(63-тарау). Ұзын жолдың бойына үй тікпе, тасыған арынды өзенге жақын
қонба, қамал қасынан алыс жүргін дейді (64-тарау). Бұлар əдет-нанымнан да,
əдеби шығармалардан да жақсы таныс түйіндер.
Қазір де халық эстетикасында тұрақты мағыналық баламалары берік
қалыптасқан, белгілі бір символдық мəні ежелден қанық «чақ», «көк»,
«қызыл», «қара», «жасыл» түстер бояу реңдеріне қарай қалыптасқан поэтика-
лық қызметіне орай (ақ құс, ақ сүт, қара зəңгі, қара түн, жер мыстай қызыл
болғанша, жердің жүзі қызарар... т.б.) жиі қолданылады. Осының бəрінің де
халық санасына берік сіңген негізгі мағынасына қосарлы символдық мəні,
семантикалық астары бар. Мəселен, ақ пен қара күні бүгінге дейін екі түрлі
мағынаның баламасы. Қазіргі əдеби тілімізде тұрақты тіркестерге айналып
жеткен «ұйқы — өлім», «ұйқы — ғафылдық» (5267), «асыққан шайтан ісі»
(5218), «немене ексең, ертең соның өнеді» (4733) секілді баламалар да дастан
беттерінен жиі көзге түседі. Аю, түлкі, бөрі, қозы, арыстан т.б. хайуанаттар
жаратылысының ерекшеліктерін адамның əр түрлі мінез-құлық бітімін таң-
балайтын баламалар ретінде сипаттап қолдану да дастанның поэтиканың
тарихилығына қатысты соны мысалдар. Күлтегіннің үлкен жазуындағы
«Əкем қағанның əскері бөрідей болыпты, жаулары қойдай болыпты» дейтін
теңеулерін еске түсіретін дастандағы:
1040.
Құт дарыды, өсті халық өрісі,
Бірге жусап, өрді қозы, бөрісі.
449.
Тəртіп орнап жұрт байыды, білісті,
Бөрі мен қой бірге тұрып су ішті.
2310.
Қарысқанда — керек ірбіз білегі,
Жауласқанда — арыстанның жүрегі.
Доңыздай доң, аш бөрідей азулы,
Ызалы аюдай, дəл қодастай ашулы.
Аяр болса қызыл түлкі секілді,
Кекшіл болса хас бурадай кесірлі, —
секілді бəйіттер дала поэзиясының малсақ қауым түйсігіне жақын зерлерін
білдірсе;
1218.
Сабаз ердің сөзін ұқ та, біле бер:
«Сабыр етсең — бұзылған іс түзелер!
Сабырлы ер өз тілегін табады,
Сабырлы аушы, шыдаса ақ құс алады!» —
деп, адамшылық, қайсарлық, табандылық, сабыр, кісілік сияқты қасиеттердің
пайдасын зердеге жеткізеді.
«Құтадғу біліг», бір жағынан, ақылнама өсиет сөз. Өмірдің өз табиғатынан,
тұрмыс толғамдарынан туған даналық. Сол ақыл сөз, тағылымды толғаныстар
уақыт өте келе түрленіп, құбылып, мақал-мəтелдерге, нақыл, қанатты тіркес-
терге айналған. Он ғасыр бойына мəйегін сақтап, сүйегін бұзбай, қазіргі қазақ
тілінің шұрайына айналу үрдісі айтуға ғана жеңіл түрлену (трансформация).
Оның үстіне, «Құтадғу білігтегі» қанатты сөздердің бəрін бірдей автордың
ғана төлтумасы дей қою да қиын. Бүкіл бітімімен, поэтикалық айшықтарымен
сол замандағы түркі жұртының тіл байлығынан алынғаны да баршылық. Бұл
пікірімізді М.Қашқаридың сөзімен өрбіткен дəйекті болар деймін. Ол атақты
сөздігінде: «Мен ең бір қызыл сөзге жүйрік түркілердің бірімін, бəрінен жақсы
түсінісемін, бəрінен жақсы түсінемін, тегімнен ең бір жауынгер, өжетпін, ең
бір озығымын, — дей отырып, — түркілердің күллі шаһарларын да, сахараларын
да бастан-аяқ аралап шықтым. Түркілердің түркімен, оғыз, шығыл, йағма,
қырғыздардың сөздерін анықтап шығып, олардан үйрендім, пайдаландым.
Сонымен, олардың əрбірінің тілі менің діліме етене жақсы үйреністі. Мен оларды
мұқият реттеп, əбден тəртіпке салып шықтым. ...Əрі бітпес-түгесілмес бір байлық
болып қалсын деп, ұлы тəңіріге сыйынып, бұл кітапты түзіп шықтым да, оған
«Диуани лұғат-ит-əлтүрки» — «Түркі тілдер диуаны» деп ат қойдым»
*
, — деп
жазады. Тіл біліміне, тіл ұстартуға сол кезден-ақ терең мəн берілгендігі Махмұт
Қашқари сөзінен де көрініп тұр. Осыншама саралап талдауға қарағанда, Жүсіп
Баласағұнда айтылатын «хан тілінде» («хақан тілінде») деген тіркеске назар
аударсақ, жалпы түркі қауымына ортақ мемлекеттік тіл деген ұғым болуы да
əбден мүмкін. Оны сол кезеңдегі үзеңгілес, қанаттас шығармалар тілі арқылы
дəлелдеу қиынға түспейді. Иə, бұл болжамның табиғаты бөлек, өзге бір əңгіме
желісінің тақырыбы. Ал дастандағы қанатты сөздердің бүгінге жету жолын,
түрлену үрдісінің көріністерін шартты түрде мынадай ыңғайда жіктеп қарадық:
1) Жұмырланып, жетіліп тілдің поэтикалық ерекшеліктерімен ұшқыр-
ланып мақал-мəтелге, шешендік сөзге, қанатты сөзге, өнегелік шағын шу мақ,
жырларға айналып, халық санасына, əдебиетіне шығармашылықпен сіңу
арқылы жеткен толғамдар; Мыс.: «Шайтан ісі — абдыраған, асыққан, Асық-
қан іс ығын бермей жасытқан» (5217). — «Асыққан — шайтанның ісі» (қазақ