16
17
тəн сипаттар: метафора өзегіндегі нақтылық, дəлдік, ой-толғам желісіндегі
өмірлік тəжірибе, тұрмыс-тіршілік диалектикасынан туған айқындық, троп-
тар жүйесіндегі қолмен қойғандай тиянақтылық — осылардың бəрі де араб-
парсы саздары басым көрінетін жалпы шығыс əлемінің көркемдік-эстетикалық
шарттылықтарынан мүлде бөлек қасиеттер. Поэтика тарихындағы əр кезең-
дерде əрқилы көрінгенімен, бұл сипаттардың өзегі бір көркемдік заңдылықтары
қазақ поэзиясының бұрын-соңды ерекше қасиет-қисындарын, ішкі-тысқы
өлеңдік табиғатын, дүние поэзиясы алдындағы өз үнін айқын, ашық танытады.
Мысалы, дастандағы «Арыстан мінсең, қылышыңды қамшы қыл!», «Жауды
көрсе — ердің жүзі қызарар, «Жауға кірсе — жердің жүзі қызарар!», «Таяқты
жауға темір қалқан дайында!»(бəрі де «Құтты білік» дастанынан) деген
жолдарды хас поэзия емес деп айта аламыз ба, олай болса осындай бітімді
жыр үлгісін басқа дүние поэзиясынан кездестіре аласыз ба? Бұдан да əсерлі,
бұдан да қуатты поэтикалық түзілімдер болуы мүмкін, бірақ мына жаратылыс
қайталанбайтын қуатты, күрделі құбылыс. Берідегі Ақтамберділер аса бір
сыршыл махаббат сезімінің өзін айдан анық өрнекпен «Азу тісін ақситып
аруды сүйер ме екенбіз!» — деп естен кетпес кесек суретпен елестетеді. Мұны
ұққан ғана ұғар. Бəлкім, басқа дəуірдің, басқа этностың өкілдері (ақын-жырау лары)
бұлай жырлау өз алдына, осының өзін түйсініп, көзіне елестете алмауы мүмкін.
Ұлттық бояуы қанық осындай поэзия үлгілерін бес ғасыр жырауларынан
да аса жиі кездестіреміз.
Поэтикалық дəстүрдің осы арнасының өзі-ақ қазіргі қазақ жырының
тарихи поэтика заңдылықтарын тереңнен аша түсетін толымды үрдіс.
«Құтадғу біліг» — дəстүр, поэтикалық таным биігін білдіретін арналы
дəстүр.
Бұл сипаттама этикалық-даналық дастанның өз заманындағы, өзінен
бұрынғы көркемдік, философиялық үрдіспен, кейінгі өзіне тектес əдеби-
эстетикалық өркендермен тікелей тамырластығынан, рухани үндестігінен
танылады. Жүсіп Баласағұнның дүниетаным, біліктілік тұрғыда сол кездегі
əлемге мəлім ойшылдармен қанаттас түсіп отыратындығы көрініп тұрады.
Неміс зерттеушісі, дəрігер Отто Альбертстің: «Юсуф в молодые годы являлся
наследователем и даже учеником Авиценны», — деп топшылауы тегіннен-
тегін айтылған сөз демейміз. Егер əлем философиясынан ондай аналогиялар
іздесек, «Құтадғу біліг» дастанындағы əлеуметтік ойлар желісін ағылшын
Адам Смиттің «Богатство народов»
(1775 ж.) атты əйгілі де абыройлы ең-
бегінің үндес идеалдарымен ұштастыруға əбден болар еді. Бірақ біз үшін
топырағы бір, рухы туыс Күлтегін жазуларымен, Аристотельден кейінгі
«екінші ұстаз» Əбу Нəсір əл-Фараби даналығымен, қазақтың бес ғасыр
ойшылдарымен, Ұлы Абай философиясымен табиғи жақындығы əлдеқайда
берік, əлдеқайда жанды жалғастық ретінде қадірлі. Дана Фарабидің қуатты
қоғам, бақытты мемлекет туралы толғаныстары дүние жүзі ойшылдарынан
лайықты бағасын алған. Осы əл-Фарабидің даналық ойлары мен Жүсіп
Баласағұнның əлеуметтік-эстетикалық көзқарастарының сабақтастық желісі
айқын аңғарылады. Фараби əлеуметтік трактаттарында ақыл, білім, ғылым-
ның пайдасын, адамның құт-бақыты, жақсы əкімдердің құлық-табиғаты
туралы көзқарастарын білдірсе, «Құтты білікте» осынау əлеуметтік мəні терең
ой-толғамдар өлеңмен, дидактикалық поэзия үлгісімен көркем жыр ланады.
Əбу Нəсір əл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көз қарастары»,
«Данышпандықтың маржаны», «Бақытқа жету жайында», «Мемлекет
қайраткерлерінің нақыл сөздері», «Ақылдың мəні туралы трактат» тағы
басқа əйгілі туындыларының ой-идеялары мен «Құтты білік» дастанындағы
аналогиялық толғам, философиялық түйіндер бір мəдениеттің, бір өркениеттің,
заман мен əлеуметтік жағдай ғана емес, бір тектес ел-жұрт тіршілігі тұтас-
тырған бір дүниетанымның жемістері. Екі ғұламаның ел, ел басы, қоғам
туралы ой-толғамдары бір арнадан тоғысып отырады. Екеуі де адамгершілікті,
имандылықты, мейірім-рахымшылықты адам баласының асыл қасиеті ретінде
жоғары қояды. Парасат, білімді адамшылықтың алды деп таниды. Барша
жұртты тең көруді, тең көріп, еңбегі мен парасат пайымына қарай бағалауды
парыз деп біледі. Əлеуметтік салмағы зор «Құтты білік» сынды дастанның
көркемдік-танымдық сипаттары, күллі қасиеті өз тұсындағы, өзіне дейінгі
ойшылдар мен зердешілердің талантты туындыларымен астастыра қарағанда
кемелдене, барынша айдындала түседі. Күлтегін жырларынсыз, Фарабидің
өлмес мұраларынсыз бұл біліктілік туралы дастанның іргесі үнемі жалаңаш қала
бермек. Жүсіп Баласағұнның көркемдік əлемі осындай тектес құбылыстармен
сабақтастыра қарағанда ғана қатпарланып, даралана көрінеді. Бұлардың ара-
сында ірі көркемдік-танымдық құбылыстардың басын тоғыстырған үлкен
мəдени-шығармашылық заңдылық жатыр. Қандай да құбылыстың, болмысқа
эстетикалық көзқарастың ішкі табиғаты, белгілі бір дəстүр өзегінде түзілген,
өсіп-өнген топырағы болатыны белгілі. Классикалық көне түрік поэзиясының
алғашқы кітабына да осы тұрғыдан қараған жөн. Осыншама кемел де келісті
поэзия шығармасы, келісті кітап бірден дүниеге келе қоймағаны күмəнсіз. Бұл
орайда «Құтты біліктің» алдында ерте, ерте орта ғасыр дəуіріндегі түріктердің
өркенді мəдениеті тұр. Түрік дүниесінің біртуар айтулы құбылыстарының ішкі
дəстүрлі байланыстары зерделей үңіліп, тереңнен талдауды қажет ететін тұтас
бір этностың этнологиялық өркендеу желілері қойындасып жатқан күрделі
жүйе. Сол құнарлы топырақтың қазіргі алуан түсті, түбі бір, топырағы ортақ
түркі тілдес халықтардың кейінгі мəдениетіне ұласу тұсындағы жұмбақтары
қызық та мəнді-мағыналы мəселелер. Бұл орайда да Жүсіп Баласағұнның
творчествосы үлкен бір кезеңді сан қырынан алдыға тосатын бірегей бітімді
туынды. Орхон-Енисей жазбалары тарихи ескерткіштер болумен қатар, поэзия
туындылары екендігіне күмəн жоқ. «Осынау өзіндік көркемдік мəнері басым,
көркемдік өрнектерінің түйінді заңдылықтары айқын дерлік жырларының»
Достарыңызбен бөлісу: