Мѕдениеттану курсы



бет1/31
Дата30.03.2023
өлшемі0,59 Mb.
#77489
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Текст лекций Типол Культу каз яз ТХГ (1)


Қ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті


Ғабитов Тұрсын Хафизұлы
Мәдениеттер типологиясы


А ЛМАТЫ

2015


ӘОЖ 130.2:74/75 (574)


Ғабитов Т.Х. Қазіргі әлем мәдениетінің типологиясы


. – Алматы, 2015. – 75 б.


Алғысөз




Біздің мемлекетіміздің демократиялық және өркениеттілік бағытта дамуын айқындайтын шешуші факторлардың бірі өскелең ұрпақ бойында мәдени-адамгершілік қағидалары мен экологиялық өркениеттілікті берік қалыптастыру болып табылады. Экологиялық өркениеттілік ұғымы жалпы табиғат дамуы заңдылықтары мен техникасын, оның табиғатқа әсерін біліп, игеруді білдіреді. Бұл үшін жас ұрпақ бүкіләлемдік және отандық мәдениет тарихынан жақсы хабардар болуы керек. Адамзат тарихында қоғам уақыт өткен сайын түбегейлі өзгерістерге ұшырап, өз құндылықтарын ой елегінен қайта өткізіп, рухани жаңғыруға даңғыл жол ашуда. Сондықтан бүгінгі таңда өркендеп келе жатқан Мәдениеттер типологиясы пәнінің өзекті мәселелерін, әсіресе, бұрыннан қалыптасқан мәдени құндылықтар жүйесін жаңа заман тұрғысынан қайта қарау қажеттілігі туындап отыр. Сындарлы кезеңдердің талқысынан өтіп қана қоймай, осы бір тарихи дәуірлердің рухын жинақтап, мейлінше бай тәжірибе-тағылымды өз бойына сіңіре білген, өзінің сан-сапалық қасиеттерімен ерекшеленетін “мәдениет” атты ұлы күштің бағзы замандардан-ақ адамзат баласының зерттеу және оқып-білу объектісіне айналғандығы ақиқат. Қазіргі таңдағы жедел даму үстіндегі ғылыми-техникалық прогресс пен технологиялар талабынан өз кәсіби мамандықтарын жете меңгерген, нарықтық замандағы өмір шындығына икемделген, қоғамдағы өз орнын түсіне білетін, ХХ1 ғасырдың көш басшылары жас инженер мамандарды даярлау қажеттілігі туындап отыр. Жас мамандарды бір тұтас және жан-жақты тұлға ретінде қалыптастыруда олардың өзіндік қабілеттері мен табиғи қасиеттерін барынша дамытатын, өркениеттілік құндылықтарға негізделген білімді бойларына сіңіріп, заман ағымына байланысты материалдық және рухани байлықтардың түбегейлі өзгеруін ой елегінен өткізе отырып, рухани-адамгершілік, мәдени-құндылықтық болмыстарын байытуда және өзіндік рухани жетілу жолдарын қалыптастыруда оқытылатын басқа пәндер арасында “Мәдениеттер типологиясының теориясы және әдіснамасы” пәнінің алатын орны ерекше.
Жоғары оқу орындарындағы жалпы білім беретін пән ретінде “Мәдениеттер типологиясының теориясы және әдіснамасы” пәнінің алатын орны ерекше. ХХ1 ғасырдың білікті, білімді мәдениетті адамын қалыптастыруда, “ Мәдениеттер типологиясын” оқып-білу үшін жас ұрпақ мектеп қабырғасында-ақ жаратылыс тану мен әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің негіздерін игеруі қажет. Жоғары оқу орындарында өтілетін Қазақстан тарихы, философия, әлеуметтану, психология, педагогика, саясаттану, құқық негіздері,этнология, тіл білімдері, әдебиет, өнертану, дінтану, т.б. пәндермен байланысында мәдениеттанулық білімдер әрі қарай нақтылана, толыға түседі.

Курстың мақсаты студенттерді адамзат баласының мәдени жетістіктерін игеруге, мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының әмбебаптық заңдылықтары мен негізгі түрлерін меңгеруге және әлемдік мәдениеттің інжу-маржанын өз беттерімен түсініп-білуге, кәсіби деңгейлерін одан әрі арттыруға бағдарлау болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет