Мазмұны Содержание Contents



бет58/224
Дата11.02.2023
өлшемі2,07 Mb.
#67099
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   224
Байланысты:
Даристер жинагы (1)

Қызметтік жасау ретінде мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті тұлғаның немесе оған теңдестірілген тұлғаның ресми құжаттарға біле тұра жалған мағлұматты енгізуі немесе аталған құжаттарға олардың шынайы мазмұнын бұрмалайтын түзетулерді енгізуі, не болмаса біле тұра жалған немесе жасанды құжаттарды беруі ұғынылады, егер бұл әрекеттер өзі немесе басқа тұлғалар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтарды табу, не болмаса басқа тұлғаларға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында жасалса.
Қылмыстық ықпалға ұшырайтын құжаттар міндетті түрде мемлекеттік билік органынан таралуы бұл құжаттардың ерекшелігі болып табылады. Бұған дейін айтылғандай, мұндай құжаттарға мыналар жатады: еңбек кітапшасы, білім туралы диплом, паспорт, әскери билет, зейнетақы, қызмет куәліктері, көлік құралының техникалық паспорты және т.с.с.
Қызметтік жалғандық жасаудың екі түрі бар: материалдық және интеллектуалдық. Материал-дық жалғандық жасау – бұл жалған құжаттың формасы бойынша, сондай-ақ мазмұны бойынша толықтай құрастырылуы, қолдың, мөртабанның, мөрдің, бедерлеменің және т.с.с. жалған жасалуы. Интеллектуалдық жалғандық жасау – бұл құ-жатқа бұрмаланған мағлұматтың енгізілуімен оның түпнұсқадағы формасының сақталуы. Мыса-лы, білім алу туралы дипломның түпнұсқадағы бланкіне берілген оқу орнында ешқашан оқымаған тұлға (құжат иесі) туралы мәліметтер енгізлген. Бұл ретте бланк, қолдар, мөр – шынайы, ал осы құжаттағы мағлұматтар (ақпа-рат) – бұрмаланған.
Қазақстан Республикасының ҚК 369 бабында үш бөлім қарастырылған. Әрекеттің жасалуы үшін негізгі жаза белгіленген:
- бірінші бөлім бойынша: екі мың АЕК мөлшеріне дейінгі айыппұл не сол көлемдегі түзеу жұмыстары, не екі жылға дейінгі мерзімге еркін-дікті шектеу, не болмаса сондай мерзімге бостан-дықтан айыру;
- екінші бөлім бойынша (әрекетті лауазымды тұлға жасаған): үш мың АЕК мөлшеріне дейінгі айыппұл не сол көлемдегі түзеу жұмыстары, не үш жылға дейінгі мерзімге еркіндікті шектеу несондай мерзімге бостандықтан айыру;
- үшінші бөлім бойынша (әрекетті жауапты мемлекеттік лауазымдағы тұлға жасаған): үш

жылдан алты жылға дейінгі мерзімге еркіндікті шектеу не сондай мерзімге бостандықтан айыру.


ҚР ҚК 369 бабының барлық үш бөлімі бойынша қосымша жаза түрлері қарастырылған: мүлікті тәркілеу; белгілі бір қызметпен айналысу немесе белгілі бір лауазымда болу құқығынан өмір бойы айыру.
ҚР ҚК 370 бабына сәйкес қызметтік әрекетсіздік ретінде, егер бұл әрекеттер азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің не болмаса қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерінің елеулі бұзылуына әкеліп соқтырса, мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті тұлғаның неме-се оған теңдестірілген тұлғаның өзі немесе басқа тұлғалар немесе ұйымдар үшін пайда мен артық-шылықтарды табу, не болмаса басқа тұлғаларға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында қызметтік міндеттерді орындамауы ұғынылады.
Әрекетсіздікте, тұлға орындауы тиіс болған, бірақ орындамаған белгілі бір әрекеттер - оның қызметтік міндеттеріне кіретінін міндетті түрде білдіруі тиіс. Бұл ретте тұлғада осы әректетерді жасау үшін шынайы мүмкіндік болды. Әрекетсіздік абсолютті пассивті (таза әрекет-сіздік), жартылай (өз міндеттерін тиісті түрде орындамау, жартылай, толық емес орындау) болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының ҚК 370 бабында төрт бөлім қарастырылған.
Негізгі жаза түрлері ретінде мыналар белгіленген:
- ҚР ҚК 370 бабының бірінші бөлімі бойынша – екі мың АЕК мөлшеріне дейінгі айыппұл немесе сол көлемдегі түзеу жұмыстары, немесе екі жылға дейінгі мерзімге еркіндікті шектеу, не болмаса сондай мерзімге бостандықтан айыру;
- ҚР ҚК 370 бабының екінші бөлімі бойынша (әрекетті лауазымды тұлғаның жасауы) - үш мың АЕК мөлшеріне дейінгі айыппұл немесе сол көлемдегі түзеу жұмыстары, немесе үш жылға дейінгі мерзімге еркіндікті шектеу, не болмаса сондай мерзімге бостандықтан айыру;
- ҚР ҚК 370 бабының үшінші бөлімі бойынша (әрекетті жауапты мемлекеттік лауазымдағы тұлғаның жасауы) – бес мың АЕК мөлшеріне дейінгі айыппұл немесе сол көлемдегі түзеу жұмыстары, немесе бес жылға дейінгі мерзімге еркіндікті шектеу, не болмаса сондай мерзімге бостандықтан айыру;
- ҚР ҚК 370 бабының төртінші бөлімі бойынша (әрекет ауыр салдарға ұшыратты) – төрт жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру.
ҚР ҚК 370 бабының барлық төрт бөлімі бойынша қосымша жаза түрлері қарастырылған: мүлікті тәркілеу; белгілі бір қызметпен айналысу немесе белгілі бір лауазымда болу құқығынан өмір бойы айыру.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет