«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет9/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   161
(Жолма-жол аударма)


 30
31
Арнайы телінген образ жоқ. Əр сөз өз мағынасында. Өлең шырайы сөздердің 
төл мағынасынан, ақындық қисыннан ұшқындап тұр. Төрт бəйітте басталуы, 
шарықтау нүктесі, түйіні бар бір ғана ой айтылған. Кішігірім сюжет шеңбері. 
Поэтикалық қуат, əсер — ой қозғалысында, сөз мағыналарының құбылуы мен 
контрасты қалтарыстарында. Таза поэзия. Ойдың, жан-дүниенің поэзиясы. 
Немесе:
2873 Ақылды кісіден кісілік келер,
Білікті — кісілер кісісі болар.
Небəрі үш-ақ сөз. Ақыл. Кісі. Білім. Айтпағы ұшан-теңіз. Тағлымы — мəң-
гілік. «Бұл дүние тұзды судан аумайды, Ішсең — тілің құрғап, шөлің қанбайды», 
«Құрғақ құмға ұқсас екен бұл адам, Дария құйсын тоймайды көз сұғанақ»,
«Кірді сумен жуады, Су кірлесе немен жуады», «Бекке қатер ауыз дан (астан ) 
болар, Аспазды ісін істегенде кім күзетер» деген жолдарды да ой өрнектілігі 
оздырып тұр. 
Риторика даналық жыр жанрына үйлесіп-ақ түсетіні анық байқалады. 
Табиғат лирикасының тамаша нұсқалары жаратылыстың өзіндей біртуар сұлу 
сезім суреттерімен баурайды. Жарқын жаз жайлы төртінші тарау, Күнтудыны 
сипаттайтын тараудың алғашқы бəйіттері (398—410), соңғы тараулардағы түс, 
жоқтау сарындары, өкініш тебіреністері ақындық шеберліктің шын биіктері! 
Ал мынадай поэзиялық жауһарлар мəңгі ескірмейтін жолдар:
Бұл кəрі жаһан құлқы жалған, байқасаң,
Қылығы — қыз (тəрізді), жасы ұзақ (кəрі)...
Бақсаң, құлқы қыз секілді, қылығы қылықты, сүйкімді,
Сүйіндірер (сүйдірер), ұстамаққа ұмсынсаң қолын бермес...
(Жолма-жол)
Жалған дүниенің ең бір дəл, ең бір ықшам мінездемесі шығар.
Бір ғана «ақыл» ұғымының өзіне біршама мағына сиғызады. Ақыл — шырақ, 
Ақыл — жан, Ақыл — көз, Ақыл — тірлік, Ақыл — сөз, Ақыл — кісен... т.с.с. 
Қаншама сипат берілген. Енді бірде дүниені аждаһаға теңеп «əзі өсіріп, əзі баптап, 
семіртер, əзі сорып, əлсіретіп жем етер!» (6389) дейді. Ақындық ой құбылысы. 
Сөйтіп, метологиялық, бейнелі тіл де Жүсіп Баласағұн туындысының өзіне ғана 
тəн көркемдік ерекшеліктерін құрайды.
«Құтты білік» сынды қазіргі қазақ тілімен, басқа да туысқан түркі тектес 
тілдермен табиғаты бір ежелгі дəуір шығармаларын барлық поэтикалық мəнін 
сақтап, мазмұны мен көркемдік қасиетін жасытпай аудару өзгеше күрделі, 
өзіндік қыры мол іс. Этнологиялық түрғыдағы тектестік, рухани туыстық, поэ-
тикалық тегінің бірлігі, көркемдік дүниетаным жалғастығы сөзден бастап тар-
мақ, шумаққа дейін жете мəн бере отырып жасалатын аудармадан гөрі қайта 
жаңғыртуға, реставрацияға көбірек келетін іс. Тектес тілдерден аударудың 
теориясы мен тəжірибесіне қатысты бұл мəселелер де жаңа кезеңдегі əдебиет-
танудың ендігі кезде жиірек айналысатын саласы болары сөзсіз. 
Ұлттың ұлылығы ұлықтығынан емес, ұлағатынан танылмақ. Ұлтымыз 
ұлықтарды аз көрген жоқ. Солардың бірі есте сақталмапты, ұлт жадында 
қалмапты. Қалыпты: ұлағатты ұлықтар қалыпты. Нағыз ұлығтар (бұл сөздің 
ежелгі бір тұлғасы осындай үлгімен жазылған) асылдың сынығындай хас 
ұлығтар қалыпты! Ұлағатты сөз, ұлы қасиеттер қалыпты! Ұлық ұғымының 
төркініне үңілсеңіз, ежелгі түркі жазбаларына жүгінсеңіз, оның ішінде
«Құтадғу біліг» беттеріне де көз жүгіртіп байқасаңыз — ұлы, биік, тұлға деген 
ұғымдар көкіректі кең жайлап шыға береді. Ондай сəтте «ұлық» деген бертінгі
тыртиған, тыраш сөз сол бір бітімі бөлек «ұлықлықтың», ұлылықтың біршама 
азған түріндей көрініп кетеді. Заман озғанда, сол заманның адамы да, сол 
адамның танымы да азбай қалсын ба!? Замананың азғаны — сананың азғаны. 
Кісіліктің кісі киіктеніп жерігені, қағынан безген киіктей қиыр жайлап шет 
қонып кеткені. Ол ең əуелі сол қасиетті ұғымдарды танып-бағалаудан, соларға 
көзқарастан аңғарылатын сияқты. Қызық құбылу: «ұлықты» ежелгі түркілер 
бəз мағынасында ұлы, биік деп түсінеді, біздің замандастар өзімізше «ұлық» деп 
біледі! «Құт» мəнін ежелгі түркілер білім, бақ-дəулет, жанның семіріп, сананың 
кемелденуі деп ұғады, біздің замандастар əдетте байлық, барлық, қарын тоқтық, 
қайғы жоқтық деген мағынада қолданады. Ал «ұлық» ұғымы атақты «Құтадғу 
біліг» дастанының кіріспе тарауында мынадай мағынада да кездеседі. «Бұл 
кітапты Баласағұнда туған бір сахаба, тақуа кісі жазған. Əммə бұл кітапты 
Қашқарда тамамдап, Машрық мəлігі Табғаш Бұғраханның Құзырына ұсынған. 
Мəлік оның еңбегін қадірлеп, жарылқап һəм ҰЛЫҚЛАП, Хас Қажыб деген 
атақ беріп ерекше ілтифат білдірген, сол үшін ол Жүсіп ұлы Хас Қажыб атанып, 
атақ-даңқы дүниеге жайылды». Ұлыны ұлыға балап, қастерлеген.
Ұлылық — ұлағатта. Ұлағатсыз ұл мұратқа жеткен бе, ұлағатсыз ел мұратқа 
жеткен бе?! Ұлағатсыз өркені өскен ұрпақ бар ма?!
Тағлымсыз — ұрпақ Тұл.
Тұлдың тұрқы — жетімдік.
Тұлдың құлқы — құлқындық.
Тұлдың жұрты — құлдық.
Халық көкірегінде көзі жоқ, көңілінде сергек сезігі (интуиция) жоқ пендені 
«көргенсіз» дейді. Көргенділік те сол тағлым, тəлім ұшқындары. Ежелгі мұра 
тағлымы, халықтың дəстүрлі эстетикасы кейінгіге даналық мектебіндей. 
Рухани жетімдік пен тағлымсыз тасырлықтың ауыр індеті — ілгерідегі тарихи
тағдырлардан тараған кісіліктің киелі тұғырларын түйсінбеу, сезінгенмен 
де селт етіп санадан сарғая сіңіре алмау болып тұрған мына заманда Жүсіп 
Баласағұн, Ахмет Жүгінеки, Ахмет Йасауи, Абай, Шоқан сынды алып тұлға-
лардың əр сөзі асыл, əр толғамы елдікке, кемелділікке бастайтын аталы арна. 
Санаға сіңбегеннің адамның тал бойына жарасып, мінез-құлқына дарымай-
тыны аян. Тұсыңдағы, тысыңдағы асыл заттың өзекжардысын өзгеден аршып 
танудың өзі де сол рухани түйсікке тікелей тəуелді. Бірінсіз бірінің күні 
қараң. Халық даналығының арналы дариясына жұлдыз болып құйылған түркі 
дүниесінің даналық эстетикасының əлібі мен танымы осы орайда ұлттың дəл 
бүгінгі күнгі арқа сүйер алтын босағасы іспетті. Ұлттық идеология дегенді 
жиі айта бастадық. Жөн-ақ. Бірақ идеология дегенге ет үйреніп алғандікі ме 
əлде басқалай себептерден бе, əйтеуір идеология хақында айтылған сөздер 
мен жазылған толғамдардан, жалпы жұртты жандандырмақ жиындардан 
кейде бəз-баяғы саяси сарындардың талансыз салқын лебі есіп тұрады. Əуелі 
осы идеология дегеннің өзін ағайындар не деп түсінеді екен деген ой келеді 
сонда. Идеологияның төркіні «идея» (франц.),«идеал» (грек.) болса, ҰЛТТЫҢ 
МҰРАТЫ емей немене?! Ұлт мұраты, ұлттың түпкі мақсаты, былайша айтқанда,


 32
33
іздеген иманы емей немене?! Мұрат бітімі ұлттың мінез-құлық, тəлім-тəрбие, 
таным түйсігінен бастап əл-ауқат, тұрмыс-тіршілік, ішкі-сыртқы қарым-
қатынас тарына дейін қамтып бір мүддеге, бір ниетке жұмылдырылған ұлттың 
тұтас келбетін кескіндемей ме?..
Ұлттық менталитет десіп жүрген танымдық ой-сана сарасы осыған сүйе-
ніп барып, жаңғырып, түлеп, жаңармас па? Осы ретте де, қазақ жұртының 
тектілігінің күретамырындай тегін диалектика өресімен бірге көне түркі 
мəдениетінен де іздейтініміз анық.
Ғаламдық түйсік-сезімге арна тоғыстырған ежелгі түркі жазбаларынан бастап 
Абай, Шоқан, Əуезовтерге дейінгі рухани таным дүниесінің самаладай самсаған 
құс жолы тарихтың талай тоспаларында аруақтай демеп өтері де күмəнсіз. 
Күнделікті күйбең тірліктің, іркіс-тіркіс сабылыс пен əлдеқандай алқыныстың 
жаратылысы сол бір жұлдызды жолдың көңіл көзіне іліну, ілінбеуіне байланысты 
да шығар. Ендігі табынатын пірің де, сүйенетін иең де сол бір үлкен мұратты,
қасиетті ұғымдар. Пірсіз пенденің күні күйкі, көңілі қараңғы. Əлі де болса 
баршаға мəлімденіп, тəлімделіп үлгірмеген «Құтадғу біліг», құтты білім — сол 
асыл арқау, арқалы ағыстың бір шоқтығы. Жылдар өткен сайын ордалы ойдың 
тереңіне тартып, даналық пен даралықтың өзгеше бітімін айғақтап тұрғандай 
қуатты иіріміне үйіріп тарта бермек. Осыдан он ғасыр бұрын хатқа түскен 
даналық толғамдар бүгін де солғындамай, еңсе көтеріп ел болсам деген үміттің 
отын маздата түскендей. Қазіргі Жетісу жерінде Х ғасырдың табалдырығында 
дүниеге келген ғұлама ақын, жаһангер ақылман, ойшыл Жүсіп Баласағұнның 
дүниетаным маржандары халықтың өз топырағында туған төл тебіреністері
болғандықтан та, иісі түркі елінің жан-дүниесіне жақын мұрағиятты мұра.
Халықтық туынды тағдыры да халық тағдырымен егіздің сыңарындай ұқсас 
болады екен-ау деген де ойға қаласың. Дастанның қолжазбасының əр елде, əр 
түрлі кітапханалар мен мұрағаттарда, шетте өткен көшпелі тағдыр тарихынан 
бастап, кейіпкерлерінің болмыс, бітіміне дейін айнымайды, халықтың рухани 
тағдырының баламасындай. Оның əр жолынан, ойларынан елдің елдік мінез-
бітімін, арман-мүддесін көргендейсің, тағдырынан елдің тағдыр-талайының 
сорабын аңғарғандайсың. Осыны «Құтадғу біліг» тағдыры мен тəлімі айғақтай 
түседі. Бір кереметі, құтты білімді қолына əлі ұстап үлгірмеген балғын-балауса 
буынның бойындағы ана сүтімен дарыған тағлым, адамшылық қасиеттер 
жүйе-жүйесінің, замандастар тірлігінде қағидаға айналған салт-дəстүр, кісі-
лік қарым-қатынас түзілімдерінің осы көне кітап беттерінен бедерленіп 
көрінетіндей. Халықтық сипатты даралайтын ерекшеліктер ме, даналық толғам, 
қанатты сөз, мəйекті мақал-мəтелдер ме?.. Түйдек-түйдек үлгі, түйін-түйін ой. 
Жатырқамайсың, жатсынбайсың... Жалтақсыз қауышып, жамырай сырласып, 
бірге қанаттанып, қомданасың. Қазіргі əдебиетімізде, ел-жұрт аузында, 
халық əдебиеті үлгілерінде тұнып тұрған терең философиялық толғамдардың 
бастауларын, халықтық таным-нанымның нəрлі өзектерін, мақал-мəтелдердің 
құнарлы топырағын танығанда эстетикалық түйсіктің табиғилығына, болмысты 
философиялық танудың құдіретті қуатына тəнті боласыз. 
Осынау түрік поэзиясының тұңғыш кітабын көне түркі поэзиясының поэ-
тикалық нышандарын кемел жеткізген ұлы жазу десе де болады. Түркі тектес 
халықтар поэзиясындағы бұл алтын желінің бір ұшығы сонау тəжік-парсы, 
бір ұшығы қырғыз, өзбек, ұйғыр, татар, ноғай тағы басқа ел мен ұлыстардың 
мəдениетіндегі көркемдік көкжиектермен ұласады. ХІ ғасырда Шу бойындағы
Баласағұн шаһарында жазылып, кейін кең дүниеге танылған ұлағатты əдеби 
ескерткішті кезінде дат, француз, венгр, австрия, неміс, түрік ғалымдарының 
тесіле зерттегені, кейбір тарауларын түрлі деңгейде аударғандары тегін 
де емес... Əсіресе бұл еңбек хақында неміс тілінде бірқатар құнды-құнды 
еңбектер, пікірлер бар. Венгр ғалымы Г.Вамбери де, көрнекті түркітанушы 
В.В.Радлов та кезінде (1870—1890 жылдары) əуелі неміс тіліне аударған.
Бірқатар батыс, шығыс ғалымдары біздің түркітанушылардан көп бұрын-ақ
«Құт дарытатын ілімнің» табиғатын түсінуге барын салған. Осылардың бəрі де 
Жүсіп Баласағұн дастанының адамзаттық, имандылық, кісілік рухын таныта 
түседі. Адамға тəннің бəрі маған да тəн, адамшылық қасиет адам баласының 
бəріне бірдей етене жақын деген түйін айқын аңғарылады.
«Құтадғу білігтің» əлеуметтік-қоғамдық, эстетикалық, поэтикалық бітімін 
даралайтын алуан сипатты өзгешеліктердің қатарында туындының тінінен 
тарайтын күрделі де, қабырғалы бір қасиеті оқшаулау көрінеді. Ол осы бір 
даналық дастанының өз заманындағы өркениеттік өзектердің жарқын белгі-
лерін бойына түбегейлі сіңіргендігі. Нақ осы сипаттары арқылы ежелгі 
түркі дүниетанымының өресін, түркі мəдениеті мен көркемдік танымының 
тынысын, жалпы адамзат тарихындағы жарты дүниені алып жатқан жұмбағы 
мол құбылыс ғаламының жаратылысын тереңдей таныта түседі. Түркі мəде-
ниетіндегі қырық қырлы дəстүр іздерін көзге тосады.
«Құтты білік» — бір сөзбен айтқанда, адамшылық мектебі. Бұл мектепте 
адам баласының басындағы ақыл-сезімнен ажалға дейінгі жақсылы-жаманды 
жай-жағдаяттардың сан қатпар қалтарыстары өлең өрнегіне түскен. Ақыл, 
санаға ақылмен ұялатқан. «Адамды адам түсінбеу бір ақырет!» — деп ХХ 
ғасырдың Мұқағалиы айтқандай, адамды адамға надандық емес, адамдық 
қана ұқтыра алмақ. 
Пенде мен пен денің пендешілігі емес, ХХІ ғасырдың табалдыры ғында 
таразы басында имандылық пен ұлт, жер тағдыры тербеліп тұрған сəтте, 
қайдағы бір күйкі тірліктің күйбеңін күйттеп кердеңдегендер мен арғы-бер-
гіні жанмен сезіп, ақылға қондыруға жанталасқандардың арасында қаралы 
қанды судай тағы да сол Надандық тұр. Он алтыншы жылдан да... сексен 
алтыншының желтоқсанынан да... отыз екі... отыз жетінші жылдардан да 
күңіренген қалың елдің қыр желкесінен осы Надандықтың үңірейген обыр 
көздері тұнжырайды. Балауса тəуелсіздіктің саумалынан бас айналған күнəсіз 
масаң заманның бір шалғайында тағы да сол Надандықтың, сыпайылап сипап 
айтсақ, қатып қалған тырысқақ тасмаңдайлықтың даурыққан, қарлыққан үні
естіледі. Жүсіп Баласағұнның ғұламалық дастаны Х ғасырдың өзінде осы 
кеселдің келбетін күңірене кестелеген:
199 
Білімді — аз, білімсіздер қаптаған,
Ақылсыз — көп, ақылдыны таптаған.
Білімсіздер білімдіге жау болды,
Надандардың аңсағаны дау болды.
Біліп сөйле, сөзіңде сөл, өң болсын,
Сөзің түпсіз қараңғыға көз болсын!
179 
Біліксіздер өзі нағыз басырдың,
Білім үйрен, надан, көзің ашылсын!


 34
35
Біліп сөйле.. Білмегенге білдіріп сөйле...
Білімнің құдіретін жанмен ұғып, санамен төгілген өкініштің ащы мұңы, кеш 
те болса керегіңе жарар, кесірленбей көзіңді аш дейтіндей... «Білімді мыңды 
жығар»... демей ме ел. Сірə, бұл мақалдың да нəрлі тамыры сол көне замандарда 
жатыр-ау. Дана халық, көкірегі сара халық надандыққа, тасырлыққа ежелден 
ақыл, білім, тілді, сезімді қарсы қойған. Ақылды арқа тұтқан. «Құтты біліктің» 
дəстүрі де осы дəстүр. Бұл өсиет кейін талай-талай ірілі-ұсақты шығармаларда 
желі жалғастырды, əрине.
6612 
Білікті бір ойдан, мұңнан арылмас,
Біліксіз құр ыржақтаудан жаңылмас.
6614 
Білік — кісен, білікті оймен алаңдар,
Ал біліксіз тұра шауып, алаңдар!
262 
Білімсізге төрден орын болса, көр:
Төр — босаға, ал босаға болды төр!
Орын тисе данаға есік көзінен,
Есік — биік, төр-тағыңның өзінен!
288 
Ақыл — шырақ, қара түнді ашатын,
Білім — жарық, нұрын саған шашатын.
Қандай десең, ақыл-ессіз түр-өңі,
Ақыл-ессіз кісі үлессіз жүреді!
Білім мен ақылдың адам баласына шапағатын көне дəуір ғұламасы түрлі-
түрлі реңмен, алуан-алуан астармен толғайды. Соның бəрінде бүгінде əр көкі-
ректегі салт-дəстүрден, əр шаңырақтың кісілік тəлімінен сіңген сындарлы 
сипаттар басым.
Тарих тəлімі... Парасат сабағы... Дастанның тəлімі бүгінгі замандасқа да 
тағлым. Ғасырлар бойына халықты кісілікке баулыған жазу шынында несімен 
қымбат? Несімен қызықтырады? Тағы да сол адамгершілік, имандылық 
дəстүрімен!... Ақиқатқа жығылған, əлеуметке адалдық дəстүрімен. Ежелгі 
дəуір ақынының əлеуметтік мұраттары қашанда əсерлі, ақиқаттың əз тіліндей 
ашық естіледі. Қоғамға, адамға зардап атаулыға ышқынған қарсылық, рухани 
жиреніштің күйінішті үні сол тілден төгіліп, көкіректерге жасындай жетеді. 
Ақын сан-салалы толғамды бəрінен бұрын əлеуметтік-моральдық күйзеліске 
əкеліп тірейді.:
6453 
Зұлымдардың қолы елді жайлады,
Момындардың қолын жоқтық байлады!
Маскүнемдер бетін жуған шарапқа,
Ер атанып, аты шықты алапқа!?
Зинақорды ерен десті, жаратты,
Сараң десті татпайтынды шарапты.
Адалдықты түгел арам таптады,
Арам ниет жердің жүзін қаптады.
Иə, ақын қасіреті — адам қасиетінің кеткені. Иə, ақын қасіреті — адам 
қасіреті. Ел үшін, ұрпақ үшін санасынан сарғайған ақын бұл ойларын сонау 
«қараңғы», «түнек», «ортағасырлық найсаптықтың» ортасында тұрып күңі-
рене айтқан еді... Айта тұрып, «Ащы айтты деп кінəлама ақынды, Ащы сөздің 
түбі балдай татымды», «Кірді сумен жуады, су кірлесе немен жуады?!» деп 
жұртына жан күйзелісін қоса сездірген-тін. Осы тұрғыдағы қисындарын «ел 
бұзылса — бек түзейді, елді бек түзеді, ал бек бұзылса, бек азса — кім түзейді» 
деген толғамдарына тоғыстырады. 
Иə, орта ғасыр күйігі...
Орта ғасыр...
Қазір ғалам маңдайын ХХІ ғасырдың кернеуі биік лебі үріп кетіп, үріп 
кетіп тұрған заман. Сол орта ғасыр күйігі ХХ ғасырда да талайды күңіренткен. 
Атышулы «тоқырау» төрінде тұрып та осы жолдарды оқып күйзеліп, осы жол-
дарды оқып іштей ширығып, іштей ширап еңсе түзеген. Сол орта ғасыр биігі 
ХХ ғасырда да биіктігінен таймаған. Биіктігімен дүниені үйіріп, биік тігімен 
сананы билеп тұр.
Жазбаға, ақындық куəге жүгінсек, ықылым заманғы трагедия ежелден іле-
сіп жүрген екен-ау. Түрік деген жұрттың күйігі қазақ деген ұлттың күйігіне 
ұласқан екен-ау, бабаның мұңы баланың басына көшкен екен-ау. 
Орхон-Енисей жырларын оқыңыз... Рухын сүйіңіз...
Жүсіп Баласағұнды оқыңыз... Жадыңызға түйіңіз...
Абайды оқыңыз... Күйігіне күйіңіз...
Шəкəрім қажыны...
Бұлар ұлт-халық ретіндегі жан дүниеміздің хатқа түскен күйзеліс-күйігі. 
Тұтас бір этнос трагедиясының тарихы. Ел болмақтың алды ең болмағанда
соны түсіну!
Жұртты жафа жеді, опа тоналды,
Сүйенерге лайық кісі жоғалды.
Байлық кімде — билік сонда. Құдірет те сол, білек те сол. Əрине, құдіретті 
білікке қолы жетпеген елде бұдан өзге соқпақ та жоқ өзі.
Діл қатайып, тіл мүлəйім боп алды,
Аты қалды, шындық өзі жоғалды. 
Атасына, көр, аталық етті ұлы,
Ұлы бек те, ал атасы бек құлы!..
Кедей, жетім, тұлды демер пенде жоқ,
Азды жаһан, таңырқайтын ер де жоқ!
Ұмытты ұл-қыз ата-анаға құрметті,
«Қария» аты ерді қорлау іспетті.
Заман сыңайын баққан үлкен тараудың ұшқындары ғана. Ежелгі əдебиет 
демесек, жұмыр басты пендені қай кезде де ойландыратын тебіреніс. Ақын өз 
заманының тілі мен діліне айналып кеткендей. ...Мұңымды айтсаң, мұңаярсың 
өзің де... ...Кісіліктің кісілігі кішілік ...Ақжарма сыр.
Дəуірдің ақынға, ақынның дəуірге ұласуы. Тұтас бір халық жанына айналуы. 
Ел болып ойлап, ел атынан тебіренуі. Жеке ақындық дарынға халықтың рухани 
дүниесі, халық даналығы қуат беріп, қанат бітірген. Сол ІХ—Х ғасырлардың 
өзінде-ақ халықтық пəлсапа, халықтық эстетика танымы жақсы мен жаман, 
ақ пен қараны ажыратып, шендестіріп отырған. Сол эстетика рухымен ойды 
сезімді тəрбиелеп, ұрпақты баулыған.
2660 
Тіл, жүрегің шырын болсын қайда да,
Сөз бен есті тектен-текке лайлама.


 36
37
2645 
Кім білікті, аты даңққа бөленер,
Кім өнерсіз, ат-атақсыз көнерер.
Көне мұра өнегесі: білімді, кісілікті кісі бол! Халықтық парасат-пайым, 
дəстүр, халықтық құлық деген ұғымға осы жерде баса назар аударған абзал. 
Үлкенге — құрмет, кішіге — ізет секілді күнделікті тұрмыс əдебінен бастап 
елдік деңгейдегі, мемлекеттік дəрежедегі моральдық қарым-қатынас əдебіне 
дейін «Құтты білікте» түзілген. Қанағат, сабыр, сезім-ақыл, кішіпейілділік 
тəрізді небір ізгі қасиеттердің əлеуметтік бітімін тани түсеміз. «Қастық қылма, 
арамдықты сайлама, Тый құлқыңды, жақсылық қыл қайда да!» (1315), «Сабыр 
етсең — бұзылған іс түзелер» (1318), «Сабыр соңы — салқын сая жаныңа» 
(1317)... т.т. Сабырлылық, ұстамдылық халықтық мінез-құлық ерекшелігі 
ретінде де мəлім. «Сабыр түбі сары алтын», «Сабырсыз қалар ұятқа»... деген 
əдеп-қағидалар ұрпақ құлағына ата-баба аузымен құйылып келген «шарт».
1324. 
Жұрт алдында аузыңды бақ, лепірме,
Кісі үйінде көз қадірін кетірме...
1327. 
Дос, туғаннан лебізіңді аяма,
Кіші, үлкенді жылы жүзбен аяла, —
дегендер де сол сияқты.
Классикалық шығармалар заман сыңайын, дəуір бедерін уақыт көшінің бір 
үзік сəтіндей хаттап кетеді. Тіршілік, тұрмыстың көркем өрнектері арқылы 
кезеңдік заңдылықтарды, диалектикалық типтік құбылыстарды тұтас көзге 
тосады. Дастан бəйіттерінде сараланған əлеуметтік топтардың бірегей портрет
-
тері, қоғамдық-əлеуметтік құбылыстардың өзекті өрнектері, сан қырлы психо-
логиялық кескіндеулер уақыт озса да тозбайтын, бояуы солғындамайтын 
таланттылықпен бедерленген суреттер екендігі күмəнсіз. Солардың бəрінің 
тұғырындай тұтас дəуір тұрқы туралы толғаныстары (қорытынды тараулар) 
көркемдік қуатымен де, ширыққан шиеленісті күйімен де, шыншылдығымен 
де бүкіл дастанның идеясын меңзейді. Тағы да заман азған, парықсыздық жай-
лап, надандық талаған тұста қайтіп ел болмақты күңірене күйзеле жырлаған. 
Ұлт мұраты, ұлттық қасиет дегеннің бір ұшығы осында жатыр.
Құтты ел құру үшін не істемек жөн, адам қандай, қоғам қандай болмағы 
лəзім, бəрін де жіпке тізгендей ақындық тілмен түгендеп шыққан Жүсіп көзі 
көріп, көкірегін өртеген заманның ащы шындығын ашына ақтарады. Ащы 
айтты деп кінəлама ақынды, ащы сөздің түбі балдай татымды дей отыра жан 
күйзелісін жасырмайды. Жүсіп Хас Қажыбтың ақындық мұң-зарын тарихқа 
жетік қазіргі оқырман да түсініп қабылдайтынына дүдəмалданбаймыз. Тура 
бастап, тік сөйлейтін ақиқатшыл арқалы талант осы бір түйінді тарауларда 
барынша серпіліп, ашыла да ашына түскендей.
6451 
Ай, білікті, бақсаң заман сыңайын,
Бəрі өзгерген, өзгерткен ел райын.
Біліктіге есе бермей қорлады,
Ақылдылар тілін ашпай сорлады!
Көбейді елде қорлаушы да, зорлар да,
Бас көтермес сорлы болды қорланған.
Адалдықтың аты қалды, көзі жоқ,
Қарақшы — арам, əттең, тоқтау, тезі жоқ!
Жаһан құлқы мүлдем бөлек болды, көр,
Кісі жаны тілден бөлек болды, көр! —
деп ғұлама заманның бар кейпін өлең жолына толық түсіріп кеткен. Сірə, қоғам, 
дəуір шындығын ешбір тарихи жылнама, шежіре, пəлсəпалық зерттеулер 
осын шалықты суретті, осыншалықты толымды жеткізе алмас. Жүсіп ел 
рухын жасытып, елдіктің іргесін күлдірететін əлжуаз тұстарды бұлтартпай 
нұсқаған. «Опа кетті, елді жафа жалмады, Сенетін бір кісілікті ер қалмады!», 
«Бауырынан бауыр безіп суысты, Жатбауыр боп сөкті туыс-туысты!»
«Құтадғу білігтің» осындай тұстарында тіл ұшына тағы да Орхон-Енисей 
жазуындағы ауыр күндер елесін суреттеген жыр жолдары келеді. Түркі жұртының 
толысып кемеліне келген тұсында «Ол кезде құлы — құлды болған еді, Күңі — 
күңді болған еді», — деп масаттанатын шабытты толғамдардың орнына:
Бек ұлдарың құл болды,
Пəк қыздарың күң болды! —
деп ашынып аһ ұрмаушы ма еді?! Ерлік жырлары емес, нағыз намыс жырлары! 
Соңындағы інілері қаған болған,
Ұлдары да қаған болды.
Соңындағы інісі ағасындай болмады,
Ұлдары əкесіндей болмады.
Біліксіз қағандар отырған екен,
Жалтақ қағандар отырған екен.
Əміршілері біліксіз екен,
Жалтақ болған екен.
......................................
Інілі-ағалының дауласқандығынан,
Бекті халқының жауласқандығынан,
Түркі халқы елдігін жойды,
Қағандығынан айырылды
*
.
Бұл Баласағұн дəуірінен де əрідегі, одан төрт-бес ғасыр ілгерідегі тарих. 
Құт дастанындағы орамдар болса Х—ХІ ғасырлар суреттері:
Кішіде — əдеп, қалмады ақыл ағада,
Сыйластық жоқ, бөктік дау-шар, жалаға!
Жақындықтың бəрі пұлға сатылды,
Адал адам таппай жаным ашынды!
Кетті əділдік сұм-аярлық арбады,
Құдайшылық сұрар кісі қалмады!
Ел ақшаның құлы болды, табынды:
Күміс кімде болса, соған жағынды!
Заманақыр келді, Жарғы бұзылды,
Жамандарды көріп, жақсы бұзылды!
Ақылды ұғар, біліктілер біледі,
Жыл, ай, күнмен заман түгел құбылды!
Ақырзамандай ауыр кездегі адамдардың құлқын да: «Саудагерлер аманатты 
ұмытты, Ұста өнеге, мұрагерін ұмытты!», «Білікті айтпай ақиқаттың ашығын, 
М. Жолдасбеков. Асыл арналар. Алматы: Жазушы, 1990. 47-бет.


 38
39
Ұят кетті, əйел беті ашылып!» — деп, жеке-жеке мінездеп, талдап айырып 
береді.
Қорытынды тараулардағы осынау əлеуметтік толғамдар 85 тарау бойы 
насихатталып, уағыздалып шыққан моральдық-этикалық тебіреністердің аста-
рын ақтарып, тəрбиелік мағынасын мүлде тереңдетіп жібереді.
Жақсы мінез-құлық, тəлім-тəрбие жөнінде небір даналық ойларын білдіріп, 
ізгілікке мезгегенде ақын адамның жеке тұлғасының сол бір аласапыран 
кезеңдерде əлеумет ортасында қаншалықты мəнді орын алатынын ескерсе 
керек. «Сүтпен сіңген сүйекпен кетеді» дейді қазақ. Осы мақалдың өзекті ойы 
бірнеше бəйітте ұшырасады. 
881 
Ақ сүтпенен бірге сіңген жақсылық,
Айнымайды алғанша ажал қапсырып.
Іште біткен қылық, парыз мойныңа,
Бірге кірер қара жердің қойнына! —
деген бəйіт те осы мақал ойымен жамырап табысқандай.
2580 
Таяқ — еттен, сөз сүйектен өтеді,
Сөз қалады, таяқ табы кетеді, —
десе де, тіл ұшына кəдімгі «Сөз сүйектен, таяқ еттен...» келеді. Күнтуды (Əділ 
хан) отырған күрзінің үш сирақты екендігін тілге тиек ете келіп, үш тағанды, 
үш сирақты нəрсенің қашан да берік, тиянақты болатындығын, қай жерге қойса 
да қолмен қойғандай қона кететіндігін түсіндіреді. Төрт аяқты нəрсе тақтайдай 
түзу жерде болмаса, аса орнықты емес. Үш сирақтың бірі қыңыр болса — бəрі 
қисық шығады, бірі құласа — бəрі құлайды дегенді тағы айтады.
800 
Міне, мені көргін, заңмын, əділмін,
Тұрқымды сен байқа, барла — бəрін біл.
Мен отырған күрзі мынау, төрімде,
Үш сирақты, көр де тоқы көңілге.
Үш тағанды нəрсе берік, мызғымас,
Үш аяғы тұрғанда ұстап, жылжымас!
Егер үштің бірі тайса, жетеді,
Қалған екеу өзі-ақ ұшып кетеді.
Үш сирақты нып-нық, түзу тұрады,
Төртеу болса, бірі қыңыр шығады.
805 
Бірі түзу болса — түзу бəрі де,
Бəрі түзу болса — түзу мəні де.
Бір қыңырдан — бəрі қисық шығады,
Бар қисықтан — əмəн қырсық туады.
Қай тұғыр да қисық болса, тұра алмас,
Түзу нəрсе — орнықты, ешкім жыға алмас.
Осы үш тұғыр туралы ойды ел бірлігі, елді басқару жөніне қарай реті 
келгенде əрі қарай тереңдете түседі.
Бірі — дана, ғалымдар, зейінділер,
Бірі — хатшы, білсін дер кейінгілер.
Үшіншісі — жүректі ер, батырларың,
Жау десе, жайдай жайпар жасындарың.
Бұл үш түрлі ер бір жеңнен қол шығарса,
Қалған жұртты үйіріп, қоңсыға алса...
деп, елге бас-көз болар бектердің үш түрін, тобын түсіндіреді. Үшеуінің пай-
дасын, қызметін саралайды. Мемлекеттік жүйені танытатын желі. Ал мына
жолдардың мағынасы аса айқын:
Ішпек-жемек — əуелгісі бұлардың
Қатын алмақ — бірі рахат-құмардың.
Үшіншісі — тəн саулығың, тірлігің,
Бұл үшеудің ұстау қажет бірлігін.
Бұл да тіршіліктің үш негізгі тиянақтары, біз үшін кəдімгі «Əуелгі бай-
лық — денсаулық, екінші байлық — ақ жаулық, содан кейін — он саулық!» 
деген əйгілі мақалмен үндестігімен қымбат.
2711 
Елді аларда, алмас қылыш жарқылдар,
Ел басқарсаң, алтын қалам жалтылдар.
Білім, ақыл елдің ішін түзетер,
Үш батырың күллі əлемді күзетер.
Тағы да үш ұғым. Үш сала, үш бағыт. 
Үш биліктің бірлігі.
«Алтын көрсе, періште жолдан таяр» дейді қазақ ұғымы. Төл қазынамыздың
төркіні тереңде жатқан текті нақылы. Оған мына бəйітті оқығанда көзіміз 
жеткендей.
2748 
Күміш көрсə иалңұқ (адам, пенде) көңүл тұтмаса,
Иарағай аны шын фəріштə тесə.
(Яғни «Пенде күміс көрсе, көңіл бұрмаса, оны шын періште десе болар...»).
Дастаннан «Ұлұғ болдұң əрсə кішіг тұт көңүл, Ұлұғқа кішіглік иарашұр 
оғұл» (4532) — (Ұлық болған болсаң көңіліңді кішік тұт, Ұлыққа кішіктік 
жарасар,ұл!) деген бəйітті оқығанда еріксіз тіл ұшына «Ұлық болсаң кішік 
бол» келеді. Мұндай біртектілік жол сайын көзге ұрып тұр. «Жаманға 
жолама, жаласына қаларсың» — «5256. Есізге қатылма көйүргəй есіз...»; «Не 
ексең, соны орарсың» — «4733. Бұл дүние іші бір тарыжай (егінжай) сынды, 
Мұнда не ексең, ертең сол өнер.»; «Ет бұзылса, тұз себеді, Тұз бұзылса не 
себеді?» — «Кірді сумен жуады, Су кірлесе немен жуады?» т.т. Бұлармен 
қатар, жұртшылыққа таңсық, поэтикалық қарымы жағынан алымды əрі 
қарапайым, əрі ұтқыр тіркестердің даналығы қай ғасырда да тозбасы анық. 
Соның бəрі елдің елдігін түзеу мүддесіне қарата жазылған.
Біліксіздің тілін тыйған жөн болар,
Білімдінің сөзін жиған жөн болар. 
Жүсіп Баласағұнның өзі айтқандай, білік те, құт та — білімді сөз, білікті 
ой. «Білімдінің нұрлы сөзі сарқылмас.»
Халықта Құт, Дəулет, Ырыс... Несібе... деген құдіретті ұғымдар бар. Сол 
сөздің қат-қат мағыналық астарын ұлт дүниетанымымен астастыра алуан 


 40
41
қырынан ашқан кенеулі толғам, келісті тілек, ықыластар, ырым-нанымдар 
қаншама. Атамыз қазақ «Құт қонған...», «Құт дарыған...» деп сүйінеді елге, 
жерге, текті кісі, тəңірлі шаңыраққа мейірімі түскенде. Қаншама тілге жүйрік, 
сөзге сергек дегенмен, қазақ жұртының кез келген жерде оңды-солды сапырып 
шашып-төге бермейтін, қадірін кетірмей қастерлеп қолданатын ұғымдарының 
бірі де — осы Бақ-Дəулет, Береке киесі! Əрі соның бəрі бір арнадан, халықтың 
жан-дүние жайлауынан барып тоғысып, өзгеше бітімді кіршіксіз де, кірпияз 
адамдық қасиеттер төрінен табылып жатады. Жартыкеш ұғым, жалаң сөз ғана 
емес, біртұтас таным дүниесі. Ел-жұрттың ықылым заманнан бергі пейілін,
ниет-құлқын, жан сарайын қанық түсірген бірегей ұғым, рухани ғалам! Түркі 
дүниесінің ұлы ойшыл ақыны, энциклопедияшы ғұламасы Жүсіп Хас Қажыб 
Баласағұн əлемге əйгілі «Құтадғу біліг» («Құтты білік») дастанына осы дəулет, 
құт-береке, ырыс ұғымын басты тұлғалардың бірі етіп алғаны тегін болмаса 
керек.
Ел санасындағы сан сырлы құт, дəулет сымбатының ежелгі дəуірден бей-
нелі келісті түскен тұсы да осы »Құтты білік» дастаны. Дүниедегі ғаламат 
тарихи-мəдени, əдеби ескерткіштердің бірегейі, иісі түркі жұртының рухани 
мақтанышы «Құтадғу білігтегі» ұлағатты төрт ұғым — Күнтуды, Айтолды, 
Өгдүлміш, Оғдұрмыш сынды төрт бас кейіпкердің бірі — осы Дəулет. Оған 
Айтолды аты берілген. Бұларды қазақ табиғатына бейім нұсқасына сүйеніп 
атасақ: Əділет (Күнтуды), Дəулет (Айтолды), Ақыл (Өгдүлміш), Қанағат 
(Одғұрмыш) болып шығады. Күнтуды — Əділет, яғни əділ заң, əділ елбасы, 
əділетті əмір. Айтолдымен алғаш жолыққанда өзінің дүниеге ақиқат нұрын 
бірдей түсіретін əділетті де, мейірімді екендігін, тұрақтылығын, ақ жол, əділ 
заңды ұстанатындығын айғақтап, атамыз қазақ атын күнге балап Күнтуды 
қойғандығын түсіндіріп, Дəулеттің есімі неге Айтолды екендігін сұрайды.
730 
Айтолды айтты: — Дана кісі атымды
Қойған екен Айға меңзеп затымды.
Ай туғанда кіп-кішкентай болады,
Күннен-күнге көтеріліп толады...
Ай толғанда, көзі ашылар əлемнің,
Жүзі жайнар жаһандағы əр елдің.
Толған ай да, қарасаңыз, шетінен,
Бозаң тартып, ажары азып кетілер.
Нұры сөніп, семіп мүлде жоғалар,
Қайта туып, қайта толар, оңалар.
735 
Мен де айдай жаңаланып тұрамын,
Бірде бармын, бірде жұмбақ тұрағым.
Ғəріп жанға түссе жүзім, жанарым:
Көркі артып, нұр жуады қабағын.
Байып, тасып, даңқы алысқа жайылар,
Кетуім мұң — су алғандай шайылар.
Жиған-терген мүлкі күлдей шашылар,
Таз қалпына түсер, еңсе басылар.
Шайыр сөзін есті мұны меңзеген,
Білікті сөз — білімсізге көз берер:
«Бақ қонса, адам атақ-даңқы артылар,
Жаңа айдай толысар да, жарқырар.
Көңіл қойма, ол опасыз, ессіз ол,
Толған Дəулет, толған Айдай сарқылар!..»
Бақ-дəулет. Құт-береке. Адам баласының бақыты мен талайлы тағдыры. 
Талай-талай аңыздардан, ертегілерден жұмыр басты пендеге соншалықты 
таныс ұғым. Халық ертегілеріндегі Дəулет, Бақ хақындағы толғамдарды 
еске түсірсек, дастандағы бас кейіпкердің бірі Дəулет-Айтолды бейнесінің 
түп-төркіні түсінікті бола түседі. Мыңдаған ғасыр ойшылдардың санасын 
жайлаған, небір шешендердің тілін, көсемдердің күнін байлаған ұлан-ғайыр 
ұғым. Адам баласының бақыты атты күрделі ұғым бір ғана бейнелеумен, 
кейіптеумен хатқа түскен. Жəне де қандай бейне! Жұлдызы жамырап, 
топырағы гүлдеген қасиетті Жер-Судың иесі, ақындары аруларына «айды 
алқа» (Мағжан) қылып таққан, батырлары ай астында жортқан, аруақтары 
басына айын тігіп жатқан түркі жұртына, дала ғұрпына Айдан, Күннен, 
Жұлдыздардан жұмбақ, олардан айқын, түсінікті қандай ұғым болсын. Жара-
тылыс тілін ғарыш денелеріне қарап ұғу, сол арқылы табиғат заң дылықтарын 
шешіп, ғарыштан ғалам жұм бақтарына бойлау ежелгі түркілердің таным 
дүниесінің өзгеше таным үрдісі. Космогологиялық зерде. Дүниетаным өрісі. 
Сол бір Ай келбеті, толған Ай мен солған Ай арасындағы аспан денелерінің 
ажары қазақ баласына қаншалықты таныс, қаншама ұғынықты десеңізші! 
«Құтадғу білігтің» құтты мемлекет, қуатты қоғам құру хақындағы күрделі 
ойлары осылайша елдің таным дүние сінің ажарлы айшықтары мен төл 
санасының аясында берілгендіктен де — соншалықты ұғымды, ғұмырлы.
«Орын сайлап, жантаймас Ай жайланып,
Мекен-жайсыз жүрер сырғып айналып.
Саратанмен жанып, бірге өшеді,
Ол көшпелі, бұл да бірге көшеді.
Ай бұрыжы
*
— Саратан, ол тынбайды,
Үйі айналса, Ай да бірге зулайды.
745 
Қай үйге енсін, тəрк қып шыға береді,
Кіріп-шығып, шығып-кіріп желеді.
Мен де Айдан айнымаймын, білемін,
Бірде-өрде, бірде ылдида жүремін.
Келіп-кетіп шарқ ұрамын, жатпаймын,
Кең жаһанды кезсем де, орын таппаймын.
Затыма сай, «Айтолды» деп атаған,
Білімдінің айтқаны аумас батадан».
Шыр етіп жерге түскеннен қазақ баласының маңдайына жаза көр деп
тілейтін «бармақтай бақтың» бітімі осы. Тағы да сол Айтолды-Дəулет: өзім 
Бақ-Дəулетпін, басырмын, сондықтан «Кім жұғысса, соны ұстап алып еремін», 
көзім көрмегендіктен жақсы-жаман демеймін, таңдап жатпаймын, еріп жүре 
беремін дейді. Иə, иə... Бақ кімге қонбайды, дəулет кімге бітпейді... Бірақ соның 
бəрі қайда?! «Бір қылығым: айнып кете беремін, Тұрақсызбын, маған сенбе 
дегенім» деп тағы ескертеді. Су, сөз, дəулет бір орында тұрмайды:
* Бұрыж, он екі бұржы — Зодиак ұғымын береді.


 42
43
668 
Құтты кісі «Құттымын!» деп лепірме,
Даңқты кісі даңқыңды айтып есірме!» —
деп сескендіреді Айтолды. Жұртқа игілік шуағы тисе, Айтолды да нұрлы, 
ажарлы. Құттың өзі де, көзі де — өзі. Ұлылық та, бектік те, мейірім, шапағат та 
Дəулеттен тарайды. Жүзі нұрлы, қылық-құлығы сырлы, сабырлы. Қайда барса, 
жұрт сонда барып «еріп жүреді». Тозақ та ұзаққа төзбей тоз-тозы шыға безіп 
кетеді, өйткені сабыры бар! Уайым да тайқып кете береді, өйткені шаттығы 
бар! Дəулетке қарсы шыққан жан азаппен өтеді, бой ұсынып жақын тартқан 
жан мұратына жетеді. Құтты құртамын дегендердің өзі құриды (670 — 685-
бəйіттер).
Айтолдының сипатына сүйінген Күнтуды Елік тағы да сауал тастады:
«Елік айтты: — Ұқтым қадір, бағаңды,
Мінің бар ма? Айт, білейін шамаңды...
Айтолды айтты: — Жоқ залалым, жоқ мінім,
Жоқ мінімді тергіштер бар, күптімін.
685 
Тұрақсыз һəм опасыз деп сөгеді,
Жұртқа жайып, тілдің кəрін төгеді.
Тұрақсыздық мінім емес, біл өзің,
Жаңаны аңсап, түлеп тұру — мінезім...
Ескі нəрсе — бəрі тозған, сүйкімсіз,
Сүйкімсіздің жүгі болар сүйкімсіз.
Барша ескілік — түбі азапқа айналар,
Ал азапқа тозақ əркез сай болар.
Жаңа нəрсе табылса, ескі не керек,
Жақсы нəрсе болса, жаман не керек?!»
Елбасы тағы толғанды:
Із қала ма жүріп өткен жеріңде?
Айтолды айтты: — Жарда ойнаған киікпін,
Сол мінезбен сүйікті һəм күйікпін.
Ұшқырмын мен, іздеген жан таба алмас,
Тапқанымен, ұстап мəңгі қала алмас.
700 
Қатты ұстаса ер, болса ақылдың ұстасы,
Қаша алмаймын одан, сөздің қысқасы!
Сол Дəулетті ұстаудың, сақтаудың жолы бар ма өзі?
Іздеген жан болсын жібек мінезді,
Көңілі таза, тілі майда, жігерлі!
Аяса өзін, мекерлікті білмесе,
Жауыз істің маңынан да жүрмесе.
705 
Жиған малын ысыраптап, шашпаса,
Құлқын оңдап, жөн-жосыққа бастаса.
Құрмет қылса үлкендерге өзінен,
Кішілерге мейірім төксе сөзімен.
Паңдықпенен қорсынбаса кісіні,
Күлкі қылып, басынбаса кішіні.
Кісілерді кішіктікпен тыңдаса,
Кіші сөзін аяқ асты қылмаса.
Тектен-текке шарапқа аран ашпаса,
Көңіл — арсыз көрінгенге лақпаса.
710 
Міне, осылар баянсыз құт кісені,
Кісендесе, қашпайды, өзі-ақ түседі!
* * *
Тұта білсең, дəулет тозып, безбейді,
Қолдан шықса, қайта айналып келмейді
* * * 
Құт та келер, тұта алмасаң — озады,
Дүние берер, тұта алмасаң — тозады!
Қонған құттың біл қасиет-қадірін,
Қадірді ұққан — көрмес тірлік жəбірін!
Бағыңды байлама, бақытыңды басқа теппе, ырысыңды шашпа, несібеңнен 
қағылма дейді қазақ. Бұған қатысты сенім-нанымдар, жұрт аузындағы қағи-
даға айналған ырым-дəстүр, аталы сөздер қашанда тіл ұшында тұрады. Соның 
бəрінің жылы ұясы сонау ежелгі түркі дүниетанымы. Түркі жұрты жаралғалы 
тұрмыс-тіршіліктен сіңген, сонда туып мысқалдап қалыптасқан қағидалар. Бір 
кереметі адам баласын күні бүгінге дейін арбап келген, əлі де алдандыра бере-
тін дəулет екеш дəулеттің өзінің сұрқын ашып, оған парасат-сананы, жақсы 
мінез, жампоз кісілікті жарыстыра ақылшы ету арнасы əріден тартылған 
ғұмыртанымның заңға айналған тұжырым тірегіндей. Сананың сарғайып піс-
кен сары алтындай дəні. Халықтың сол тарихи таным топырағына түскен дəн 
көктеп, тіл жарып жүре берді.
Қазіргі қазақ жұртында көзге көрінбей көңілді билеген Қанағат, Рахым 
деген құдіретті ұғымдар болса, сол ежелгі құнарлы топыраққа түскен кісіліктің 
кіршіксіз дəнінің жемісі. Бұл екеуі де дастанның бас кейіпкерлері, басты 
рухани-эстетикалық арқаулары.
* * *
Ақылман дастанның халықтың тəні мен жанын сұлуландырып, рухын 
аспандата түсетін талай-талай тамаша толғамдары əдебиеттің ең бір өміршең 
қасиеттерін дəлелдеп береді. Ұлттың елдігін, зердесі мен сезім тұңғиығын 
ұғындыра түсетін ой орамдары ұлттық сана, таным мен салт-дəстүріміздің
тұнық қайнар бастауы ретінде қастерлі.
Бұл күндері менталитет деген ұғымды жиі қолдана бастадық. Қазақ жұр-
тының ежелгі əдеті тілге де, жүрекке де таңсық нəрсеге үйірсектік, тосын 
нəрсеге еліккіштік. Бұл сергектіктің, əсершіл қызығушылықтың жақ сылығын 
да, зиянын да қазақ ағайындар көрудей-ақ көрген. Бұл Абайды да талай 
күйіндірген мінез. Иə, қазақ жұртының бүгінгі күнгі менталитеті дегенде 
тұтас бір ұлттың қырық қырлы бірегей бітімі елестейтіндей. Ал осы ұлттық 
менталитеттің өз тарихы, өз тағдыры бар. Ол, бір жағынан, тарихқа бойлау, 
санамен сарғая сіңіру арқылы ұлттың жаратылысынан өзіне ғана тəн бітім 
тұлғасын, мінез-құлық табиғатын, айналып келгенде өзін-өзі табуына, тануына 


 44
45
жəрдемдеседі. ХХ ғасырдың аласапыранынан арып-ашып шыққан қазақ 
жұртының қазіргі менталитеті ұлттың əуелден өзіне тəн хас қасиеттерін толық 
танытады дей алмаспыз. Соңғы бір ғасырға жуық кезең шамасында рухани 
топан су тасқынына тұншыққан қазақ халқының көш басын қайта түзеуіне 
дейін, ұлттық менталитетін сауықтыруына дейін ұзақ жылдар керек. Осы ұзақ 
жолда шөліркеген ұлттың өзегіне нəр болып тамып, қанын тазартып, жанын 
жаңғыртатын бір күретамыр осынау ғасырлар қойнауынан тінін бұзбай жеткен 
түркі танымы, түрік эстетикасы. 
Осы тұрғыда, «Құтты білік» — халықтың құтына, ырысына айналған ілім. 
Ұрпақтан-ұрпаққа, адамға құт берген, береке-ырыс əкелетін білім. Көзі ашық, 
көкірегі ояу ұрпаққа ғасырлар бойы адамдық, азаматтық, қасиеттерін, əдеп-
салиқалылық дəстүрін сіңірген дастан. Дана дала төсінде не өтпеді, не болмады.
6434 
Қанша берік бекет, орда қаланы,
Жермен-жексен етіп ажал тонады!
6435 
Қанша шаһар, қаншама бау жайнаған,
Қалған қурап, бағын өлім байлаған.
Талай шаһарлар, талай сарайлар із-тозсыз жоғалды, талай баһадүрлер, 
асылзадалар құмға айналып құрдымға жұтылды. Талай ғалымдар, ғұлама 
бекзадалар, ақ иінін ай сүймеген арулар ескерусіз, елеусіз өтті, қадірсіз кетті. «Оған 
да тек екі кез бөз бұйырған!..» (6443). «Құтадғу біліг» («бітік» — жазу, жазба) 
ғана он ғасырға жуық ұлан асуды асып жаңғыруға бет алған ұлыстың алдынан 
шығып отыр. Кітапты қолға алған сайын, өлең жолдарына үңілген сайын ұлы 
даланың ұлы тарихына таңданып, туған ел, өскен жердің рухани қазынасының 
қайнар бұлақтарының таңдайға балдай тиетін мұздай мөлдір кəусарынан 
татқандай боласыз. Халық атты ұлы ұғымға ұласқан ұлы қадір-қасиеттің, тəлім-
тəрбие мектəбиəтінің табалдырығынан аттағандай, күн айналған күмбезінің 
нұрын сезінесіз. Бұл жазба жүзінде ғана емес, ұлттың тұла бойына дəстүрмен 
сіңіп, тіршіліктен дарыған, сол жұрттың өзімен бірге өсіп-өніп отыратын 
рухани нəр дəні. Сондықтан да, ақылман шығарманы оқығанда түркі халықтары 
ғылымының, тілі мен өнерінің тынысын танып, құнарлы топырағының ыстық 
табы бойға тарағандай күй кешесіз. Жүсіп Баласағұнның өзі де:
Кітап атын «Құтадғу біліг» қойдым,
Құтын тұтсын оқушым білікті ойдың! —
дегенде де осы ізгі ниетті аңғартқан шығар.
«Əділдік — құт. Құт құрығы — кішілік. Əділдіктің заты — тұнған кісілік!» — 
дейді ғұлама. Əділет — əділ хан, елбасы. Жаһанға жарығын тең шашқан күндей 
КҮНТУДЫ: 
Заң алдында бəрі бірдей мен үшін,
Кесем əділ. Болмайды ешбір келісім...
Біл, əділ заң — басқарудың тұғыры,
Бегі əділ ме?! Берік елдің жұлыны!
Бек елінде тура заңды ұстаса,
Бар тілекке жетер қолы, қысқасы! —
дейді өзін таныстырғанда.
Айдай бірде толып, бірде солып ортайып тұратын ай дидарлы Айтолды-
дəулет — уəзірі. Осынау төрт бас кейіпкердің портреттері, əдеби көркем 
тұлғалары арқылы-ақ ел өмірінің төрт діңгегі — Əділет, Дəулет, Ақыл, Қанағат 
жайлы ұлағатты ғибрат айтылады.. 
Кісілер көп, кісілікке кендеміз,
Адалы аз, адам атты пендеміз.
Кісі сирек емес, сирек кісілік,
Кісіліктің қадірін біл, түсініп! —
дейді даналық дастан ұлағаты.
Қоғамның, тіршілік-танымның əр сəтіне, əр құбылысына Жүсіп Бала сағұн-
ның өз түйіні, айқын көзқарасы, байсалды байламы бар. Адалдық, тіл, білім, 
ерлік, ездік, байлық, мəрттік, махаббат сынды терең мағыналы астарлармен, 
аллего риялық парықтаулармен өмірдің мəні зерделене түседі. Сипаты айқын, 
сырлары қанық. Тіл өнеріне арнайы жеке бір тарау арнаған ғұлама көлемді 
дастанның əр тұсында түркі тіліне деген ерекше құрмет сезіммен тебіренеді. 
Дастанның соңғы қорытынды тарауларында да «түркі тілін үркек, тағы 
киіктей» сылап, сипап қолыма үйреттім, мəнерлеп зерледім, тіздім, сөйтіп осы 
сөздерді жаздым дейді.
Кітаптың сексен бес тарауының əрқайсысы бір-бір мəнді-мағыналы тақы-
рыпқа арналған да, сол тақырып аясы, ақынның көзқарасы ұтымды тіл, бедерлі 
оймен нақышталған. «Адам баласының қадір-қасиеті біліммен, ақылмен 
екендігі айтылатын» алтыншы тарауда:
155. 
Ақылды ұғар, білімділер біледі,
Түгел болар білімді есті тілегі! —
деп қайырады. Білімсіздік, надандық — кесел, дерт. Дертіңді емде, көзің 
ашылсын дейді. Ал жетінші тарауда тұтастай «Тіл өнерінің қасиет-сипаты мен 
пайда, зияны айтылады»:
Ақыл, білім тілмəші — тіл, тіл — кепіл,
Жадыратар ерді шырын тіл деп біл!
Тіл қадірлі етер, ерге бақ қонар,
Қор қылар тіл, кететұғын бас болар.
Тіл — арыстан, есік баққан ашулы,
Үй иесі, сақтан, жұтар басыңды!
Алдыңғы тарауда ақыл, білім мəні сөз болса, енді сол ақыл мен білімнің 
тілмəші — тіл хақында небір зерлі ой кестесін төгеді. Бірде қазіргі қазақ 
халық əдебиетіндегі мақал-мəтел, қанатты сөздерге етене жақын, құлаққа 
жылы тиетін ұшқыр тіркестермен жаныңды баураса, бірде тіл туралы тосын 
да, тапқыр ой ұшқындарымен тəнті етеді.
Тілімнен көп жафа шектім, есебім:
Бас кесілмес үшін тілді кесемін!
Сөзіңді бақ, басың кесіп алмасын,
Тіліңді бақ, тісің сынып қалмасын! —
дейді ғұлама.
Көп сөйлеуден артық пайда көрмедім,
Жəне сөйлеп, жəне ештеңе өнбеді!
Көп сөйлесең, «Езбесің!» — деп жек көрер,
Сөйлемесең, «Мылқау екен!» — деп сөгер.


 46
47
Олай болса, тең ортасы керегің, «Тілге ұстамды болсаң, өсер беделің!»(175), 
«Тіліңді бақ, басың аман болады, Сөзді қысқа айт, жасың ұзақ болады!»(176) 
дейді. Басқа пəле тілден демекші, қызыл тілдің де қырық қырлы қасиеттерін 
санаға сіңіре түседі. «Біліп айтқан сөз даналық деседі, Білімсіз сөз қайран 
басты кеседі!» (170). Тіл өнерін дертке балаған Абай атамыздың ақындық-фило-
софиялық дүниетанымы да Баласағұн əлеміне шарпысып жатқан жоқ па?!
* * *
Біліп сөйле, сөзіңде сөл, өң болсын,
Сөзің түпсіз қараңғыға көз болсын! 
дейді дана ақылы. Сол асыл сөзді, толғамды тілді ұлына өсиет етіп, атадан 
балаға мирасқа тапсырады.
Күллі сөзді жисаң да, ақылды асырмас,
Керек сөзді сөйлер кісі, жасырмас.
Сөзді ұлыма арнадым мен, ер-батыр,
Ұлым, тыңда, менде алтын-кен жатыр.
Саған арнап сөз сөйледім, ей, ұлым,
Өсиетімді қабыл алғын, құлыным!
Күміс, алтын қалса менен сендерге,
Оларды сен бұл сөзіме теңгерме!
Күмісті іске тұтсаң — бітіп қалады,
Сөзімді іске тұтсаң — күміс табады...
Осы шағын үзінділерден-ақ, ойшыл ақынның, сол кезеңдегі оқымысты 
хакімдердің орта ғасырлардың өзінде тіл өнеріне қаншалықты мəн бергендігін 
аңдауға болар. Шығарма ел басыларына, хан құзырына ақыл-кеңес ретінде 
жазылғанын, мемлекет түзуге аса қажетті мəселелердің жеке-жеке талданғанын 
ескерсек, тіл, білім, рухани дүние хақындағы ақын толғамдарының əлеуметтік 
мағынасы барынша жарқырай көрінеді. Парасат, білім, тіл, сана жайында автор
ауқымды дастанның əр тұсында-ақ оралып соғып, əлсін-əлсін тиянақтап, 
пысықтай түседі. Соның бəрінде тілдің қасиетін, білімнің қадірін əмəнда 
асқақтата, жарық дүниедегі асылдың асылына балап толғайды. 
Əдеби аяда, этика-философиялық дастанның көркемдік өнегесі, кейінгі 
түркі тілдес əдебиеттерге ұласқан дəстүрі, тақырыптық тынысы, халықпен 
бірге жасайтын өміршеңдігі айқын сезіледі. Шығарма тақырыптарын шартты 
түрде: а) имандылық, əдеп-адамгершілік тұғырлары, ə) тіл, білім, ақыл-парасат 
сипаттары, б) əлеуметтік-қоғамдық түйіндер, в) тұрмыс-тіршілік толғамдары, 
г) мемлекет түзіп, ел түзеу туралы толғаныстар, д) табиғат, жаратылыс суреттері 
деп қысқа қайырып топтастыра білдіруге де болар еді. Тақырып аясының 
кеңдігімен бірге, троптардан бастап тұлғалы көркем суреттер мен портреттерге 
дейін типтендіру, сол арқылы заманнның хатқа түскен мəңгілік таңбаларындай 
əлеуметтік, қоғамдық, психологиялық ірі құбылыстарды даралау сынды 
суреткерліктің кемеліне келген шеберлігі асыл мұраны қашанда өзінің өзгеше 
биігінен танытады.
Халықтық, ұлттық мінез-құлық, жалпы этнологияға, əлеуметтік-психо-
логиялық жаратылысқа қатысты бітімді кескіндеулер күні бүгінге дейін мəнін 
жоғалтпаған, кейін де символдық сипатын сақтап қала беретін поэтикалық 
таңбалар. Жаугершілік заман, жауынгерлік рух, ерлік-батырлық туралы ауыз 
əдебиетінде де, кейінгі заман шығармаларында да жеткілікті жазылған. Жауын-
герлік, батырлық ұғымы əр дəуірде əр түрлі ыңғайда танылып, суреттелгені де 
мəлім. 
Баласағұн заманындағы батырлық, бағландық тіні тіпті бөлек. Ежелгі дəуір 
ақыны ең əуелі жау-дос, жауынгерлік, ерлік деген абстракциялық түсініктердің
нақты суреттерін сызады. Олардың қоғамдық, əлеуметтік қисындарын алға 
тартады. Қызыл сөзбен əспеттемей, поэтикалық əрін де жоғалтпай, өзекті 
заңдылықтарын түсіндіреді. Жау дегеннен-ақ жау шапқандай байбаламдап, 
ұрандап, жан таласып, жан берген деп «үрейді» ұшырмайды. Ежелгі түркілердің 
Баласағұн жазған танымы өзгелеу, əлдеқайда байсалды, биіктеу көрінеді. 
Жаудың аты — жау. Жаусыз қалай жауынгер болмақ?! Жау болмаса, қалай 
батыр атанасың!? Атың, атағың, күш-қайратың, кісілігің, білім-парасатың, 
адамшылық қасиетің, арсыздығың — бəрі де жауыңмен күресіңнен танылады. 
Ерлер жаугершілікте сынға түседі, жаугершілікте ширайды. Жаумен жауынгер 
болып шығасың, жау атыңды жалпақ əлемге жаяды, абыройыңды асырады. 
Жау екен деп жаныңды отқа тастама. Күшті, саны басым жау болса, елші салып 
тілдес, жақындаспаққа ниет қыл. Табысқын, сыйласқын, сонда да мəмлеге 
келмесе, табысуға иілмесе — соғыс, жеңіп ал дейді. Ал жауласқан екенсің, сақ, 
сабырлы бол, шабуылды шұғыл бастап, тез бітір, жау əскеріңнің аз-көбін біліп, 
сырыңды алып қоймасын, көзі үйреніп үлгірмесін дейді. 
Туғаннан соң текке өлу жоқ, біл енді,
Жауды көріп қалтыратпа тізеңді!
Өрттей тиіп, мəрттей жауды алқымда,
Ажал жоқта айбалтадай жарқылда!
* * *
Намысшыл ер жаудың қанын шашады,
Намыссыз ез жер бауырлап қашады!
Бұл тұста, соғысудың тактикасы мен стратегиясына қатысты айтатын айла-
шарғыларын, тəсілдерін мазмұндамай-ақ қояйық, оның есесіне «Тобырлы 
емес, толымды əскер керегі», «Арыстан мінсең , қылышыңды қамшы қыл», 
«Таяқты жауға темір қалқан дайында!» секілді поэтикалық құдіреті көзге 
ұрып тұрған бірер мысалды оқып көрейік:
2366
Созба ұрысты — жау сырыңды алады,
Көп қараса, көзі де əбден қанады...
Көрмеген жау даңқын дақпырт асырар,
Көргеннен соң, көз үйреніп — басынар...
Жасындай ти, есін жиып алмасын,
Жіті адымда! Өлдің — созсаң арбасып.
* * *
2380
Қыз-келіншек лəззаты — неке қиған түндері,
Ер-жігіттің лəззаты — жау қайырған күндері!
2384
Жауды көрсе, ердің жүзі қызарар,
Жауға кірсе, жердің жүзі қызарар!


 48
49
Ел қорғауды, қаһармандықты осындай оралымды ойлармен əрі ақтайды, 
əрі қайрап жігерлендіреді. Қолбасылар, əскери құрылымдар, баһадүрлерді 
қалай ұстау туралы толғаныстары өз алдына. Бұл да бір заманына сай бөлек 
ұғым, серпінді сергек тебіреністер.
2425 
Ел жаулаушы қылышымен алады,
Ел бастаушы қаламымен алады! 
Қылышпенен басылар ер, ашынар,
Ал қаламсыз-басшысыз ел шашылар.
Елді, жерді табындырса қаламың,
Түгенделер тілегің мен талабың! —
деген де тебіреністері бар. Хас сарбаздар хақында:
2400
Жақсы болар — жамандарда мақтасаң,
Жаман болмас — жақсыларды жақтасаң.
Ер — мақтаса, арыстанмен алысар,
Ат — баптаса, ұшқан құспен жарысар! —
деп, қосынды ұстау, тəрбиелеу, қолбасының қосын алдындағы қақын, 
парызын саралайды.. Бəйіттен бəйітке ауысқан сайын бүтін тараудың мазмұны 
айшықталып, қаһарман баһадүр тұлғасы көзге елестейді. Қандай басшы, 
қандай батыр жаһангер болмақ керектігі бүтін тұлға-бітімімен, мінез-құлық, 
ақыл-парасатымен аңғарылады. Елдік, ерлік деген қасиетті ұғымдар таза 
поэтикалық суретке айналумен бірге, санаға берік ұялайды. 
2045
Жүректілер жүрексізді бастаса,
Жүрек бітер бəріне де басқаша!
Біл, арыстан басшы болса иттерге,
Арыстандай күркірер кеп иттер де!
Арыстандар басы болса ит бір күн,
Арыстандар жасар еді ит тірлік!
Мейірбанды болсын бектер жайсаң жан,
Қылығынан жайсаңдығы байқалған! —
секілді терең тамырлы ойлары да сол бір елдік танымды тереңдете түседі. 
Орта ғасырға дейін де түркі жұрты елдік құрып, талай күйреп, талай еңсесін 
түзеді. Күлтегін жырлары сол тарихтың тасқа қашалған қысқаша шежіресі. 
Ал Баласағұн түркі елінің тағы бір серпіліп, тізесін жазып өркениетке ден 
қойған тұсы. Сондағы, қайтсек ел боламыз, қайтсек іргелі ел, берік мемлекет 
боламыз дегендегі құтты тұғыр, алтын бесік — білім, білік еді. Үлкен мұратқа 
бет бұрғанда, тəңірінен тілек тілеп, елдікке ден қойғанда сол мемлекеттің, 
халықтың қаймағы — ерлері, анасы, баласы, ақсақалы қандай болмақ? Елдіктің 
таяныш, тіректері бектері мен игі-жақсылары қандай болып, қайтпек керек? 
Осы сауалдарға жауап іздей отырып, Жүсіп Баласағұн сан түрлі əлеуметтік
топ өкілдерінің, сан алуан адамдардың портреттерін жасайды.
Жаратты адам баласын да бір Алла,
Есті-ессіз, ұлық-кішік бар — онда.
Ақылды бар, ақымақ бар, бар ғалым,
Бай-кедей бар, надан, аңқау, бар залым!
Бəрін соның алаламай бөлектеп,
Басқаратын қандай болу керек бек?!
Иə, бек деген кім? Бек қандай болмақ лəзім? Жақсыға да, жаманға да, естіге 
де, ессізге де сипаттама береді. Бек деген ұғымды биіктетіп, даралай түседі. 
Ақыл керек, бекке керек білік те,
Сақилық та керек лайық жігітке!
Бек халықты тек білікпен сендірер,
Барлығын да ақылына жеңдірер.
Бек дегенің білікпенен берік тұр,
Білік кетсе, «бек» қалады — желік құр!.. 
Иə. Нақ солай.
Шыншыл, сара болу керек ел бегі,
Көңілі — ақ, тілі — түзу, зерделі!
Жұртқа сыйлы, көңілі — тоқ, көзі — тоқ,
Білімді, ойлы, пейілі кең, сөзі — шоқ.
Жасай алар ізгілік пен ірілік,
Заң, ұятты сақтай білер жүгініп!
Осындай бек болар халық көсемі,
Ұрпағы өссе, тарайды ұрқы көшелі... 
Осындай бəйіттермен бектердің ұлт көңіліндегі тұлғасы көзге елестейді.
Ақыл да, сабыр да, ізгілік те, мейірімділік пен қаталдық та ең əуелі ел басындағы 
бекке қажетті қасиеттер. Елі үшін, жері үшін алаңдаған бектің көңілі күпті, 
жаны мазасыз, өзі үшін емес, елі үшін қорқып тұрады. «Қорқақ келер тақуа 
бек көңілі, Қорыққан ісін бұлтартпайды өмірі!» — дейді. Керісінше:
Бегің қорықпай, кейде қорқып тұрады ел,
Бегің онда қорқау болды , ұға бер... 
Яғни елдің құты — білімді, мейірімді бек. Ұшқалақтық, жеңілтектік, 
ызақорлық, қызбалық, тыраштанушылық, ашкөз сұғанақтық, өтірікші, 
опасыздық — осының бəрі де, орта ғасыр ғұламасының сөзімен айтқанда, 
«надандықтың белгісі!»
Мешкей тынып, сұғанақ көз тояр ма?!
Ашкөзділер жаһанды жеп тояр ма?
Сұғанақтық — дауасыз дерт, арылмас,
Күллі жаһан емі қонбас, жазылмас!
Барлық аштар, жесе ақыры тояды, 
Сұғанақ көз көрде ғана қояды.
Сұқ құтаймас, қанша мүлік жиса да,
Кедеймін дер, əлемді оған қиса да!
Надандықтың, пақырлықтың бір сиқы. Парасатсыздықтың, тойымсыз-
дықтың ХІ ғасыр басындағы хатқа түскен сипат-бітімі. Ар-намыс ұғымдарын 
да ел мұраты тұрғысынан санаға сіңіреді. Елді ұйыту, елді береке-бірлікке, 
құтқа бастау жолдарын меңзейді. Елді əділ заңмен басқарған жөн, «Зұлым 


 50
51
күшпен бек ұзаққа бармайды, күш-зорлыққа халық шыдап қалмайды», — 
дейді.
Асыл сөз бар. — Қыздырмасын елді — кек!
Күшпен ұзақ ұстай алмас елді бек! 
Елді тұтас ұстағысы, əділ билегісі келетін бекке бұлардан басқа да үш 
қасиет керек дейді ғұлама. Қаһарман жігерлілік, жомарттық жəне шырын тіл. 
Бек те, ұлық та, құл да, күң де тілге, сөзге жүгінген. «Түксиген жүз, іріген сөз, 
құр кердең» елді бектен жирендіреді, өнерлі ойлы бектің «даңқы өсіп, төрден 
орын тиеді» дейді тағы.
Аты бек те, заты болса қап-қара,
Қараның ең қоры ол елде, масқара! 
Бектің бойы мен ойы қандай болу керектігінен бастап, ауқаттану, жүріп-
тұру, сарайдағы жұртпен қарым-қатысына дейін егжей-тегжейлі түсіндіріледі. 
Бектерге, ел хакімдеріне деген мың жыл бұрынғы көзқарас. «Ішкен кезде 
ұмытылар керекті іс, Мастан шығар неше түрлі керексіз!» дей отыра, 
моральдық-əдеп тұрғысынан да бірқатар ой таратады. Бегі ойнап, шарапқа 
шомылса, ел ісіне ақылы қалай жетсін деп ширықтыра түседі.
Қара ішсе, мал мен мүлкін салады,
Бегі ішсе, елдің шырқын алады!
Тоқсан толғамның түйіні — əділ заң, білім, ақылда. Елдің құтын тасытып, 
ырысын арттырсаң, елден де береке көресің, мүмкіндігі мол, бай елден өзің де 
аласың. Елді саясатпен түзе. «Ел былығы саясатпен арылар!» Егер ер елге əділ 
заң түзбесе, ел обырлардың жеміне айналады, «ел қырқысып, бұзылар, тұғыр 
құлар, бектік жығылар» — дейді ойшыл.
Өзің — бексің, дүниеге құл болма, 
Үкім күтпе, өзің билеп бұр жолға!
Бек тұлғасы осылай жырланса, ел басы — Күнтуды, уəзір, елшілер, 
ғалымдар, қолбасылар хақында да ретіне орай іші-тысын бірдей түгендеген 
түгел сөзбен толымды тұжырым түйіндейді.
Жақын тұрса бектер ізгі адамға,
Жақсылыққа іңкəрланар жаман да.
Егер бекті иектесе жамандар — 
Ел үстінде жалаңдар сол арамдар.
* * *
Бектер ессіз болмайынша, тегінде...
Ессіздердің көзі ашылмас елінде!
Егер ізгі болса елдің басшысы,
Түгел ізгі болар атшы, қосшысы! 
Қарапайым даналық. Трактаттың кез келген пенденің көкейіне қона 
кетерлік оңтайлы орамдары. 
Кім дана бек болса, жақын білімге,
Біліктіні жақын тартар түбінде.
Білімнен əзіз не бар дейсің жаһанда,
«Білімсіз, надан!» десе, қорлық адамға! —
деп бір түйеді. Жүсіп Баласағұн пайымдауынша, «кісі асылы екі түрлі: бірі — бек 
те, бірі — дана елбасы», ізгі, ұлағатты кісі екі түрлі: «бірі — ұстаз да, бірі — 
шəкірті». Қараны айтсын, ханды айтсын, ең əуелгі қасиетті, қадірлі нəрсе білім 
деп санайды.
Білімсізге төрден орын болса, көр:
Төр — босаға, ал босаға болды төр!
Орын тисе данаға есік көзінен,
Есік — биік төр-тағыңның өзінен!
Күллі құрмет білімдіге тиесі,
Мейлі, ол төр, мейлі, есіктің иесі!
Елдің ісін қолға алар бек сымбаты бұл. Елдік, мемлекеттілік үшін от басынан 
бастап əділ заңға дейін бəрі елеулі, бəрі маңызды. Адамның мінез-құлық ниетінен 
бастап қауымның əл-ауқатына, сұлулық танымы, махаббат-ынтықтық сезімінен 
бастап елге-жерге деген перзенттік парызға дейін — бəрі қасиетті, мағыналы. 
Мұның бəрі елдікке, мемлекеттілікке ықпал жасайтын күштер. Тіршілікте ұсақ, 
мəнсіз-мағынасыз ештеңе болмайды. Күллі жаратылыстың, ақырында фəни 
жалған мен бақилықтың да жарасымды үйлесімі, табиғи ұнасымы, қастерлі 
жарастығы болмағы шарт. Бақыт та, құт та сол құдіретті жарасымда. Кісілік 
те, береке, құт та, даналық та сонда. «Көрсоқырлық, ұятсыздық, ұлығым, Бəрі 
түгел — жамандардың қылығы!» «Ессіз бүгін қанша есірер, құлшынар, Ертең 
сонша өкінішке тұншығар!» Дастанның өзекті ойы осыған саяды.
«Құтадғу біліг» ежелгі түркі жұртының поэзия түріндегі тұңғыш кітабы, 
адам мен қоғам хақындағы мəні терең философиялық трактаты. Оны аудару 
көне түркі поэзиясының ішкі қасиеттерін бүгінге жеткізумен қатар, ежелгі 
тілдің қазіргі төркіндес түбірі бір тілдермен сабақтастығын, туысқандығын іс 
жүзінде көзге тосу деген сөз. Басқа аударма ерекшеліктеріне қарағанда көне 
тілден туысқан тілдерге аударудың өз тəжірибесі, өз сипат-заңдылықтары бар. 
Сөздердің бəз күйіндегі тұлғаларда кездесуі, мағынасы ұмытылған, ұмытыла 
бастаған тұлғасы таныс сөздер, тұрақты сөз тіркестері, мақал-мəтелдер, образ-
дар, метафоралар, жалпы поэтиканың тарихилығы — міне, осының барлығы 
тектес тілдерден аударудың өзіндік қиындықтары мен ерекшеліктерін түзеді. 
Бұл жерде еркін аударма да, сөзбе-сөз аударма да, мағыналық аударма да, 
көркемдеп, мазмұндап аудару да толық жемісті шыға бермейтіні заңды. Қазіргі 
тілдің ежелгі замандағы күретамыры іспетті көне түркі тілінің поэтикалық 
нəрін, көркемдік қуатын жасытпай, сонымен бірге дəл де тиянақты аудару бір 
жағы шеберлікті керек етсе, екінші жағынан үлкен жауапкершілік жүктейді. 
Көптеген сөздердің тұлғалары сақталса да, мағынасы мүлде өзгеріп, түлеп 
шыққан, кейбір идиомдар мағынасын əлі күнге дейін өзгертпей сақтаса, кейбірі
мүлде жаңа мағыналық қырынан көрінген. Оның үстіне тілдің қоғамдық-
əлеуметтік факторлардың бірі ретіндегі тарихилық нəрін қосыңыз. Міне, 
осындай сан-алуан қасиеттерін ескере келсек əрі дастанның поэзия туындысы 
екенін еске алсақ, ежелгі, осыдан оншақты ғасырлар бұрынғы туындыларды 
қазіргі туыстас тілге аударудың барша мəселелері қораланып шыға береді. Бұл 
аударма тəжірибесінде соңғы жылдары көрініс бере бастағанымен, теориялық 
тұрғыда тиянақталып белгілі бір зерттеу-зерделеу жұмыстары жасалып, 


 52
53
ғылыми жағынан тиянақталмаған сала. «Құтты білік» секілді көне түркі мəде-
ниетінің бірегей де бітімі берік туындыларын аударып, насихаттауда осы 
мəселелердің де ғылыми-тəжірибелік мəні өзгеше. Сонымен бірге, мұндай
сипатты аудармалар тілдің байлығын танытумен қатар, ұлттың эстетикалық 
таным өресінің қаншалықты таза да биік екендігін, тарихи поэтика тарапынан 
рухани дүниеміздің қаншалықты сан қырлы бай келетіндігін де анық аңғар-
тады. Біз осынау көне түркі ескерткішінің бір жағынан өзбек, ұйғыр, қазақ, 
түрік тілдеріне аударылған (филологиялық, əдеби, жолма-жол аударма текс-
терін) нұсқаларын, екінші жағынан орыс тіліндегі түрлі (еркін, жолма-жол) 
аударма нұсқаларын қарап, салыстыра келгенде көп жайды байқадық. Соларды 
түйіндей айтсақ, көне тілден қазіргі туысқан тілге аударғанда туын дының 
көркемдік-эстетикалық табиғаты, тіл ерекшелігі, тілдің ғасырлар бойғы даму, 
түлеу, өзгеру тəжірибелері ескерілуі, ең бастысы түпнұсқаның бар бояуы сол 
тіл түбірінің тектестігі негізінде сақталуы, мүмкіндігінше толық жетуі шарт.
«Құтты білік» түрік елінің ел болу жолындағы қоғамтану, елтану дастаны 
десе де сияды. Көркемдігі кемел, ойы зерек, тұғыры берік ақылман трактаттың 
қазақ жерінде жазылуының өзі, осы өңірді мекендеген жұрттың құпия да 
қастерлі жазуы болғандығының өзі көп жайды меңзесе керек.
«Құтты білік» жазылған тұста «Игорь жасағы жайлы жыр» да, «Монғолдың 
құпия шежіресі» де дүниеге келмеген-тін.
Орта Азия, түрік тарихының аласапыранға килігіп, түркі дарабоздарының 
шашасына да, санасына да шаң тимеген тұнық тұста туған туынды. 
Сонысымен де қымбат. Қазіргі қазақ еліне байырғы елдік, мемлекеттік 
дəстүрін, суреткерлік салтын сезіндіруімен қымбат. 
Асқар ЕГЕУБАЙ,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет