Мѕдениеттану курсы



бет6/31
Дата30.03.2023
өлшемі0,59 Mb.
#77489
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
5. КӨНЕ ЕГИПЕТ МӘДЕНИЕТІ

Көне Египет жер шарында тұңғыш мемлекет қана емес, сонымен бірге дүниежүзілік үстемдікке талпынған қуатты да, құдіретті мемлекеттердің бірі болды. Ауыз бірлігі күшті, ұйымшылдығы берік, халық – билік жүргізуші тапқа толық бағынған мемлекет. Египеттің жоғары өкіметі мызғымастық және түсініксіздік принциптері негізінде құрылды, ал өз кезегінде бұл принциптер біртұтас Египет мемлекеті пайда болған кезден бастап-ақ оның толық билеушілері перғауындарды құдай деп санауды өмірлік қажеттілікке айналдырды. Фараондар (перғауындар) құдайдың ұлы деп саналды, сондықтан да фараон өзін “Раның” (“ра” күн деген мағына береді. Ол – құдайлардың құдайы және “алтын ” ұғымына қосылып айтылады. – “Алтын” нұр шашқан күн) ұлымын деп жариялады.


Адамдар санасында қалыптасқан аруаққа табыну – перғауындарды “құдай” деп танумен тығыз ұштасты. Ал құдай – патшалардың (перғауындардың) құрметіне пирамидалар (мазарлар) салына бастады. Өз кезегінде Египеттің жоғары әміршісі – құдай саналған перғауын өзінің құрметіне салынған мазардың әрі асқақ, әрі берік етіп салынуына ерекше мән берді. Сән – салтанатпен салынатын мұндай пирамидалар қыруар қаржыны ғана емес, ұзаққа созылған ауыр да, азапты еңбекті қажет етті. Осы бір азапты еңбек, қасіретті өмір Египет құлдарының үлесіне тиген болатын.
Пирамидалар перғауындар мен ең атақты адамдар үшін ғана салынды. Египет абыздарының қағидаларына сүйенсек, патшалар мен вельможаларға ғана емес, кез келген адам жерлеуге байланысты бүкіл салт-жоралар толық орындалған жағдайда мәңгілік өмірлік күш – “Ка-ға” (мәңгілік өмір) ие болады. Бірақ қаржыны көп қажет ететіндіктен кедей адамдардың денелері бальзамдалмады, оларды матаға орап, көпшілік зираттарының шетіне көме салды. Демек, пирамидалардың салынуы – көне Египет қоғамындағы адамдар арасындағы шектен тыс теңсіздіктің кеңінен орын алғандығын байқатады.
Б.з.б. III – IIғ. Құдай – патшаларға арналған құрылыстар – пирамидалар мен храмдар негізінен тастан жасалды. Пирамидалар салу мемлекеттің экономикасын әлсіретіп, қазынаны тауысты, әсіресе халық тарапынан көп шығын мен жұмыс күшін қажет етті. Сондықтан да, пирамидалар салу – халық қайыршылығының басты себепкері болды. Ал егер пирамидалар салуға жұмсалған қыруар қаржы Египет халқының табанды еңбегін халық игілігіне жұмсағанда (жолдар салғанда және т.б.) Египет сөзсіз экономикасы жоғары дамыған өркениетті елге айналған болар еді деген ой еріксіз келеді.
Бүгінгі ұрпақ осыдан бес мың жылдай бұрын тұрғызыл5ан Египеттің ең көне пирамидасы- перғауын Джосердің пирамидасын жасаушының аты-жөнін білуі - осы ащы шындықтың айғағы болса керек. Оның сәулетшісі-Имхотептің ғалымдық ,дәрігерлік, философиялық еңбектері өз заманында аса жоғары бағаланған. Имхотеп тіптен екі рет құдай деп танылған. Арада екі жарым мың жыл өткенде гректер оған “медицинаның құдайы” ретінде табынған. Оның мүсіндері сақталынбаған, бірақ Мемфисте Имхотептің құрметіне орнатылған ғибадатхана бар.
Джосер пирамидасы көп сатылы құрылыс, ол ұзыннан –ұзақ басқыш тәрізді аспанға өрлей береді. Бұл пирамиданың биіктігі- 60 м. болса, одан кейінгі салынған пирамидалар одан да биік, одан да аумақты.Пирамидалардың өте биік етіп салынуы- өзін құдаймен қатар қойған тәкаппар да, мансапқор перғауынның қарапайым халықтан артықшылығын көрсету мақсатынан да туған сияқты.Египет (Мысыр) мәдениетінің бастауында салынған бұл пирамидалар өз еліндегі ғана емес, бүкіл дүние жүзіндегі ең құдіретті ғимарат болып қала береді. Перғауын бұрынғысынша құдай саналғандықтан олардың құрметіне сансыз мүсіндер орнатыла бастады, демек перғауындарға құдай есебінде табыну көне Египеттің діни наным-сенімдерінде басты орын алды. Египетте құдайлар өте көп болған, тіпті әрбір қаланың бірнеше құдайы болған. Ең құдіретті құдай, яғни «құдайлардың құдайы» - Күн құдайы “Ра”болды. Одан кейінгі басты орынға- өлім құдайы “Осирис”шықты. Египеттіктер өздері о дүниеге аттанғаннан кейін Осирис жер асты патшалығының құдайы болатындығына кәміл сенген. Құнарлы жер мен аналықтың құдайы Осиристің әрі қарындасы, әрі әйелі- Исида болды. Ай құдайы екінші жағынан жазу құдайы да болып саналса, ал Маат – шындық пен тәртіптің құдайына айналды.
Осындай сындарлы кезеңде тарих сахнасына діни реформатор перғауын Аменхотеп (б.з.б.1419-1400 ж.) шықты. Оның басты мақсаты- бір құдайға табынуды жүзеге асыру болды, сөйтіп адамзат тарихында тұңғыш рет көп құдайға табынушылықтан бір құдайға табынушылыққа көшуге маңызды қадам жасалдыОл жаңа мемлекеттік діни наным- сенім енгізіп, жалғыз құдай деп “Атон”деген ат берілген Күн шарын жариялады.Тарихи төңкеріс кезеңінде перғауын ІУ Аменхотон өз атын құдай атына сәйкестендіріп “Эхнатон” деп өзгертіп Египеттің астанасын “Атон көкжиегі» деген мағынаны білдіретін Ахетотон қаласына көшірді
“Амарн өнері” деген атауға ие болған бұл дәуір мәдениетінде бейнелердің нанымдылығы, жеке бейнелер мен бүкіл композицияның өзара үйлесімділігі, өнер туындыларындағы лирикалық сырластық, сезімдік қасиеттердің пайда болуы- баға жетпес мәнді мәдени құбылыстар болып табылады.
Египеттің асқаралы өнеріндегі бұрын кездеспеген жайлар болды.Эхнатонның әйелі Нефертитидің портретін көз алдыңызға елестетіңізші. Ғажайып та, сымбатты бұл бейненің даңқы бүгінгі заманға дейін жетіп отырған жоқ па? Әйелге тән нәзіктік пен сұлулық, тек әйел атаулыға тән аналық пәк сезім мен ішкі жан тебіренісі, ой тереңдігі мен табиғи тәкаппарлығы ғажайып бейнеден айқын көрініп тұр.
Египет өнері өз дамуында айта қаларлықтай табыстарға жетті. 1922 ж. дүние жүзін таң қалдырған тамаша жаңалық, яғни баға жетпес көркемөнер қазынасы сақталған перғауын Тутанхамонның мұқият жасырылған қабірі табылды. Бұл тамаша табыс- ағылшын археологы Г.Картердің “Патшалар алқабындағы”ұзақ жылдар бойы жүргізген еңбегінің жемісі болатын.
Египет мәдениеті- сан-салалы мәдениет. Солардың бірі- біздің заманымызға келіп жеткен Египеттің ең көне жазу текстері. Олар - құдайларға құлшылық ету мен шаруашылықты жүргізуге байланысты жазбалар. Иероглифтер – көне Мысыр мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады, өйткені бұл өлкеде салынған қай ғимаратты алсаң да, олар иероглифтерге бай болып келеді. Кейіннен, көне мысырлық иероглифтік жазу буындық жүйеге көшті (қытайлықтар болса мұндай өзгерістерге ұшырамай өз жазба дәстүрлерін сақтап қалған).
Ғылым саласында да көне Египет айта қаларлықтай жетістіктерге жетті. Тамаша ғимараттардың, әсіресе пирамидалардың салынуына қарап математика, геометрия сияқты ғылым салаларының қаншалықты сатыға көтерілгендігін айқын аңғаруға болады.Адамзат тарихындағы ең көне сағаттар - су мен күн сағаттарын алғаш жасаушылар да осы мысырлықтар болатын. Астрономия ғылымымен қатар, медицина ғылымы да өз дамуында
тамаша табыстарға жетті.
Египет мәдениетіне Криттің, Сирияның, Қосөзен бойындағы құл иеленуші мемлекеттердің мәдениеті өз әсерін тигізе бастады. Б.з.б. 332ж. Македондықтар Египетті өздеріне бағынышты етумен қатар, Александр Македонскийдің (б.з.б. 356-323 ж) құрметіне Александрия қаласының негізін қалады, ол шығыс әлемі мен грек халқының мәдени орталығына айналады, сөйтіп Египетте эллиндік мәдениет кеңінен қанат жайды. Мұнда өз дәуірінің талай ғұлама ғалымдары, ақындары, суретшілері еңбек етті. Бұл қалада “Әлемнің жеті кереметінің ” бірі-атақты Александрия шырағы салынды.

6. ШУМЕР-ВАВИЛОН ӨРКЕНИЕТІ


XIX ғ. соңғы ширегінде Тигр және Ефрат (Қос өзен) өзендерінің бойында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде ежелгі ескі қалалардың орны ашылып, әлемге “Шумер өркениеті” деген жаңа мәдениет белгілі болды. Адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған мол мәдени мұраларына қомақты үлес қосқан, дүниежүзілік өркениеттің тағы бір бастауына айналған бұл жаңа мәдениеттің аты аңызға айналды, адамзат қауымының “фәлсафалық мәйегі”, ілгерілеу мен дамудың қайнар бұлағы деп дәріптелді.


Оған дәлел, Қос өзеннің ең көне мәдениеті Шумер-Аккад мәдениеті. В.В.Струве, В.И. Авуев, В.А.Тураев, Б.И. Грозный сияқты аса көрнекті шығыстанушы ғалымдардың пікірнше шумерлер бүкіл Вавилон мәдениетінің негізін қалаушылар болып саналады. Ал шумерліктердің өздері, олардың ата-бабаларын Қос өзен өңіріне сонау таудың ар жағынан, солтүстіктен, яғни солтүстік-шығыстан келген деп есептейді.
Ғалымдардың айтуынша, бұл келгендер “тау тұрғындары” “малшы көшпелілер” болып есептелсе керек. Шумердің 3100-2800 жылдардағы халқы туралы белгілі ғалым Л. Вулли: “Дәл осы кезеңде бұлардың халқының басым көпшілігі келімсектерден құрылғаны анық. Әр түрлі себептермен келген олар бұл елдегі халықтардың игере алмай отырған биік мәдениетін өркендетуге белгілі дәрежеде әсер еткен болса керек” – деп жазады.
Шумер мемлекетінің мәдени жетістіктері орасан зор болды. Адамзат тарихындағы алғашқы “Алтын ғасыр туралы” поэмасы шумер елінің топырағында жарық көрді, шумерліктер алғашқы элегияларды жазды, дүние жүзінде бірінші рет кітапханалық каталогтар жасауды игерді. Осы орайда ғалымдар “Месопотамия – архивтер отаны” деп тегіннен – тегін атамағанын атап өткіміз келеді, өйткені мұнда мемлекеттік архивтермен қатар жеке адамдардың да архивтері болған. Сонымен қатар шумерлер – ең көне медициналық еңбектердің, дәрі-дәрмек рецептері жинақтарының авторлары, диқаншының тұңғыш күнтізбегін жасаған да осы шумерліктер.
Шумер-Аккад өркениетінің тікелей мұрагері ежелгі Вавилон болды. Б.з.д. II мыңжылдықтың ортасында Хаммурапии патшаның тұсында (б.з.д. 1792-1750ж. патшалық құрған) Вавилон қаласы бүкіл Шумер және Аккад облыстарын өзінің қол астына біріктірді. Хаммурапидің кезінде екі метрлік тас діңгекке сыналап жазылған атақты заңдар жинағы өмірге келді. Хаммурапии заңдарында Қос өзен алқабының ежелгі тұрғындарының шаруашылық өмірі, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары және дүниетанымы кеңінен көрініс тапты. Бір кездерде қуатты Вавилон патшалығы және ұлы Ассирия державасы туралы деректер өткен ғасырға дейін тек Библиядан, сондай-ақ Геродоттың және тағы да басқа көне заман авторларының еңбектерінен ғана белгілі болатын.
Иран өркениетінің тірегі- зороастризм діні болды. Ол мемлекеттік дін болғандықтан мемлекет тарапынан үлкен қолдау тапты. Зороастризм дінінің негізін қалаушы Заратуштраның өмірі мен ілімі туралы ғылымда әр түрлі пікірлер қалыптасқан. Заратуштра грекше “Зороастр” деген сөз ежелгі Иранның сөзінен шыққан “түйелі адам”, “түйе жетектеген адам” деген мағына береді. Зороастризмнің қасиетті кітабы- әдеби және мәдени жәдігер “Авеста”. «Киелі Авеста кітабы” ежелгі мәдениеттен хабардар етіп қана қоймай, сол дәуірдегі заман оқиғаларынан терең мағлұматтар беріп, көне тарих беттерімен сыр шертеді және ежелгі Иран тілдерінің ең ежелгі, ең құнды ескерткіштерінің бірі болып саналады. “Авестаның” зороастризм жайындағы көп нұсқаулары бізге толық жетпеген. Оның ең көне бөлігі “Гат” деген атпен белгілі. «Киелі кітапты»-энциклопедиялық туынды деп қарастырсақ та болатын сияқты, өйткені мұнда түрлі ғылым салаларымен қатар, заңдар туралы, адамгершілік хақында толып жатқан қызықты деректер кездеседі. Сонымен «Авеста»тарихи ескерткіш те болып саналады. Мұнда ұлы пайғамбар Зороастраның есімімен аталған зороастризм діні туралы мағлұматтар осы «Авеста» арқылы біздің заманымызға дейін жетіп отыр. «Киелі кітапта» адамның ақыл-ойы, оның өсіп- жетілуі, еңбектенуі, өзгеруі, табыстарға жетуі және т.б. өмірлік мәселелер жырға қосылады. Сонымен қатар, әділ патша билігі, жарқын өмір сүру, тату-тәтті қарым- қатынастар орнату, іс-әрекетті ақылмен жасау, адал еңбекпен күн көру, адамдарға шексіз қайырымдылық жасау сияқты өмірлік мәселелер сөз болады.
Зороастризм бойынша, әлемде бір-біріне қарама-қарсы екі негіздің- жақсылық пен ізгілктің құдайы , нұрдың , өмірдің, ақиқаттың рәмізі Ахура - Майньюдің арасында толастамайтын күрес жүріп жатады. Өз қарсыласына қарсы күресте Ахура-Мазда адамды жаратады. Демек, әлемде екі құдай бар,оның біреуі-мейірімді құдай Ахура-Мазда да, екіншісі- мейірімсіз құдай Анхра-Майнью.
Иран өркениетінің тағы бір жетістігі- ондағы ескі парсылық сына жазуы. Вавилондық сына жазуда 300 таңба болса, парсыларда бар –жоғы 43 таңба болған.
Б.з.б. ІУ ғ. Иранда Сасанидтер династиясы үстемдік етті. Олар өздерінің ата-тегін құдайлармен байланыстырды, табиғат күштеріне сыйынды, отқа, суға табынды. Өкінішке орай, Сасанидтер династиясының көптеген мәдени мұралары әр түрлі тарихи жағдайларға байланысты құрып кетті. Гүлденген Сасанидтер мәдениетінен қалғаны-патша сарайлары мен сәулетті храмдардың үйінділері, ондаған алтын, күміс ыдыстар, парсы кілемдері мен жібектің қалдықтары ғана. Сөйтіп, адамзат мәдениетінің ең құнарлы бастамаларының бірі болған бұл мемлекет те құлады. Б.з.б. ІУ ғ. Александр Македонский жаулап алғаннан кейін Иран дәл Египет сияқты эллинистік мәдениетінің арнасына қосылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет