Еліктің Өгдүлмішке сауалы
Елбасы айтты: — Сөзіңді ұқтым шынайы,
Өзім сенен тағы бір сөз сұрайын!
Не істеу керек, айтшы, қақпа басшысы?
Қандай адам лайық оған, бастысы?
32. ӨГДҮЛМІШ ЕЛІККЕ ҚАҚПА БАСЫҒА ҚАНДАЙ ЕР
КЕРЕКТІГІН АЙТАДЫ
Айтты Өгдүлміш: — Мəртебелі Ұлы Елік!
Тыныш, ұзақ жаса, нұрлы жүрегің!
Қақпа басы* жамандықтан жерінсе,
Жан-тəнімен қызметке берілсе.
2530 Қақпа алдында батқан күнді атырса,
Қақпасында атқан күнді батырса.
Қызмет қылса біліп заңды, парызды,
Құлқы түзу, болса ашық, жаны ізгі.
Жомарттықпен жұрт көңілін ауласа,
Ерлерді алтын-күміс беріп баураса.
Жатпас бұрын сақшыларын тексерсе,
Орнын, ісін айтып, қатты ескертсе.
Жат адасып келсе, жөнін білген жөн,
Ұйқысызды жақын тартып жүрген жөн.
2535 Қақпаларды қалай жауып шығады,
Сол күнгі оның қызметі тынады.
Тұрса қайта атқан таңмен таласа,
Күндіз-түні сақшылар сақ қараса.
Көмекшісін түгел жиып қасына,
Қабылдауға бастап кірсе асыға.
Көрінсін де шықсын, тұрып қалмасын,
Есікке өзге адам қойсын, алмасып.
Топ-тобымен көрінсе ерлер, аңдасын,
Жарамды иə жарамсызын барласын.
247
2540 Қабылдау бітіп, кірмеген ер атынан,
Өзі кіріп, айтса бəрін сатылап.
Сорлылардың мұң-мұқтажын жақтаса,
Қиянатқа бермей аршып, ақтаса.
Алтын-күміс сый əперсе біріне,
Біріне — іс, атақ берсе біріне.
Кім істеп жүр жан-тəнімен еңбегін?
Кім босқа жүр? Кімнің қандай ермегі?
Кім пайдалы? Кім жарамды, жарамсыз?
Кім болымды? Кім тиімді, алаңсыз?
2545 Кімді өсіріп, кімге берсін қайырым?
Соның бəрін берсе бекке айырып.
Айта шықса жақсы жарлық, тыңдаса
Ер көңілі қалар жайнап, бір жасап!
Отырар һəм тұрар жерді баптасын,
Орын түзсін, жұрт қақпасын бақпасын!
Бөгде адамды көрсе келген шалғайдан,
Ішке тартсын, сыйлап қақпай маңдайдан!..
Ас тартқанда көзбен көріп барласа,
Жарамсызын тез қайтарса, алмаса.
2550 Шырындарды қадағалап сақтаса —
Оған жолда арам қолдар батпаса!
Ас, дастарқан қайта есіктен шыға ма —
Үлестірсін бектен сарқыт-сыбаға!
Қанша жанға жеткізсін бұл асыңды,
Құр қалдырмай алыс пенен жақынды.
Екі нəрсе даңқты өсірер тегінде
Есікте — Ту, тартылған ас төріңде.
Екі кісі сарай даңқын асырар,
Бектің аты шығып, бағы ашылар.
2555 Бірі — Хажыб, азат жаны сарайдың,
Қақпа басы, тағы бірі жарайтын.
248
Бұл екеуі гүлдендірер сарайды,
Ұлықтықпен аттары алыс тарайды!
Ыдысшы, аспаз, төсекшісі — түгелдей
Шарапшыны бақсын дəйім, жібермей.
Құсшы, аңшы, садақшылар бабында,
Күнде əзір тұрса қақпа жанында.
Əуелі өзі қайтса үйіне тамаққа,
Қолдастарын ерте кетсе қонаққа!
2560 Ішсін-жесін, тойсын, — асын жимаса,
Құр қайтармай қолда бармен сыйласа.
Ат, тон-толым* қалса жетер: аржағын,
Тағы көрер, үлестірсін қалғанын.
Жат жерлікті кеткенше іске үйреніп,
Көріп, біліп, қосшы қоссын, үй беріп.
Іс бергенше, күтіп, сырттан қарасын,
Тағам, киім, ат-əбзелін, жарағын.
Біліп тұрса ерлерінің хал-жайын,
Аш па, тоқ па? Киім жайын арнайы.
2565 Қолы қысқа — соры қалың адамға,
Мұңын ұғып, қақын берсе табанда.
Біреу-міреу келмей жүрсе сарайға,
Сұрап-білсе жөнін оның қалайда.
Науқастанса, көңіл сұрап тұрған жөн,
Босып, қыңыр кеткен болса, тиған жөн.
Бұлар бекке бауырмалдық, білгендік,
Сүйінсін деп, қызметіне жүргендік.
Айтқан, тыңда, бектің ісін баққан ер,
Қызметімен бектен қадір тапқан ер:
2570 «Қызметші болсын бекке жанашыр,
Жанашырлық — іске жан сап қарасын!
Іскер, адал, жанашыр құл бір ғана,
Бек билігін биіктетер күн санап!
249
Мейірленіп бек пайдасын ойлайды,
Өз пайдасын еске де ала қоймайды.»
(Адал адам, арам ойға бармайды,
Бегі үшін қызыметтен талмайды.)
Азған шөптің, пайда тисе — құлымын,
Гүл арам ба, кесем тамыр-жұлынын.
Жетелі құл, артық ұлдан жетесіз!
Күйінесіз, көнесіз — не етесіз?!
2575 Жаны ашымас қандастан без алысқа,
Жəйіңді ұғар сен адал дос, танысқа.
(Алыс артық, жаудай қысқан жақыннан,
Құтың болса, ырыс кетер жатыңнан!
Берекесіз туыстан без, тозарсың,
Жаны таза досыңды сүй, озарсың!)
Тілің майда, сөзің шырын татысын,
Жүзің жарқын, жаның досқа ашысын.
Ащы сөзбен суық жүзің мұздатар,
Көңіл қалып ғұмыр бойы сыздатар.
(Қату қабақ жақыныңды жат қылар,
Кісі жанын түсінер ме баққұмар?!)
Мұны меңзер бəйітті оқып алыңыз,
Ащы сөзден тұшынады жаныңыз:
«Сөзбен сөгіп — ащы тілін тигізсе,
Сүйекке — дақ, көңілге өртін тигізсе.
2580 Таяқ — еттен, сөз сүйектен өтеді,
Сөз қалады, таяқ табы кетеді!
(Таяқ табы тез бітеді, қарамас,
Тілмен сөксе, бітпес, уы тарамас!)»
Жауға аттанса — бектер қару асынып, —
Сейілге, аңға, елге аттанса асығып.
Хауіп-қатер болмай тұрмас абайла,
Бекке залал жасалмауын қарайла.
250
Қатер бекпен жорықта, аңда шалысар,
Ат үстінде, құс салғанда жабысар.
(Қиқу салып жау қуғанда килігер,
Киік қуып болдырғанда шүйлігер...)
Сенімсізді қусын алыс түгелдей,
Сезіктіні бақсын таса жібермей.
2585 Жаны жақын жігіттерің сенімді,
Жақын жортсын сақтап, қорғап бегіңді.
Əскербасы сақшы тізсін жолына,
Ұшқыр əскер тобы ерсін соңына.
Кіші ұлықтар арасына кірмесін,
Жырақ, шетте жортқан жақын жүрмесін.
Қалай тұрып, қалай жүрсе ел сарайда,
Жорықта, ұлық, сақта соны қалайда!
Қақпа ағасы — жанашыры ерінің,
Нақ осындай болу керек, Елігім!
2590 Бек нанын жеп, бектің ісін атқарар,
Міне, осындай ерлер керек қақпаға!
* * *
Айттым бəрін, өзің ойлап қарарсың,
Ер таңдасаң, сөзімді ойға аларсың!
Достарыңызбен бөлісу: |