«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Одғұрмыштың Елікке жауабы



Pdf көрінісі
бет118/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

Одғұрмыштың Елікке жауабы
Айтты Одғұрмыш жауап беріп: — Ер Елік — 
Бұл ізгі іске қолы жеткен теңеліп.
Арттырсын һəм хұда сені қолдасын,
Жақсы қылық, құлқың сені қорғасын!
Бектер елдің таңдаулысы сарасы,
Болсын сара қылық, сөзі, санасы.
Білік беріп былай депті білген ер:
Əділ, ізгі бектің елі гүлденер.
5085 Не дейді екен, тыңда, ақ басты адамды,
Ұзақ жасап, кешкен бастан ғаламды:
— 
Құлқыңды оңда, ай, тұтушы жаһанды,
Келуші құт кетер, қайта қашар-ды.
Жақсы ат қалдыр, тырыс сен де өзіңе,
Жафа қылма, жат қылар құт сені де!
Ай, қолы ұзын, жамандыққа бармағын,
Сөз, қылықты ізгілікке арнағын.
Бек, ұлықтық жүзін бұрар, ақылым —
Тек жақсылық айнымайтын, батырым!
(Бек, ұлықтық сенен бетін бұрады,
Тек жақсылық құбылмай нық тұрады.)
5090 Ізгілік ет, халық жүгін көтер де,
Жақсылығың қайтар, дəурен өтер де!
Тірлік күні ізсіз боран, жел екен,
Құт сенімсіз, аттап сенен тез өтер.
Еліктің Одғұрмышқа жауабы
Елік айтты: — Білікті ұлық, білерсің,
Тілегім сол, жолымды ашып жүрерсің!
Саған мұнша құлдық ұрдым, аңсаттың,
Осы еді, асыл тектім, мақсатым.
Енді ақыл-кеңес бергін, болысып,
Ізгілікке қолым жетсін, толысып.
5095 Кісілер көп құлқын қамын аңдыған,
Ай, сақи, жоқ мейірімді, арлы жан.
Бектер барша тілектерін табады,
Көңілін демдер демеу таппай жанады.
Сарайда көп қалтақтаған қалың бас,
Біреуі жоқ сүйеу болып, жаңылмас.
Бəйіт, сақи, айтар мұның жосығын,
Ұққың келсе, ең əуелі осыны ұқ:
«Кісімін деп жүргендердің саны көп,
Кісілерге пайдалысы, қане, жоқ.
5100 Мың кісінің ісін істер бір кісі,
Атқара алмас қаптап оны мың кісі!»
* * *
— 
Ай, Одғұрмыш, — деді Елік тағы да, —
Хақ пейілін аударыпсың бағыңа.
Жарасады қылық-құлқың атыңа,
Бақ, тілеуің берсін Алла басыңа!
Хақ бергеннен маған үлес байларсың,
Тіріліп көңіл, нəпсі өлікке айналсын!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет