«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет5/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   161
(М.О.Əуезов)
*
көркемдік-эстетикалық нышандарының кейініректегі «Құтадғу 
біліг» сияқты шығармалардан бой көрсетуі тұтас бір əдеби дəстүрдің болған-
дығының тағы бір айғағы. Əрине, V—VІ ғасырдан кейінгі төрт-бес ғасыр 
кезеңнің өзіндік даму кеңістігі екендігін, көркемдік, талғам деңгейінде көп 
жаңғырулар, түлеулер жатқандығын естен шығаруға болмас. Əйтсе де, өркені 
де, өрісі де бір өзіндік көркемдік дəстүрі барынша қанық дараланған жырлар.
Екеуі де бір өркениеттің ескерткіштері болғандықтан, рухының, сөз орам-
дарының, тілдік-стильдік ерекшеліктерінің тектестігі анық. Оның сыр тында 
ел, жер, кісі аттары, бірқатар тұрақты сөз тіркестері, ой орамдары, тарихи 
кезең мен əлеумет сипаттарын білдіретін ұғымдар Күлтегін жырларында 
да, Жүсіп Баласағұн дастанында да бірдей кездесіп отырады. Осылардағы 
* Əуезов М. Шығармалар. Он екі томдық. Алматы: Жазушы, 1969. 11-том.


 18
19
ономастикалық, антропоним сөздермен қатар, жүздеген жекелеген сөздер 
тілімізде қазір де жиі қолданылады. Сына жазулары мен «Құтадғу біліг» 
арасындағы дəстүрлі байланысты тек қана түркі сөздерінің біртектілігінен, 
лексикалық бірегейлігінен ғана емес, поэтикасынан, көркемдік заңдылық 
шарттарынан да танимыз. Орхон-Енисей жазбалары — тарихи шежіре, жыл-
нама рухындағы шағын дастандар. «Құтты білік» — этика-философиялық 
дастан. Руна жазуындағы жырлардың эпостық сазы, рухы қазақ эпосы мен 
батырлар жырымен үндесетін болса, бір жағынан, біз тілге тиек етіп отырған 
дастанмен де етене қойындасып кетеді. Мəселен, түркілердің көркемдік 
таным дүниесіне тəн үлгідегі бір ғана дəстүрлі эпитеттерден-ақ (алып ер, қара 
жер, шырын сөз, қызыл қан, қара тер, қасиетті жер-су т.б.) ортақ заңдылықты, 
жаратылысынан біткен жақындықты алға тарту қиынға түспейді.
Өлең əуезесі жағынан келгенде, ішкі үндестікке бай, бірер тармақтан 
абзацтарға, шумақтарға ұласып қайтып отыратын, ағынды судай екпінді-
экспрессивті Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк тебіреністері əр бəйіті берік 
өл шемге бағынған рационалды, дидактикалық «Құтадғу білігтен» гөрі, 
клас сикалық қазақ əдебиетіндегі шешендік сөздерге, билер толғамына, 
эпикалық қарымы кең қаһармандық жырларға өте-мөте іш тартады. Бұл — 
ақиқат (аксиома). Құтты білімдегі сипаттармен ұштасатын көркемдік-рухани 
туыстық нышандары өзге бір қырынан білінеді. Əсіресе шығармалардың 
ком позициялық, структуралық принциптеріндегі ерекше заңдылықтар 
назар аударарлық. Күлтегіннің кіші жазуы алғашқы жолында-ақ «Тəңіріні» 
ауызға алумен басталады. «Құтты білік» те солай. Күлтегіннің үлкен 
жазуы: «Биікте көк тəңірі, Төменде қара жер жаралғанда, Екеуінің арасында 
адам баласы жаралған», — деп басталатыны мəлім. Жүсіп Баласағұн да 
алғашқы тарауларда əуелі əуе, көк, жер, арасында адам жаратылғанын 
айтады, тек кеңірек, ауқымдырақ көркемдік тыныспен əңгімелейді. Қазақ 
зерттеушісі Н.Келімбетов «Қазақ əдебиетінің ежелгі дəуірі» атты еңбегінде 
И.В.Стеблеваның зерттеулеріне сілтеме жасай отырып, Орхон-Енисей 
жазуларының композициялық құрылымының принципті белгілерін талдап 
көрсеткен: «Ежелгі түркі поэзиясына тəн дəстүр бойынша, осындай əрбір 
циклдің өзі міндетті түрде мынадай үш элементтен тұратын болған: 1.Оқиғаның 
басталуы; 2. Сол оқиға желісінің біртіндеп ұлғая түсуі; 3.Осы циклде айтылуға 
тиісті ой-пікірдің түйіні...»
*
Осындай ішкі реттілік «Құтты білік» дастанында 
да байқалады. Бірқатар бəйіттерде, кітап ішіндегі тарауларда, кітаптың тұтас 
бітімінде осы өз ішінен тұйықталып отыратын сюжеттік заңдылық (оқиғаның, 
ойдың басталуы // дамып, өрбуі // айтпақ түйін, тиянағы...) басым. Бейнелеп 
айтқанда, сюжеттік шеңбер ішіндегі бірінен бірі кішірек əр түрлі көлемдегі 
сюжеттік шеңберлер тəрізді. Сөз орайында Жүсіп Баласағұн бəлен дана, 
бəлен ғұлама былай деген, былай деп түйген екен деп өз толғамын тиянақтап, 
түйіп, дəлелдеп отырады. V—VІІІ ғғ. жазбаларында да осындай сілтемелер 
(Тоныкөк. «Елші сөзі мынадай», «Сөзді былай жіберді», «Ол үш қаған 
кеңесіп...», «Түргеш қағаны былай деді...», «Түргеш қағанынан елші келді, 
сөздері мынадай...» т.б.) жүйелі кездеседі. 
Дастанның басты мұраттарының бірі: құтты қоғам құру, əлеуметті түзіп, 
«кедейді — орташаға, орташаны — байға» («Құтты білік») жеткізу, елдің əл-
ауқатын өсіріп, іргесін нығайту. 
Келімбетов Н. Қазақ əдебиетінің ежелгі дəуірі. Алматы: Мектеп, 1986. 46-б.
Халық байып, ырысы артты елінің,
Тілін безеп көтерді елі Елігін.
Құт дарыды, өсті халық өрісі,
Бірге жусап, өрді қозы, бөрісі.
* * *
Жақсылардың көтер жебеп, еңсесін,
Жамандардан бүтін сақта ел шетін. 
Заңды түзе, сұмдық сонда сасады,
Құтың өсіп, абыройың асады.
Осы жолдардың өзі-ақ ел тірлігін, елдің бір əлеуметтік кезеңдегі суреттерін 
елестеткендей. Орхон-Енисей жырларында да «Жалаңаш халықты тонды, 
Кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым» дей келе:
Бектері де, халқы да сенімді екен,
Сол үшін де елін сонша билеген екен,
Ел ұстап, заң жасаған...
деген сияқты ойларымен əлеуметтік толғамдарын сездірмей ме? Осындай ой-
лар ежелгі кезең əдебиетінің азаматтық, саяси-əлеуметтік мұраттарын айқын 
танытады. Ой бірлігі, мағыналық үндестік əскери іс, жорық тəсілдері жайлы 
тарау, тармақтардан да көзге көрініп тұрады. Мақал-мəтелдер мен қанатты сөз-
дерге, ұшқыр ойлы тіркестерге қатысты да шығармашылық мектептің та биғи 
қалыптасқан арналарын аңғармау мүмкін емес. Тəрбие, моральдық-этикалық 
өсиеттер, адамдардың арасындағы қарым-қатынас негіздері хақында да ой 
тебіреністер бір өзектен шығып отырады. Көбінесе арасында бес ғасырға жуық 
заман өткенімен, мағына, ой-толғам, бейнелеу тəсілдері жағынан да қатар 
түсіп отыратын тұстар шығармалар тініндегі дүниеге көзқарастың, белгілі бір 
қалыптасқан идеялық-эстетикалық тұжырымдардың сабақтастығынан. Ежелден 
символдық мəнге ие болған, баламалы астарлы мағынаға ие болған сөздер, 
поэтикалық түйіндер, семиотикалық құймалар мен таңбалар шығармаларға
өзгеше тарихи көркемдік шырай қосумен бірге, ұлттық-этникалық қасиеттерін
əрлей түскен. 
«Құтадғу біліг» дастаны ХІ ғасырдың жұлдызды шығармаларының бірі 
ретінде өз бойына классикалық түркі əдебиетінің, поэзиясының бірегей 
қасиеттерінің, эстетикалық тəжірибелерінің нəрін жиған туынды. Қоғамдық-
əлеуметтік мақсаты айқын, танымдық талғамы биік поэтикалық құбылыс.
Таза əдеби шығарма ретінде ол өзіне дейінгі түркі поэзиясының ішкі 
заңдылықтары мен барша көркемдік қасиеттерін шығармашылықпен сіңіріп, 
əдебиеттің кейінгі кезеңдеріне өзгеше даму арналарын ұсынған шоқтықты 
эстетикалық белес. Қазақ халық поэзиясына да, жыраулар поэзиясы деген 
атпен танылған бертінгі ХV—ХІХ ғғ. жыраулығына да табиғатынан жақын 
тұрған өзгеше арналы əдеби үрдістің, ерекше тарихи əдеби дəстүр желісінің 
асыл арқауы.
Жүсіп Баласағұн поэмасы басқа түркі тілдес ұлттармен бірге, қазіргі 
қазақ жұртшылығының да рухани алтын қазығы. Оның қазақ əдебиетімен, 
халық əдебиетімен де тамырластығы, бір топырақтың өркені екендігі 
дау тудырмайтын тарихи шындық. Ғұлама ақынның туып-өскен жері 
Баласағұн да, дастанның тілі, образдық-стилистикалық жүйесі де, түркі 


 20
21
өлеңінің классикалық өлшем, үлгісі мен тарихи, философиялық-эстетикалық 
аспектілері де бұл ойымызға толық негіз бола алады.
Шынайы талантты энциклопедиялық бітімдегі шығарма — тарихи түйінді 
құбылыс. Халықтық сипат, ұлттық мінез-құлық қырлары, сана, дəс түр бол-
мысы солардан бедерленіп көрінбек. Ұлттық ой-сана, менталитет ұзақ сүзіліп, 
баяу қалыптасатын əрі баянды сақталатын күрделі түзілім. «Құтты білік» 
дастанының беттерінен де қазақ елінің жаратылысынан тəн сипаттарының 
куəгері болғандаймыз. Халқымыздың қанына сіңген əдет-құлықтар, қасиеттер: 
үлкенге — құрмет, кішіге — ізет, барға қанағат етушілік, жомарттық пен 
қонақжайлылық, мейірімділік пен қайырымдылық сынды көптеген адам-
гершілік өнеге-сипаттар мемлекеттік іс, тұрмыс, өмір, мораль, əдеп-иман
тақырыптарын жырлаған тарауларда ақындық ой-маржандарымен астасып 
жарқырай көрініп отырады да, бір-бірімен ұласып келісті бір тұтас ұлттық 
бітімді көзге елестетеді. Бала тəрбиесі, əйел алу, жар таңдау, қонақ шақырып, 
қонақ күту, қазметшілермен, алуан мамандық иелерімен қарым-қатынас 
жасау жөніндегі тараулардағы осындай мағынадағы ойлар, тұжырымдар хал-
қымыздың қазіргі бойында тумысынан біткен, тұрмысында бар, санамызға 
ана сүтімен сіңіп, бабалар ақылымен дарыған қасиет-сипаттармен жалғасып, 
жақын түсіп отырады. Баланы жасынан қолыңда тəрбиеле, жатқа жіберме
үйіңде өсір, өнер-білім үйрет, имандылыққа баулы, еңбекке баста дейді ақын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет