«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Еліктің Өгдүлмішке сауалы



Pdf көрінісі
бет100/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   247
Еліктің Өгдүлмішке сауалы

2265  Елік айтты: Түгел сөзді ұғындым,

 

Шықты бүгін кіл ізгі сөз ғұмырлы!



 

Қолбасшылар қандай болса дер едің?

 

Баһадүрсіз жауды қалай жеңемін?



 

Ісін де істеп, əскерін де бастаса,

 

Ісі өрлеп, қателікке баспаса.



 

Қандай жандар, айтқын, жауды жаратын,

 

Қолды бұзып, қамалын да алатын.



30. ӨГДҮЛМІШ ЕЛІККЕ ƏСКЕР БАСШЫЛАРЫ, 

ҚОЛБАСЫЛАР ҚАНДАЙ БОЛУ КЕРЕКТІГІН ƏҢГІМЕЛЕЙДІ

 

Айтты Өгдүлміш: — Елік, соған келейін,



 

Жаудан үстем болсын күшің, мерейің.

2270  Шəксіз, бекке қажет мықты қолбасы,

 

Ұйқы қашып, сассын жаудың ордасы.




 228

 

Мұндай іске жігіт керек құрыштай,



 

Өзі ержүрек, көпті көрген қылыштай.

  

(Батыр керек көп бейнетті өткерген,



 

Тасжүректі не сұмдықты көп көрген.)

 

 Əскер бастап, ат ойнатпақ қиын-ды,



 

Шерік бастап, жау жайратпақ қиын-ды.

 

Сара ер керек, сақ, қырағы, талмайтын,



 

Ғафылдықпен отқа түсіп қалмайтын.

 

 Жаны жомарт, өзі мерген, қолы ашық,



 

Батыр... Ақыл... тұрсын түгел жарасып.

2275  Сақи болсын əскербасы ғаламат,

 

Жиналса оған кіл саралар, даралар!



 

Адаш-құрдас, достың біліп жан қамын,

 

Үлестірсе əскерлерге бар малын.



 

 Өзі ат-тонын, қару-жарақ қалдырса,

 

Бұл жаһанда қолбасы аты жаңғырса.



 

Ұл-қызым деп, əйел деп мал* бақпаса,

 

Жер-суым деп, құт деп күміс таппаса.



 

(Ұл-қыз, үй деп мал-дүние жимасын,

 

Алтыны емес, аты жерге симасын.)



 

Бар тілегі болса қылыш үшінде,

 

Жаулап, беріп, еселесе күшін де!



 

 

2280  Тойындырса, киіндірсе құбылтып,



 

Ат, ер-тұрман, қыз-ұл берсе шұбыртып.

 

Сонда ержүрек ерлер келіп қолына,



 

Шыбын жанын қияр еді жолына.

  

(Ерен ерлер қаулап күші тасады,



 

Жан пидамен тау-қиядан асады.)

 

 Жүрек керек, өрлік керек, тағы ақыл,



 

Қайрат-Жүрек, əскерде — екі қанатың.

 

  

 



Сужүректер шыдай алмас дабылға,

 

Жүрексіздер батыр қатын жанында.



 

  

 



(Жауға шапсаң, жүрексіздер керексіз,

 

Жүрексіздер қатынға тең  демекпіз.)




 229

 

Жүрексіздер шерік легін бұзады,



 

Қол бұзылса, ер бір-бірін бұзады.

  

(Сужүректер шерікке үрей береді,



 

Үрейленсе, шерік қалай жеңеді?!)

2285  Жүрек керек, сабыр керек айқаста,

 

Жау ат салса — күт, жиылып байқастап.



  

(Кір ұрысқа, мұздай қару жасанып,

 

Жау ат қойса — сен қарсы сал қасарып.)



 

Бір өлім бар: көнбе, мейлі, көн, мейлің,

 

Ажал жетпей, баһадүрлер өлмейді.



 

Жауды жеңген, ажалды естен шығарып,

 

Былай депті, аты мəшһүр бір алып:



 

 

  



«Туғаннан соң текке өлу жоқ, біл енді,

 

Жауды көріп қалтыратпа тізеңді!



 

Өрттей тиіп, мəрттей жауды алқымда,

 

Ажал жоқта айбалтадай жарқылда!»



2290  Намыс керек, намысты ерлер қашаннан,

 

Өш алғанша, жауды қуып қасарған!



 

  

 



Намысшыл ер жаудың қанын шашады,

 

Намыссыз ез жер бауырлап қашады.



 

  

 



Намыс үшін қорқақ ерлік қылады,

 

Өкінішті ер өзін жарып тынады!»



 

Жүректі ер ар-намысшыл келеді,

 

Намысты ер тек күресіп өледі.



 

Мəрт қылықты, қыз құлықты еріңді,

 

Құрметтейді сүйіп, сеніп елің де!



 

2295  Сыпайы ер көңіліңді ерітер,

 

Тілі — ащы, қытымырлар жерітер!



 

Əскербасы, өктем келсе, кердеңдеп,

 

Жау алдында тартады азап, сергелдең.



 

Қапы қалар, тəкаппар ер, өркеуде,

 

Иə, көрге енер, иə бұзылар көркеуде!




 230

 

Сүйкімді, мəрт ер болуды қаласа —



 

Аты шығып, атақ-даңқы тараса.

 

 

 



Ессіздерге ол ес болады қорықса,

 

Естілерге серік болсын торықса!



2300  Əскербасы саясатты меңгерсін,

 

Əскер ісі саясатпен, сезерсің.



 

Саясатпен əскер басы шығады,

 

Басшы болса, ер де алаңсыз тұрады.



 

  

 



(Саясатпен əскерің де сенімді,

 

Басы өлсе де, жібермейді кегіңді.)



 

  

 



Елік, əскер босып қалса, басшысыз,

 

Бұзылды əскер, қалғаны елің сақшысыз.



 

  

  



(Онда əскерің бүлінеді, іриді,

 

Билігіңнің бас діңгегі шіриді.)



 

Ессіздерді саясатпен бұрған жөн,

 

Естілерге құрмет жасап тұрған жөн.



 

Ізгілерге ізгілік ет, сыйла да,

 

Тілегін бер, тектен текке қинама!



2305  Күллі пенде бір жақсылық іздейді,

 

Жақсылыққа құл ғой, болсын кім мейлі.



  

(Құрмет жаса, түзет көптің құлығын,

 

Кісі өзін сыйлағанның құлы, біл!)



 

Ай, құлықты, сөзді тыңдап, жаттарсың,

 

Бəйітті оқып, көңіліңіз шаттансын:



  

«Жақсылықтың — құлы, азат адам да,

 

Жақсылық қып, баста түзу қадамға.



 

 

Адамдыққа — сен де жаса адамдық,



 

Кісіліктің жолы солай қаланбақ!»

 

Əскербасы талай істі меңгерсін,



 

Жауға шапса, сол білгені дем берсін:

2310  Қарысқанда — керек ірбіз білегі,

 

Жауласқанда — арыстанның жүрегі!




 231

 

(Шайқасқанда арыстандай алып түс,



 

Айқасқанда қабыландай жарып түс.)

 

Доңыздай доң, ашбөрідей азулы,



 

Ызалы аюдай, дəл қодастай ашулы.

 

  

 



Аяр болса қызыл түлкі секілді,

 

Кекшіл болса хас бурадай кесірлі.



 

Сауысқандай екі шоқып бір қарап,

 

Құзғындай боп шолса алысты көз қадап.



 

Арыстандай айбат жасап  — бүргенде,

 

Үкі сынды ояу болса — түндерде.



2315  Жаугер болар бұл сипатты асылдар,

 

Хас жауынгер қару-жарақ асынған.



 

(Мұндай жасақ талай бектің арманы,

 

Қолбасшыға белгілі ғой аржағы.)



 

Жарақтанған, жау алғыш ер тегінде,

 

Жауды жаншып, қайтарады кегіңді!



 

Нан-тұзы мол, ішер асқа бай болсын,

 

Киім-кешек, ат, қаруы сай болсын.



 

 

 



Ас-су, нан-тұз — жауынгердің өзегі,

 

Ішкен асы тіршіліктің көзі еді!



 

Ыла есімді айтқан екен көп үшін:

 

«Құтты кісі, тұз бен нанды көп ұсын!



2320  Атақ-даңқың шықсын десең — тұз-нан бер,

 

Өлмей тірі жүрсем деген тұз-дəм жер!»  



 

  

 



Сыйлап сақи кісілікпен жүреді,

 

«Тұз-нан хақы — ер хақы», — деп біледі.



 

Ас бергейсің — ұлылықты тілесең,

 

Көп жасайсың жұртпен тойып, жүдесең.    



  

 

 



Көп іс керек атты қолдың басына,

 

Жосық түзіп, іс істеуге асыра.



 

Кеулі бүтін, сөзі шынды — ер дейді, 

 

Суайт бекке халық сеніп ермейді.




 232

2325   Екіншіден, сый бермеген — сорлайды, 

 

Сараңда — дос, сараңда қос болмайды.



 

Үшіншіден, жүрек керек түгімен, 

 

Жүрексіздер жауды күрсе сүрінер!



 

Төртіншіден, білу керек айла-амал, 

 

Айлалыдан арыстан да жайраған.



 

Қол бұзуға болу керек — шыдамды, 

 

Қол бастауға — батыл əрі орамды.



 

Мұндай ерге ауыр емес ауырың 

 

Күйретеді қабырғасын жауының!



2330   Мұндай ерлер жауға шапса қол бастап,  

 

Қашар дұшпан шыбын жанын қорғаштап.



 

Бұл қолбасшы жауға шапса — қырағы, 

 

Күндіз-түні ұйқы көрмей шығады.



 

(Жорықта ер жалтақтап ас аңдымас, 

 

Түнді-күнге жалғар, қатып, қалғымас.)



 

Тобырлы емес, толымды əскер керегі, 

 

Сара ер мен қару күшті себебі.



 

(Сансыз  емес, сара сардар керегі, 

 

Сара сарбаз, сансыз қару жеңеді!)



 

Қалың шерік, басар басшы — тірексіз, 

 

Қолбасшысыз əскер қорқақ, жүрексіз.



 

Ер айтыпты сынап, құрған көп кеңес: 

 

“Он екі мың əскер тегі көп те емес!” —



2335   Түзетіпті ер көрген талан-талайды,

 

“Маған төрт мың əскер болса, жарайды!



 

 Тозар іштен қалың əскер жайылып,

 

 Түзеп болмас, жауға жиып қайырып!»



 

 «Сара сардар, қару қажет жеңіске!» — 

 

 Деп түйіпті, жау күйреткен келісті ер.



 

 Не дейді екен батыр, шыққан атағы,

 

 Сөзін ұққан — жеңіс дəмін татады:




 233

 

«Сара ер ізде, сансыз əскер — қашқан жел,



 

 Құмға сіңген дариядай тасқанмен.

 

 

 



 (Сара, күшті сарбаздарды сайлағын,

 

 Қару-жарақ, бес қаруын байлағын).



2340  Көп əскерден азы жақсы жинақы,

 

 Көп əскермен талай күйреп, қирадық.



 

(Шымыр шерік — көк найзаның сүңгісі,

 

Шашылған қол — күңнің тоз-тоз сүлгісі)



 

Жауға аттанса батыр қолын аударып,

 

Жақын тартсын сол жауының жауларын.



 

Шолғыншы* сап, шарлаушы* сап саралап,

 

Көз, құлақты тіксе алысқа жағалап.



 

Шарлаушы мен шолғыншы өтсе тереңдеп,

 

Қысса сырттан тұрған жауды елеңдеп.



 

  

 



Əскер түзіп, сақшыларды реттесе,

 

Ер кейіндеп, иə ілгері кетпесе.



2345  Күзет қойып, тұрған жерін таңдаса,

 

Сақшылары сақтығынан танбаса.



 

Байрақшы ер шайқасты аңдап, талмаса,

 

Жауынгерден ешкім шеттеп қалмаса.



 

Орда*, əскерді түсірсе оңды тұраққа,

 

Жиса ерлерді, тиса ұзатпай жыраққа.



 

Сақ болмасаң, осалдықпен түк өнбес,

 

Қапы қалсаң, жау да кегін жібермес.



 

Жауға таяп, жақын жерден барласа,

 

Шебін құрып, от пен суын таңдаса.



 

 

2350  Бақса əскерін, жау «тіл» алып кетпесе,



 

Аз ба, көп пе жауға дерек жетпесе.

 

Бекемденіп, жаудан «тілді» ілген жөн   



 

«Тілден» жаудың құлқын анық білген жөн.

 

Тыңдап алып, сонсоң ісін бастаса,



 

Жауды жаншып, басын қағып тастаса.




 234

 

Бұл — сақтық пен білгендіктің пайдасы,



 

Кім сақ болса, артық жаудан айласы.

 

  

 



Зерек бектің сөзін тыңдап, алшы ұғып:

  

«Арыстан мінсең, қылышыңды қамшы қыл!»



 

 

2355  Жауды аларға екі түрлі қару бар,



 

Сол екеуі-ақ  жан шығарар жауыңнан.

 

Ең əуелі, асыр жаудан айлаңды,



 

Айламенен  сал қан-қызыл ойранды.

 

Екіншіден, қырағы бол, сақтанғын,



 

Қырағылық — қорғаның да, қақпаның.

 

  

 



Сақтықпенен тұрып алсаң, сіресіп,

 

Жауыңның да қатырасың сілесін.



 

Жаудың күші асып тұрса — асықпа,

 

Амалын тап. Жасағыңды жасытпа.



2360  Лажы болса, келіспекке кел жуық — 

 

Жараспаса, кір соғысқа бел буып.



 

Қапы қалдыр. Кес кəллəсін. Қаз көрін.

 

Қайдан білсін əскеріңнің аз-көбін!



 

Көзің жетсе ала-алмасқа белдесіп,

 

Елші жібер, жалғасып көр, елдесіп.



 

  

 



Тілге ие бол. Сақта өзіңді, еліңді,

 

Дауға кірме. Тый тіліңді, сезімді.



 

Бұған болмай. Жауың жаулық бастаса,

 

Көңіл бермей, соғыс тілеп жасқаса.



2365  Істі созба, тарт шерікті шайқасқа,

 

Мақта ерлерді, мал таратып, ойқаста.



 

  

 



Созба ұрысты — жау сырыңды алады,

 

Көп қараса, көзі де əбден қанады...



 

Не дегенін тыңда жауды жеңген ер,

 

Бастан кешіп, бəрін көзбен көрген ер:



  

«Көрмеген жау даңқын дақпырт асырар,

 

Көргеннен соң, көз үйреніп — басылар...




 235

 

Жасындай ти, есін жиып алмасын,



 

Жіті адымда! Өлдің — созсаң арбасып.

2370  Біраз күшті тосқауылға қалдыр да,

 

Садақшы, оқшы кірсін — жүгір алдында!



 

Жау алдына шығар ақбас жауынгер

 

Батырларды, шерік бастап, жауын жер!



 

Сақа сардар батыл, епті — шабысса,

 

Жаугер, қайсар қайыспайды алысса.



 

Жас сарбаздар лап етер де, басылар,

 

Беті қайтса, ірге жимай — шашылар.



 

Алды-артыңды мықтыларға шалдырғын,

 

Оң-солыңа басқаларын қалдырғын.



 

 

2375  Тепсініссе, шерік бастап батырлар,



 

Ұландарды сал күреске жақындап.

 

Ең əуелі жаудыр оқты алыстан,



 

Жақындасса, дұрыс найза салысқан.

 

Аралассаң — сілте қылыш, балтаны,



 

Тісте, тырна, жағасынан ал тағы!

 

Тіре арқаны, бұрма жауға сыртыңды,



 

Өлгенше ұрыс, берме бірақ ырқыңды.

 

Не дейді екен, ұрыс көрген ер кісі:



  

«Сабыр сақта. Сабырлы — ердің белдісі!»

2380  Қыз лəззаты — неке қиған түндері,

 

Ер лəззаты — жау қайырған күндері.



 

Гүр алыптар қияда ойнақ салады,

 

Ат ойнатып жауын құл ғып алады.



 

Жауды көрсе ер қайраты тасады,

 

Қас батырдан ездің түсі қашады.



 

Шерік көрсе ер арыстандай атылар,

 

Иə өзі өлер, иə өлтіріп, жапырар.



 

Жауды көрсе, ердің жүзі қызарар,

 

Жауға кірсе жердің жүзі қызарар!




 236

 

(Көздеріне қып-қызыл қан құйылар,



 

Аттың жалын аттар тістеп, қиылар!)

2385  Ат, қаруы қып-қызыл қан болады,

 

Қызыл жүзі жап-жасыл боп оңады.



 

  

 



Жау ат қойып, төніп келсе жайпардай,

 

Берме арқаңды, шашырасын қайта алмай!..



 

Жау жылысса, сен де жылжы, тақымда,

 

Ізіне түс, қайратыңды шақыр да!



 

Тұрмай, қашса, тез қуып жет, тұтқында,

 

Сен тұтқында, ол алмасын тұтқынға.



  

(Тағы қашса, тағы да қу, ұзатпа,

 

Тұтып түсір қыл арқанды тұзаққа.)   



 

Сапқа тізіп əскерлерді шашылған,

 

Қайтадан сал қашқан жауға жосылған.



2390  Қашқан жауды ұзақ қума зорығып,

 

Жете алмассың қайтар жолға торығып.



 

Күйінген жау өлімге бет бұрады,

 

Өлім қуса, кімдер қарсы тұрады!



  

(Жеңілген жау — өлімге бой ұрған жан,

 

Не рахат, оған қарап тұрғаннан.)



 

Осал кісі тік жүріп-ақ өледі,

 

Болмаса осал, тілегін бір көреді.



 

Мұндай жерде өзіңе сақ боларсың,

 

Ажал — соқыр, соқырға тап боларсың.



 

Айтты кісі, көпті көрген өз басы,

 

Сыннан өткен ердің сөзі — сөз басы:



2395  «Жау қашты деп, қамшы баспа атыңа,

 

Қайырылып қағып түсер қапыда.



 

  

 



(Жау қашса да, тоқта, қуа бермегін,

 

Қуғандардың көрдік «тойып» келгенін.



 

Ойласаңыз, қашқан жауға — қатын ер,

 

Бөркің бар ғой ер деп берген басыңа ел!?)




 237

 

Күйреген жау қайта шауып ала алмас,



 

Су тиген от қайта қоздап жана алмас.

 

Ашынған жан: Ажалды аңсар бас тығып,



 

Өлмек болған ала жатар жастығын!»

  

(Жан кешкені, ұрыста ердің қашқаны —



 

Өзі өледі, аяп нетсін басқаны!)

 

Өжеттерді мақта, сыйын байласын,



 

Насаттансын, жүзі нұрмен жайнасын!

 

Көтер көкке баһадүрлер бурасын,



 

Сый, шаттықтан жүрегі аттай туласын.

2400  Жақсы болар — жамандарды мақтасаң,

 

Жаман болмас — жақсыларды жақтасаң.



 

Ер — мақтаса, арыстанмен алысар,

 

Ат — баптаса, ұшқан құспен жарысар.



 

Жаралыны емдеткізіп, жазып ал,

 

Тұтқындарды айырбастап алып ал.



 

Өлген болса, ақ арулап жерлейсің,  

 

 

Ұл-қызына несібесін бергейсің!



 

Қылығыңды ерлер көріп сенеді,

 

Жау шапқанда сен үшін жан береді!



 

 

2405  Жылы сөзбен, жылы жүзбен, мал тарат,



 

Бұл үш нəрсе табар жанға мархабат.

 

Азат, еркін адам бұған құл болар,



 

Жан пида деп, сүйінішпен нұрланар.

 

  

 



Мұны меңзер сөздің жөні келді, бек,

 

Шындығына көңілім хақ сенді, бек!



 

  

  



«Жылы шырай, жылы сөзбен сыйла мал,

 

Азат жандар осы үшеуге жиналар!



 

Бұл үш нəрсе құл қылады еркімен,

 

Алтын-күміс құл етер деп, қинама!



 

(Келер сүйіп, азат жандар ұятты,

 

Безер күйік босқан киік сияқты!)»




 238

2410  Əскер басы болса керек осындай,

 

Қол бастаса ол, ізгі болар қосын да!



 

Бар алтынды үлестіріп бағыңыз,

 

Сары алтындай тазарады жаныңыз!



 

(Бер, алтынды артқа тығып сақтама — 

 

Келер қайтып көңіл болып тап-таза!)



 

Бұл үшеуі құлды құрдай жүгіртер,

 

Бекті өсіріп, жауын жаннан түңілтер!



 

Табылса егер бекке осындай қолбасы,

 

Ісі өрлеп, сəулеттенер ордасы.



 

Қолбасшы ер мұндай болса, бағыңды

 

Асырады, шаттандырып жаныңды.



 

 

2415  Уəзірге анаңдай жан жарайды,



 

Қолбасыға мынандай жан қолайлы.

 

Сен соларға! Сенсең — қуат аласың,



 

Бар тілекті тек солардан табасың!».

*   *   *

 

Айтты Өгдүлміш: — Ай, құтты Елік, асылы,



 

Екі ұлы іс бар — аты да ұлы, заты ұлы:

 

Бірі — уəзір, екіншісі — қолбасы,



 

Қалам, қылыш қарулары қолдағы.

 

Елді түзеп, қуар бұлар наласын,



 

Біріксе олар, кім үзеді арасын.

2420  Дара — сара, пысы төмен басқаның,

 

Бағынбаса... қаққан абзал бастарын.



 

Пайдасы көп, адал болса антына,

 

Керібақса... кері тиер халқыңа.



 

Бегі болса ізгілердің данасы,

 

Бұл екеуі — саралардың ағасы.



 

(Бегі болса саралардың санасы,

 

Бұл екеуі — ағалардың жағасы.)



 

Екеуі елге берер ырыс, пайданы —

 

Елі құтты бектің жаны жайдары.




 239

 

Қалған сөз бар, ел басшысы данадан,



 

Ақылды сөз жанға нəрдей тараған:

2425 «Ел жаулаушы қылышымен алады,

 

Ел бастаушы қаламымен алады.



 

Қылышпенен басылар, ел ашынар,

 

Ал қаламсыз — басшысыз, ел шашылар.



 

Қылышпенен билерсің де, жеңерсің,

 

Мезгіл жетіп, шырмауықтай семерсің.



 

 Елді, жерді табындырса қаламың,

 

Түгенделер тілегің мен талабың!»



 

Білгенімді, Елік, саған арнадым,

 

Сен сұрадың — айттым, ойлан қалғанын!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет