыттары ұғынылады, осы бағыттардың арқасында мемлекеттің тағайындалуы іске асырылады **.
«Сыбайлас жемқорлық» ұғымының анықтамасында «жеке тұлғалар» және «заңды тұлғалар» ұғымдары пайдаланылады.
Жеке тұлғалар – бұл азаматтық қарым-қаты-настардың қатысушысы немесе азаматтық құқық-тар мен міндеттердің тасымалдаушы азаматтар. Жеке тұлғалар мәмілелер жасасып экономикалық активтерге ие болуы мүмкін, міндеттемелер бойынша жауап бере алады***.
________________________
*Ескертпе: Құқық бұзушылықтың сипатына, болған салдардың ауырлық дәрежесіне, құқық бұзушылықты жасаған субъектке (тұлғаға), әрекеттің келтірген залалының (зиянының) көлемі мен сипатына байланысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары түрлі жауапкершілікке ұшыратады. Бұл жауапкершілік тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық болып бөлінеді.
** Қараңыз: Заң сөздігі. – М.: Институт новой экономики, 2007. – 111 б.
*** Қараңыз: Сол дереккөз, 327 б.
Заңды тұлғалар – бұл азаматтық айналымда азаматтық құқықтар мен міндеттердің дербес (айрықша) тасымалдаушысы ретінде болатын мекемелер, кәсіпорындар немесе ұйымдар. Олар өз меншігінде, шаруашылық қарауында немесе оперативтік басқаруында оқшауландырылған мүлікке ие болуы мүмкін және өз міндеттемелері бойынша осы мүлкімен жауап беруі тиіс. Дербес теңгерімге немесе сметаға ие болуы тиіс*.
Осылайша, «сыбайлас жемқорлық» және «сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы» ұғым-дары логикалық және түр-тектік байланыс құрады.
Бұдан әрі, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушы-лықтар және сыбайлас жемқорлық қылмыстары – өзара байланысы жоқ терминдер.
ҚР ҚК 15 тарауында аталған сыбайлас жемқор-лық құқық бұзушылықтары сыбайлас жемқорлық қылмыстарын, сондай-ақ мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқарудың мүдделеріне қарама-қайшы өзге де құқық бұзушылықтарды қамтиды.
Алайда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушы-лықтарының тізімі ҚР ҚК 15 тарауының мазмұ-нымен шектелмейді. Бұған дейін айтылғандай, жемқорлық құқық бұзушылықтарының тізбесі ҚР ҚК 3 б. 29 т. келтірілген жемқорлық қылмыста-рының тізбесінде айтарлықтай кеңейтілген.