«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 ОДҒҰРМЫШТЫҢ ШƏКІРТІНІҢ ӨГДҮЛМІШКЕ КӨҢІЛ



Pdf көрінісі
бет141/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   161
83. ОДҒҰРМЫШТЫҢ ШƏКІРТІНІҢ ӨГДҮЛМІШКЕ КӨҢІЛ 
АЙТУЫ
Қолбаласы көңіл айтты, жұбатты:
— 
Хақ үкімі, бұр тіл, ділің, құлақты.
Баршаны өлім алар күні алар-ды,
Ол өлді, өзің ойлан енді ажалды.
6295 Текке, ай, ұл, еңсеңді езіп, тарылма,
Кім бар қорлап, ұрып-соққан — шағылма!?
Алла өзі шыбын жанды сыйлады,
Беріп өзі қайта алды, қимады!
Қайта бермес, сенбе тағы келер деп,
Безер түбі бізден, сенен, менен де!
Зииарат қылып қабірінің басына,
Көріп аттан, бойыңды жи, жасыма!
84. ӨГДҮЛМІШТІҢ ЕГІЛІП ОДҒҰРМЫШТЫ ЖОҚТАУЫ
Қабіріне барып көріп, құлады,
Жерді құшып, зар еңіреп жылады.
6300 «Жан бауырым! Бас көтеріп, қарашы,
Бір көрінші, қайғы-шерім тарасын!?
Үміттеніп келіп едім көргелі,
Жаптың неге жүзіңді, мен келгелі!?
Жайсаң жаның жаныма пір, тірегім,
Сенсіз енді қалай тірі жүремін?!
Көрген түстей, бір елестей көріндің,
Көзімді ашсам — жоқсың, жас боп төгілдім!
..............................................................................*
85. ЕЛІКТІҢ ӨГДҮЛМІШКЕ КӨҢІЛ АЙТЫП ЖҰБАТУЫ
Естіді де, сарайынан келді Елік,
Көңіл айтып, жұбатты күш, дем беріп.
6305 «Ай, Өгдүлміш! Есіңді жый, — деді Елік,
Дұға оқып, өлген ерді жебегін!
Одғұрмышты жарылқап хақ, қолдасын!
Күнəларын кешіріп һəм қорғасын!
Қайғың үшін бергін алда адал жол,
Хақ рахымы түссін, өзің аман бол!
Жүз жасырып, қойып ауыз ашқанды,
Жолды кесіп, бекітіпсің қақпаңды.
Жараспайды, бұл қылығың болмайды,
Жөн-жосыққа, ақылға еш қонбайды!
6310 Айтшы, маған: кім жəбірлеп, күштеді?
Кім кек түйіп, кімдер қастық істеді?
Бір Алланың бұйрығы — адал қазасы,
Құлқыңды оңда, ауыр жанның азасы.
Неге сонша зарлап, сорлап шағылдың,
Жақсы құлық емес мұның, сабыр қыл!
Туған — өлер, анық ұшқан — құлары,
Берген — алар, ал жүрген бір тынады!
Өлім де бір ғибрат, сабыр сақтағын,
Қант-шекер болсын енді татқаның!
6315 Өлім көріп тірі жүрген адамдар,
Ғибрат алсын, өлім жайлы бағамдап.
Өлген пенде айтар: « Маған қараңдар,
Өлім тұтты — кеттім, келер саған да!»
Мұны мегзер бəйітті енді оқып ал,
Оқып ұғып, көңіліңе тоқып ал:


 498
499
«Ерте өлгендер сені қапы қалар деп,
Ғибрат берер: «Маған қара, маған!» — деп.
Ғафыл жүріп көп өкіндім тірімде,
Өлім тұтты — кеттім, келер саған!» — деп.
* * *
6320 — Қалай өлді Одғұрмыш? — деп сұрады,
— 
Білгеніңді айт, сөйле, сенде құлағым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет