Мѕдениеттану курсы



бет7/31
Дата30.03.2023
өлшемі0,59 Mb.
#77489
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
7. УНДІ ӨРКЕНИЕТІ

Үндістан – адамзат баласының ең көне мәдениет ошақтарының бірі. Баға жетпес мәдени қазынаның иесі осы бір дарынды халықтың мәдени мұраларын басқа халықтардың мәдени жетістіктерімен ауыстырып алуға болмайтындығын ерекше атап өткіміз келеді. Талай шапқыншылықты басынан өткізсе де өздерінің ешуақытта да басқыншылыққа бармауы, бұл ұлы халықтың ұлттық ерекше қасиеті де болар.


Б.з.б. бірмыңжылдықтың ортасына қарай мәдениеттің дамуы қарқыны жоғарылады, бірақ Үндістанның барлық жерінде де бұл қарқын бірдей болды деп айтуға тағы да болмайды. Үнді мәдениеті мен өнері, әсіресе Маурья дәуірінде (б.з.б IV- II ғ.) айтарлықтай табыстарға жетті. Бұл кезеңдегі мәдениеттің гүлденуіне үнді тарихында алғаш рет орталықтандырылған мемлекеттің құрылуы зор ықпалын тигізді.
Қушан дәуірінде (б.з. I-III ғ.) үнді мәдениеті өз дамуында жаңа арнаға түсіп, өзіндік сипатқа ие болды. Қушан империясы ұлан байтақ империяны: Солтүстік Үндістанды, Орта Азияның бір бөлігін, қазіргі Ауғанстан мен Пәкістан жерлерін алып жатты. Бұл үлкен саяси одаққа қоғамдық – саяси, мәдени дамуы жағынан әркелкі және түрлі діндегі толып жатқан халықтар мен тайпалар кірді. Қалыптасқан осындай жағдайларға байланысты Қушан мемлекеті бұл елдердің арасындағы біртұтас жүйені саяси салада ғана емес, мәдени өмірде де орнықтыруға барынша күш салды.
Б.з.б. бірінші мыңжылдықта индуизм дамуының басталуында – брахманизм тұрды. Дін ендігі жерде қоғамдық теңсіздікті ақтау үшін қолданыла бастады, сөйтіп “Құдайлар иерархиясы” қалыптасты. Олардың ішінде ең мәртебелілері – Брахма (әлемді жаратушы), Вишна (оны сақтаушы) және Шиба (оны талқандаушы) құдайлары болды. Бұл діни ілімнің негізінде – адамдардың қайғы-қасіретін елемеу, олардың бақытсыздығына мән бермеу сияқты мағыналар жатыр. Абыздар (брахмандар) қабырғасы қайысып еңбек етуді, байларды күндемеуді бағыныштылықты және т.б. уағыздады.
Б.з.б. VI ғ. Буддизм діні – дамыған құлдық қоғамның идеологиясына айнала бастады. Оның Үнді жерінде ең шарықтаған кезеңі – б.з.б V ғ. мен б.з. бір мыңыншы жылдығының басы болды. Буддизм – ведалық дін мен брахманизммен тығыз байланыста дамыды. Дәл осы кезеңде (б.з.б. VI ғ.) буддизммен қатар діннің екінші бір саласы – “джайнизм” қалыптаса бастады. Оның діни – философиялық трактаттары – “сутраларда” – сансарының (жанның қайта түрленуі) ықпалынан босану жайындағы ілім жатыр. Бұл мақсатқа жету үшін джайнизмнің үш қағидасын орындау қажет. Олар: дұрыс білім (діни білім), дұрыс көре білу (шындық) және дұрыс мінез-құлық.
Үнді жеріне келген арийлер өздерімен бірге б.з.б. 2000 жылы шыға бастаған көне мәдени мұралардың бірі - Ведаларды ала келіп, оны жергілікті халықтың арасына кеңінен тарата бастады. Ведалар дегеніміз- діни сарындағы дұғалардың, құрандардың, құрбандық шалу кезінде айтылатын суреттемелердің, табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлеңдердің жиынтығы. Үндінің атақты жазушысы Рабиндранат Тагор ведалық гимндерді “Халықтың қуаныш-шаттығы мен оның өмірге деген сүйіспеншілігі мен қорқынышының поэтикалық куәгері” деп өте жоғары бағалатын болатын. “Жаратушы әні” гимнінде бізді қоршаған дүние былай деп сипатталады: “Ең алғашқы кезеңде дүние хаос жағдайында болды. Бірақ, уақыт өткен сайын адамзат баласының тіршілік етуге деген құлшынысы байқалды, соның нәтижесіңде жарық, одан кейін аспан мен су патшалығы пайда болды. Міне, дәл осы кезден бастап жер бетінде тіршілік қалыптасты, ал құдайлар дүние жаратылғаннан кейін барып пайда болды”. Шамамен , б.з.б. 800 жылында қалыптасқан упанишадтар үнді-арийлердің діни көзқарастарының дамуындағы басты қадам болып саналады. Өйткені, упанишадтар адамның ішкі жан дүниесі, оның өмірінің мән- мағынасы, адамды ақиқат пен шындыққа апарар жолдар мен олардың бұл өмірдегі маңызы, өлім мен мәңгілік ғұмыр жайындағы діни-философиялық толғауларға толы болып келеді. Ең бастысы- упанишадтарда Брахман мен Атман идеялары кеңінен көрініс тапқан. Брахман- абсолютті шындық, абсолютті руханилылық, бұл дүниеде одан тысқары еш нәрсе де жоқ, олай болса бізді қоршаған ортаның мәні де осы Брахманда. Ол Атман болса осы жағдайларды ескере отырып- жеке тұлғаны мойындау. Упанишадтар діни философиялық ой-сананың дамуына түрткі болды, сөйтіп көп ұзамай-ақ оның алты мектебі қалыптасты.
Үнді- будда мәдениетіне тән қасиет дін мен философияның өзара тығыз байланыста болып, ұштаса білуінде. Бұл туралы Гегель былай деп жазды:”Үнді мәдениеті-жоғары дамыған сан-салалы құдіретті мәдениет, бірақ олардың философиясы дінмен сабақтас, өзара тығыз байланыста болып келеді. Философия ғылымы айналысатын мәселелерді діннен де көптеп кездестіруге болады. Сондықтан да болар, ведалар- діннің ғана негізі емес, сонымен қатар философияның да негізі болып саналады”. «Гегель. Соч. Л., 1972. И.9. С.116.»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет