81. ОДҒҰРМЫШТЫҢ ӨГДҮЛМІШКЕ ӨСИЕТ БЕРГЕНІ
АЙТЫЛАДЫ
Айтар сөзім: — Інім, қапы қалмағын,
Тірлігіңді құр өткізіп алмағын.
Адалдықтан еш айныма, тура бол,
Бар тілекке жеткізеді тура жол.
Тірі жанға мейіріңді арна да,
Жан-тəніңмен қызмет қыл Аллаға.
6090 Мұңды қысқарт, қызмет ет жасқанба,
Ашуда — сақ, сабырлы бол сасқанда.
Дайындала жүр, өлімді де ұмытпай,
Тегіңді біл, өзіңді де ұмытпай.
Қарауланба, дүниеге сұқтанба,
Өкінерсің өмір өте шыққанда!
484
485
Ісіңді атқар, көніп хақтың құқына,
Пайда тапсаң, пайда тигіз жұртыңа.
Тура сөйле, адал сөздің кіді жоқ,
Жаман жанның сөзі жалған, тілі шоқ.
6095 Жылы жүзбен күле сөйлес, жадырап,
Бақыт қонып құтың тасыр жамырап.
Жомарт, сақи болып, тұз-дəм татырғын,
Кісі айыбын ашпа, сөкпе, жасырғын!
Нəпсіңді тый, өкпе-кекті тастағын,
Тəнің қисық жолға бұрса, баспағын.
Пайда қума, ел пайдасын ойлағын,
Өз жүгіңді өзгеге артып қоймағын!
Садақа қыл өзің тауар, барыңды,
Сүйіндіріп еліңді, ұлық қауымды!
6100 Сара кісі кісі үшін шырқырар,
Жаны күйіп, сай-сүйегі сырқырар.
Жақсы айтыпты таңдаулы һəм асыл жан,
Миы толы білім менен ақылға:
«Пайдалы ер — кісілердің данасы,
Қайырымды ер — ол елінің сарасы.
Кісілікке екі нəрсе қос қанат:
Бауырмалдық, жомарттыққа тоқтамақ.
Бұлардан да қымбат — ақыл, ұққанға,
Олжалы жол — ақыл жолы, тұтқанға.
6105 Жомарт қандай? Кімді айтамыз сақи деп,
Сақи жан тек ер хақына бас имек!
Сақи емес күміс шашып бөлгендер,
Сақи — елге жанын қиып бергендер!
Дүние беріп, сый көрсетсе елге кім —
Қайтарар ел оның қолдап бергенін!
Екі нəрсе түзер дүние сыңайын,
Бірі — мүлік, екінші — атақ, шырайың!
Мың жасағын, қолға екеуін қаратып,
Өлім тұтса, өзге болар хал ақыр.
6110 Қолдаса елі бек қадірі артылар,
Үзеңгі болса, тізгін қатты тартылар.
Бұл құт-дəулет бола бермес қарадан,
Болғанша, алжып, бек те кетер арадан!»
Көшерсің сен, атың сенің көшпелі,
Көшір — өлім, ақыры бір жетеді.
Көшуші адам орда-сарай тұрғызбас,
Жолаушыға жолы мойын бұрғызбас.
Інім, кетер жолаушымын деп сана,
Қуанба көп, сақтама көп кек-нала.
6115 Шалқып басып бұл жаһанды бергісіз,
Ажалды жүрер, өлер күні белгісіз.
Өлім дəйім даяр ұстар тырнағын,
Қапы қалсаң, саған тастар қармағын.
Дүние-тағам, татып соны аңсаған,
Адам қанша? Айтқын, айтар жоқ шамам.
Құмарланба тый, нəпсіңді, жалаңды,
Тіліңді тый, ғайбаттама адамды!
Не дейді есті, көңілі ояу зиялы,
Бұл сөзді ұққан кісі көрмес зиянын:
6120 «Тілек, шіркін, балдан тəтті таттың-ақ,
Сұрауы, əттең, ащырақ һəм қаттырақ.
Ащы — тəтті, дəмді — дəмсіз шарпысар,
Өрлеу — еңіс, шың — шыңырау тартысар!»
Қыз қылықты бұл дүние арбайды,
Ай, ақкөңіл, аңдамасаң алдайды!
Сендейлердің талайын ол өшірген,
Талай бекті жер бетінен көшірген.
Көзін қадап, қолын созды саған да,
Ай, көзі ашық, қапы қалма, амалда!
6125 Не берсе де, түгел қайтып алады,
Не жисаң да, төгіп-шашып қағады.
Қанша күлсең, бір жылатып тынады,
Не тұрғызсаң, соны бір күн бұзады.
486
487
Қылығы — жафа, құлқы оңбаған, масқара,
Жарығы аз, түтіні көп қап-қара!
Ол безеніп кісіге өзі тақайды,
Көңіл бердің, аяғыңды матайды!
Шекерімен арбап алып* — у берер,
Ай, біліктім, баянсыз бақ бұл деген.
6130 Не дегенін, тыңда, ақылды ерен ер,
Бақыт сырын бағып көрген кемеңгер:
«Көңіл берме, өтер дүние қу жалған,
Əркез одан, бақсаң, жафа, мұң қалған!»
Жақсы айтыпты, көр, таңдаулы, есті ер,
Біліктіні тыңдағанға ес кірер:
«Құт — опасыз, еріп, жолдан жаңылма,
Бақ — тұрақсыз, жағынба да табынба!
Дүние, дəулет көлеңкеден аумайды,
Көлеңке көшіп күніне мың аунайды!»
6135 Дүние — қор, қадірін біл дініңнің,
Əзіз қылар дінің, дария білімдім!
Құтқа құл боп, рахатқа салынбай,
Бір Хақты ойлап, қызмет қылып табынғай!
Дəулет сені есіртпесін қонғасын,
Ес жиғанда — тия алмассың көз жасын.
Халық бегі айтқан сөзді аңдағын,
Сынап көрген ақылмен сөз салмағын:
«Дəулет қонып, кім есіріп, елірер,
Қара жерде ет жүрегі егілер.
6140 Ұлықтыққа кім есіріп, кердеңдер —
Сыбағасын алар көрге кіргенде!
Мастығы бұл жігіттік, құт, байлықтың,
Шараптан да артығырақ, ай, мықтым!
Шарап ішіп, болса есінен жаңылар,
Ұйықтап тұрса — айығар да, арылар.
Ал дəулетке масайраса, мастанып,
Өле-өлгенше мүлгір ұйқы жастанып!»
Құл екенсің, бектен бойды асырма,
Қызмет істе, басқа бəле шақырма!
6145 Тірлік күні баста мəңгі қалмайды,
Ұлықтықтың үні алысқа бармайды.
Неше мың жыл жаса — бір күн өлерсің,
Өкінерсің, үзілерсің — көнерсің!
Мұны мегзер сөзді тыңдап біл, енді,
Көңіліңе түй де, текке түнерме:
«Күллі тілек, лəззатыңды табарсың,
Тірлік суын тамсап ішіп, қанарсың,
Қолды созып көк күмбезін аларсың,
Төбең көкке тисін — жерде қаларсың!»
6150 Ай, бауырым, тілім тура сөйлесін,
Көңілі бір, жасырайын мен несін.
Бұл дүние байлығын кім сүймейді?!
Рахат, лəззат шоғына кім күймейді?!
Тиылған жөн күллі аңсар, құмардан:
Бұл қақпасын жапқан маған сұм жалған!
Сұм дүние Алладан да бездірер,
Қайырымды істен безіп, ел жүрер!
Дүниені білген қорқып, түңілер!
Бейнет шегіп, жаһан кезіп жүгірер!
6155 Бірі — үңгір тауда жүрер қаңғырып,
Көк шөпті жеп, ішіп көктің жаңбырын.
Қайсыбірі шөлде жүрер қаталап,
Хақтан қорқып, қайғы-шерін арқалап,
Бүкірейіп, өрім-өрім киініп,
Жүрер бірі жұтып зар, жас, күйігін.
Қайсыбірі — тамақ ішпес, мандымас,
Енді бірі — түн баласы қалғымас!
Сондай болар оянған, сақ адамдар,
Ұйқы басқан, жайымыз жоқ алаңдар!
6160 Сақ бол, інім, сенікі бұл дүние,
Өзің бассың, өзің енді бір ие!
488
489
Нəпсіні тый, құмарлықтан арылғын,
Белгісі бұл ерлік, ақыл, арыңның!
Ол екеуі ердің күшін алады,
Құл болса оған, көп зияны-залалы.
Кетем бүгін, мен бəрінен адамын,
Жолың осы, болғай құтты қадамың!
Жаманнан без, бол мейірбан, рахымды,
Қос жаһанда жаман қорлар затыңды!
6165 Тыңда сөзін көңілі тоқ адамның,
Іс тындырған, алдын орап ажалдың:
«Жамандықты күшпен тыйып тастағын,
Жамандық — у, жамандыққа баспағын!
Ел сарасы, кешпе тірлік наласын,
Өлім келер, тездет оның дауасын!
«Мен! Мен!» — деуші, қойып «Мен! Мен!» — дегенді,
Дайындала бер, түбі ажал жеңер-ді.
Дүние құлы, сұқкөз, пасық, ашқарақ,
Өлім сұғын қадап тұр о бастан-ақ!»
6170 Мұның бəрін айттым, əттең, бауырым,
Екі жайға өкінем, жан ауырып:
Бірі, Алла қызметінен қалармын,
Екінші, атын атай алмай барармын!
Бүгін, ертең дүние теріс бұрылса,
Дұға етіңдер, менің көзім жұмылса!
Дұғаңда, інім, мені ұмытпай жүрерсің,
Менен кейін сен келесің, білерсің!
Көрерсің де, бұл халыме қанарсың,
Қапы қалмау үшін ғибрат аларсың.
6175 Ажал жетті, мұңға бөгіп барамын,
Саған да енді келіп қалар, қарағым.
Айырылысып кеттік бүгін мұңайып,
Қауышамыз қашан, білер құдайым.
Тыңда ерді беті бері қараған,
Өлерде ұлып, басымен жер сабаған:
«Өкінішпен өліп, көзім суалар,
Тəттіні — ащы, дəмсіз етер бұл ажал.
Өлімнен соң екі айырық жол жатыр,
Қайсысына салып мені қуалар?»
6180 Жан — бауырым, — деді тағы, — айнымас,
Жан ауыртып жабырқама қайғыма!
Менен кейін жаныңды жеп жылама,
Сабыр етіп, ширық, ұйы дұғаға!
Егілме артық, ұста өзіңді, есті жи,
Бұл тəңірдің қылған ісі, сөзді тый!
Жинал енді, қайта айналып үйге бар,
Қайғы-мұңмен көңіліңді қылма тар!
Қажет сөзді саған түгел ақтадым,
Ай, ақкөңіл, ұмытпа, есте сақтағын!
6185 Менен сəлем айт Елікке, тегінде,
Бұл сəлемім — соңғы, тынар демім де!
Достарыңызбен бөлісу: |