«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Саба — таң, яғни «таң самалы». 72. Қыл



Pdf көрінісі
бет151/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

Саба — таң, яғни «таң самалы».
72. Қыл — құстың бір түрі. Құр? 
«Қылқұйрық» деген ұғым содан қалуы мүмкін.
74. Көкіш — құстың бір түрі (ДТС, стр. 313).
78. Ыбры сүресі  — Дəуіт пайғамбардың мұқаммен оқыған сүресі.
94. Үнді райы, Қайсар  — жыл құстарын сипаттап отыр.
98. «Хош иісті шырақ; хош иіс, шылым» — деп түсіндіреді (ДТС, стр. 601). Дұрысы 
шылым шегетін түтікше болар.
120. Қияметқайым, ақырзаман болғанша, жер мыстай қызарып жанғанша деген 
мағынада.
123. Лұқман — Шығыстың аты аңызға айналған дана ғалымы.
124—147.«Жеті жұлдыз он екі бұржы туралы » тарауда Шығыстың ғарыштану ілімінің 
заңдылықтары сипатталады. Ғарыш құрылысының бұл жүйесі ІУ— У ғасырларда 
өмір сүрген грек-сириялық ойшыл Дионисия Псевдо — Арепагиттың космологиялық 
көзқарастарымен үйлеседі. Аталмыш тарауда жұлдыздар ( планеталар) жерге жақын 
Айдан бастап емес, керісінше, ең алысынан бері қарай рет-ретімен аталған. Жалпы, 
Шығыстың көне дүниедегі шығармаларында ғарыш құрылымын, аспан денелерін 
суреттеу дəстүрлі заңдылық екені ғылымда мəлім жағдай. Бұл Əлішер Науаидың əйгілі 
«Құстар тілі» дастанында да бар.
Бұрұж ( бұржы) тура мағынасында Зодиак ұғымын береді. Күн жолы.
Күннің жыл бойғы қозғалысы өтетін аспан белдеуі. «Бұржы», «Бұрыш» сөзінің 
синонимі ме деп те ойлап қалғандаймыз. Мысалы: «Он екі бұрыш...»
128—129. Құлабыз — екі бəйітте аталады. Барлық сөздіктерде «жолшы», жол сілтеуші, 
бағыт-бағдар беруші мағынасында түсіндіріледі. Біз «Құлабыз» сөзінің өзін келтірдік, 
себебі қазіргі «құбыланаманың» төркіні осында жатқан жоқ па екен деп ойлаймыз. 
«Құбыланамадан» гөрі «Құлабыз» (компас) əлдеқайда тілге оралымды, шымыр емес 
пе?!
131. Секəнтір — Сатурн, Зұхал; қазақша — Қоңырқай жұлдыз. (Қараңыз: М. Исқақов. 
Халық календары. Алматы, Қазақстан, 1980. 211-бет. М. Исқақов бұл пайдалы еңбегінде 
Жүсіп Хас Хажыб дастанында «...ерте кезде белгілі болған бес үлкен планета, бірақ 
бұл планеталардың көне түрікше (түркіше — А. Е.) атаулары келтірілмеген» — деп 
жаңсақ айтқан). Планета (нысан), жұлдыз атаулары түпнұсқада қалай кездессе солай 
сақталып, түсінік берілді. 
132. Оңай — (Юпитер, Мүштəрий). Қазақ тілінде — Есек қырған.
133. Күрүд (Көрүт) — (Марс, Миррих) Қызыл жұлдыз.
134. Күн — түпнұсқада: «Иашық».
135. Сəбит — ( Венера, Зухра) Шолпан.
136. Арзу — (Меркурий, Утаруд), Кіші Шолпан.
137. Иалчық — Ай.
138. Он екі Өкəк — Он екі бұрж ( Зодиак).
139. Қозы — (Овен, Хамал). Қазіргі оқулықтарда «Тоқты» деп жүрміз. «Қозы» қандай 
жарасымды əрі ертедегі ілімге де сəйкес термин...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет