филология ғылымдарының докторы, профессор
Æyñ³ï Áàëàñàμ±í
¡°ÒÒÛ
Á²Ë²Ê
54
55
І.
Бісміллəхи-р-рахмани-р-рахим!
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен
бастаймын!
Əзіз уа күллі ұлылықтың иесі, жер мен көкті жаратқан, тірі жанның
бəріне ризық берген құдіреті күшті тəңірге ырзамыз. Əрі ол атақ-даңққа
бөлене берсін! Ол кім не тілесе — тілеуін берді, өзі нені қаласа — соны
жасады; кімге жафа көрсетсе — көрсетті; уа, неге ықтияр болса, неге
құлқы соқса — соны істеді.
Адамдардың ең абзалы, пайғамбарлардың қасиетті ұлы елшісі Мұхаммед
Мұстафаға сансыз сəлем, мархабат болсын! Оның серіктестері болған əзіз, уа
қымбатты сахабаларына Алла разы болсын! Тəңірінің ризық, нұры жаусын!
Бұл бір бек əзіз кітап. Шын
1
хакімдерінің
2
мысал-хиқыматтарымен
безендірілген. Машын
3
ғұламаларының, ақындарының өлең-жыр-
ларымен жасандырылған бұл кітапты оқыған, бұл бəйіттерді басқаларға
таратқан адамдар осы кітаптан да жақсы, ізгірек болар.
Шын-Машын ғалымдары мен хакімдерінің бəрі бірауыздан
мынадай бір келісімге келді, Мəшрық
4
уəлаятында күллі Түркістан
елдерінде (түрік халықтары жасаған жерлерде) бұғрахан
5
тілінде түркі
сөзімен бұл кітаптан жақсырақ кітапты ешкім ешқашан жазған емес;
бұл кітап қайсы ықылым замандарда, қай патшалыққа жетсе де өмірді
терең парықтап, пайымдағаны үшін, керемет көркемдігі үшін сол
елдердің хакімдері мен ғалымдары ықыласпен қабыл алып, əрқайсысы
əр түрлі лақап ат берген. Шынлықтар «Əдəбүл-Мүлік» («Шахтардың
əдеп-қағидалары») деп атады. Машын мəлігінің
6
хакімдері «Айинул
мемлекет» («Мемлекеттің дəстүрі») десе, мəшрықлықтар «Зийнəтүл-
үмəрə» («Өмір зейнеті») деді; ирандықтар «Шахнамаи түрки» деп
атады; ал бағзы біреулер «Пəнднəма-ли мүлүк» («Падишаларға
насихат») бүтін десті; турандықтар «Құтадғу біліг» деп ат қойды
7
.
Бұл кітапты Баласағұнда туған бір сахаба, тақуа кісі жазып шығарған.
Əммə бұл кітапты Қашқарда тамамдап, Машрық мəлігі
8
Табғаш Бұғраханның
құзырына ұсынған. Мəлік оның еңбегін қадірлеп, жарылқап əрі ұлықлап
Хас Хажыб
9
деген атақ беріп, ерекше ілтипат білдірген, сол үшін ол Жүсіп,
Ұлы Хас Хажыб атанып, атақ-даңқы жер жүзіне жайылды.
Бұл əзіз кітап төрт ұлы ұғым, төрт қымбат қасиеттердің сұхбатынан
құрылған: бірі — Əділ (Əділет), екіншісі — Дəулет (Бақыт, құт),
үшіншісі — Ақыл, төртіншісі — Қанағат. Олардың əрқайсысына жеке-
жеке түрліше ат берген. Əділетке «Күнтуды Елік» атын беріп, хан орнына
қойған; Дəулетке «Айтолды» деген ат беріп, уəзір орнына қойған; Ақылға
«Өгдүлміш» атын беріп, уəзірдің ұлына балаған; Қанағатқа «Одғұрмыш»
атын беріп, уəзірдің туыс, ағасы деп санаған. Ғұлама өз пікірлерін ой-
толғаныстарын солардың арасындағы пікірлесу, сауал-жауап сөздер
арқылы əңгімелеп, желілеп жеткізген.
Тағы да мұны оқығандардың көкірек сарайы ашылып, жазған адамды
жақсы дұғамен еске алсын деп, иншаллаху тағала!
56
57
ІІ.
1
Құдіретті бір хақ озық баршадан,
Мадақ, мақтау, құрмет лайық бір соған!
Ақ, зүлжалал
10
, ұлылықтың иесі,
Жаратушы, кемел қадір-киесі.
Əзірлеген жер-көк, жұрттың иесі,
Же жадырап, ризығыңды тиесі.
Көпке есепсіз ризық беріп, сақтайды ол,
Тойындырып бəрін, өзі татпайды ол.
5
Тірі жанды ешқашан аш қалдырмас,
Жеп-ішкізер, өзегін еш талдырмас.
Не тілесе — барлығына жетеді,
Кім-кімді де, қаласа ұлық етеді.
Сəлем, пейіл расулға таңдаулы,
Достарына ықтиярым ауған-ды.
Мұһаммед — елші, халайықтың басы ол,
Барлығының көзі менен қасы
11
ол.
Əзіз кітап — бұл ұлылық негізі,
Біліктіге болғай білім теңізі!
10 Құт білікпен безенген бұл, жамағат.
Шүкір қылып ал да, тіле қанағат.
Күллі дана сөзі түгел сүзілген,
Інжу-маржан тізбегіндей түзілген!
Шыңғыс ханы, Машындардың бектері,
Даналары жердің, асыл тектері.
Бұл кітапты баршасы алып хаттаған,
Қазынасының ішіне ерек сақтаған.
Бір-біріне мирас қылып қалдырған,
Басқаларға бермей, жеке алдырған.
15
Зияны жоқ, көп пайда, нұр-арайы,
Мəнін ұқпас түркілердің талайы.
Тыңдағанға — ұғынықты, қадірлі,
Жазбасы — ауыр, надандарға кəдімгі!
Кітап сөзі қолдан демеп, көзді ашар,
Екі дүние ісін бірдей оңдасар.
Машын-Шынның хакімдері жарысып;
Мадақтасты таң-тамаша қалысып.
Шығыс елі, күллі түркі ішінде,
Дүниеде — кітап жоқ бұл пішінде.
20
Кітап құнын білсе, білер білікті,
Ақылсыз жан нені сезіп, біліпті!?
Берме кітап кісілерге кез келген,
Сену қиын, дос та болса көз көрген.
Білімсіздер қасиетін біле алмас,
Ақылдылар оқып, көзін бір алмас.
Бұғра хан тұсында бұл жасалды,
Хан тілінде айтылды һəм таралды.
Бұрын-соңды мұндай кітап жазған кім,
Енді асырып, келістіріп жазар кім?!
25
Кім бар, қане, жазып бере алушы,
Мадақтайын шықса, егерде, жазушы.
* * *
Əр ұлыста, орда, сарай, шаһарда,
Жаңа атпен, кітап түрлі ат алған.
Əр елдің бек даналары көріпті,
Ел рəсіміне бейім жаңа ат беріпті.
«Əдəбіл Мүлік» деп атапты шынлықтар,
«Əнисул Мəмəлік»
12
деп атапты машынлықтар.
Мұны ұлықтар күллі Шығыс елінде,
«Зийнатүл үмəрə» деп таратқан, тегінде.
30
Ирандықтар «Шахнама» деп қараған,
Турандықтар «Құт білімі» санаған.
58
59
Ат қойғанмен бұрып əр ел тіліне,
Жақын күллі адамзаттың діліне!
Жəне ат беріп, қосқан сөздің шырайын,
Ізгі құлын жарылқасын құдайым!
Ай, кітапты қабыл алып қарарсың,
Түркі тілі ғажабына қанарсың.
Оқып қара, кітап ұнар баршаға,
Көп шаһарға қол жеткізер патша да.
(Кітап күллі кісіге ақыл береді,
Шахтар оқып, артар құрмет, беделі!)
35. Ел, мүлікті
13
тұтушы кім? Əкім кім?
Не оған керек? Айтқан ойлы хакімдер.
Мəліктердің
14
құралы, елін сақтауы,
Əмірліктің тəртібі мен шарттары.
Неден мүлкің
15
күйреп, бақи болмағы?
Неден билік кетіп, қолда қалмағы?
Қандай болмақ күллі əскер, қолдары,
Тұратын жер, қандай жорық жолдары?
Тəртіп-жөні бұл кітапта қадап-ақ,
Сипатталған, ұғындырған саралап.
40.
Жəне елді берік ұстар кісіге,
Бұйырады ел басқару ісі де.
Оңтайлы адам керек бұған, ойлы адам,
Айдай ашық, шырағдандай жайнаған.
Патшаларда қалың халық қақы бар,
Ал халықта патшалардың қақы бар.
Қара халық күзетсін де патшасын,
Патша елінің жан мен тəнін сақтасын.
Ұрысқа енген патша қандай болмағын,
Түзуді ұрыс үстінде əскер-қолдарын...
45.
Айтады, көр, қандай айла тұтуды,
Жау шерігін қалай бұзып, ұтуды.
Қалай істеу керек мəлік жұмысты,
Түзу жолға салу керек ұлысты.
Ондай ханы болса, халқы сүйінер,
Жүзін көрсем деп талайлар иілер.
Құты барға қызмет бер, жанастыр,
Бəзбіреуді қу, қақпаңнан əрі асыр.
Жақын ұста сені жақын тұтқанды,
Құтсыз деп қу, жауыз шектен шыққанды...
50. Саясаттың басын шауып алмаққа,
Парасатқа көңіл беріп бармаққа,
Білікті, есті ерлер керек ержүрек,
Қазына керек тарататын елге ерек.
Таусылмаса қара халық тағаты,
Барлық істің ішіндегі — рахаты!
Біраз сөзді өсиет еттім, құнтта,
Дұға қылсаң, мені де ата, ұмытпа!
Байқап көргін: бұл кітапты берген ер —
Елдің басы, өнерімен өнген ер.
55. Ақылымен құрмет көріп, мақталып,
Рахатта өмір сүрді шаттанып.
Мейірлі, адал, бір Аллаға қараған,
Өзі сақи, білікті һəм таза жан.
«Құзорда»
16
елі оның тұрған мекені,
Түп-тегінен қызыл тілдің шешені!
Туған елден шығып барып, алыста,
Бұл кітабын жырмен жазып тауысқан.
Түгел жазып, жүйеге сап, тегінде,
Тамамдады жырмен Қашқар елінде.
60. Хандар ханы Тауғаш Қара Бұғра —
Хан алдында, құзырына оқыған.
Сыйлықты артық көп-көп берді, құрметтеп,
«Қалам хақы, ақылына — құрмет!» — деп.
60
61
Хас Хажыбтық атақ берді тағы да,
Мұны өзінің жақын тұтты жанына.
Сол мəні үшін қадірледі, байқағын,
Нағыз Жүсіп Хас Хажыб деп айтады.
Баяндар һəм кітап мəнін тізімдеп,
Төрт керемет қасиеттен түзілген:
65. Бірі оның шындық жолы — ƏДІЛЕТ,
Екіншісі — құт пен ырыс, ДƏУЛЕТ.
Үшіншісі — АҚЫЛ менен парасат,
Төртіншісі — ұстамдылық, ҚАНАҒАТ.
Əрбіріне басқа-басқа ат тағып,
Баяндайды қалатындай жатталып.
Əділдікті КҮНТУДЫ ЕЛІК атапты,
Өздеріне соны əмірші жасапты.
Ал дəулетті АЙТОЛДЫ деп санаған,
Уəзірлік орынды оған балаған.
70. ӨГДҮЛМІШ деп ат қойыпты ақылға,
Жалғыз ұлы ол уəзірдің қасында...
ОДҒҰРМЫШ деп аталыпты қанағат,
Уəзірге дейді жақын, жұрағат.
Бұл төрт нəрсе хиқыматын, сырларын,
Хатқа тізген, көрсең кітап жырларын.
Кітаптар көп арабша да, тəжікше,
Біздің тілде бұл жалғыз-ақ əзірше.
Тек білікті білер мұның құрметін,
Ақылды ұғар ақыл-ойдың қымбатын.
(Тек білікті білер мұның түйінін,
Ақылды ұғар шын ақылдың қиынын.)
75. Біл, түркіше жырмен жазып арнадым,
Дұға қылсаң, мені ұмытып қалмағын.
Мен жаһаннан өтем, естіп, қанғайсың,
Көзіңді ашып, көп ғибрат алғайсың.
Иллəха, сен жарылқағын, аңғар да,
Ризық бер күллі момын жандарға!
Достарыңызбен бөлісу: |