«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет8/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   161
Н.Веселовский, Б.Бреслин т.б.) жинастырып, жариялатқан халық əдебиетінің 
інжу-маржандары да негізінен аталған əдеби-ағартушылық бағыттағы мұралар 
екені белгілі. Замана «судан ылай болып» (Əбубəкір К.) бұзылып, адам құлқы 
азып, тоғышарлық толқыны қатты соққанын толғаған кітаптар ХХ ғ. басына 
дейінгі жарық көрген басылымдардың да қатарында көп кездеседі
*

Олар да бірде оқу, білім, бірде əлеуметтік əділдік мəселелерімен, адам-
гершілік идеяларды жырлау өрнегімен, тіл өрнегімен дастанның мазмұн, біті-
мімен шарпысып қалып отырады. Уақыт, заман, қоғам тынысы осылардың 
қай-қайсысында да қанық түскен.
Сондай-ақ, ХV—ХХ ғасырлар арасындағы қазақ əдебиетінің мұраларына ой 
жүгіртсек, басқа мəселелермен бірге жоталанып көрінетін ғибраттық, насихаттық 
сарындар өзгеше бір бөлек арна жалғастырып жатыр. Ақылды кісі, жақсы адам, 
жақсы ат, жақсы жар, жақсы ана, адал дос, жетелі бала, жақсы хан, даналық... 
Осыларға қарама-қарсы — надандық, зұлымдық, аярлық, зинақорлық, пасықтық, 
ақымақ дос, ақылды жау т.с.с. «Құтадғу біліг» дастанында да ойды толымды 
мəнерлеудің бір тəсілінің табиғаты да осындай типтік айырмашылықтарға 
(контрастарға) негізделген. Қазақ əдебиетінің ежелгі дəуірлерінен кеңінен 
таныс насихат, дидактикалық, өсиет сарындарының жанрлық бірегей сипат-
тарға ұласуы өзінше бір даму өзегі. Бұл тұрғыда М.Сералин, Ақмолла, 
Ыбырай Алтынсарин, тағы басқа ондаған ақын-жыраулардың өлмес мұралары
осы дəстүрлі арнада жарқырай көрініп, тарихи мəн-мағынасы бұрынғыдан да 
тереңдей түседі. 
Ұлы Абай өлеңдеріндегі үндес өрнектерді атамағанның өзінде, 
қарасөздеріндегі философиялық тамырластық қандай! Дүниенің арғы-бергісін 
ой көзімен саралап-салмақтаған Абай ата да құттың кілтін бір түйінге тірейді. 
Ол — адамның өзі.. Ниет-құлқы, білімі, еңбегі, адалдығы... Арсыз, надан, 
жалқауларға жаны күйген Абай да, Баласағұндай, тығырықтан жол іздеп, 
құтты қоғам, ізгілікті қоғам жолын аңсайды. Баласағұн мен Абай арасындағы 
үндестік тақырыптық, поэтикалық үндестік қана емес, ең бастысы рухани 
үндестік, дүниетаным табиғатының тектестігі. Философиялық-эстетикалық 
көзқарас, танымдық мектеп тұтастығы. Бұған қос ғұламаның қоғам, адам, 
ел жөніндегі əр қырынан айтылған ойлары дəлел. Абай өзінің өлеңдеріндегі 
толғамдарына қара сөздерінде қайта бір оралып, пысықтап талдап, түсіндіріп 
отырғандай əсерде қаласыз. Қарасөздегі терең тебіреністері өлеңінде шымыр 
да ұшқырлық қасиетке ие бола бастайды. Абай дүниетанымы тұтастай 
Сократ, Фараби, Баласағұндардың заманауи ойларына жетелейді. Фараби, 
Баласағұн, Абай дүниетанымы мен эстетикалық құнарының күретамыры 
Сократ, Платон, Цезарь, Аристотель секілді əлемдік алыптар қиялымен қанат-
тасып, қатар соғатындай. Сондықтан да Абай — Баласағұн əлемі ілім, таным 
дүниесінің туысқандығынан туған. Баласағұн мен Абай эстетикалық əлемінің
**Егеубаев А. Идейно-художественное влияние поэмы «Кутадгу билиг» Юсуфа 
Баласагунского (ХІ в.) на развитие казахской литературы (вопросы традиции, поэтики и 
перевода). — Автореферат канд. дисс. Алматы, 1989. Стр. 14—17.


 24
25
тамырластығының мынадай төрт сипатын даралап көрсетуге болар еді. 
Біріншіден, дүниетаным, эстетикалық көзқарас, адамгершілік мұрат бірлігі
екіншіден, қоғамдық-əлеуметтік мəселелерді, заман тынысын нақты сезіну; 
көркемдік танымда реалистік-рационалдық қасиеттерге жүгіну; үшіншіден, 
тақырып тамырластығы, ой толғап отырған жайлардың ортақтығы; төртін-
шіден, поэтикалық табиғатының үндестігі (ойшылдық, суреткерлік қисын, 
шешендік, афоризм, нақыл... жалпы поэтика табиғатындағы жақындық).
Əл-Фараби — ІХ—Х ғасырлардағы өркениеттің алып шыңы. 
Жүсіп Баласағұн — Х—ХІ ғасырдағы көркемдік-эстетикалық дүниенің
жұлдызды биігі. 
Абай — ХІХ—ХХ ғасырлардағы қазақ халқының көркемдік таным дүние-
сінің асқар биігі, дəстүр егесі.
Қазақ жырауларының кемелді кезеңі — бес ғасыр жырлары осынау ұлы 
тұлғалардың иығында тұрған дала бұлбұлдарының сұлу саздарындай өнердің 
кереметтей толысқан, көркемдік жағынан да, ойшылдық жағынан да түу 
биікке самғап шығып, күрделі де қатпарлы əсемдік дүниесін түзген, рухани
марқайған дəуірінің белесі. Бес ғасыр жырауларының шығармаларынан да 
өлең құрылымы, ұйқас түзілімі, мазмұн үндестігі, ой сарындастығы, поэти-
калық рухы жағынан «Құтты білікке» қабысып түсіп отыратын тұстарды 
тым көп ұшыратамыз. Бір ғана əйел затына қатысты, болмаса адамның өмір 
кезеңдерін қамтитын кəрілік пен жастықтың қадірін түсіндіре отырып, өмірдің 
мəнін білдіретін жас шамасына қатысты жырлардың өзі-ақ сонау Күлтегін 
жазбаларынан бастап бірнеше ғасырлық кезең тынысын сезіндіреді.
Жүсіп Баласағұн:
Алпысты ассаң — шілденің аптабынан
Аттадым де қысқы аяз қақпанына.
Елу отыз жиғанды кері алады,
Алпыс қолын тигізсе, нең қалады? —
десе, Күлтегіннің үлкен жазуында: 
Əкем қаған өлгенле
Інім Күлтегін жеті жаста қалды.
Ұмай текті шешем — қатынның бағына,
Он жасында інім Күлтегін Ер атағын алды.
Он алты жасқа...
Ол жиырма бір жасқа (келгенде)
чача Сенгүнмен шайқастық...
...
Күлтегін жиырма алты жасқа келгенде...
...Күлтегіннің жиырма жеті жасында...
...Күлтегін сол соғыста,
Отыз жаста еді...
деген сияқты жыр тармақтарын оқимыз. Адамның жас шамасына, өмір кезең-
деріне қатысты мұндай ойлар руна жазбаларында да, «Құтты білікте» де əр түрлі 
поэтикалық реңде, əлденеше кездеседі. Бұқар жырау, Шал ақын, Сүйінбай, 
Ақан сері, Əріп т. б. ақын-жыраулар бұл тақырыпты сан қырынан тереңдетіп 
əкетеді. Бұл дəстүрлі тақырып бастауы тағы да Орхон, Енисей жазбаларының 
жұмбағы көп жылдарында жатыр. Қаған, батырлардың жасын, сол жастарына 
қарай кезіндегі ерліктерін хиқаялайтын жолдарды еске түсіріп көріңіз... Бұл 
сол бір қаһармандық жырлардан өсіп-өнген, кейін жыр, дастандарда міндетті 
түрде болуға тиісті шартты қисынға айналып кеткен сипаттар секілді. Адамды, 
жастықты («Дəл он жеті жасында, кəмшəт бөркі басында» дегендей) былай 
қойғанда, қазақ мал екеш малдың өзін жас шамасына қарай атап түстейді. Осы 
сияқты ана, жар, жаман əйел мен жақсы əйел туралы толғамдар да «Құтты 
біліктен» (62-тарау) ХІХ—ХХ ғасырлардағы қазақ ақындарына дейін 
жалғасқан тақырып арнасы.
«Құтты білік» дастанының ғасырлар сынынан өткен, заманалар бойы мəнін 
жоғалтпай жеткен түрлі əдеби, тарихи, этникалық, философиялық, көркемдік 
заңдылықтары өзінше бір əлем. Олардың барлығын мысалдармен тізбелемей-
ақ, əдеби шығарма тұрғысынан алғандағы кейбір сипаттарын шартты түрде 
жүйелеп атаса да еркін аңғарылады. 
«Құтадғу біліг»: 
а) түркі тіліндегі сөз өнерінің, ой өнерінің сөлін бойына жиған, бірегей 
бітімді поэзия шығармасы; 
ə) дастанның бүкіл мазмұны ел бірлігін сақтап, елді құтайтуға, қорғауға, өнер, 
ғылым, білімді дамытуға шақырады. Кісілікті қорлауға, орынсыз қан төгіске, 
əлеуметтік əділетсіздікке жаны қас ақынның дүниенің қызығы, құты — білім, 
ақылда, адамшылықта деген мүддесін биік көтерген толғаныс; 
б) насихат, ғақлия саздары айқын, елдік, мемлекеттік құрылысты егжей-
тегжейлі түсіндірген тариқат;
в) адам баласының отбасы бақытына, тұрмыс қызығына (бала тəрбиесі, туыс-
қандық қарым-қатынас, отбасы, ана, жар, адамшылық) терең мағына қосқан 
тебіреніс; 
г) заманның, уақыттың озмыштығына ойшылдықпен мəн берген, дүниенің
асыл мəнін байсалды түсіндірген ақылман дастан. 
Жүсіп Хас Қажыб əдебиетте əділетті, ырысты елдің, құтты мемлекеттің 
үлгісін жасаған. Өз өмірі, күйініш-сүйініші жайлы, өмірдегі өкініші, кəрілік 
пен жастық жайлы, халықтың салт-дəстүріндегі ерекшеліктерді (түс жору, 
жоқтау) де, тұрмыс ерекшеліктерін (көшпенділер, аңшылар өмірі мен тұрмыс-
тық белгілерін, мінез-құлық, тұрмыс тіршілігін білдіретін штрихтар) де 
астастыра отырып, өзі тамаша білетін түркі фольклорының маржандарын 
таланттылықпен сіңіре өрбітіп, өз дəуірінің барынша кемел суреттерін түсір-
ген. Экспрессивті, эмоционалдық əсері күшті риторикалық, сұрақ-жауап
үлгісі ауқымды дидактикалық дастанды ширатып, тілге жеңіл, жүрекке жақын 
оралымды мəнерге жеткізген. Дастанның бірнеше тарауы ұйқас жағынан да,
өлшем жағынан да классикалық қазақ поэзиясында бертінге дейін кездесетін 
(Бұқар жырау, Жанақ, Шөже, Мəделі, Алмажан, Сүйінбай, Кемпірбай т.б.), əлі 
де ұшырасып қалатын бір бітімде шыққан. Алғашқы шумақ он бір буынды 
қара өлең үлгісі, одан былайғысы аттамалы ұйқаспен (ааба -əа-ва-га-да...) 
жазылады. Осы үлгі Абайда да, Сұлтанмахмұт, Ақан серіде де кездеседі. 
Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Қақтаған ақ күмістей кең 
маңдайлы», «Қыран бүркіт не алмайды салса баптап...», «Базарға қарап тұрсаң 
əркім барар...» деген өлеңдері құрылымы жағынан нақ сондай өлең бітіміндегі 
классикалық дүниелер.
Дастан мен қазақтың классикалық əдебиеті үлгілеріндегі үндестік, образ 
жасап, ой түзу тəсілдерінің бірлігі, қайсыбір тұстардағы өлең құрылысы мен 


 26
27
ұйқас шарттарының да егіздің сыңарындай ұқсас шығып отыратындығы 
ақынның қазақ даласынан, Шу бойында туып-өскендігінен ғана емес, тіл, 
ой өнерінің терең тамырлы даму заңдылығының көрінісі. Өлең түрі, өлең 
құрылымы сирек құбылатын, аса жиі өзгеріске түсе бермейтін тілдің өзіне 
ғана тəн қасиеттерінен нəр алып, ұзаққа бастайтын тұрақты категория. Яғни 
шығарманың туу алғышарттарын қалыптастыратын, авторын толыстырып, 
іштей дайындайтын қасиет — ең əуелі өскен орта, географиялық, мəдени-əлеу-
меттік кеңістік. Эстетикалық мектеп, халықтың рухани əлемі.
Өлеңмен жазылған бұл философиялық трактаттың жанрлық ерекшелігі, 
поэтикасы автордың ақындық талантын, үздік дарыны мен білімділігін де, 
сол кездегі жазу өнерінің қаншалықты дəрежеде дамығанын да көрсетеді. 
Əуелі екі кіріспеде ақын жаратқанға шүкіршілік етіп, кітаптың жалпы мəнімен 
таныстырып өтеді. Кіріспенің өлеңмен жазылған нұсқасы текске үндес, 
жақын. Соңғы тарауларда Жүсіп Қас Хажыб өмірдің өтпелілігін, заманның 
опасыздығын, достардың жафасын айтып, өзінің кемшілік күнəларына күйініп 
күңіренеді, кейінгілерге өсиет сөздерін қалдырады. Оқиға өрбуі жоққа тəн, 
соншалықты көлемді дастан композициялық жағынан шымыр, ұтқыр. Поэма 
көлемі сексен бес тарау, яғни кіріспе түйінсіз таза тексі 6645 егізжол. Негізгі 
нұсқадағы бəйіттердің ұзын саны 6520. Қорытынды іспеттес үш тарау өзара 
үндесіп келеді де, негізгі текстен ұйқас , ырғақ, өлең құрылымы жағынан 
өзгешелеу шыққан.
Ақын ойларын сол кездегі астрономия, геометрия, математика, медицина, 
философия, тағы басқа ілімдер саласындағы мағлұматтарымен безендіріп 
отырады. Оларға қатысты тараулар да бар. Белгілі бір ойды айтқаннан кейін 
оны бір дананың, қарияның, не елбасының, не ғалымның сөздерін келтіріп 
дəлелдеп, түйіп тастайды. Кейіпкерлердің атының күн, ай сынды аспан дене-
леріне орайластырып қойылуының өзінде мəн бар. Бұл тəңіріні пір тұтқан 
түркі жұртының космологиялық наным-танымына қатысты есімдер. Түркі 
атауларымен қоса араб, парсы, иран есімдері де кездеседі. Күллі шығыс ел-
деріне мəлім Нұшырбан, Фаридун, Заххақ, Афрасиаб т. б. есімдер қазаққа да 
мағлұм. Бірақ бұлар өте аз қолданылған. Кейіпкерлерімен қоса бір рет те болса 
аталып қалатын адам аттарының ұзын саны отыз екі, ал соның жиырмасы
(ішінде Құраннан келтірілген де есімдер бар) араб-иран есімдері. Жер, ру, 
ел аттары аталады. Бірқатар ғұлама ғалымдардың, жиһанкез батырлардың, 
билеушілердің аттары ауызға алынады, немесе мифтер мен аңыздардағы 
кең тараған белгі-қасиеттері арқылы меңзеледі (4710—4718, 6547, 6548, 
6549, 6550 т. б. бəйіттерді қ.). Демек поэзия туындысы, иə философиялық 
туынды дегенмен, осындай нақты деректілік белгілері ғылыми, ақындық ой-
толғамның негізділігін күшейте түскен. Осы сипаттарының өзі-ақ өркендеген 
іргелі мəдениеттің, қалыптасқан жазба мəдениетінің мəуесі екендігінің 
дəлелі. Жалпы дастанның тексінде шамамен төрт жүздей ғана кірме (араб, 
парсы) сөздер кездесті. Араб, парсы тілдерінің синтаксистік түзіліміне бейім 
жолдар жоққа тəн. Мұны назар аудара санап, түстеп отырғанымыз «Құтадғу 
білігке» араб, парсы əдебиетінің, мəдениетінің ықпалы, əсері күшті деген 
кейбір ертеректе айтылған əр алуан пікірлердің негізсіз екенін білдіру ғана. 
Сондықтан да «хан тілі» десек те, «қарлық-қыпшақ», «оғыз-қыпшақ», «түркі 
тілі» десек те, «Құтты біліктің» қоспасы аз, таза түркі тіліндегі шығарма 
екендігі шүбəсіз. Жаратылыстану, математика ілімдеріне қатысты терминдер, 
ел-жер, кісі аттары да ерте орта ғасыр сипаттарын көзге тосады. Дидактикалық 
сарындағы ақылман дастанның жанрлық табиғаты тереңнен, əрідегі ғасырлар 
қойнауындағы өркениет топырағынан тамыр байлағанын атап айтқан жөн. Бұл 
ежелгі Мысыр еліне, үнді жұртына, араб, парсы («Саясатнаме», «Пəнднаме») 
əлеуметіне ежелден-ақ мəлім өсиет, даналық сөз түріндегі (дидактикалық) жанр. 
«Құтадғу біліг» жазылғаннан кейін, бес ғасырдай кезең өткенде еуропалықтар 
да еркін қолданған дидактикалық сарын. Ренессанс дəуірінде француздарда, 
немістерде, ағылшындарда да осы жанрда халықтық мəні терең туындылар 
дүниеге келді. Ежелгі славян жұртының «Златоструй», орыс халқының 
«Златоуст», «Домострой» секілді мұралары жанрлық ерекшелігі жағынан ең 
əуелі дидактикалық шығармалар. 
Шығарманың образдар жүйесі, көркемдігі жөнінде сөз еткенде қанатты, 
бейнелі сөздердің, мақал-мəтелдердің жиі ұшырасатынын айтудың артықшы-
лығы жоқ. Текстің кез келген жолдарынан афоризмге тəн ұшқырлық, 
қанатты сөзге тəн ұтымдылық көрініп-ақ тұрады. Кестелі сөз, көркем ой... 
Көркем ойдың төл тумасы көркем тіл. Троптардың басым көпшілігі ежелгі 
түркілердің нанымына, дəстүріне, көшпенді жұрттың тіршілік-санасына 
жақын ұғымдардан туындайды. Заман бояуларын қанық түсіреді. Бəйіттердің 
структуралық түзілім дері, ырғақ-сазы қанатты сөздерге, мақал-мəтелдің 
поэтикалық бітіміне іш тартып тұрады. Ішкі ұйқастар мен үндестік үйлесім, 
сөздің поэтикалық трансформациясы, жалпы ой үлгілерінің ұшқырлығы 
жəне қанатты сөздердің, шешендік сөздердің бітіміне, философиялық түйін-
деулеріне жақын, тұтасып келуі шығарманың тұтас стиліне, бейнелеу жүйесіне 
ерекшелік, белгілі бір поэтикалық тұтастық, заңдылық береді. Ұйқастары берік, 
теңеулері дəл де нақты. Бұл түркі өлеңінің тарихи қағидасы. Бұл ойларымыздың 
дəлелін кез келген бəйіттен-ақ көруге əбден болады. Мəселен:
180
Тоғұғлы өлүр көр қалыр белгүсүз,
Сөзүң езгү сөзлə өзүң өлгүсүз. 
(Бəйіттің аудармасын келтірмей, қазақ тілінің фонетикалық ерекшелігіне 
қарата жасаған транскрипциясын ұсындық).
Ішкі мағыналық қуаты қандай. Туған — өлер, белгісіз болып қалар, сөзіңді 
өзің өлмейтіндей жақсылап айт. Өмірдің өзіндей шынайы да қарапайым. 
Мақал, нақыл сөздер көбінесе ауыспалы келер шақпен айтылып, əр уақытқа да 
тəн əрекет, ой-тұжырымды білдіріп тұрады. Бəйіттерде баяндауыштар əмəнда 
бастауыштан кейін түсіп отырса да, ішкі үндестік тəртібіне қарай инверсияға 
түскен шумақтар да баршылық.
Поэма ассонанс, аллитерация, анафора, символика, эпифора, қала берді 
полиптотон сынды суреткерлік айшықтарға бай. Ақын ішкі ұйқасқа, ішкі үндес-
тікке жиі барады. Бəйіттің басындағы ассонанс, аллитерация ауық-ауық сөз 
арасындағы, сөз ішіндегі аллитерацияға ұласып кетеді. Кейде 187-бəйіттегідей:
Сеңə сөзлəдім мен сөзүм ай оқұл,
Сеңə берді бұ пəнд өзүм ай оқұл, —
алдыңғы, əрі соңғы сөздерді, бунақтарды тұтас, қаусыра ұйқастырады. Өлең 
техникасы аса жетік əрі еркін, барынша табиғи таланттылықпен түрлендіріледі. 
Алғашқы тармақтың соңғы сөздерін келесі тармақтың басында қайыра қай-


 28
29
талау арқылы поэтикалық экспрессия тудыру үлгісін де кездестірдік. (Мыс.: 
«190. Кісіден кісіге өсиет сөз ол, Өсиет сөзді ұстанса, жүз пайда ол»). Бұл үлгі 
қазіргі поэзияда да (М.Мақатаев, К.Салықов) кездесіп қалады. 
Аллегория, гипербола, контраст, лаконизм, символ секілді əдеби мəнердің 
кесімді классикалық үлгілеріне үндесетін ақындық өрнектер уақыт көшінде 
жасымай, тотығып күңгірт тартпай, сара алтындай сақталып жеткендігі өлең 
сөздің өлмейтіндігінің бір дəлеліндей.
Образды түзу əдістерінде де өзіндік ерекшеліктер басым. Көне дастан бір 
қарағанда қарапайым тілмен жазылғандай көрінгенімен, жалпы көркемдік 
əсері тегеуірінді, өзінше бір поэтикалық ойлау жүйесі көзге ұрып тұрған 
ескерткіш. Бейнелеп ойлап, бейнелеп сөйлеу, бейнелеп көру — эстетикалық 
талғам биігінің, терең де тебіреністі философиялық толғаныстың жемісі. 
Негізінен лаконизм кездессе де, бұл көргенді көргендей жеткізетін қарадүрсін 
көшірме емес, күрделі бейнелердің астасуынан туған поэтикалық сурет.
«Арыстан мінсең, қылышыңды қамшы қыл!» (2354), «Таяқты жауға темір 
қалқан дайында». Қарапайымдылығына да, көркемдік қуатына да күмəн жоқ.
Қарттық жайында: «Жебедей ем, иілдім садақтайын» (371), «Жас кезде у 
ішсем де шырын еді, У қылды ішкен асты бүгін енді» (370) деп, ойын сомдап 
түсірген. Сүйекті де суретті, ішкі жігерге (динамикаға) бай, бейнелі тіркестер 
тасқа түскен таңбадай санаға жазылып қалады: «Білімсізге төрден орын болса, 
көр: Төр — босаға, ал босаға болды төр!» (262), «Тіл — арыстан, есік баққан 
ашулы» (164), «Ақыл — бұйда, ере түссең жетелер» (159), «Сүйіктіңнің міні — 
басты қадірі» (532), «Надан, пасық сөзге өгіздей жайылар, Тойса, ыңқылдап 
жатып күйіс қайырар» (988), «Бұл тіршілік көрген түстей өтеді» (1132), «Адам 
білсең, үй түн түнеп түнерген, Ақыл шырақ жарық төгіп жіберген» (1840), 
«Білім деген шым бүркеген бір теңіз, Бұрқырар су аяқ басып жүрсеңіз» 
(2380). Мұндай мысалдарды əр беттен-ақ тізіп түсіру қиынға түспейді. Бұл 
бəйіттер поэзия шығармасының ғана зерлері емес, көркем ойлап, келістіріп 
сөйлеудің көрнекті үлгісі. Ел тұрмысы мен тарихи-мəдени танымының жанды 
көрінісі. Күрделі ойлар — жұрттың барлығына бірдей етене жақын түсінікті 
бейнелеулер. Бар болмысымен жүрекке шұғыл жетіп, санаға сіңіп қалатын 
толғамдар. Қылыш, қамшы, таяқ, қалқан, жебе, садақ, шырын, у, күл, төр, 
босаға, бұйда, өгіздей жайылып күйіс қайыру, шым тағы басқа сөздердің 
əрқайсысы сахара халқының ұғымында өз бояуымен, астарлы һəм тұрмыстық 
сан алуан мағыналарымен əсерлі поэтикалық ассоцация туғызады. Мəселен, 
«төр» мен «босаға» ұғымдары қазақ халқы үшін ұлан-ғайыр философиялық 
ойларға ұштасып кетеді. «Өгіздей жайылып, күйіс қайыру» малсақ халықтың 
миына жедел жететін сурет. Ақын шығарманың ең əуелі халыққа қажеттігін 
жақсы бағамдаған, сөйтіп елдің психологиялық ерекшеліктеріне, рухани-
эстетикалық тəжірибесіне иек артқан тəрізді. Халықтың жан дүниесіне жақын 
келіп, түсінісушіліктің өзінше бір психологиялық «кілтін» ұстаған. Керек 
жерінде градация, гипербола, гротеск, литота, ирония, сарказм сипаттарын 
астастыра, бірін бірімен күшейте қолданады. Күрделі шеберлік. Адамды түнек 
үйге теңеу, бұрын да, қазір де кездеспеген, кездесе бермейтін тапқырлық. 
Сондай-ақ дəстүрлі троптардан, дəстүрлі заңдылықтардан шығып, өзінше 
тың өрнектер түзуімен шығарманың көркемдік-эстетикалық құдіретін, 
өміршеңдігін күшейте түскен.
«Есізлік от ол от күйүіргəн болұр, Йолында кечік йоқ өтүлгəн болұр» (249) — 
«Жамандық от ол, от күйдірер болар...», «Көкіш тұрна көктə үнүн йаңқұлар, 
Тізілміш тэтір-тэг ұчар йалпұнар» (74) — «Көкіш тырна көкте үні саңқылдап, 
түйелердей тізіліп, желпініп ұшар», «Ай дүниə йамалы ұлұқлұққа көрк, Ай 
мүлкəтқа нұр ай йайық құтқа өрк» — «Ай — дүние жамалы, ұлықтықтың көркі, 
Мемлекетке — нұр, өткінші құтқа — тізгін», «Йақыз йер бақыр болмақынша 
қызыл» — «Қоңыр жер мыстай қызыл болғанша»... Жамандықты отқа, бəлеге, 
өртке балау, көктегі тырналардың түйелердің тізілген керуеніне ұқсауы, жердің 
мыстай қызаруы (яғни ақырзаман болғанша...) — бəрі де ақындық қиял мен 
өмірдегі табиғи құбылыс, заңдылықтардың ұштасуы, содан туған тірі суреттер. 
Əсіресе гипербола, кесек сөйлеп, ірі кескіндеу халық əдебиетіне, фольклорға 
өте-мөте тəн қасиеттер. «Құтты біліктегі» осындай кесек поэтикалық бейнелерді 
оқыған сайын тілге халық эпосындағы биік, кесек ақындық самғаулар да оралып 
отырады («Ер Тарғын», «Қобыланды», «Алпамыс» т.б. еске түсіріңіз). 
Əсірелеу, ірілендіру тəсілдерін тілге тиек еткенде, ашып айтатын 
ерекшелік — «Құтты білікте» орынсыз əсірелеу, өмір шындығынан алыс 
толғамдардың əсте кездесе бермейтіні. «Құтадғу біліг» поэзия туындысы 
болса да, реалистік қалыптарды қатаң сақтай алған, тіршілік диалек тика сына 
негізделген, мейілінше табиғи шыншыл шығарма. Əйгілі Шығыс жұлдыз-
дарында (Фирдоуси, Науаи, Низами, Хафиз...) кездесе беретін гиперболалық 
самғаулар Жүсіп Баласағұнда жоқ. Дастан — реалистік поэзия əрі филосо-
фиялық-эстетикалық трактат. Аталған ерекшелікті тек осы жанрлық сипатына 
қарай түсінген жөн. «Құтты біліктегі» ақындық əсірелеулер шектен шығып 
кетпейтін, байсалды да ішті, əдеттегі біз білетін фантастикалық, қала берді 
абстракциялық шарықтауларға мүлде қиыспайтын өзгеше бітімді зерлен-
дірулер. Бұл, бір жағынан, жоғарыда атап кеткен түркі өлеңінің төл табиғатынан 
да туындап жатыр.
Дастанның көркемдік қасиеттерінің ішінде күрделі троптармен қатар, 
лаконизмнің ( əсіресе қысқа да нұсқа қанатты сөздерге қатысты) де мол 
ұшырасатынын білдіре отыра, образдардың автологиялық жаратылысын да 
атап көрсетсек дейміз. Себебі дəуірі жағынан қалай дегенмен де тым əріде 
жатқан ежелгі түркі поэзиясының өзіндік ерекшеліктерінің да бірі — осы 
автологиялық сипаты. Яғни сөздердің тура мағынасында əрі өлең жанрының
көркемдік-эстетикалық қуатын жасытпай қолданылуы. «Құтты білікте» алуан 
қырлы көркемдік желілердің арасында айрықша басым көрінгені де əрі күшті, 
əсерлі шыққаны да осы автологиялық мəнер.
3377 Егер ұл-қыз ізгі, сүйкімді болса,
Тілегің де сондай болар.
Егер жаман болса, сені ұлытар,
Өзің өлсең, сені тез ұмытар.
Жаман атқа, қарғысқа қалдырар,
Сені сөгіп, жатың бас көтерер.
Ол ұл-қыз — жау, жау неге керек,
Жаусыз тірлік бəрінен ізгірек (жақсырақ).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет