Мѕдениеттану курсы



бет9/31
Дата30.03.2023
өлшемі0,59 Mb.
#77489
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31
Байланысты:
Текст лекций Типол Культу каз яз ТХГ (1)

8. КОНФУЦИЙШЫЛДЫҚ-ДАОСИЗМ
Жер бетіндегі алғашқы мемлекеттердің бірі – ежелгі Қытай елінің тұрғындары – ерекше материалдық және рухани мәдениетті жасаушылар болды. Олар өмірді – құдайдың табиғаттан тыс күштерінің сыйы екендігіне кәміл сеніп, дүниедегінің бәрі де ұдайы қозғалыста болады және жарық пен қараңғылық атты бір-біріне қарама-қарсы екі космостық күштердің өзара қақтығысымен нәтижесінде әлем ұдайы өзгерістерге ұшырап отырады деп санады. Көне замандық тарихта жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты табиғат күштеріне, яғни жердің, күннің, айдың, таулардың, өзендердің, желдің, жаңбырдың және т.б. рухына табынды және олардың құрметіне құрбандықтар шала отырып, халықтың қажеттілігіне байланысты игі өтініштер жасады. Солардың ішінде барлық рухтар мен о дүниедегі адамдардың жандарын өз ырқында ұстайтын “жоғарғы құдай” ерекше бағаланды.
Кейіннен қоғамдық өмірде болған өзгерістерге байланысты патша билігін дәріптеушілік пайда болды. Патша “аспанның ұлы” деп танылып, ол – құдайдың жер бетіндегі өкілі ретінде мойындалды. Б.з.б. XIII ғ. бастап-ақ бұрын тек қана “жоғарғы құдайды” белгілеуге арналған иероглифтер жаңа патшаларды да белгілей бастады. Ерекше атап өтетін бір жайт, Қытайда ата-баба рухына табынуға үлкен мән берген. Бұл дәстүрлі наным-сенімнің негізінде адам өлгеннен кейін де оның жаны өмір сүруін жалғастыра береді, тіпті ол тірілердің істеріне араласа береді деген ұғым жатыр.
Б.з.б. бір мыңжылдықтың ортасында Қытай елінде кейіннен философиялық жүйеге айналған үш басты идеологялық бағыт қалыптасты. Олар: даосизм, Конфуций ілімі және Үндістанда пайда болып, кейіннен Қытайға кеңінен тараған – буддизм. Бұл ілімдердің Қытай мәдениетінде алатын орны өте зор және осы заманға дейін қытайлықтардың қоғамдық өмірінің барлық жақтарына өз ықпалын сақтауда.
Бұл ілімдердің бірі “даосизм”. Оның негізін қалаушы б.з.б. VI ғ. өмір сүрген “Дао және дэ” кітаптарының авторы ұлы кемеңгер ойшыл Лао – Цзы. Даосизмнің негізгі философиялық категориясы – “Дао” – заң (“дао” иероглифі дәл мағынасында “жол” дегенді білдіреді). Даосизм бойынша, бүкіл дүние жүзі бір ғана заңдылыққа – “даоға” бағындырылған.
VI ғ. аяғы мен V ғ. басында дүние танымдық жүйенің екінше бір саласы – Конфуций ілімі пайда болды. Оның негізін қалаушы Еуропада Конфуций деген атпен белгілі болған ұлы уағызгер Кун-фу-Цзы болды. Азғантай ғана уақыттың ішінде, яғни төрт ғасырдың ішінде бұл ілім қытайлықтардың жүрегінен жылы орын тауып, б.з.б. II ғ. өзінде-ақ императорлық Қытайдың басты идеологиясына айналды. Ол қоғамдығы бей-берекетсіздіктердің басты себебін – адамдардың азғындауынан іздеп, бағыныштылықты, адалдықты, қарттар мен ата-аналарды сыйлауды басты орынға қойды.
Конфуцийлік-даосистік мәдениет:
Қытай этносы қытай халқының басқа халықтардан өзгеше мәдениетінің қалыптасуына ерекше ықпал жасады.Қытайлықтар болмыс құпиялары мен өмір және өлім мәселелерінен гөрі жарылқаушыларға бас иіп, оларға еліктеуді өздеріннің қасиетті парызы деп санады. Қытай елінде о дүниедегі рахат өмірді уағыздаушылардан гөрі,осы нақты өмірдің мән-мағынасын терең түсіне отырып «өмір үшін өмір сүруге» үйретушілерді ұлылар қатарына жатқызып, олардың даналық қағидаларына бас иген.Дәстүрлі қытай мәдениетінің өзіндік бет-бейнесінің қалыптасуына діннен гөрі, салттық этиканың ерекше әсер етуі де осы жағдайға тікелей байланысты болса керек.
Қытай қоғамында орын алған мұндай жағдайлардың бәрі де адамзатты қоршаған дүниенің бейнесі жайындағы нақты ұғымдардың қалыптасуына да, оның эволюциялық сипатына да өз ықпалын тигізбей қойған жоқ. Қытайда сол заманның өзінде-ақ ғалымдарға ерекше құрмет көрсетіліп, оларды жоғары сословиеге жатқызған, бірақ олар мұндай абыздық қызметтерден гөрі мемлекеттік істерге өте жақын тұрды.Қытайдың діни құрылымының бұл ерекшелігі сонау көне заманда, атап айтқанда, б.з.б. екінші ғасырдан бастап-ақ қалыптаса бастаған болатын.Қытайлықтар да дүние жүзінің басқа халықтары сияқты құдайлар мен рухтардың құрметіне құрбандықтар шалды.Бірақ, уақыт өткен сайын көп құдайлар мен рухтардың ішінен Ұлы құдай дәрежесіне жетіп, аты аңызға айналған Шанди басты орынға шықты. Қытайда Ұлы Құдай Шандидің өз халқының мұңын жоқтап, жағдайын ойлайтын, оған барынша қамқорлық жасайтын қамқоршы және арғы ата- бабаларының, ата-тектерінің негізін қалаушы ретінде де қабылдаған.Сондықтан да болар, қытай халқының тұрмыс- тіршілігіндегі барлық мәселелердің түйінін шешу- Шанди құдайға табынумен, оған жалбарынумен тығыз байланысты болған .
«Ата-бабаларға» табыну- ежелгі Қытайда кеңінен орын алғаны тарихтан белгілі. Осы бір ежелден қалыптасқан дәстүрдің мазмұны мен түрін ғана өзгерткен Конфуций оған ерекше мән бере отырып, бұл табынушылықты әрбір қытай азаматының қоғамдағы басты міндетіне, тәртіп нормасына айналдырды.Сөйтіп, осындай мақсатты жүзеге асыруға негізделген «Сяо»- яғни «Балалар құрметі» ілімі өмірге келді. Конфуцийдің пайымдауынша, «сяо»- адамгершіліктің негізі болып саналады. «Сяо» ережелері- ата-анаға қалтқысыз құрмет көрсетуді, оларды «ли» дәстүрімен жерлеуді және дәл осы тәртіппен ата-аналар құрметіне құрбандықтар шалып отыруды қатаң талап етеді.
Конфуцийдің «ата-бабаларды» құрметтеу және «сяо» ережелері қытайлықтарды отбасын ыдыратпай , тату-тәтті өмірге тәрбиеледі. Отбасы- қоғамның негізгі тірегі деп саналды, отбасылық мүдделер жеке адамдардың мүддесінен жоғары қойылды.
Қытай мәдениеті, қытай өнері даналық өмірлік қағидалар мен терең философиялық идеялады өз бойына сіңіре білген өзіндік бет-бейнесі бар ерекше мәдениет. Қытай халқының мәдени туындыларында адамзатты қоршаған дүние әсемдігі мен табиғат үйлесімділігі тамаша көрініс тапқан. Басқаны былай қойғанда, қытайлықтардың жазу өнерінің өзі де өте әдемі болып келеді және бұл өнерді игеру басқа мәдениет өкілдерінің қолынан келе бермейді. Орта ғасырларда латын жазуы Еуропа елдерінде қандай рөл атқарса, қытай иероглифтері де Шығыс Азия мемлекеттерінде дәл сондай дәрежеге көтерілді, вьетнамдықтар мен корейлер ұлттық жазу жүйелеріне көшкенге дейін қытай иероглифтерін кеңінен пайдаланған, ал жапондар болса күні бүгінге дейін қытай жазуын пайдаланып келеді.
Каллиграфиялық белгіні қабылдау- дәстүрлі қытай мәдениетінде эстетикалық қана емес, сонымен қатар этиканың ерекше бір саласы ретінде қарастырылады. Қытайлықтар иероглиф белгілердің каллиграфиясына қарап, автордың ішкі жан дүниесінің қандай күйде болғандығын, оны жазған адамның мінез- құлқын анықтайтын болған. Иероглифтердің жазылуына осыншама жоғары талаптардың қойылуының сыры оның табиғатпен үндестік табуына байланысты сияқты.Осы орайда әсем гүлдер мен құстарға, жұпар иісті шөптер мен жан-жануарлар дүниесіне толы табиғаттың «эстетикалық бағын» сақтап- яғни табиғатты аялау, мәдени дамудың асқаралы міндеті екендігіне ешкімнің дауы бола қоймас. Оған дәлел- Қытай елі, Қытай мәдениеті. Қытай - әсем де, нәзік «гүлдер мен құстардың», «шөптер мен жәндіктердің» отаны. Қытайлықтар өсімдіктер дүниесінің мән-мағынасын түсіне білуге үлкен мән берген. Осы орайда өмірге мынадай қағида келген: «Гүлге зат деп қарау тағылық, ал жүрегінде гүлдер әлеміне жылылығы жоқ адам- хайуан». Көне заманның ақын-жазушылары өздерінің құпия сырларын тек гүлдермен ғана бөлісетін болған. Атақты қытай суретшісі Ци –Бай-шидің өзінің шәкіртіне арнап салған «Сырласу» атты суреті. Жан тебірентерлік бұл табиғи көрініс екі гүлдің бір-бірімен сырласуы, шын жүректен шыққан сұхбаты іспеттес.
Конфуцийлік-даосистік мәдениет шеңберіндегі білімнің сипаты білімді батыс еуропалық тұрғыдан түсінуден мүлде басқаша болып келеді.ХХ ғасырда Еуропа ойшылдары қытай халқы мен қытай даналарының рухани және интеллектуалдық жетістіктеріне немқұрайды , менсінбеушілік тұрғысынан қарап келді. Басқаны былай қойғанда атақты Гегельдің өзі де қытай философтарының еңбектерін жете бағаламаған. Ол Конфуций жайында былай мәлімдеді: «Оның ілімі философиялық тұжырымдардан жұрдай, ал оның шығармаларына баға беретін болсам, автордың беделін сақтау үшін оларды шет тілдеріне аудармай-ақ қойған жөн болар еді».Сонда төлтума мәдениеттен басқа мәдениеттерді қалай бағалауымыз керек. Бұл жайында В.М. Алексеев былай деп жазды. «Мәселе біздің жат елдің мәдениетін қалай қабылдауымызда емес, мәселе сол мәдениетті жасаушы қытайлықтардың өздеріне байланысты. Біздің әсеріміз, ой- пікіріміз қытайлықтардың өздері рахаттанып, ал біздердің таң қалған сәтімізден басталады.»
Қытай ғалымдары ғылым мен техника саласында қомақты табыстарға жеткен. Тіпті Конфуций өмір сүрген кезеңнен бір мың жыл бұрын Хуанхэ жазығының байырғы тұрғындары күнтізбені, иероглифтерді және т.б. білген. Одан кейін олар компасты, оқ-дәріні ойлап тапқан, фарфор және жібек жасауды меңгерген. Конфуций адам бойындағы қателік- кемшіліктерді сырттай бақылап қана қоймай, оның жіберген қателіктерін мұқият зерттеуді өз шәкірттерінен қатаң талап етіп отырған. Ол кітаби білімді өмірден алшақ, сондықтан да ол ақылды адамның өзін де ақымаққа айналдырып жібереді деп есептеген.
Конфуций үшін адамгершілік- адамның мәдениеттілігінің ғана емес, сонымен бірге адам бойындағы бүкіл ізгілік қасиеттердің басты өлшемі болып саналады. Адамгершілік – адамның өз-өзіне жол табуы, ал ол жолды әрбір адам өзі таңдауы қажет.Ұлы данадан «Даналық дегеніміз не» деп сұрағанда ол «даналық дегеніміз- халықтың болашағы мен игілігі үшін аянбай қызмет ету және рухтарды қастерлей білу» деп жауап берген екен.Конфуций іліміндегі адамның моральдық қасиеттері мәдениет түрінде көрініс тапқан.Өзін қоршаған ортаның қаталдығы мен зұлымдықтары жағдайында, басына қаншама тауқымет түсіп қиналса да ұлы уағызгер ешбір мойымаған, тіпті өмірініің сын сағатарында да өзін-өзі ұстай білген.
Көк тәңірінің қалауын сезініп –білу деген сөз - бұл өмірде өз жолыңды, өз тағдырыңды табу деген сөз. Жол (дао) ұғымы өз ілімін өз тағдырымен тығыз байланыста қарастырған .Конфуций үшін басты нәрсе болып табылады. Ол үшін «дао»- шындық және әділдік жолы. «Дао»- жеке адамның ғана емес, бүкіл халық өмірінің шындығы.Шындық жолынан адамды да, халықты да күшпен, зорлықпен тайдыруға болмайды, ол адамның рухани байлығымен, адамдардың бірін-бірі түсінісе білу қасиеттерімен сабақтасады.
Бүгінгі таңда Конфуций идеялары қытай мәдениетінде кеңінен орын алып, өзінің өміршеңдігін көрсетіп отыр.Талай жантүршігерлік қоғамдық-саяси күйзелістерді бастарынан кешірген Қытай, Корея, Жапония, Оңтүстік-шығыс халықтары даосистік-конфуцийлік мәдениеттен рухани азық алуда. Жапонияның, Қытайдың, Тайваньның, Оңтүстік Кореяның қазіргі замандағы таңқаларлық мәдени жетістіктерінің сыры осында болса керек. Керек десе, Қытай елінде Конфуций ілімі тағы да елдің рухани өмірінің негізі деп жарияланып отыр. Олай болса, конфуцийлік-даосистік мәдениеттің тамыры тереңде жатыр, ол қоғамның шығармашылық мүмкіндіктерінің қозғаушы ұлы факторына айналып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет