«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Еліктің Өгдүлмішке сауалы



Pdf көрінісі
бет143/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

Еліктің Өгдүлмішке сауалы
Шақырды Елік Өгдүлмішті бір күні,
Айтқын, — деді, — ел-жұрт жайын білдіріп.
Ел халі не? Қалай жұрттың жағдайы?
Заман қандай, айтқын, — деді, — арнайы!
Күллі істе көз-құлағым бір өзің.
Ашылып айт, менің сенен тілегім.


 500
501
6350 Істен қалдың, қайғың ұзақ торлады,
Енді, қазір, ісің қалай қолдағы?
Өгдүлміштің Елікке жауабы
Жауап берді Өгдүлміш те: — Ай, бек! —деп,
Дуасы артқан, ел-жұрт халі əйбəт! — деп.
...................................................................................*
Өгдүлміштің Елікке жауабы
.......................................................................
Бірі — нəпсі, құлқын, сұқ көз, құр қу сөз,
Құлшылықтың жұты болар, жұртым сез...
Бірі — аз сөйлеп, бірі тыйса ауызын,
Жағаламай жамандықтың ауылын.
Құмарлықты қатты тыйып тастаса,
Ашуды ұстап, таспаса һəм саспаса.
6355 Білікті де, ақылды да сол болар,
Оның əрбір харекеті оң болар!
Ақылды жан өзі ақылдай бейне бір,
Дұрыс, түзу болар үлгі, белгі бір.
Жарамсызды жақтырмас һəм қаламас,
Керексізді көрмес, тіпті қарамас!
Еліктің Өгдүлмішке жауабы
Елік айтты: — Мына сөзің ғаламат!
Өзің — асыл, сөзің — кемел, жамағат!
......................................................................
Өгдүлміштің Елікке жауабы
Опасыз тəн, нəпсі жафа шектірер,
Жафашыға — жафа қылсаң, шет жүрер.
6360 Нəпсіге еріп, сүйіндірсең денені,
Жапа сонша зұлымдықпен өреді.
Жақсы айтыпты ғалымдардың сарасы,
Бұл жафашы тəннің дауа, шарасы.
«Кімге опа бердің — күткін жафасын,
Жафашының жаласына қаласың!
Кімге ізгілік етсең — қорқып, сақтанғын,
Зар жылатып, тартқызар сол наласын!»
Үш нəрсенің жаман семіз болғаны:
Бірі — тəнің, ит пен құсың — қалғаны.
6365 Баптау үшін — ашықтырған пайдалы,
Бабын тапсаң — ұшқыр, алғыр, айлалы!
Құс ширықпай — ұшпас, дəмін қаға алмас,
Тоқ, семіз ит — жүгірмес, аң ала алмас.
Тойынған тəн бурадай нақ шабынар,
Ерік берсең, тулар — естен жаңылар!
Құс алмаса, бір үйрегің кем болар,
Ит шалмаса, бір сусарың кем болар.
Ал сен өзің бурадай жын шақырсаң,
Еңіретіп отқа сүйрер — тасынсаң!
6370 Тоқ жүреді, тойынбаған пақырлар,
Байдың байы — қанағатшыл тақырлар!
Асын ішіп, лыпа болса — жамылып,
Іс тындырар тынбай, һаққа табынып.
Бектік дəулет, құттан кісі есіріп,
Тигізеді іске, жұртқа кесірін!
Тəкаппарсып, Алладан да «қорықпас»,
Ақылдылар жолдан тайып торықпас.
Бай да үзілер, кедей, шіркін, қиылар,
Екі кез бөз, бір қара жер бұйырар!
6375 Кедей өлсе, жоқшылықтан құтылар,
Бай қысылар — малын қимай құтырар!
(Кедей өлсе, михнаттан құтылар,
Бай қиналар — қалар мал мен құты бар!)
Мұны мегзер сөз мəніне қанарсың,
Өнегелі ойдан үлгі аларсың:
«Өлім — зейнет, ей, иесі бейнеттің,
Өлім — бейнет, ей, иесі зейнеттің!
Кедей өлсе, бар бейнеттен арылар,
Бай өлсе, егер, есебінен жаңылар!»


 502
503


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет