«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Еліктің Өгдүлмішке сауалы



Pdf көрінісі
бет103/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   247
Еліктің Өгдүлмішке сауалы

 — 


Ұқтым мұны, — деді Елік, — мынадай,

 

 Жəне сауал, болмас оны сұрамай. 



 

Сен білесің, бектер биік атағы,

 

 Елден елге елші жолдап жатады.



 

  

 



 Елшілікке қандай парыз жүктелер,

 

 Қандай адам елшілікке дөп келер.  



 

 

  



 

 

 



2595  Қандай жанға елшілікті берген жөн?

 

 Қандай жанға бек өзіндей сенген жөн?




 251

33. ӨГДҮЛМІШ ЕЛІККЕ ЕЛШІЛІККЕ ЖІБЕРУГЕ ҚАНДАЙ 

КІСІ КЕРЕКТІГІН АЙТАДЫ

 

 Жауап беріп, айтты Өгдүлміш Елікке,



 — 

Атқарса ізгі бұл істі де білікпен!

 

  

 



Елші болғай ер біткеннің сарасы,

 

 Білікті, ойлы, парасатты дарасы.



 

 Алланың ең асыл құлы — елшілер,

 

 Ізгілер де ақылды, ұлы — елшілер!



 

 Сан түрлі істі істер елші ұдайы,

 

 Елшілермен келер істің шырайы!



2600  Болсын елші зерек, сергек, сабырлы,

 

 Тілге шешен, білікті де алымды.



 

 Зерек білсе, сөздің тысын,  ішін де,

 

 Түзей алса, елдің бұзық ісін де.



 

 Не деді екен, тыңда, əлемді шарлаған,

 

 Жиһангер ер, елін бастап, талмаған:



 

 «Ақылды ерді қатар қойма малғұнға,

 

 Біліктіні көтер елдің алдында!



 

Қандай істе ақыл озса — жетегі,

 

 Байқадым көп ісіңді алып кетеді!



 

 

2605  Қандай іске білім қосса білікті ер,



 

 Ісі өрлеп, қол жеткізер үмітке!

 

 Ақыл жұмсап, білікпенен бастаса,



 

 Кісі істемес іс қалмайды, қысқасы!»

 

 

 Мейірімді көңілі тоқ, көзі тоқ,



 

 Құлқы бүтін, қылығы да, сөзі де оқ...

 

 

 



 Жанашыр ер тілер бектің пайдасын,

 

 Бегін, онда, шын сүйгені, ойласаң!..



 

 Шын табынған пайдасымен танылар,

 

 Ондай жанды таппаса, бек жаңылар.



 

2610  Сүйген құлың — бауырыңдай бауырмал,

 

Жүрек қаны — ол, жақынырақ бауырдан.




 252

 

Сұқ көзділер көзін ашып қарамас,



 

 Ондай пенде елшілікке жарамас!

 

(Ашкөз пенде бұл құлқынның құлы ғой,



 

 Құлқын құлы — қу тамақтың пұлы ғой.

 

 Құлқын жолы ұсақ-түйек толы егес,



 

 Бұл елшілік сараңдардың қолы емес.)

 

 Көзі тоқ ер кедейлігін білдірмес,



 

 Сабырымен сараңдарға ілдірмес.

 

 (Көзі тоқ ер кедей болсын бай сана,



 

 Сабыр етсе ер қай істен де пайда бар.)

 

  

 



 Сұқтар — сараң, сараң біткен қомағай,

 

 Қомағайдан безер жұртың жоламай.



 

 Көңілі тоқ — байдың байы — дəулетті,

 

 Былай депті елеңдетіп əулетті:



 

2615  «Ашкөздерге ештеменің жоқ құны,

 

 Байыта алмас бұл дүние тоқтығы.



 

 Құлқын құлы, ұтылар һəм тұтылар,

 

 Бұл құлдықтан өліп қана құтылар!»



 

 Ашкөздердің көзін ашып бермекке,

 

 Ақыл айтқан, құлағың сал, ер бекке:



 

 «Бай боламын десең жерді еңсеріп,

 

 Көңіліңді байытып ал, ей серім!



 

  

 



 Тоқ көз құл — Бек!  Ашкөз тоймас құмартып,

 

 Сұқ көз бектен көңілі тоқ құл артық!



2620  Қомағай бек — қайыршыдан бейшара!

 

 Көзі тоқ құл — бай да, бек те, не шара?!»



 

 

 



 Білу керек ұят, сабыр, намысты — 

 

 Ұмытасың дүние-боққа налысты.



 

 Ар-ұятсыз сүйкімсіз ер жер болар,

 

 Ар-ұятпен адам бүтін ер болар.



 

 

 



 (Арлы болсаң алдыңа ашық қарарсың,

 

 Аранды ашсаң арандалып қаларсың!)




 253

 

Жақсы атанар парасатты, сабырлы,



 

 Құлқы таза сүйікті де қадырлы.

 

 Ақыл, білім — қос қанаты адамның,



 

 Ісін білер, тілін білер ғаламның.

2625  Бəйітті оқып, мағынасын пайымда,

 

 Есті сөзді ал, ақыл-білім жайында:



 

 «Ақылмен ұқ, тындыр да істі біліммен,

 

 Жылмен — бақыт, келсін құтың күніңмен!



 

 Ақылмен ер жетер тілек, зейнетке,

 

 Біліммен біл, ақылмен ұқ, еңбектен!»



 

  

 



 Ақылменен жазбаларды оқырсың,

 

 Оқуменен ой-парасат тоқырсың.



 

 Оқып-жазып, сөзді түйген кісілер,

 

 Өзін баптап білім — кенге түсірер. 



 

 

2630  Түрлі өнерді біліп алса шетінен,



 

 Парасаттың нұры ойнар бетінен.

 

 Кітапты оқып сөздің мəнін түсінсе,



 

 Шəйірді ұғып, өзі де өлең түсірсе.

 

 Жұлдыз танып, жори білсе түсті де,



 

 Сөзі дəл кеп, емдесе оның үстіне.

 

 Хандасаны* білсе санның түбірін,



 

 Жер, аспанды білсе санға жүгініп.

 

 Нард, шатранж* ойнағанда жарқылдап,



 

 Ұтып алса қарсыласын алқымдап.

2635  Аушы, құсшы мерген болса ғажайып,

 

 Чөганға* ұста, таңқаларлық халайық.



 

 

 



 Тілін ашса-ақ, сайрап кетсе сан тілді,

 

 Жазбаларды, білсе əріпті сан түрлі.



 

  

 



 Білген елші қасиет, сырды жаңағы,

 

 Бір тілегін қиналмай-ақ табады.



 

Елшісі есті, зерек, дана, ақылды,

 

 Бетер еспен билер алыс-жақынды.




 254

 

Елші жауыз болса, жаман наданнан,



 

 Бек беделі аса қоймас табаннан.

2640   Елші ердің төрт құбыласы тең болсын,

 

 Елде — кісі, сыртта бүтін ел болсын!



 

 (Шеше білсін түрлі қиын түйінді,

 

 Тани білсін қабақтан-ақ күйіңді.)



 

  

 



  Сүрінбесін тосын, жұмбақ сындарда,

 

 Мыңды біліп, тұлға болсын мыңдарға.



 

 Алуан сөзді айтқан досы, қасы да,

 

 Ұғып, біліп, түйіп алса басына.



 

  

 



 Елші кемел ері болса елінің,

 

 Аты əлемге кетер еді бегінің!



 

 Ақсақалдың кеткен сөзі нақыл боп — 

 

 Мұны ұқпаған кісілерде ақыл жоқ:



2645 «Кім білікті, аты даңққа бөленер,

 

 Кім өнерсіз, ат-атақсыз көнерер.



 

 Өнерімен кісі елден бөлінер,

 

 Өнері асса, самғап көктен көрінер!



 

 (Біліксіздер, аты шықпай қартаяр,

 

 Білікті ердің атына елі марқаяр!)»



 

  

 



 Білікті ер қолын көкке тигізер,

 

 Ұлы таудың басын жерге игізер.



 

 Əр сауалдың берсе тездеп жауабын,

 

 Ойдың дəнін ұстатса, аршып қауағын.



 

 (Əңгімеде сөз тізгінін ұстаса,

 

 Білмегенді білдімсініп қыспаса.)



 

  

 



 Шарап ішпей, өзін-өзі сақтаса,

 

 Құт та қонар, бет алдына лақпаса.



2650  Білікті ішсе, надан болар білімсіз,

 

 Қандай болар есірсе егер біліксіз.  



 

 

  



 

 Ішімдік бұл жауы ақыл-есіңнің,

 

 Шоғы даудың, төбелес пен кесірдің.




 255

 

Қаншама есті, білікті, ойлы кісілер,



 

 Шарапқа бас сұғып, қалған ісінен!

 

 Қанша арлы, құлқы жақсы адамдар,



 

 Шарап ішсе, жынды болар, қараңдар!

 

 Қайран ақыл, ұят, білік, кісілік,



 

 Шарап арбап, жалап құртқан пішінін!

2655  Шарап ішпе, ішсең құтың қашады,

 

 Ішкен сайын ессіздігің асады!



 

 Ішке кірген шарап сөзді шығарар,

 

 Шыққан сөзден жаның күйіп қуарар.  



 

 

(Тəтті шарап ащы сөзді тудырар,



 

Ал ащы сөз өзекті өртеп, ду қылар).

 

  

 



 Бəйітімен айтыпты сөз шайырың,

 

 Оқы, берер іші-тысын айырып:



 

  

 



 «Егер ішсең, шарап мысы басады,

 

 Ішіңді алып, сырыңды елге ашады.



 

 Білімді ішсе, жұрдай болып ақылдан,

 

 Надан ішсе, сөзді ұмытып шатылған!»



2660  Тіл, жүрегің шырын болсын қайда да,

 

 Сөз бен есті тектен-текке лайлама!



 

 Тілі шырын кісі болар жағымды,

 

 Сөзі сырлы сындырмайды сағыңды...



 

  

 



 Көңіл бұрып, айтқан сөзді ұмытпа,

 

 Не естісең де, көкірегіңе құлыпта.



 

 Сырты-іші бірдей болсын ажарлы,

 

 Түр-тұрпаты тұрсын арбап назарды.



 

 

 Өзі биік, өзі ер мінез жан болса,



 

 Сегіз қырлы, қайтпас қара нар болса.

2665  Тілі майда, шырын болса сөздері,

 

 Ерір ұлық-кішілердің өздері.



 

 

 



 Елшілікте сөздің құны бағалы,

 

 Бір ауыз сөз елдің тілін табады.




 256

 

(Бір ауыз сөз елдің атын өсірер,



 

 Бір ауыз сөз ердің атын өшірер.

 

 Бір сөзбенен қия-шыңға шығарсың,



 

 Бір сөзбен-ақ жауды көрге тығарсың!)

 

 

 



 Қымбатты Елік, тапсаң ондай асылды,

 

 Туыстырып берер дос пен қасыңды!



 

 Жұмса ондайды алыс, тауып ақылын,

 

 Бөтен — алыс, бірақ елшің жақының!»





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет