416
417
Үйіме ол келмекші, дем алмақшы,
Қашан келсін десең, сонда бармақшы.
Еліктің Өгдүлмішке жауабы
5020 Елік айтты: — Көп жүгірдің бейнетпен,
Тəңір берсін сауабын сай зейнетпен.
Бұл дертімді дауасымен емдедің,
Сүйіндірдің көңілімді демдедің.
Сен үйде күт, келсе маған хабарла,
Келер менен шақырушы адам да.
Туысыңмен маған келгін, шырайын,
Зийарат қылып, көрейін мен тынайын.
Мұны мегзер — білгін сөздің түбірін,
Не дейді екен, тыңда да ұққын жүгініп:
5025 «Кісі көңілі ізгілікті ұнатар,
Үмітпенен өзін өзі жұбатар.
Түгел тапса, егер арыз-тілегін,
Көңілі өсіп, қояр сөзін, жүдеуін.»
* * *
—
Əлбетте! — деп, шықты Өгдүлміш айналып,
Үйге келіп, төсек-орнын жайлады.
Күн жерге еніп, жүзін жауып жасырды,
Қара тұман туып дүние басылды.
Əлем тұлдың тонын киіп тұлданды,
Аспан жүзін қара жауып мұңданды.
5030 Қыбырлаған түгел ұйып жұмды көз,
У-шу тынып, кесілді тіл, тынды сөз.
Достарыңызбен бөлісу: