3. Сыбайлас жемқорлықтың биліктің жер-гілікті органдарынан бастап басқару аппара-тының елеулі топтарын қамтуы. Р.Т.Тілеухан-ның бейнелі сипаттамасында шенеуніктердің кри-минализациясы олардың толықтай «сатылғыш-тығымен» айқындалады. Жемқорлық қарқынды түрде экономикадағы мемлекеттік басқарудың бар-лық салаларына еніп жатыр*. Криминалитетпен байланысы болмай-ақ жоғары лауазымды шенеу-нікте қалыптасатын қылмыстық қызығушылықпен қатар мемлекеттік аппараттың криминализа-циясына қалыптасып үлгерген қылмыстық синди-каттардың белсенді әрекеттері себептеседі.
Мысалы, қылмыстық топтар қылмыстық қауым-дастыққа пайдалы тұлғаларды - мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың жеке қызмет-керлерін өз ортасына жұмылдыруға арнайы тыры-сып бағады, олар жемқорлыққа қарсы қызметтің қызуын бәсеңдететін қажетті нормативтік құқықтық актілердің қабылдануына ықпал жасайды, сонымен қатар бюджеттік қаражатты бөлу, ірі мемлекеттік тапсырыстарды«қалқалауды» қамтамасыз етеді**.
__________________________
*Қараңыз: Тілеухан Р.Т. Борьба с коррупцией и обеспечение конституционных прав граждан // Обеспечение конституционных прав граждан в досудебных стадиях уголовного процесса: Материалы международной конференции, Астана қ., 2005 жылдың 26-27 тамызы. – Астана, 2005. – 203-212 б.
**Қараңыз: МиндагуловА.Х. Лоббизм и коррупция: невидимые параллели. – Алматы, 2007; Шокатаев С. Проблемы развития уголовной науки в сфере борьбы с коррупционной преступностью // Закон и время, 2011. - №11 (131). – 48-51 б.
4. Жаһандық сыбайлас жемқорлық. Сыбайлас жемқорлық – ауқымды, қауіпті құбы-лыстың – дүниежүзілік қауымдастықтың бар-лық елдерінің криминализациялануының бір бөлігі.
Бүгінгі таңда ол әлеуметтік мәртебені жария ету немесе, керісінше, экономикалық ресусртың меншіктенушісі ретінде сатып алу немесе пара көмегімен формализация ретінде танылуда. А.А. Темербековтың пікірінше, сыбайлас жемқорлық сапа тұрғысынан жаңа әлеуметтік феноменге айналып келеді, оның шекарасында мемлекеттік әкімшілік ресурсы мен қылмыс әлемінің ұйымдасу прин-циптерінің тұтасуы; параллельді әлеуметтік емес немесе, нақтырақ айтқанда, «бейқұқық-тықтың сұрқау аймақтардың» бейәлеуметтік ныса-нының ұйымдасқан әлеуметтік нысандарды ығыс-тыруы, рұқсат етілген және солай болуы тиіс нәрселердің моральдық тұрғыдан бейадами моти-вациялық қылмыстық жүріс-тұрыс жағына ығысу және жойылу жүріп жатыр, бұл ретте жүріс-тұрыс алдағыны болжай білмейтін заңнамалық, формальды тұрғыда құқықтық актілермен бекітіледі.
Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және идеологиялық негіздерінің жүйелік қарым-қатынастарының бұзылуы жемқорлықты пара алудың әлеуметтік құбылысынан үстемдікке ие экономикалық корпорацияның ресурсын өтеудің әлеуметтік феноменіне, ал оны тарату процесін нақты әлеуметтік жүйенің бейәлеуметтік қозғалысының заңдылығына айналдырып отыр *.