13. ЖАҢА ЗАМАН МӘДЕНИЕТІ
Еуропа елдерінің мәдени-тарихи дамуындағы басты кезең – Реформация дәуірі болып саналады. Реформация – XVIғ. алғашқы ширегінде неміс елінің топырағында дүниеге келген діни-идеологиялық және әлеуметтік-саяси қозғалыс. Ол католиктік бағыт түрінде қалыптасқан христиан дінінің кейбір қағидаларын қайта қарап жаңғыртуға бағытталған.
Реформацияның басталуы – “Қайта жаңғыру” мәдениетінің соңғы кезеңімен сәйкес келеді. Демек, бұл діни қозғалыс адамзат баласы басынан кешірген прогрессивтік төңкерістердің ішіндегі ең ұлы мәдени төңкеріс – “Қайта жаңғыру” дәуірінің заңды жалғасы болып саналады. Ал осы екі мәдени-діни қозғалыстардың арасында заман ағымынан, рухани қажеттіліктен туған байланыс та, қарама-қайшылықта бар, өйткені Қайта жаңғыру дәуірінің тарихи маңызы – гуманизм идеологиясымен, гуманизм идеяларымен таразыланады.
“Бірінші буржуазиялық революция” деген атаққа ие болған діни қозғалыстың дем берушісі – Витенберг университетінің профессоры, Августин шіркеуінің монахы Мартин Лютер. Дін саласындағы түбегейлі өзгерістер, яғни реформалар жолындағы бұл қозғалыс католиктік шіркеуді қайта құруға, діни салт-жоралар үшін төленетін шамадан тыс мөлшердегі салықтарға тыйым салуға, христиан дінінің қарама-қайшылықтарға толы қағидаларын алып тастауға бағытталды. Демек, бұл қозғалыстың нәтижесінде жаңа шіркеу және жаңа діни қағидаларға негізделген христиан дінінің “протестантизм” деп аталатын мүлде жаңа бағыты қалыптасты.
Реформацияны одан ары түбегейлі жалғастыруға бағыт алғандардың бірі – Ж.Кальвин (1509-1562ж.) протестантизмнің беделді ағымының негізін қалады. Жаңадан қалыптасқан “кальвинизм” ағымы христиан дініне табыну мен шоқыну рәсімдерін одан әрі жеңілдетті, шіркеуді жеке саяси күшке айналдыру мақсатында оны мемлекеттен бөлді және шіркеуге республикалық сипат (шіркеу басшыларының сайланып тағайындалуы) берді.
ХХ ҒАСЫР МӘДЕНИЕТІ
Адамзат тарихында XX ғасыр мәдениетінің алатын орны ерекше. өйткені, бұл кезең тарихи оқиғаларға, қантөгіс соғыстарға, сан-қилы дағдарыстарға толы сындарлы заман болды. Ғылым мен техниканың қарышты қадамы, жарқын болашаққа деген сенім өркениетті дамыған елдерде біртұтас жалпы адамзаттық мәдениеттің дамып, қалыптасуына әсерін тигізбей қойған жоқ. Ғасыр аяғында планетамызда парасаттылық пен ізгіліктің кеңінен өріс алуы жалпы адамзаттық мәдениеттің дамуына және оның ұлттық түрлерінің нәрленуіне, олардың өзара қарым-қатынастарының жаңа арнаға түсуіне ерекше әсер етті. Міне осы жағдайларды ескере отырып,ХХ ғасыр мәдениеті дамуының басты бағыттары (ХХ ғасыр мәдениетінің қалыптасуының сабақтастығы мен дәстүрлері, қазіргі заман мәдениетінің тоқырауға ұшырауы мен одан шығу жолдары және бұл процестің түрлі мәдени концепцияларда көрініс табуы және т.б. мәселелері.)екіншісі, ХХ ғасыр мәдениетінің жалпы адамзаттық және ұлттық сипаты (жалпы адамзат мәдениеті қалыптасуының басты себептері және оның құндылықтары, жалпы адамзаттық және ұлттық диалектика және т.б.)
Бүгінгі таңда дүниежүзінде 200 мемлекетке жетіп, мыңдаған халықтарға бөлінген, саны жағынан 6 млрд. жеткен адамзат баласы 2 млн. жуық өсімдіктер мен жануарлардың бір түрі ғана. Адам баласы өмір сүргеннен бастап мыңға жуық ұрпақ ауыстырған екен осынша халықтың ішінде екі адамның бір-біріне мүлде ұқсас болмай, өзіндк қайталанбас ерекшеліктерінің болуы да таң қаларлық жайт.
Адамзат тіршілігінің түрлері мен тәсілдерінің үлгілерінің терең өзгеріске ұшырауына байланысты ұлы әлеуметтік революция жүзеге асты. Оған дәлел ретінде, XX ғ. дүниежүзілік көлемде дәстүрлі қоғамға тән “жеке еңбек етуден” – жалданып еңбек етуге коллективте (ұжымда) еңбек ету және бақылау арқылы еңбек етуге көшу жүзеге асырылды. Жаппай урбанизация жағдайында адамдардың өмірді, қоршаған ортаны қабылдау тәсілдері мен түрлері өзгерді, халықтың өмір салты адам айтқысыз өзгерістерге ұшщырады.
XX ғ-да адамның мәдени құндылықтарды игеру бағытында, жалпы адамзаттық біртұтас негіздердің қалыптасуында айтарлықтай өзгерістер болды, ал олар өз кезегінде жанұяға деген көзқарастың өзгеруіне, адамның жан-жақты қалыптасуына айтарлықтай әсер ететін алғашқы әлеуметтік ұжымға тікелей байланысты болды. Дәстүрлі неке институты өзгеріп, жаңа жанұя мүлде жаңаша мазмұнға ие болды
Мәдениеттің біртұтас дамуы – қарама-қайшылықтарға толы процесс болды. XX ғ. дүниежүзілік мәдениеттің қалыптасуына ұлттық мәдениеттердің өркендеуі жолындағы қуатты қозғалыстарымен қабаттас келді. Қазіргі кезеңде мәдениетке “еуроцентристік көзқарастың” шектеулі екендігіне көзімізді жеткізіп отырмыз. “Техногендік еуропа мәдениеті” ерекше дәріптеліп оны ұлттық және аймақтық мәдениеттерге негіз етіп көрсетілді.
Дамыған елдердің алғашқы қатарынан нарықтық экономикасы мен кәсіпкерлік қызметі шарықтап дамыған елдер орын алған. Олардың өзі екі топқа бөлінген.Біріншісіне-Ұлыбритания мен Канада жатады. Бұл елдер мәдениетінде индивидуализм үстемдігі айқын байқалады.Индивидуалистік мәдени дәстүрде адамдарынан тысқары, жеке әрекет еткенді қалайды.Ең бірінші кезекте жеңіске бағдар алу , алға қойған мақсатқа жету және ол мақсат жолында кездесетін бәсекеге, қиындықтарға төтеп беру басты орынға қойылады. Екінші топқа- Швеция мен Жапония сияқты мемлекеттер жатқызылған. Скандинавия кәсіпкерлері коллективтік іс-қимылды- табыстың басты көзі деп санайды.Жапония мемлекеті-нің жетістіктері мәдени дамудың ұлттық түрлеріне негізделген. Жапондықтардың мәдениеті, олардың еңбек саласында демократиялық басқару тәсіліне бой ұрғандығын байқатады.
Жапонияда өнімнің сапалылығы жолындағы күреске жұмысшыларды кеңінен тарту мақсатында арнайы “сапа үйірмелері”ұйымдастырылды.Жапондықтар екі моральдық-құндылықтар-ризашылық парызы мен адалдық парызының рухында бала кезінен-ақ тәрбиеленген.Қытай мәдениетіне оптимистік дүниетаным, өмір мен өлімге табиғи тұрғыдан қарау тән.Барлығы-ортақ дүние, ортақ тылсым. Бұл- философиялық даналық.ХХ ғасырдың ұлы ойшылы А.Швейцер технократтық мәдениеттен бас тартып, дамудың ең жоғарғы сатысына көшу қажеттігі туралы ойға келді.ХХ ғасырдың дүбірлі оқиғалары, қантөгіс қырғиқабақсоғыстар, экологиялық апаттар және т.б. негізінде ғылым “технократизм мен технократтық ғылым”-мәдениетті идеялардың құрбандығына, рухани және сезімдік ақыл-ой қысымына, жалпы мәдеиеттің тоқырауынаәкелді деген қорытындыға келді. Ұлы ойшыл жаңа жалпы адамзаттық мәдениеттің тағдыры үшін “өмірді қастерлеу” принципін ұсынды.Бұл принцип-мәдениетті дамытудың үлгісінен жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген мүлде жаңаша даму бағытына көшуге меңзейді. Ал бұл жол ізгілік жолы, адамдарды жарқын болашаққа апарар даналық жолы.
Достарыңызбен бөлісу: |