Одғұрмыштың Елікке жауабы
Айтты Одғұрмыш: — Əу, баста ұғып, сенгемін,
Біле тұрып жорта сəлем бермедім.
5055 Сəлем — жолы есендіктің адамға,
Сəлем бердің — саулық бердің аларға.
Сəлем — аман бол дегенің əмəнда,
Сəлем қылсаң, аман болар адам да.
Мұны мегзер келді сөздің кезегі,
Көңілі түзу, есті мұны сен енді:
«Сəлем берген берер ерге амандық,
Сəлем алған саламаттық алар-ды.
Сəлем ерді жамандықтан қағады,
Жауап берген амандықта қалады!»
5060 Кішілерге сəлем берсін ұлылар,
Алдын алса, күллі ісіңнің ығы бар.
Кіші үлкеннің сөзін тұтып, атқарса,
Əмəнда аман жүрер көзін жапқанша.
Аман болса кішік ұлық кəрінен,
Қайыры тиіп есен қалар бəрінен.
Ханға менен не шер келсін алаңдар,
Мен — кішікпін. Кішікте не залал бар.
Елік қолы ұзын барша халыққа,
Не қылса да қылар, тулап-тарықса.
5065 Қор, қаралар бекке сəлем қылмайды,
Ай, білікті, оның мəні сондайды.
Қызмет етсе деп əуелі санадың,
Шақырттың сен, өзің тілеп — қаладың.
Қабыл көріп, мен сөзіңе ермедім,
Қу дүние байыбына сенбедім.
Оны қойып, жүздесуге шақырдың,
Енді алдыңа келдім аман, бас ұрдым.
Тағы именіп едім сенің алдыңда,
Аман-сəлем бердің, қолды алдың да.
5070 Қозғар ма деп, сол сөздерін қайтадан,
Тағы именіп, сенен сəл-пəл тайқағам.
Түгел сендім, нандым енді табанда,
Шапағатың тигей сенің маған да!
Еліктің Одғұрмышқа сауалы
Елік айтты: — Бек жараспас бектерге,
Тілі сөйлеп, өзі тайқып кеткен де!
Ұлықтық па қолы ұзын сайлы жан,
Тілі айтқан сөзден қайтып, айныған?!
Елге иелік ете алмайды, шындығы,
Сөзі жалған, мəнсіз құлық-қылығы.
5075 Ол халыққа болсын қалай бек, ұлық,
Сөзі — жалған, болса қолы, тек, құрық!
Бұдан да артық сөз айтылған мақалдап:
«Сөзден қайтсаң, құтың қайтар — қашар бақ!»
Ер жаманы жалтақ, жалған айтқандар,
Ең жаманы уəдеден қайтқандар.
(Жалған айтқан ең жаманы адамның,
Серттен тайған ең жаманы жаманның!)
Дұрыс айтқан тура сөзді келелі ер,
Сөзі түзу ерге тəңір бере бер:
420
421
«Бек шын айтып, болу керек сөзге ие,
Өз сөзінен айныса, оны ер деме!
5080 Тілі айтқан сөзден қайтпас ерен ер,
Сөзден қайтса қатынға ол теңелер!»
Достарыңызбен бөлісу: |