«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 ОДҒҰРМЫШТЫҢ ӨГДҮЛМІШКЕ ТАМАН КЕЛУІ



Pdf көрінісі
бет116/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

69. ОДҒҰРМЫШТЫҢ ӨГДҮЛМІШКЕ ТАМАН КЕЛУІ 
АЙТЫЛАДЫ
Тұрып, ақыр, келді, қара, Одғұрмыш,
Көріп, күтіп алды оны Өгдүлміш.
Сəлемдесіп, соңынан қол алысты,
Екі ақылды үйге кіріп барысты.
Ас, ішімдік шығарды ол құрметтеп,
Кісі кетті ханға хабар бермекке.
Естіді Елік жауап берді ашылып,
Жақын тартып, алды оларды шақырып.
70. КҮНТУДЫ ЕЛІКТІҢ ОДҒҰРМЫШПЕН КӨРІСУІ 
АЙТЫЛАДЫ
5035 Барды екеуі таяп жақын əмірге,
Көріп Елік, қарсы алды қадірлеп.
Ең əуелі көріп сəлем берді Елік,
Захид тұрып, сəлеміне деді: — «Əлік!»
Хан Захидпен қол алысты жайдары,
Хал сұрады, күлім қағып жайнады.
Орын беріп, өзіне аса тақады,
Мейіріммен құрмет-ізет жасады.
Айтты: «Мұнда өзің жаяу келіпсің,
Ей, Одғұрмыш, көп машақат шегіпсің!»
Одғұрмыштың Елікке жауабы
5040 Айтты Одғұрмыш: — Өзіңді, Əмір, ғұрыптым,
Көзім көріп, бейнетімді ұмыттым.
Келсем енді, мен өзіңе тіленіп,
Не машақат болушы еді біл, Елік!?
Жүріп-тұрса, адам тілеу, ниетпен,
Арып қалмас, жетер тездеп тілекке!
Не дегенін, аңда, ердің қаһарман,
Ақылымен даңқын алыс апарған:
«Жырақ жер де жақын — көңіл қаласа,
Жетер анық ол тілекке тамаша.
5045 Тілегіне ұмтылса ер көңілмен,
Тез жақындар үмітке алыс көрінген.
Аяқ бассаң көңілің соқпай, тегінде,
Қашық болар, қанша жақын жерің де!» 
Аяғыңмен жүрсең михнат жетеді,
Көңіліңмен жүрсең михнат кетеді.


 418
419
Көңіліммен келдім саған ей, Елік,
Қалай бейнет тисін маған сен, Елік!
Бақсаң, көңіл кімді сүйіп, қаласа,
Қанша жырақ болсын, жақын сол аса!
Еліктің Одғұрмышқа сауалы
5050 Елік айтты: — Сөзден бұрын, сауалым,
Бар өзіңе, айтып бергей жауабын?!
Көңіліңмен келдің маған, жөн делік,
Бұл қай ісің, өзің жауап бер, ерім!? —
Білесің сен сəлем ауыр жол аса,
Кім алдымен сəлем берсе, сол ашар.
Көріп тұрып, маған сəлем қылмадың,
Сəлем беріп, неге мойын бұрмадың?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет