«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Бүктəл — жылқы тұқымы. Арқұн



Pdf көрінісі
бет159/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

Бүктəл — жылқы тұқымы.
Арқұн — Жабайы жылқымен буданнан шыққан жүйрік арғымақ.
5377. Той, тұт, йүгдүк, тодлыш, қақ, қордай, иуғақ — құстардың атаулары.
5486. Бұрхан — пұт.
5575. Ийəрі — алтын, күмістің тазалығы, хас асылдық деңгейі.
5675. Қарақұс — Юпитерді мезгеп отыр.
5676. Иылдырық, Азғыр, Ерентір — жұлдыз атаулары.
5677. Сүкіш — қырғауыл; Фазан (В. В. Радлов).
5803. Тазы тай — асыл тұқымды арабы тұлпар.
5810. «Көне түркі сөздігі», С.Е.Маловтың сөздігі бағалы еңбектер. Əйтсе де, 
сөздіктерге сүйене отырсақ та, түпкі нұсқадағы қазіргі тілімізге етене жақын, 
төркіні бір бірқатар сөздерді көп жағдайда сол күйінде пайдаландық. Мысалы, 
«Тануқ» сөзін С.Е.Малов «куə» деп түсіндіреді. Ұйғыр аудармашылары да (»гуə»), 
С.Н.Иванов та осы мағынада қолданысқан. Біз «тануқ» сөзі сыртқы-ішкі бітімінің 
өзімен-ақ қазақтың кəдімгі «тану», «танылуына» үндесетіндіктен, түрлендіруге 
бара қоймадық.
5855. Қазіргі аударма тəжірибесінде «құдай», «жаратқан», «хақ», «алла», «тəңір» т. б.
сияқты сөздердің түрлі реңдері, мағыналық астарлары қалыптасып, жүйеленгені 
белгілі. Бірақ бұл шығарма ежелгі түркі тіліндегі рухани жақын, төл мұрамыз 
болғандықтан, аса еркін түрлендіруге ерік бермей, түпнұсқада «тəңір» деген жерде 
«тəңір», «байат» деген жерде «хақ», ілуде бір «құдай» т. с. с. деп сол күйінде алып 
отырдық. Бұл қағидат көне тарихи — əдеби мұраға қатысты болғандықтан, өзін-өзі 
ақтайтынына кəміл сенімдіміз.
5866. Ежелгі Шығыс медицинасында адам тəнінің тіршілік негізі төрт түсті сұйық зат 
екендігі түсіндіріледі. Оның бірі: қызыл түсті сұйық — қан, сары түсті — өт сөлі, 
қара түсті — ірің, ақ түсті — сілекей. Көне медицина бойынша осы төртеудің өзара 
тепе-теңдігі бұзылса, адамның жан-тəнінде де ауытқу, ауру-сырқау болады деп 
сендірген. Бұл Гипократтың дененің төрт «сөлі» туралы ілімімен сəйкес келеді, 
бəлкім, соның негізі болуы да мүмкін. Бұл ілім бойынша адам мінез-құлқының, 
қабілетінің төрт ерекшелігі жіктелген: сангвиник — қан, флегматик — сілекей, 
холерик — өт сөлі көп болғанда, меланхолик — қара сөл көп болғанда.
6191. Көне түркі тіліндегі «көні» сөзі «тура», «дұрыс», «түзу» деген мағынаны 
береді. Мысалы: «Көні төрі» («түзу заң»), немесе «түзу сөз». Осылай аудардық та. 


 528
529
Əйтсе де қазақ тілінде «көне» сөзі бар ғой. Əрине, мағынасы бөлек. Осы сөздің 
этимологиясына назар аудару мақсатымен, бұл бəйітте «көні» деп түпнұсқадағы 
тұлғасын қаз-қалпында қалдырдық. Шынында, екі мағына да контекстке үйлесе кетеді. 
Əрине, «көне» деп оқығанмен, түпкі мағынасы «тура», «түзу» деп ұққан жөн.
6216 Үлкəр — Үркер.
6219. 5675-сілтемені қараңыз.
6220. Иетікен — Жетіқарақшы.
6221. 5676-сілтемені қараңыз.
6222. Бірдін — белгілі жағдайларда оқылатын дұғалардың бірі.
6232. Саңа түгмəдім мен бұ қашим көзүм — бұл жерде, кəдімгі қазақ тіліндегі «қабағымды 
түймедім» əлдеқайда жатық, сауатты. Əйтсе де «көз қасымды түймедім» деген 
түпнұсқа тіркесінде сол дəуірдің белгі-бедері жатқаны күмəнсіз. Əрі қазіргі оқырманға
ұғынықты болса, несіне түрлендіреміз.
6286. Құмары — өсиет, насихат; қолбала. Бұл жерде Одғұрмыштың өсиетін аманатқа 
алған шəкірті, қызметшісі я қолбаласы мағынасында .
6305. Түпнұсқада мəтін осы тұсында үзілген.
6432. Пəнд — өнеге; насихат. Біз ғұмыр шындығы, сабағы деген мағынада алдық.
6474. Ұз — шебер; өнерлі. Біз «Ұста» сөзін кең мағынасында қолдандық.
6514. Пəлід — кір, лас; сасық; қазақша «пəле» ұғымы болғандықтан түпнұсқадағы 
«пəлені» сақтадық. 1986 жылғы басылымда «Шірік» деп аударған едік. ( «Шіріктен 
тек шірік аңқып тұрады»).
6531. С. Н. Иванов аудармасында «һазанды» «күз» деп алған, біз қазан күйінде 
қалдырдық.
6547. Хұсрау — Иран шахы (590—628).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет